№123 (28851) 29 маусым сəрсенбі 2016 жыл ● Еңбегімен еленген



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата06.03.2017
өлшемі3,38 Mb.
#8289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Эльмира МƏТІБАЕВА,

«Егемен Қазақстан»

Бүгінгі  таңда журналистика 

саласына  құлшыныс  танытып 

келетін жастарға қолдау көрсету 

жəне  олардың  қоғам  арасын да 

ақпарат алмасу жүйесін дамы туға 

үлес қосу, сондай-ақ, ақпа рат тық 

технологияларды  дамыту  жəне 

IT-мамандықтардың  беделін 

арттырып  БАҚ  жəне  баспасөз 

қызметтерінің білік тілігін көтеру 

мақсаты  кө з делген  форумды 

«Пресс-центр  Азия»  қоғамдық 

қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» 

əлеу меттік  жобаларды  дамыту 

қоры ұйымдастырды.

Сонымен  қатар,  Қазақстан 

Жастар конгресінің қатысуы мен 

өткен  іс-шарада  жас  жур-

налис тер дің  кадрлық  əлеуетін 

арттыру,  оқиғаларды  халыққа 

объек тивті  əрі  сапалы  жеткізу 

тақы рыптары  жан-жақты  қам-

тылды.  Бұл  ретте  сөз  ал ған 

Білім  жəне  ғылым  ми нистрі 

Ерлан  Сағадиев  жалпы  алған-

да,  еліміздің  жастарына  мол 

үміт  артатынын  жəне  осын-

да  бола шақ  министрлер  мен 

медиа  басшылары  отырғанына 

сене ті нін жеткізді. Бүгін гі күн-

нің  білім  саласындағы  өзек ті 

тақырыпқа  айналған  үштілді-

лік  мəселесіне  тоқталған  ол, 

осы мəселе көтерілсе болғаны, 

ж ұ р т   ш ы л ы қ т ы ң   б і р і н ш і 

кезекте  ағыл шын  тілін  ойға 

алатынын айтты. 

Бұл  ретте  ол  үштілділік  – 

ең  бірінші  қазақ  тілі  туралы 

бағдарлама  екендігін  ескерте 

отырып,  əуелгіде  қазақ  тіліне 

мəн  берілуі  тиістігін  назарға 

алды. Оның айтуына қарағанда, 

қазақ  тілінің  жағдайы  қазіргі 

таңда жаман емес, яғни бүгінде 

оқу шылардың 70 пайызы қазақ 

тілін де оқиды. Оған дəлел, күні 

кеше  өткен  Ұлттық  бірыңғай 

тестілеуді  72  пайызға  жуық 

оқу шы қазақ тілінде тапсырған. 

Дегенмен, орыс мектептерін-

де  оқитын  500  мың  баланың 

қазақ ша  сөйлемейтіндігі  басты 

мəсе лелердің бірі екендігін айта 

келе, министрлік алдында алдағы 

3-4 жылда осы балаларды  қазақ-

ша сөйлету міндеті тұрғандығын 

көлденең тартты. 

«Түсінікті жағ дай. Əдістеме 

дұрыс емес. Ең алдымен дұрыс 

əдістеме  жасау  керек.  Бірнеше 

зияткерлік  инс титут  бірлесіп 

осы бағытта жұмыс тар жүргізіп 

жатыр.  Жаңа  əдістеме  дайын 

болса,  2017  жылдан  бастап 

орыс  мектептерінде  қазақ 

тілінде  өтетін  сабақтар  өзгере 

бастайды.  Заманауи  ғылыми 

негізде жасалған, компьютерлік 

модельдеуден өткен, алты айда 

тіл  үйрететін  əдістеме  жасап 

жатырмыз. Үш жылдың ішінде 

балалардың  барлығы  қазақша 

сөйлейді. Мен оған сеніп отыр-

мын», деді министр өз сөзінде.

Сондай-ақ, əлемде екі тілде 

бірдей  ойлайтын  жастары  бар 

елдің аз екендігін, осы орайда 

екі  тілді  еркін  меңгерген  аза-

маттардың  басқа  да  тілдерді 

білуі тіпті оңай болатынын атап 

айтты. 

Көрші елдермен салыстырып 



көріңіз,  кімдер  бар  орыс  тілін 

мінсіз сөйлейтін? Біз осы жерде 

ұлт ретінде қаншалықты ерекше 

екендігімізді, тілді тез уақытта 

меңгеруде қазақтардың қабілетін 

білеміз.Тек дұрыс əдістеме мен 

оқыту  жүйесін  жандандыру 

қажет», деді министр. 

Жастар жəне журналистика

Кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 

— Елбасы кітапханасында Тəуелсіздіктің 25 жылдығы мен 

Ақпарат жəне байланыс қызметкерлері күніне арналған 

«Жас медиа. Ақпараттық технологиялар мен Қазақстан ме-

диа саласының заманауи тұжырымдамасы» тақырыбында 

форум өтті. 


www.egemen.kz

5

29 маусым 2016 жыл

Ə.Бөкейхановтың  эконо-

микалық көзқарасының қалып-

тасуы,  əрине,  оның  Ф.А.Шер-

бина  (1896-1903  жж.)  жəне 

ака демик  С.П.Швецов  (1903-

1904  жж.)  басқарған  ғылыми-

зерт теу  экспедицияларына  қа-

ты суымен  байланысты болды. 

Басқарушысының атымен атал-

ған  «Щербина  экспедиция сы» 

Семей жəне Ақмола облыс тар-

ын дағы 10 уездің табиғи орта-

сы  мен  осы  өңірдегі  жұрттың 

ша руашылық  жүргізу  жүйесі 

мен мəдениетін зерттеуге алып, 

экспедиция  материалдары 

көп томдық  түрінде  баспадан 

шығып,  оның  4,  6,  9  жəне  11 

томдары  Ə.Н.Бөкейхановтың 

атсалысуы мен  жарық  көрді. 

Көптомдық ең бектің 4-ші томы, 

мəселен,  Пав лодар  уезіне  ар-

налып,  томда  берілген  уез 

тұрғындарының  мұн да  келіп 

орнығу  тарихын,  ру  жə не 

əулеттер  шежіресін  Əлихан 

Бөкейханов жазды. Сондай-ақ, 

ол  Алтыбай  жəне  Қызылтау 

болыстары  туралы  очерктерді 

дайындауға қатысады. 

Ə.Бөкейханов үшін əсіресе, 

нəтижелі болған оның академик 

С.П.Швецов  басқарған  Сі бір 

темір жолы бойындағы ау дан-

дарды экономикалық тұр ғы дан 

зерттеу экспедиция сы еді. Бұл 

экспедицияға  қаты са  жү ріп, 

ол  қазақ  қойына арнал ған  мо-

нографиялық зерттеуін аяқтай-

ды. Бұл қазақ қой шаруашылығы 

туралы алғашқы іргелі зерттеу 

еңбегі болатын. Қазақ қойы ту-

ралы бұдан бұрын да (мəселен, 

А.И.Добромыслов  ж.б.),  кейін 

де зерттеу жұ мыс тары болған. 

Де  ген мен,  Əле кеңнің  зерттеуі 

қазақ қасиет тұтатын мал тұқы-

мы туралы тереңдігімен, нəзік 

те жан-жақтылығымен ерекше-

ленеді. 

Енді өз ретімен осы еңбек-

терге қысқа болса да тоқталып 

өтейін. Сонымен, Павлодар уезі 

халқының  тарихына  байланы-

сты  Əлекең  еңбегінен  бүгінгі 

біздер үшін де қызықты мынадай 

тарихи деректерді кездестіреміз. 

Кереку  (жергілікті  халық  бұл 

өңірді  осылай  атайды)  өңірі 

ілгері замандардан мал шаруа-

сына жəне егіншілікке қолайлы, 

жері құнарлы, елге құтты мекен 

болған. Сондықтан да бұл өңір 

үшін түрлі этникалық қауымдар 

арасында үзіліссіз күрес жүріп 

отырған.  Сондай  қарулы  қақ-

тығыстардың  соңғысы  ХVIII 

ғасырда қазақтар мен қалмақтар 

арасында жүргендігін ел ішінде 

сақталған ауызекі əңгімелерден 

байқауға болады.

Осы ХVIII ғасырда жоңғар 

қалмақтарын  Кереку  өңірінен 

біржола ығыстырған қазақтың 

арғын,  қыпшақ  жəне  найман 

тайпалары мынадай аудандарға 

орналасады. Қыпшақтар уездің 

солтүстік аймағына Ертістің оң 

жəне сол жақ бетіне, наймандар 

болса  жеке  ауыл-ауыл  болып 

түрлі рулардың арасына шашы-

рай орын теуіп, ал уездің қалған 

бөлігіне арғын тайпасының мей-

рам, бəсентиін, қанжығалы жəне 

сондай-ақ, уақ-керей бұтақтары 

қоныстанады.

Ф.А.Шербина  экспедиция-

сы материалдарының VI томы 

Қар қаралы уезіне арналған. Осы 

томға  кіріспе  жазған  белгілі 

зерт теуші-ғалым  Л.К.Чермак 

бұл  томды  əзірлеу  ісіне  Ə.Бө-

кей хановпен  бірге  Мəжит 

Шом балов,  Ережеп  Итбаев, 

У.Əбішев, Д.Сатыбалдин сияқ-

ты  қазақ  зия лыларының  да 

атсалысқанын, со нымен бірге, 

бұл  томдағы  ма териал дарды 

баспаға даярлау да Əли хан Нұр-

мұхамедұлының  ерек ше  үлесі 

болғандығын жазады.

Əлихан Нұрмұхамедұлының 

еңбектерінде осы сияқты тари-

хи  фактілер  молынан  кез де-

седі. Міне, бұл баяндалған мағ-

лұматтар қайраткердің ел өмі-

рінен соншалықты терең хабар-

дар  болғандығының  айғағы 

еді.  Əлекеңнің  қайраткерлік 

тұлға сының соншалықты биікке 

көте рілуінің бірден-бір сыры ту-

ған елінің жүріп өткен жолын 

терең біліп қана қоймай, соны-

мен бірге, оны мұқият ой елегі-

нен өткізгендігіне байланысты 

бол са керек.

Əлихан Нұрмұхамедұлы қа-

зақ хал  қының дəстүрлі мал ша-

руа шылығының  артықшылық-

тары мен əлсіз жақтарын терең 

əрі нəзік түсінген ғалым болды. 

Ғалымның  бұл  реттегі  сұң ғы-

лалығына  оның  қой  шаруа-

шылығына  арналған  моно гра -

фиялық зерттеуінің 2-ші тарау-

ы  мен таныса отырып көз жет кі-

зуге болады. Тарауда жасал ған 

тұ жырымдар  Семей,  Ақмо ла 

жəне  Торғай  облыстарына  қа-

райтын 12 уездегі қазақ қожа-

лық тарын  статистикалық  тұр-

ғыдан зерттеу арқылы алынған. 

Əлекең қазақ жеріндегі қой 

шаруашылығын Ресейдің малға 

бай  деген  Астрахань,  Таврия 

губернияларындағы  жəне  Дон 

облысындағы жағдаймен салыс-

тырады. Мəселен, 1897 жылға 

тиесілі көрсеткіштер бойынша:

Астрахань  губерниясында 

1 адам басына шаққанда – 2,45 

бас қой;

Таврия  губерниясында  – 

1,80 бас қой;

Дон  облысында  –  1,05  бас 

қой өсірілген.

Ф.А. Щербина экспедиция-

сының  көрсетулері  бойынша 

бұл көрсеткіш:

Семей облысында – 5,47 бас;

Ақмола  облысында  –  3,93 

бас қойдан келген.

Осы көрсеткіштерге сүйене 

отырып  Əлекең:  қазақ  дала-

сы  тұрғындарының  қажетіне 

өсірілетін қой саны Еуропалық 

Ресейдің ең малға бай деген гу-

бернияларынан анағұрлым асып 

түседі деген тұжырым жасайды.

Осы  тарауда  Əлекең  қазақ 

қойларына сипаттама бере оты-

рып: «Ақ қойды қазақ байлары 

өсіреді, өйткені, ақ қойдың жү-

ні  нен қазақтың бай киіз үйіне 

қажет  ақ  киіз  даярланады.  Бі -

рақ ақ қой аязды қысқа төзімді 

емес. Яғни орта жəне кедей қа-

зақ қожалықтарына ақ қой өсі ру 

тиімсіз, сондықтан да бұл қо  жа-

лық иелері қою түсті қой өсіруге 

бейім. Қазақ қойлары ның басым 

бөлігі  боз  жəне  қоңыр  болып 

келеді», – деп жазады.

Əлекең қазақ қойына берген 

сипаттамасын  мынадай  сөз-

дермен  аяқтайды:  қазақ  қойы 

бұл жануар туралы айтылатын 

ғайбат  сөздерге  лайық  емес. 

Қазақ қойының кеңістікте өзін 

еркін сезінуге мүмкіндік бере-

тін ғажап ес-жады бар. Мəсе лен, 

жас қозы жаңа жайылым іздеп 

10-15  шақырым  ұзап,  шық қан 

жеріне  оңай-ақ  оралады.  Əккі 

қойлар күзгі жəне қысқы жайы-

лымдардағы  құнарлы  оты  бар 

жерлерді  жақсы  айыра  бі леді, 

бұл  ретте  малшылар  қалың 

қарлы қыста қойдың тапқыр  лы-

ғына сүйеніп қардан аршып ала-

тын жайылымдарды анық тайды. 

Əлекеңнің  қазақ  малына 

бер  ген  мінездемесі  осын дай 

те рең дігімен  жəне  жылы лы-

ғы  мен  ерекшеленеді.  Жоға-

ры да  аталған  ғылыми-зерт теу 

экспедиция ларына қаты на суы, 

сондай-ақ,  ғұлама  ғалым ның 

кейінгі  бай қау лары  мен  зерт-

теулері оны қан дай тұжырым-

дарға жетеледі?

Жергілікті  халықтың  дəс-

түр лі  шаруашылығын,  жер 

қо рын  пайдалану  жүйесі  мен 

мəдениетін  зерттеу  арқылы 

ор та лық  үкімет  орындарына 

нақты ұсыныстар əзірлеу үшін 

ұйымдастырылған  бұл  экс пе-

диция  жұмыстарына  қа тына-

су  барысында  Əлихан  Нұр-

мұха медұлы  қазақ  даласы на 

байланыс ты империялық билік-

тің көздеген мақсатын бұрын өзі 

байқай бермеген жаңа қы рынан 

таныды.  Үкіметтің  таяу  арада 

қазақ жеріне байланысты стра-

тегиялық шараларды іске асы-

руға қауырт дайындық үстінде 

тұрғанына көзі жетті. 

Соның нақты көрінісі үкімет-

тің қазақ көшпелі жəне жарты-

лай  көшпелі  қожалықтарын 

жап пай отырықшы өмір салты-

на ау дару ісін қолға ала бас тауы 

еді.  Ə.Бөкейханов  қатынас қан 

екі  экс педицияның  көзде ген 

ор тақ мақсаты орта қазақ қожа-

лық тарын отырықшы өмірге ау-

да руға қажет болатын жер нор-

масын анықтау бола тын. Қазақ 

қожалықтарын отырық шы өмір-

ге аудару өз ретінде патша лық 

би лікке қалған қазақ жеріне ішкі 

гу берниялардан мыңда ған орыс 

ша руаларын көшіріп əке ліп қо-

ныстандыруға жол ашатын еді. 

Ресей үкіметі қазақ даласына 

ғылыми-зерттеу экспедицияла-

рын  шығара  отырып,  осымен 

бір  мезгілде,  яғни  1896  жылы 

Ішкі істер министрлігі жанынан 

Қоныс  аударту  басқармасын 

(Пе ре селенческое управление) 

ашты. Қазақ жерінен ішкі Ресей-

ден келетін переселендер үшін 

алты аудан, яғни Торғай, Орал, 

Ақмола, Семей, Сырдария жəне 

Же тісу  переселен  аудандары 

белгі ленді.  Осы  өңірлердегі 

егін ші лікке  жарамды  құнарлы 

жер лер ішкі Ресейден қоныс ау-

дарып келгендерге үлес ретінде 

бері луге тиіс болды.

Басқаша  айтқанда,  XX  ға-

сыр  дың басындағы Ресей үкіме -

тінің есебі бойынша қазақ жері, 

біріншіден,  империяның  ішкі 

гу бер нияларындағы  жер  тап-

шы  лығын шешуге мүмкіндік ту -

ғызатын құрал болса, екін шіден, 

оның  батыс  мем ле кеттерімен 

кезекті  техноло гиялық  теке-

ті ресінде  өнеркə сіптік  бай 

шикізат  көзіне  айна луға  тиіс 

еді. Ал əлемдік күш тердің өзара 

қар сыласу  проце сі  барысын-

да импе рия құрамын дағы кіші 

этника лық  құрылым дардың 

табиғи  мүд десі  мен  мəдени 

құн дылық тары  сонша лықты 

жоғары  мəнге  ие  бола  алмай-

тындығы о бастан белгілі. Қазақ 

елі,  оның  таби ғи  жəне  адами 

əлеуеті Ресей дің батыс мемле-

кеттерімен  текеті ре сінде  күш 

қоры (резерв) міндетін атқаруға 

тиіс болды.

Міне, осындай жағдайда қа-

зақ  қоғамының  мұндай  ауыр 

сыннан өту мүмкіндігі қандай, 

ентелеп еніп келе жатқан капи-

тализм  сұраныстарына  қазақ 

жұрты  немен  жауап  бере  ала-

ды  деген  сауалдар  туындады. 

Əлихан  Нұрмұхамедұлын  да 

қинаған осы сауалдар еді.

Ұлы  далада  шашыранды 

орналасқан  елдің  алдынан 

көл денең тартылған мұндай күр-

делі сауалдарға иланымды жау-

ап  табу  оны  іздеушіден  үлкен 

ыждағаттылықты,  теория лық 

даярлықты жəне зор жауапкер-

шілікті  талап  еткен  еді.  Бұған 

қо сымша, Əлекеңнің өзі айтқан-

дай, ұлтына қызмет жасаймын 

деген  тұлғаға  біліммен  бірге, 

сондай дəреже-деңгейдегі мінез 

де  қажет  етіледі.  Ал  Əли хан 

Нұр мұхамедұлы,  Жаратушы 

осы екі қасиетті молынан бер-

ген, ерекше тұлға еді. Өзіне та-

рих жүктеген мұндай міндетті 

ол ең жоғарғы деңгейде орын-

дап  шықты.  Оның  табанды 

ізденісінің  нəтижесінде  қазақ 

шындығына  сүйенген  жəне 

елдің  ортақ  ұстанымы  болуға 

лайық, стратегиялық тұрғыдан 

дəлелді  шешім  өмірге  келді. 

Енді  осы  ұстанымның  басты 

элементтеріне тоқталайын.

Əлекеңнің пікірінше, мал ба-

сын асылдандырып, тиімді мал 

шаруашылығына көшу қазаққа 

да жат емес. Ə.Бөкейханов ал -

дымен патшалық биліктің, кейі -

нірек  кеңестік  биліктің  қазақ 

елін тез арада отырықшы тұр-

мысқа аудару жобасына үзілді-

кесілді  қарсы  шықты.  «Мал 

шаруасы тымақ емес, төре келе 

жатыр деп қолға ала қоятын», – 

деп жазды ол.

Кеңес  өкіметінің  қазақ  қо-

жа лықтарын ешқандай да даяр-

лықсыз, бірнеше жылдың төңі-

ре гінде  отырықшы  тұрмысқа 

аудару əрекетін ол ұлт өміріне 

жасалған эксперимент ретінде 

баға лады. Яғни, эксперименттер 

лабо ра торияларда жүргізілмек, 

ал  адам дар  қоғамын  экспери-

мент  кең істігіне  айналдыру 

қоғам  үшін  нағыз  трагедияға 

айна луы əб ден мүмкін екендігін 

ескертті.

Əлихан  Нұрмұхамедұлы 

жəне  оның  серіктері  Ахмет 

Бай тұрсынұлы  мен  Міржақып 

Дулатұлы «Қазақ» газеті арқы-

лы қазақ халқын патша əкімші-

лігінің  əрбір  отбасындағы  ер 

адамға  15  десятинадан  жер 

үлесін алып, отырықшы тұрмыс-

қа өтуге шақырған шараларына 

мойынсұнбай, қарсылық көрсе-

туге  шақырды.  Бұл  ретте  ол 

башқұрт халқының ауыр тəжіри-

бесінен  сабақ  алуға  үндеді. 

Егіншіліктің қыр-сырынан бей-

хабар  жұрт  əуелде  əкімшілік 

орындарының  үгітіне  сеніп, 

ер басына он бес десятинадан 

жер  алуға  келісіп,  соңынан 

оты рықшы  тұрмысқа  бірден 

көндіге алмастан, алған үлесін 

көрші  орыс  мұжығына  қант-

шайға айырбастап, ең соңында 

өз  Отанында  жер  иелігі  жоқ 

босқынға айналған еді.

Алдымен  патшалық  билік 

тұсында, сонан соң кеңес өкі меті 

жағдайында  Əлихан  Нұр мұ-

хамедұлы бастаған қазақ зиялы-

лары биліктен қазақ жеріне ішкі 

Ресейден орыс шаруаларын кө-

шіріп əкеліп қоныстандыру ша-

раларын тоқтатуды талап етті. 

Бұл істе алаштық жəне кеңестік 

ұстанымдағы  ұлт  зиялылары 

ауыз бірлік танытты, бір үрдістен 

шығып отырды. Метрополия та-

рапынан жүріп жатқан отарлау 

саясаты  жағдайында  алаштық 

ұстанымдағы  зиялылар  жерге 

жекеменшік  енгізу  саясатына 

үзілді-кесілді  қарсылық  таны-

тып,  жерді  қауымдық  меншік 

тү рінде  пайдалану  тиімді 

екендігін дəлелдеуге күш салды.

Аграрлық  сектордың  тез 

дамуын  қамтамасыз  ету  үшін 

жеке шаруалар ерікті коопера-

тив болып ұйымдасқаны тиім-

ді  екенін  Дания  елінің  тəжі-

рибесімен  дəлелдеп  бағып  еді 

Əле кең.  Халқының  бірегей 

сауат тылығы  негізінде  бүкіл 

Данияға  тараған  кооперация 

қозғалысы  бірлескен  еңбек 

тиім ділігін арттырып, елді тез 

арада  байытуға  негіз  бол ды. 

Архив  материалдарына  қара-

ғанда,  «Алаш»  автономиясы 

құрыл ғанға дейін Торғай облы-

сындағы  Уақытша  үкіметтің 

ко миссары дəрежесіндегі Əле-

кең  ауылды  кооперациялауды 

пəрменді түрде қолға алып, бұл 

шара соңынан Қазақ-Алаш ав-

тономиясына кірген 10 облыс-

тың бəрінде де қарқынды жүргі-

зілгенін атап өту керек.

Жер мəселесі Алаш партия-

сы ның  бағдарламасында  жеке 

тарау  ретінде  берілді.  Онда, 

мəселен,  негізгі  заңын  жаса-

ғанда жер сыбағасын алдымен 

жер  гілікті  жұртқа  берілсін, 

қазақ  жер  сыбағасын  отырған 

жер  лер ден алып орналасқанша 

қазақ же ріне қоныс аударушы-

лар кел месін...», – деген жолдар 

бар еді.


1914 жылы желтоқсан айын -

да  Орынборда  Əлихан  Бөкей -

ханов басшылығымен өткен ІІ 

Бүкіл қазақ съезі қазақ мемле -

кеттігін Алаш форматы ре тін-

де  ұсынған  болатын.  Сол  құ-

рыл тайда бірауыздан ұйғарым 

қа былдап:  «Алаш  автоно-

миясының 10 облысының жер 

асты-үсті нің байлығы, жер-су, 

пайдалы  қазбалары  бөлін бес 

Алаш  мен ші гінде»,  деп  бекі-

тілген  болатын.  Бұл  ұйғарым 

келешек Қазақ станның алдыңғы 

қатарлы мемлекет болып қалып-

тасып, өсіп-өркендеуінің негізі 

боларына  толық  кепіл,  сенім 

артылған-ды. 

Сол кезеңдегі Алаш автоно-

миясы  көсемдерінің  бірегейі 

А.Бай тұрсынұлы асқан көреген-

дік танытып: «Халық өз зама-

нына  сай  мамандық  меңгеруі 

тиіс,  өз  жерінің  байлықтарын 

игілікке айналдыра алатындай 

дəрежеге көтерілуі тиіс. Алдыңғы 

қатарлы техниканы игеруі тиіс. 

Олай етпесек, біз басқа елдің от-

ары боламыз», деп бірінші Қазақ 

ұлттық  уни вер ситеті  –  қазіргі 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 1928 

жылғы ашылуында жар салған 

еді. Ал одан бұрынырақ (1918 ж.) 

Əлихан Нұр мұхамедұлы келешек 

жас  мем лекетіміздің  алдында 

тұрған өрелі мақсаттары туралы: 

«Үсті міздегі ХХ ғасыр – өркениет 

бəсе келестігінің заманы. Бұл уа-

қытта күн астындағы орын үшін 

күреспейтін  һəм  мəдениетке 

талпынбайтын ұлттың табылуы 

кəдік... Қазіргі əлемдік соғыста 

ғылым үстемдік алды. Күн делікті 

өмірде...  ғылым  айқын даушы 

күшке айналды. Білім сіз халық 

өркениет қал тарыс тарында қалып 

қоятынын айтып жату артық. Өз 

мəдениетін сақтау, барлық жақсы 

нəрсе лерді  игеру  жолындағы 

күреске қа зақтар да қосылды... 

Бізге бі лімді, тəжірибелі саясат-

шылар, жоғары білікті маман-

дар қажет. Бізге фабрикалар, за-

уыттар, шаруашылық ұйымдары, 

коо пе ративтер  жəне  басқа  да 

көп нəр селер керек. Мұның бəрі 

білімді қазақтарды қажетсінеді. 

Мұның бəрі бір күнде немесе бір 

жылда пайда болмайды. Осы ның 

бəрін өмірде жедел іске асыру 

үшін  жіті  жоспарлау,  маман-

дардың бейнетті еңбегі, ауқатты 

азаматтардың  қаржысы  керек 

жəне істі дереу қолға алу керек» 

деп жазған еді. 

Бұдан  бір  ғасыр  бұрын  ел 

мүддесін,  халық  болашағын 

көксеген  ұлт  көсемі,  ұлы  қай-

ратк ер Əлихан Бөкейхановтың 

бағдары бүгінгі тəуелсіз Қазақ-

станның  өркениетті  елдер  са-

натына құлаш ұрған дəуірінде 

шешімін  табуда  десек,  жаза 

баспағанымыз.  Оған  кепіл 

бүгінгі таңда жүзеге асырылып 

жатқан Ұлт Жоспары. Бес инс ти-

туттық реформа, оларды орын-

даудағы 100 нақты қадам. Осы-

ның  негізінде  тəуелсіз  Қазақ-

стан дамыған 30 елдің қатарына 

қосылуға нақтылы пəрменділік 

жасап, Əлихан Бөкейхановтың, 

Алаш қайраткерлерінің ұлы бағ-

дарын жүзеге асыруға кепілдік 

ететініне  бүгінгі  ұрпақ  толық 

сенімді. 



Аманжол ҚОШАНОВ,

академик

АЛМАТЫ

 Зерде 

ҚАЗАҚ ЖЕРІ – 

мал кіндігі, ұлт меншігі



Əлихан БӨКЕЙХАНОВ:

Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың шығармашылық 

мұрасы бүгінгі таңда дені тарихшылар мен 

əдебиеттанушылар тарапынан зерттеуге алынып, ал 

қайраткердің экономикалық көзқарасын ғылыми тал-

дау ісі сəл кешеуілдеп қалғандай əсер қалдырады. Шын 

мəнінде, Əлекең алған базалық білімі тұрғысынан 

– экономист. Ол 1894 жылы Санкт-Петербургтің 

Императорлық орман шаруашылығы академиясының 

экономика факультетін бітірген. Тергеу материалдарында 

тіркелген жеке іс қағаздарының бірінде ол мамандығым 

«оценщик» деп те көрсетеді. Замандастары Əлекеңді қазақ 

жерінің, оның асты-үсті табиғи байлықтарының терең 

білгірі ретінде мойындаған. 

Шəкірттерін əлемдік тілде сөйлетуге 

күш  салған  ағылшын  тілі  пəнінің 

мұғалімін  бүгінде  барша  ауылдастары 

құрмет тұтады. 24 жастағы жас ұстаздың 

мектептегі  еңбек  өтіліне  –  4  жыл.  Аз 

уақытта алғырлығымен ауылдастарынан 

алғыс  алып  үлгерді.  Ана  тілімен  бірге 

мемлекеттік  тілді  һəм  ағылшын,  орыс 

тілдерін  еркін  меңгерген  əзербайжан 

ұлтының аруы бесқарағайлық жастарға 

үлгі. 


Айнұр – қоғамдық өмірде бел сенділік 

танытып, облыстық, аудандық деңгейде 

өткен іс-шаралардың бел ортасынан та-

былды. Жастар форумына, түрлі келелі 

басқосулар  мен  конференцияларға 

қатысып  келеді.  «Жасотандықтар» 

құрамында  тікелей  өзі  де  ауқымды 

шаралар  ұйым дастырады.  Айталық, 

Айнұр Ров шанқызы бүгінде Бесқарағай 

аудан дық  Достық  үйінің  əзербайжан 

этно мəдени  бірлестігінің  жетекшісі, 

аудан дық  «Достар»  этномəдени  жас-

тар  тобының  белсенді  мүшесі  ретін де 

жастарды  тағаттылыққа  тəр бие лейтін 

жобаларды қолға алды.

–  Қазіргі  кезде  балалардың  тіл  үй-

ренуге  деген  құштарлығы  ерек-

ше.  Барлығы  да  бірнеше  тіл  білгісі 

келеді.  Бірақ,  қабілет-қарымына  қарай 

оқушылардың  тілді  меңгеру  деңгейі 

əртүрлі  болып  келеді.  Мемлекет  бас-

шысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  елімізде 

үштілділікті дамытуға басымдық бергені 

белгілі. Осы орайда оқушылар ағылшын 

тілін бірінші сыныптан бастап оқуға ден 

қоюда. Балалар қосымша сабақтарға келу 

арқылы тіл меңгеруге белсене қатысуда, 

–  деген  Айнұр  өткен  жылы  Елбасы, 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс 

хатына  ие  болғанын  зор  мақтанышпен 

жеткізді. – Конституция күнінде берілген 

бұл марапат мерейімді ғана өсіріп қойған 

жоқ,  сонымен  бірге,  ертеңгі  күнге  де-

ген сенімімді де нығайта түсті, – дейді 

мұғалима қыз.



Шығыс Қазақстан облысы,

Бесқарағай ауданы

Оның  біріншісі  –  өнім  өндірісі, 

екіншісі  –  құрал-жабдықтарды  жөндеу 

мен  қамтамасыз  ету,  ал  үшіншісі  – 

сервистік, яғни қаржылық, мар кетингтік 

жəне  басқа  да  қыз меттер.  Əлемдік 

тəжірибеге  сүйен сек,  алғашқы  бөлік 

бойынша  барлық  еңбеккерлердің  60 

пайы зы,  екіншісінде  30  пайызы  жəне 

соңғысында 10 пайызы жұ мыс істеуі тиіс. 

Ал Теміртау метал лургия комбинатында 

жұ мыскерлердің  шамамен  өндірісте  45 

пайызы,  жөндеу  мен  қамтамасыз  ету-

де 40 пайызы да, қалғандары сервистік 

қызметте. 

–  Қазір  екінші  бөліктегі  ең бек-

керлердің  біразын,  бірінші  бөлікке, 

үшіншідегілердің  біршамасын  екінші 

бөлікке  ауыстыру  жоспарланып  отыр, 

–  дейді  Парамжит  Ка лон  мырза.  –  Ол 

үшін  адамдардың  тиісінше  тəжірибе 

жинақтауына  мүм кіндік  беру  керек. 

Көпшілік  еңбек  түрін  өзгертуге  дай-

ын  емес.  Оларға  жаңа  жұмыс  орын-

дары  қарас тырылады  немесе  ор-

нына  жаңа дан  жас  мамандар  алынуы 

мүмкін.  Компанияда  былтырғы  жылы 

болған қиыншылықтарға тоқтал ған бас 

директордың айтуынша, қазір гі уақытта 

«АрселорМиттал  Теміртау»  АҚ-тың 

көмір  жəне  болат  депар таменттерінің 

жұмыстарына  шолу  жасалуда.  Дайын 

өнім  шығару  шы ғын дарын  азайту, 

сапасын, бəсе кеге қабілеттілігін артты-

ру  қажет.  Бас  ди ректордың  пікірінше, 

иелік тегі  кен  базасы,  көмір  сияқты 

басым дықтар ды  орынды  пайдалану 

керек.  Электр  қуатын  өндіру  көлемін 

арттыру  қажет.  Теміртау  жылу-электр 

ор талы ғының  жұмысын  жақсарту 

да  кезек  күттірмейтін  мəселелердің 

бірі.  Ком пания  инвестициялық  даму 

бағдар ламасын  ойдағыдай  жүзеге  асы-

рып  келеді.  Атап  айтқанда,  қазір  №4 

дом на  пешіне  жетілдіру  жұмыс тары 

жүргізілуде.  Келешекте  агро өндіріс, 

басқа да салалар жетіл діріледі. Жал пы, 

компания осы комбинатты ал ғаннан бері 

оны же тілдіруге 5 мил лиард АҚШ долла-

ры көлемінде қаражат жұмсаған. 

Бір  ай  бұрын  ғана  тағайындалған 

бас директор Украинадағы Кривой Рог 

металлургия комбинатының директоры 

қызметін қоса атқарады. 

Бір жылғы уақытының 80 пайызын-

да Қазақстанда болуды жоспарлап отыр. 

Ал  Теміртау  комбинатының  мүм-

кіндіктері туралы жаңа директор ештеңе 

айта  алмады.  Өйткені,  өндіріс  туралы 

жан-жақты біліп, үлкен жос парлар жайлы 

сенімді сөйлеу үшін бір ай уақыт тым аз. 

Дегенмен, жаңа басшы журналистермен 

жиі кездесіп, жағдайдан тұрақты хабардар 

етіп отыруға уəде берді.



Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы

Жаңа басшыға кәсіпорын 

құрылымы неге ұнамайды?

 Мəселенің мəнісі

 Еңбегімен еленген

Ауылдастар алғысы

Сенім грамотасын тапсырды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет