№123 (28851) 29 маусым сəрсенбі 2016 жыл ● Еңбегімен еленген



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата06.03.2017
өлшемі3,38 Mb.
#8289
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

Қазір осы сегіздікті алдағы күн-

дерде  бір-бірлерімен  кездесетін 

Польша  –  Португалия,  Уэльс  – 

Бель гия, Германия – Италия жəне 

Фран ция  –  Исландия  жұптары 

құрап отыр. 

Əдетте, мұндай жан алып, жан 

берісетін, безбен басына бір елдің 

ары мен намысы түсетін алмағайып 

спорттық  жарыстарда  алдын  ала 

болжам айтып, сəуегейлік көрсету 

адамға оншалықты абырой əпере 

бермейді.  Сондайлардың  біразы 

бұрнағы Англия – Исландия матч-

ында  ағылшындардың  шүбəсіз 

күшті  екеніне  бəс  тігісіп,  қатты 

қателесті. 

Алдымен  алаңға  Италия  мен 

Испания беттеді. «Скуадра адзур-

ра» əр таймда соққан бір голының 

нəтижесінде 2:0 есебімен жеңіске 

жетті.  Лион  стадионы  бұл  күні 

бір неше тарихи шешімге қол қой-

ды.  Соның  біріншісі  –  испандар 

сегіз  жылдан  бері  арқалап  келе 

жатқан  құрлық  чемпионы  деген 

атақтарының  уəкілдігін  беріп 

шықты. Екіншісі – «Фурия роха» 

бұған  дейін  қатарынан  екі  са-

пар алған чемпиондығын үшінші 

мəртелікке ұластыру мақсатымен 

біржола  қоштасты.  Үшіншісі 

–  Аппенин  түбегінің  жігіттері 

қарсыластарынан  2012  жылғы 

Еуропа  чемпионатының  Киевте 

1  шілде  күні  ойналған  фина-

лында  0:4  болып  ұтылуының 

есесін  қайтарды.  Мұны  бірқатар 

спорт  шолушылары  «итальянша 

вендетта»  деп  атап  та  үлгерді. 

Төртіншісі  –  екі  құраманың  осы 

кезге дейінгі өзара кездесулерінің 

қорытындысында  тең  болып 

тұрған  таразы  басы  осы  жолғы 

ұтыспен  итальяндарға  қарай 

ауып  кетті.  Ал  бұл  құрамалар 

бұған  шекті  бір-бірімен  34  рет 

ұшырасып,  əрқайсысы  10  рет-

тен  жеңіске  жетіп,  14  кезек  тең 

ойнаған болатын. 

«Италия  –  жай  ғана  катенач-

чо  деңгейінен  анағұрлым  би-

ік»,  –  деді  ойыннан  кейінгі  бас-

пасөз  мəслихатында  «Скуад-

ра  адзур раның»  бас  жаттық-

тырушысы  Антонио  Конте.  Ең 

бас тысы,  итальян  футболшыла-

ры  мұны  алаң  үстінде  өте-мөте 

дəлдікпен  дəлелдеп  берді.  Олар 

испандардың  əрбір  артық  жүрі-

сінің  алдын  орап  кетіп,  қауіп-

қатерді тұсаулап тас тап отырды. 

Сонымен бірге, бұл матч итальян 

командасының  шабуыл  шебінде 

біраз салмақты проблеманың бар 

екенін  де  байқатып  қойды.  Со-

ған  қарамастан,  бұл  олардың  іс 

басындағы  чемпионды  тізе  бүк-

тіріп,  жарыс  жолынан  шығарып 

тас тауларына кедергі келтіре ал-

мады.


Жекпе-жекті  Антонио  Кон-

тенің  шəкірттері  белсенді  баста-

ды.  Осы  тұста  Эдер  мен  Пелле 

біршама  көзге  түсті.  11-минутта 

Эмануеле Джаккеринидің шалқая 

беріп  тепкен  добы  бағаннан 

қайт ты. Əлбетте, испандар да өз 

қақпасы  алдында  жер  бауырлап 

жатып алған жоқ. Ара-тұра олар 

да алға ұмтылып тұрды. Бірінші 

тайм,  тұтастай  алғанда,  Италия 

құрамасының  басымдығымен 

өтті. Соның арасында, 33-минут-

та Джорджио Кьеллини гол соғып 

кетті.  Ол  Эдердің  соққысынан 

кейін  допты  дəл  алдына  түсіріп 

алған  Давид  де  Хеа  қателігін 

əдемі пайдалана білді. Ал екінші 

голды  итальяндар  кездесудің  ең 

соңғы  секундтары  жүріп  жатқан 

90+1  минутта  соқты.  Бұл  жолы 

олар Висенте дель Боскенің ойын-

шыларын  қарсы  шабуыл  кезінде 

«қақпанға» түсірді. Голды Маттео 

Дармианнан  пас  алған  Грациано 

Пелле салды. 

Исландияның Англияны ығыс-

тырып,  жолдан  шығарып  тас-

тауының сенсация екенін мойын-

дамайтын  маман  жоқ.  Бірақ 

Ниццада  өткен  кездесудің  басы 

жағдайдың  бұлайша  дамитыны 

жөнінде ешқандай сыбыс білдірген 

жоқ.  Керісінше,  Рой  Ходжсон 

футболшыларының  оны  сəтті 

бастағанын көрсетті. Ағылшындар 

4-минутта-ақ есеп ашты. Рас, гол 

Уэйн  Рунидің  ұруымен  пеналь-

тиден  кірді.  Айып  добы  Даниэл 

Старрижден  доп  алған  Рахим 

Стерлинг қақпа алаңына құйғытып 

келген  кезде  қақпашы  Ханнес 

Халльдоурссонның оны тобықтан 

қағып  құла туына  байланысты 

белгіленді.  Алайда,  арада  бар-

жоғы екі минут өткеннен кейін фа-

ворит-команда  ойыншыларының 

көңіл күйлері нілдей бұзылып сала 

берді.  Бұған  Кари  Арнасонның 

қапталдан қол мен лақтырып бер-

ген добын Рагнар Сигурдссонның 

қағып  алып,  жақын  жерден 

қақырата ұрып, жауап гол соғуы 

себеп болды. 

Осыдан  кейін  біртіндеп  өз-

өзіне  келген  Англия  жойқын 

жорық  тармен қарсыласын басып 

тастамаққа ұмтылды. Сол уақыт -

тары  он  минуттай  уақыт  «Үш 

арыстанның»  ентігін  басып,  ек-

пінін қайтаруға күш салған Ларс 

Лагербектің ұландары қайта қарсы 

шабуылға  көтерілді.  18-минутта 

өте жақсы ойналған комбинация-

дан  кейін  Кольбейн  Сигторссон 

айып  алаңы  сызығы  маңында 

соққы  жасады.  Қақпашы  Джо 

Харт допқа қолы тигенімен, оны 

біржола  қайтарып  тастай  алма-

ды.  Осылайша  исландтар  алға 

шығып кетті. Əлбетте, көп ұзамай 

ағылшындар  есепті  теңестіру 

үшін жанталаса шапқылады. Осы 

мақсатта  бапкер  екінші  тайм-

да  ойынға  қосқан  футболшы-

лар  сенімді  ақтай  алған  жоқ. 

Мəселен,  Джек  Уилшердің  жар-

тылай қорғаныстың орта шебінде 

Уэйн Рунимен тіл табысып ойна-

уы  оңайға  түспеді.  Ал  Джейми 

Вар дидің  тіпті  алаңда  бар-жоғы 

бел гісіз  болып  қалды.  Англия 

құра масы  осылайша  өздерінен 

күтіл гендей ойын өрнегін көрсете 

қой мады. Мұның соңы жеңіліспен 

аяқталды.

Ойын  біткеннен  кейін  Рой 

Ходжсонның айтқан бірінші сөзі 

өзінің  отставкаға  кетуі  турасын-

да болды. «Маған жолды осылай 

аяқтау өте өкінішті. Бірақ мұндай 

жағдай  бола  береді»,  –  деді  ол. 

Сөйтіп,  ол  төрт  жылға  созылған 

жұмысын  аяқтағалы  отыр.  Осы 

уақыт аралығында жаттықтырушы 

құраманы Еуропаның екі, əлемнің 

бір чемпионатына бастап барды. 

Бұлардың ішіндегі ең ірі табысы 

2012  жылы  құрлық  чемпиона-

тында ширек финал шебіне дейін 

жетуі  болды.  Бұл  жолы  оған  да 

жете алмады.

Енді  командалар  екі  күндік 

үзіліс алады.



Францияда өтіп жатқан футболдан 

Еуропа чемпионатында бұрнағы күні 

соңғы екі ойынның ойналуымен 1/8 

финалдық кезең мəресіне жетті. Енді 

30 маусым – 3 шілде аралығында 

ширек финалдық ойындарға кезек 

беріледі. Бұдан айбыны асып, айды-

ны озып шығатын төрт команданың 

үшеуі күні ертең кіл сыңғырлаған 

медальдарға қол жеткізеді. Мұның 

өзі уақыттың жүлделі жүйріктер 

анықталатын тұсқа тым жақындап 

қалғанын көрсетеді. 

Жїйріктер 

аныќталатын 

сəт жаќын



29 маусым 2016 жыл

www.egemen.kz

12



 Саламаттылық салты 



 Қаз-қалпында



 Солай ма?



 Мəссаған!



 Міне, ғажап!



www.egemen.kz

12

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”

акционерлік қоғамы



Басқарма төрағасы

Еркін ҚЫДЫР

Басқарма төрағасының 

орынбасары – бас редактор

Жанболат АУПБАЕВ

 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.



АНЫҚТАМА ҮШІН:

 Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС:

 Астанада: факс (7172) – 37-19-87 

Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru     Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru

Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru



МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:

Астана – 8 (717-2) 37-54-21;

Ақтау – 8 (701) 593-64-78;

Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;

Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;

Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;

Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;

Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;

Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;

Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;

Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;

Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;

Шымкент – 8 (701) 362-63-76;

Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.



ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

  

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, 

egemen_adv@mail.ru

 

 



 

 

Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru



Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

А

Газетті есепке қою туралы 

№01-Г куəлікті 2007 жылғы 

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының 

Мəдениет жəне 

ақпарат министрлігі берген. 

«Егемен Қа зақ стан» республикалық 

газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» 

талаптарына сəйкес сертификатталған.

Индекс 65392. 

Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Таралымы

210 932 дана.

Газет мына қалалардағы:

010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,

050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,

100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,

110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,

120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,

130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,

030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 

060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,

160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,

140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,

080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,

090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,

040000, Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-

Болашақ» АҚ,

070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство 

Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №123 ek

Нөмірдің кезекші 

редакторы

Аян ƏБДУƏЛИ

Талғат РАЙЫМБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Турнирдің  ашылу  салтанатында 

Л.Н.Гу милев атындағы Еуразия ұлт  тық 

уни верситеті жанындағы «Журналистика 

мəселелерін зерттеу» инс титутының ди-

ректоры  Намазалы  Ома шев  жарыстың 

маңызы мен ерекшелігін кеңінен айтып 

берді.


«Ақселеу  Сейдімбек  атындағы  би-

льярд  сайысы  осымен  алтыншы  мəрте 

ұйымдастырылып  отыр.  Турнирдің 

өтуіне аталған білім ордасының кəсіп-

одақ комитеті мұрындық болып, демеу-

шілік  көрсетті.  Одан  бөлек,  Ақсе леу 

ағамыздың  інісі  Асылхан  Сейдімбек 

əулеті атынан арнайы сыйлық тапсыра-

ды», – деді ол.

Мұнан  кейін  университеттің 

«Журна листика  жəне  саясаттану» 

факультетінің  деканы  Қайрат  Сақ  сөз 

алып,  жарысқа  қатысушы  ақсақалдар 

тобы – 24, орта буын өкілдері мен жа-

стардан құралған ойын шылар 32 сайы-

скерден тұратынын жеткізді.

« Б ұ л   т у р н и р   е ң   а л ғ а ш   2 0 0 9 

жылы  Ақселеу  ағамыздың  бастама-

сымен  БАҚ  өкілдері  арасында  ұйым -

дастырылды.  Мақсаты  –  жур на лис-

тиканың  қазанында  қайнап  жүрген 

жəне  қолындағы  қаламын  қару  еткен 

қаламгерлердің  басын  қосып,  кəсіби 

мерекенің қарсаңында бір сергіп қалу. 

Осы ретте, ағамыз өзінің атынан тур-

нир  жеңімпазына  ақшалай  жүлдесін 

беріп, дəстүрлі шараға мұрындық бол-

ды. Ал 2010 жылдан бері біз осы сай-

ысты Ахаңның атынан өткізіп келеміз. 

Жыл  сайын  бильярдқа  қызығушылық 

танытып,  жарысқа  қатысуға  ниет 

білдірген  ойыншылар  қатары  артып 

келеді.  Бүгінгі  шараға  «Қазақстан» 

ұлттық  телеарнасы»  мен  Ақселеу  аға 

еңбек еткен «Егемен Қазақстан» газеті 

жарыс жеңімпаздарына арнайы жүлде 

тағайындады. Жалпы, біз келесі жылы 

Ақселеу  ағамыздың  75  жылдығына 

орай  турнир  ауқымын  ұлғайтып, 

дүбірлетіп өткіземіз бе деп отырмыз», 

– деді Қайрат Сақ өзінің сөзінде.

Сонымен,  жеті  сағатқа  созылған 

сайыста ақсақалдар тобынан 1-орынды 

Намазалы Омашев жеңіп алса, 60 жасқа 

дейінгі ойыншылар ішінен үздік шыққан 

тележурналист Нұрділдə Ораз топ жар-

ды.  Оларға  турнирдің  бас  сыйлығы 

–  кубоктар  мен  бағалы  сыйлықтар  та-

быс етілді. Турнирде, сондай-ақ, бұдан 

да  басқа  аталымдар  бойынша  үздіктер 

анықталып,  тиісті  сый-сияпаттарға  ие 

болды.


Əріптестер əлеуетін танытты

Журналистердің кəсіби мерекесіне орай бильярдтан жазушы, жур-

налист, ғалым, профессор Ақселеу Сейдімбектi еске алуға арналған 

дəстүрлі республикалық турнир өтті. Оған БАҚ саласының 60-қа 

жуық өкілі қатысты.

Аян ƏБДУƏЛИ,

«Егемен Қазақстан»

– Google X кеңсемізде киіз үйдің 

орнатылуына Эмили жəне Ричард 

есімді  əріптестерім  көмектесті. 

Оларға алғысым шексіз. Ин  тернет 

арқылы  бай ла      ныс қанымызда  өті  -

ніш-ті  легімізді жерге қалдырмады. 

Ал дағы  уақытта  бұл  орын  мей-

мандармен  кездесуге  ар налған 

бөлме  ретінде  пайдаланылады,  – 

деді Тілек Мамутов.

2014 жылы Қазақстан мен Қыр-

ғызстанның бір лесуімен киіз үйді 

жа сау дың дəстүрлі мағлұматы жəне 

өнері ЮНЕСКО-ның тізіміне енген 

болатын.


Google X қазіргі таңда Alphabet 

холдингінің құрамында. Негізінен 

перспективті  технологиялар  шы-

ғарумен  айналысады.  Олардың 

арасында  жүргізушісіз  жүретін 

а в т о м о б и л ь ,   ш ы н а й ы   ө м і р 

көзілдірігі,  атмосфераның  стра-

тосфера қабатында интернетке кіру, 

адам сөзін тануды, сонымен қатар 

видеодағы,  ғаламтордағы  нысан-

дарды анықтайтын оқыту нейтрон 

желісі бар.

Айта  кетейік,  көш пелі  халық-

тардың  баспанасы  болған  киіз 

үй  бүгінде  көпшіліктің  қызы ғу-

шылығын  тудыруда.  Мəселен, 

осыдан бірнеше ай бұрын Канадада 

Майкл  Джеффри  есімді  студент 

ықшамдылығы, үнемділігі, қо лай-

лығы  үшін  ежелгі  жұрттар  бас-

панасын құрып алған.  Ал Голливуд 

жұл дызы Леонардо Ди Каприо 10 

күндік дема лысын Моңғолияда киіз 

үйде өт кізген. 

«Алтын адам»

аймаќтарды 

аралап кетті 

Тəуелсіздіктің  25  жыл -

дығына  орай  еліміз  бойын-

ша  «Ұлттық  музей  –  сенің 

қалаңда!»  атты  мəдени  тур 

бас тау алды. Қазақстан Респуб-

ликасының  Ұлттық  музейі 

ұйым дастырып  отырған  мə-

дени  саяхат  алдымен  Орал 

қаласына табан тіреді. Оралдық 

көрермендер Ұлттық музейдің 

ең  құнды  мұрасының  бірі  – 

«Алтын адам» жəдігерін тама-

шалап, арнайы бағдарламаның 

куəсі болды. 

«Алтын  адам»  –  халқы-

мыз дың  ең  құнды  жəдігері, 

елдігіміздің  символы.  Атаулы 

жоба аясында қа ла жұртшылығы 

мен  қонақ тары  тек  музей 

төрінде  ғана  тұратын  құнды 

жə дігер мен тереңірек танысуға 

мүмкіндік  алды.  Сонымен 

қатар,  батысқазақстандықтар 

«Ұлттық музейдің 10 шедеврін» 

тама шалады.  Ғасырлар  бойы 

қалпын  бұзбаған  асыл  ми-

рас  өнерсүйер  қауымның 

ерек ше  қызығушылығын  ту-

дырды.  Астаналық  музейді 

араламағандар  үшін  «Ұлттық 

музейге  саяхат»  таныстыру 

бейнеролигі жан-жақты ақпарат 

берді. Сонымен қатар, 3D тех-

нологиясы арқылы музейдің əр 

залы  жеке-жеке  таныстырыл-

ды. Шараға облыс əкімдігінің 

өкілдері  мен  өзге  де  салалар-

дан қонақтар қатысты. Тəуелсіз 

Қазақстанның брэндіне айнал-

ған  «Алтын  адам»  ескерткіші 

өзге қалаларда да кең көлемде 

таныс тырылмақ. Көрмені тама-

шалау тегін жүргізіледі.

Бұдан  əрі  көрме  Ақтөбе 

қаласында жалғасады. 



«Егемен-ақпарат»

Алматыда дельфиндерді балалардың цере-

бралды тырысқақ ауруын емдеуге пайдала-

на бастады. Небəрі 10 сеанстан тұратын ем-

дом бағдарламасын қазірдің өзінде 50 балаға 

қолданып көрген дəрігерлер бұл емнің жақсы 

нəтиже көрсеткендігін айтуда.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан»

Ғылыми  жетекшілер  мен  дəрігерлер  ұсынған  25 

минуттық емдік бағдарлама 2 бөлімнен – «жағалаудағы 

жүздесу» мен «судағы серуеннен» тұрады. Ем жүргізу 

ісін бақылаушы мамандардың айтуынша, сырқат бала-

лардың 90 пайызы су жануарымен кездескеннен кейін 

жағдайлары оңалып, сөйлеуге талпынып, түрлі қимыл-

дар жасағысы келіп, өмірге деген құлшынысы артқан.

– Дельфиндер – бала психологиясына ерекше əсер 

ете  алатын  сүтқоректілер.  Біріншіден,  олардың  түрі 

үнемі күліп тұратын жанды елестетсе, екіншіден, адам 

бойындағы психологиялық ауыртпалықты алып тастай-

тындай қасиетке ие. Көбіне біз бұйырған тапсырмадан 

гөрі өз бетінше басқа да қимыл-əрекеттерге барады. Бір 

жақсысы, іс-əрекеттері балаларға көп əсер етеді. Осыған 

қарағанда, су жануарын дұрыс баулыса, адам жаны мен 

тəнін емдеудің жаңаша тəсілі пайда болуға тиіс, – деді 

Алматы дельфинатерапия бөлімінің жетекшісі Алексей 

Полищук.

Николь, Катя жəне Юми атты 3 дельфин суда да, 

жағада да сырқат балалардың көңілін аулап, өз ойынын 

көрсетеді.  Сипауға,  ұстап  көруге  жəне  бірге  жүзуге 

тырысқан  балалар  бір  сəт  өздерінің  дертін  ұмытып, 

өмірге деген құлшынысы артады. Дəрігерлердің айтуын-

ша, олардан шығатын ультра дыбыс адам ағзасына ерек-

ше əсер етіп, əлсіз дененің иммунитетін көтеруге жəне 

психикалық қалыбын жақсартуға зор ықпал жасайды.

АЛМАТЫ

Аян ƏБДУƏЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Қытайда өз үйінен қашып, бір апта бойы интер-

нет клубтан шықпаған 19 жастағы жігіт мүгедек 

болудың аз-ақ алдында қалды. Дəрігерлердің айту-

ынша, ол осы уақыттың бəрінде ойын ойнап, қоз-

ғалыссыз отырғандықтан, екі аяғы іріңдеп кеткен.

Бірнеше  күн  ас  ішпей,  орнынан  да  тұрмай, 

компьютерге  тəуелді  болған  бозбаланы  жұрт 

теміржол маңайында есін білмей, құлап жатқан 

жерінен  тауып  алған.  Оны  көргендер  тіпті, 

үйсіз-күйсіз  жүрген  қаңғыбас  адам  деп  ойлап 

қалған көрінеді.

Ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру мен компью-

тердің  зардабы  өтіп  кеткендіктен,  аяғындағы 

инфекция  денеге  таралып  кетсе,  өмірімен  қош 

айтысуы мүмкін болар еді. Бірақ ақ халаттылар 

дер кезінде көмек көрсетіп үлгерген.

Құмар ойынға тəуелділіктен бүгінде қайтыс бо-

лып жатқандар аз емес. Мəселен, өткен жылы дəл осы 

Аспанасты елінде 19 сағат бойы компью тердің алдын-

да телміріп отырған жасөспірім тіл тартпай кеткен.

Ал Башқұртстанда 2015 жылы тамыз айының 

соңында 22 күн бойы үздіксіз ойын ойнаған 17 жасар 

бала қайтыс болды. Мəліметтерге сəйкес, ол 2014 жыл-

дан бері компьютерге 2 мың сағат уақытын жұмсаған. 

Ата-анасы үйде болмаған кездері ескі əуеніне басып, 

тек ұйықтап алу үшін ғана үзіліс жасаған.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Фуми  есімді  жапон  жиһанке-

зінің  Шымкентте  жүргеніне  он 

күннен  асып  кетті.  Оның  мəнісі 

қызық.  Бір  топ  мотоциклші  Ыс-

тық көлге  демалуға  бара  жатып, 

құла дүзде жалғыз өзі тамақ ішіп 

отырған  шетелдікті  байқайды. 

Əуестікпен сұраса, бір жыл бұрын 

жолға шыққан 28 жастағы жапон 

жігіті  велосипедпен  Австралияға 

дейін  жетпекші  екен.  Ескі  вело-

сипед,  азын-аулақ  тамақ,  көр-

жер  салынған  жол  қапшық.  Бар 

жабдығы осы.

Токиодан тəуекелдің қайығына 

мініп, «құдай жарылқасын» деп ат-

танып кеткен жапон жиһанкезі Жер 

шарын біраз шарлап, Қазақстанға 

келген.  Астана,  Алматы,  Тараз 

қалаларында  болған.  Жиһанкез 

деген  қызық  халық  қой.  Күй 

талғамайды. Таңғы асын тəңірден 

көріп,  ершікке  қонып  жолды-

жолсыз  жерді  əбден  шиыр-

лап,  талықсып  барып  қоналқаға 

құлайды.  «Мен  де  бір  құдайдың 

құлымын. Маған көмектесіңдер», 

деп ешкімге бəлсінбейді. Түз бен 

адамның  жыртқышынан  басқа 

қорқары жоқ.

Оңтүстіктің жігіттері ер көңілді. 

Жападан  жалғыз  жүрген,  əбден 

күйі  тайған  жапон  жиһанкезін 

жақсылап  күтіп  алу  үшін  Шым-

кент тегі  велоқауымдастық  мүше-

леріне хабар береді. Мұндағы сан 

алуан ұлтының бəрі заты да, жаны 

да дархан қазақ болып кеткен. Олар 

мейманды  қонақүйге  орналасты-

рып, аста-төк дастарқанмен күтеді.

Бұл жағдай кісікиік деңгейіне  

жеткен  жапон  жігітін  қатты  таң-

дан дырыпты.  «Менен  сендерге 

еш  пайда  жоқ,  неліктен  ықыл-

астарың түсіп жатыр?» деп ыңғай -

сызданады екен. Əу баста Фуми-

дің  жоспарында  Шымкентте 

екі  күн  аялдап,  Ташкентке  өту 

екен.  Алайда,  Ташкентте  саммит 

өтіп  жатқандықтан,  26  маусымға 

дейін шекара жабық. Сондықтан, 

шымкент тік  велосипедшілер  оны 

бұ рын жапон тұтқындары жұмыс 

жасаған Байжансай кен орталы ғына 

апарып келген.

Екінші  дүниежүзілік  соғыста 

тұтқынға түскен жапон солдаттары 

салған мектеп Жиынбай ауылын-

да əлі күнге дейін мызғымай тұр. 

Отандастарының ізі қалған жерде 

жүрген Фумидің шым кенттіктерге 

ықыласы ерекше.

–Дүниенің  талай  түкпірінде 

болдым.  Бірақ  Шымкенттің  тұр-

ғын  дарындай  ешкімді  жатыр қа-

майтын,  жақынындай  бауырына 

басатын  жұртты  көргенім  жоқ. 

Мен  осы  жерден  нағыз  достар 

тапқаныма  өте  қуаныштымын,  – 

дейді ол.

Қазақ  қонажайлығынан  бөлек 

Шымкент асханасын да келістіріп 

мақтаған  Фумиге  велосипедке 

арналған  аяқ  жолдың  болмауы 

ыңғайсыздық туғызбаған. «Əлемге 

əйгілі Токио да веложолымен мақ-

тана алмайды» деп жуып-шаяды ол.

Айтқандай,  велоспортқа  қы-

зығу  Шымкентке  де  қала  əкімі 

Ғабидолла Əбдірахымовпен бірге 

жетті.  Лондон  Олимпиадасының 

чемпионы  Александр  Виноку-

ровтың қолынан сыйлыққа велоси-

пед алған əкім анда-санда ершікке 

қонып, қала аралайды. Қала əкімін 

Шымкенттегі  экологиялық  ахуал 

алаңдататын болу керек, бір мезгіл 

машинаны  қойып,  елді  ершікке 

отырғызуды  ойластырып  жүр. 

Жақында  шетелден  велосипедтің 

үлкен партиясы келді. 40 велотұрақ 

орны дайындалып жатыр. Сағатына 

100  теңге  төлеп,  мініп  кете  ала-

сыз.  Ұрлық  туралы  сөз  болуы 

мүмкін емес. Əр шайтанарбаға GPS 

орнатылған.

Күнде велосипед мінгендер ара-

сынан жапон Фуми сияқты қазақ 

жиһанкездері де шығар-ау.



Оңтүстік Қазақстан облысы

Жапон жићанкезі 

Шымкент шаћарын ўнатты

Google кеѕсесінде 

тігілген киіз їй

Компьютерге байланєан

жан мїгедек бола жаздады



 Жөн-ақ!



 Бəрекелді!

Дертті сəбиді дельфин емдейді



Алматы облысында туризм 

саласын дамыту мақсатында 

Ала көл ауданының 

орталығы Үшарал қала-

сында 50 жолаушыға 

қызмет көрсететін аэро-

вокзал салу үшін жер телімі 

бекітіліп, жобалық сме талық 

құжаттары дайындалды. 

Алакґлге 

ўшаќпен...

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан»

Жалпы, Алакөл жағалауына 

3,1 млрд. теңгенің инвестиция-

сы  тартылып,  1200  орынды  3 

демалыс  кешенінің  құрылысы 

қарқынды жүруде. Өткен жылы 

көл жағалауындағы 102 демалыс 

орнында 144 000 адам демалып, 

оларға 612 млн. теңгенің қызметі 

көрсетілген  еді.  Биыл  тағы  26 

демалыс  орнын  іске  қосу  жос-

парланып, 220 мың адам келеді 

деп күтілуде. Демалыс үйлерінің 

құны 3500-6500 теңге көлемінде 

болады.  Заман  талабына  сай 

салынған орындар 11000-60000 

теңгеге дейін бағаланып отыр.

Алакөлге əуе жолынан бөлек, 

теміржол, автомобиль жолы да 

бар. Көлік қолжетімділігімен қам-

тамасыз  ету  мақсатында  биыл-

ғы жазғы демалыс маусымында 

«Алматы-Достық»  бағытында 

жүретін туристік пойызы аптасы-

на 3 рет қатынайды. Ал «Алматы-

Үшарал-Ақши-Көктұма» марш-

руты бойынша күніне 5 автобус 

жолаушыларды тасымалдайды. 



Алматы облысы,

Алакөл ауданы

АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Google X кең-

сесінде киіз үй тігілді. Бұл жаңалықты алғаш болып компа-

ния қызметкері, Қырғызстан азаматы Тілек Мамутов facebook 

əлеуметтік желі сіндегі жеке парақшасында хабарлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет