№123 (28851) 29 маусым сəрсенбі 2016 жыл ● Еңбегімен еленген


Қазақстан  Республикасының  Төтенше  жəне  өкілетті  елшісі  Қайрат



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата06.03.2017
өлшемі3,38 Mb.
#8289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан  Республикасының  Төтенше  жəне  өкілетті  елшісі  Қайрат 

Саржанов  Бразилия  Федеративтік  Республикасы  президентінің  міндетін 

атқарушы Мишель Темерге Сенім грамотасын тапсырды.

Кездесу  барысында  сұхбаттастар 

екіжақты  қарым-қатынастарды  да мы-

тудың  перспективаларын  талқылады. 

Қ.Саржанов еліміздің Бразилиямен ма-

шина жасау, металл өңдеу, мұнай жəне 

мұнай химиясы өнеркəсібі сала ларында 

ынтымақтастықты  нығай туға,  сондай-

ақ,  бразилиялық  инвес тициялар  мен 

жаңа технологияларды тартуға мүдделі 

екенін жеткізді. 

Елші екіжақты сауда айналы мының 

құрылымын  ескере  отырып,  ауыл 

шаруашылығы  саласын да  ынты мақ-

тастықты дамыту мүм кін дігі мол екенін 

атап өтті, оның ішінде Қазақстан аума-

ғында  ет,  сүт  шығаратын  бірлескен 

кəсіпорындар  құру,  сондай-ақ,  ауыл 

шаруашылығы өнімдерін заманауи тех-

нологияларды  қолдану  арқылы  өңдеу 

бойынша  тəжірибе  алмасу  сияқты 

мəсе  ле лерге  назар  аударылды.  Соны-

мен бірге, ол еліміздің əуе байланы сы 

құ рамында  Бразилияның  «Ем браер» 

компаниясының 12 жолаушы ұшағы ның 

бар  екеніне  байланыс ты  Қазақ стан да 

авиациялық-техникалық  орта лық  ашу 

мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Елші  Астанада  ЭКСПО-2017  ха-

лық аралық  мамандандырылған  көр-

месін  өткізуге  дайындық  жұмыстары 

белсенді жүргізіліп жатқанына ерекше 

назар  аударып,  Бразилияның  қатысуы 

туралы  ресми  растау  құжатын  жі беру 

мəселесін жəне «ЭКСПО» Ко миссарын 

тағайындау рəсімін тездетуге шақырды. 

Бразилияның «Итайпу Бинасионал» ком-

паниясы ЭКСПО-2017 алаңында ұлттық 

павильон  ашу  мəселесінде  Бразилия 

үкіметіне  қаржылық  көмек  көрсетуге 

дайын отыр екен.

Қ.Саржанов  Қазақстанда  «Нұр-

лы  Жол»  бағдарламасы  мен  Бес  инс-

титуттық  реформаны  жүзеге  асыруға 

бағытталған  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

Жоспары  негізінде  қоғамды  дамыту 

мен экономиканы əртараптандыру бой-

ынша  атқарылып  жатқан  жұ мыстар, 

инвестициялық  климатты  жетілдіру 

бағытындағы іс-шаралар, жекешелендіру 

үдерістері туралы хабарлады. Сондай-

ақ,  елші  Қазақстан  Президентінің 

бітімгерлік  бастамасы  –  «Əлем.  XXI 

ғасыр» манифесінің не гізгі қырлары ту-

ралы баяндады.

Өз  кезегінде  М.Темер  Қазақстан 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевқа 

Қазақстан  халқының  игілігі  үшін  жа-

сап  келе  жатқан  жұмысында  табыс 

ті леді.  Дүниежүзінің  саясат  сахна-

сында  Қазақстанның  беделі  өсе  түсіп 

отырғанын  атап  өтіп,  Бразилияның 

елімізбен  барлық  салада  өзара  ықпал-

дасуға  дайын  екендігін  білдірді  жəне 

екі  жақтың  сауда-экономикалық  əлеу-

етін белсенді ете түсуге  барлық мүмкін-

шіліктер бар екенін мəлімдеді. 

«Егемен-ақпарат»

(Соңы. Басы 1-бетте)

(Соңы. Басы 1-бетте)

Рəсімге  қазақ  диаспорасының 

өкілдері, сыртқы саясат ведомствосының 

басшылығы,  мемлекеттік  органдардың, 

Парламенттің, дипломатиялық корпустың 

өкілдері,  Латын  Америкасы  мен  Кариб 

бассейнінде ядролық қаруға тыйым салу 

жөніндегі агенттіктің басшылығы, бизнес 

өкілдері қатысты. Мексика сыртқы істер 

министрінің орынбасары Карлос Альберто 

де  Иказа  мен  ОПАНАЛ-дың  бас  хат-

шысы Лиус Филипе де Маседо Суареш 

қабылдаудың құрметті қонақтары болды. 

Қазақстанның  Мексикадағы  елшісі 

Андриан  Елемесов  елі міз дің  соңғы 

жылдары қол жет  кіз ген жетістіктері тура-

лы əңгі мелеп, Қазақстан мен Мек  си  к а  ның 

екіжақты ынты  мақ  тас ты ғының қазіргі жағ-

дайы мен перспективалары туралы егжей-

тегжейлі ақпарат берді. 

Карлос  Альберто  де  Иказа  дипло-

ма тиялық өкілдікті Мексика үкіметінің 

атынан  құттықтап,  Қа зақстан  басшы-

лығының Мехикода өзінің елшілігін ашу 

туралы  саяси  шешімінің  маңызы  мен 

мəні жоғары екенін атап өтті. Ол əлемдік 

күн тəртібінің көптеген бағыты бойынша 

екіжақты саяси үнқатысуды нығайтудың 

маңызы  зор  екеніне  тоқтала  келіп,  екі 

елдің сыртқы саяси бағыттарының ұқсас 

екендігіне жиналғандардың назарын ау-

дарды. 


«Егемен-ақпарат»

Мехикода да елшілігіміз бар



Қазақстанның əлем елдерімен ынтымақтастығы уақыт өткен сайын арта 

түсіп келеді. Осы сөзіміздің дəлеліндей, жақында алыстағы Мехикода да 

Қазақстан Республикасының Мексикадағы елшілігінің салтанатты ашылу 

рəсімі болды. 

29 маусым 2016 жыл

www.egemen.kz

6

Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ,

Қазақстан педагогикалық 

ғылымдар академиясының 

президенті

Білім  беру  деңгейі  –  эконо-

ми калық  жəне  ғылыми-техни-

калық  ілгерілеуінің  бастау  көзі, 

мемлекет  пен  қоғамның  табыс-

ты дамуының кепілі. Бұл салада 

кенжелеп  қалу  елдің  бəсекеге 

қабілеттілігіне, ұлт болашағына 

жəне мемлекеттің қауіпсіздігіне 

тікелей əсер етеді. Сондықтан да 

білім беруді дамыту – жалпы ұлт 

үшін аса маңызды міндет болып 

табылады.  Барлық  өркениетті 

əлемде  мемлекет  пен  эко номи-

ка лық  өрлеу  мен  əлеу меттік-

сая си тұрақтылыққа ұмтылатын 

қоғам,  білім  беруді  дамытуға 

қызығушылық  танытып  қана 

қоймай,  оған  өзінің  қатысуын 

үнемі ұлғайтып отырады.

Елбасы Н.Ə.Назарбаев: «Ұлт-

тың бəсекеге қабілеттілігі бірінші 

кезекте оның білімділік дең гейі-

мен  анықталады.  Бізге  эконо-

микалық жəне қоғамдық жаңару 

қажеттіліктеріне сай келетін осы 

заманғы  білім  беру  жүйесі  қа-

жет», – деп атап көрсетті.

Демек, басты мақсат жас ұр-

пақ қа саналы тəрбие, сапалы білім 

беру. Осы мақсатқа жету жолын-

да  елімізде  көптеген  реформа-

лар жүргізілді, енді 2020 жылға 

дейін толық 12 жылдық мек тепке 

өту  жəне  үш  тілде  дəріс  беру 

мəселесін  іске  асыру  жө нінде 

шешім  қабылданып  отыр.  Бұл 

шешім  қоғамда  үлкен  тал қылау 

туғызып, көптеген пікірлер айты-

луда. Ол күтілген заңды құбылыс. 

Осыған орай біз де өз пікірімізді 

білдіруді жөн көрдік.

Таяуда үлкен аудиторияда үш 

тілдік оқу жүйесіне қатысты сұрақ 

қойылды.  Мұқият  тыңдағаннан 

кейін: «Кім өз баласының үш тілде 

еркін  сөйлегенін  қаламайды?» 

–  деп,  қайыра  сұрақ  қойдым. 

Залдан  ешкім  жауап  бермеді. 

Содан кейін: «Өз сұрақтарыңызға 

өздеріңіз жауап бердіңіздер ғой», 

– дедім. Зал тағы да үнсіз қалпын 

сақтады. Расында да, балалары-

мыз үш тілде еркін сөйлейтін бол-

са, одан кім ұтылады? Ешкімде 

ұтылмайды,  қайта  ұтарымыз 

көп болар еді. Елбасының түпкі 

арман-мұратының да осы екенін 

толық түсінуіміз керек. 

Қандай да болмасын тіл жаңа 

бір əлем есігін ашады. Ал ағыл-

шын тілі болса əлемдік тілге ай-

налып барады. Барлық маңызды 

халықаралық  конференциялар, 

қай  елде  болмасын,  ағылшын 

тілінде  өтеді.  Ғылыми  еңбектер 

негізінен ағылшын тілінде жазы-

луда. IТ-технология, кибер нетика, 

машина  өндірісі,  биомедицина, 

инженерия  мен  адам ның  ақыл-

ой  ұшқырлығын  қажет  ететін 

жаңа ғылым салалары ағыл шын 

тілінде  дамуда.  Осыны  терең 

түсінгенмен,  білім  беру  са ла-

сында  жүргізілген  көптеген  ре-

формалардың  жақсы  нəтижесін 

көре алмаған ата-аналар бұл жа-

ңа лыққа  үлкен  күмəнмен  қарап 

отыр. Басты проблема – үш тілді 

оқытуға  баса  назар  аударып, 

тəрбие мен білім сапасын ақсатып 

алмау, қайта оны көтерудің тиімді 

жолын  табу.  Бұл  аса  күрделі 

мəселе болып табылады. Халықты 

алаңдататын да осы.

Тіл тірегі – педагог кадрлар-

дың  кəсіби  біліктілігі.  Барлық 

пəндерден сапалы дəріс берілген 

жағдайда ғана, білімде сапа бола-

ды. Ол үшін ұстаз өз пəнін терең 

білетін, дəріс беру əдіс-тəсілдерін 

жақсы меңгерген əдіскер болуы, 

сонымен бірге, бір пəнді ағылшын 

тілінде беру үшін cол тілде еркін 

сөйлей білуі тиіс. Бұл басты талап. 

Ал бұл пəнді оқушылар ағыл   шын 

тілінде жақсы меңгеруі үшін, олар 

оны мұғаліммен еркін сөй  ле се ала-

тын деңгейде білулері қажет. 

Ағылшын тілін білмейді екен 

деп  біз  қазір  білім  саласында 

нəтижелі еңбек етіп жүрген тəжі-

рибелі  ұстаздардан  айырылып 

қалмауымыз  керек.  Ағылшын 

тілін білгенмен, мектепке келген 

жас мұғалімге əдіскер деңгейіне 

көтерілу үшін мықты тəжірибелі 

ұстаздардың көмегі қажет. Демек 

бұл асығыстыққа салынбай, асқан 

сабырлылықпен атқарылуы тиісті 

жұмыс. 

Осы арада тағы бір білім құрау-



шысы туралы айта кеткен дұрыс 

болар.  Ол  –  білім  мониторингі. 

Біз  білім  сапасын  анықтаудың 

шынайы  бағалау  жүйесін  жаса-

уымыз  керек.  Ал  ол  жүйе  біз де 

əлі жасалмаған. Дəріс қай тіл де 

берілсе де, оқушылардың нақ ты 

алған білімдерінің сапасы анық-

талуы қажет. Білім сапасын баға-

лаудың нақты жүйесі жасалмай, 

білім  сапасын  көтеру  мүмкін 

емес. Бағалау критерийлер жүйесі 

жасалған  уақытта  ғана  əр  тілде 

білім алған оқушылардың білім 

деңгейі  нақты  анықталатын  бо-

лады. Осындай бағалау негізінде 

қорытынды  жасалып  отыруы 

тиіс. Ұстаз еңбегі де осы нəтиже 

негізінде бағалануы керек. 

Мұндай  өлшемдер  жүйесі 

жасалғанша,  алдымен  мектеп-

терде  кəсіби  құзыреті  жоғары 

ұстаздардың дəріс беруі қамтама-

сыз етілсе. Білім беру ісі дамыған 

елдерде мектепке жұмысқа келген 

ұстаз қоғамдық комиссия алдынан 

өтеді. Бізде мұндай тəжірибе жоқ. 

Бірақ осындай сынақтың білім са-

пасын көтеруде ерекше маңызды 

рөл  атқаратынын  дамыған  ел-

дер  тəжірибесі  дəлелдеп  отыр. 

Сондықтан  əр  мектептің  жаны-

нан құрылған қоғамдық комиссия 

құрамына білімді, өмірлік тəжі-

рибелері  мол,  ұстаздық  еңбек-

тің  қыр-сырын  білетін  ата-ана-

лар,  тəжірибелі  тəлімгерлер  ен-

гені  жөн.  Комиссияның  негізгі 

мақсаты  –  жас  маманның  ұстаз 

болып еңбек етуге қабілетін анық-

тау. Комиссия оң шешім қабыл-

дамаса,  талапкердің  мектепке 

алынбағаны  дұрыс,  ал  алынған 

жағдайда,  оған  нақты  талаптар 

қойылуы қажет. Осындай талап 

ағылшын  тілінде  дəріс  беретін 

мұғалімдерге  де  қойылуы  тиіс. 

Бұл  біріншіден,  жас  талапкер-

ге  үлкен  жауапкершілік  арта-

тын  болады,  екіншіден,  оларды 

оқытқан оқу орнының жұмысына 

баға  беріледі,  үшіншіден,  ата-

аналардың жауапкершілігі арта-

ды, төртіншіден, қоғам мен мек-

теп арасындағы шынайы қауым-

дастық  құрылады,  бесіншіден, 

балалардың сапалы білім алула-

рына ата-аналар да себепкер бола-

ды, алтыншыдан, ең маңыздысы 

білім сапасы көтеріледі. 

Қоғамда  үш  тілді  оқытқанда 

балаға  алдымен  ана  тілін  мең-

гер ту,  ана  тілі  негізінде  ұлт-

тық рухани-адамгершілік тəрбие 

беру  мəселесін  шешу  керектігі 

ай тылуда.  Дұрыс  пікір,  кім  бұл 

пікір ге  қарсы  уəж  айта  алады. 

Енді  осы  мəселеге  тереңдеп 

бара йықшы.  Қазақ  –  ықылым 

заманнан  бала  тəрбиесіне  ерек-

ше мəн берген халық. Ер терек те 

ауыл-аймақтарда бала оқы татын 

мұғалім елдің шынайы құрметіне 

бөленген,  оған  қашанда  төрден 

орын берілген. Алаш арыс тары-

ның: «Ұстазы мықтының – ұста-

ны мы мықты», – деген сөзіне тоқ-

таған халқымыз.

Бізден  бұрын  өткен  ата-ба-

баларымыз: «Балаңды бес жасқа 

дейін патшаңдай күт, бес жастан 

он  бес  жасқа  дейін  құлыңдай 

жұмса, он бес жастан асқан соң 

досыңдай сырлас», – деген. Бұл 

сөздердің  өте  терең  тəрбиелік 

маңызы  бар.  Баланы  бес  жасқа 

дейін  патшадай  күт  деген  сөз, 

бес жасқа дейін балаға шынайы 

мейіріммен,  асқан  ізеттілікпен, 

үлкен  талғампаздықпен  қарым-

қатынас жасау қажеттігін, ол бар 

жерде ешқандай əдепсіздікке жол 

бермеу керектігін меңзейді. Міне, 

осындай жағдайда баланың пси-

хо-физиологиясы  дұрыс  қалып-

тасып, ойлау қабілеті дамып, ол 

мейірімді, адами қасиеті бай аза-

мат болып өсетінін ата-бабалары-

мыз жақсы білген. Ал бала тəр-

биесіндегі  ананың  атқаратын 

рөлін толық мойындай отырып, 

оның тұлғалық қасиетінің дұрыс 

қалыптасуының  ерекше  маңыз-

дылығын ескеріп, «қызға қырық 

үйден тыйым» деген.

Қазақтың осындай даналығын 

дүниежүзі ғалымдары ғылым мен 

техниканың озық дамыған кезін-

де  көлемді  зерттеулер  жүргізіп, 

дə лел деп отыр. Sony кор порация-

сы ның  негізін  қалаған,  талант-

ты  ғалым,  өнертапқыш  Масару 

Ибука  жас  бала  психологиясын 

зерттеуге ерекше мəн берген. Өз 

зерт теулерінің  қорытындысын: 

«Үш жастан кейін кеш болады» 

деген кітабында егжей-тегжейлі 

баяндаған. Онда: «Жас баланың 

ми физиологиясын, бір жағынан 

психологиясын  зерттеу  болса, 

екіншіден,  оның  ақыл-ой  қабі-

летінің  даму  ерекшелігін  анық-

тайды. Бұл зерттеу оның ақыл-ой 

қабілетінің даму көзі – алғашқы 

үш  жыл  өміріндегі,  яғни  ми 

жасушаларының даму кезеңіндегі 

жеке  таным  тəжірибесі  екенін 

көрсетті. Бірде-бір бала даныш-

пан  да,  ақымақ  та  болып  туыл-

майды.  Барлығы  бала  өмірінің 

шешуші жылдары миының даму 

дəрежесі  мен  стимуляциясына 

байланысты.  Барлық  адамдар, 

егер  жарымжан  болмаса  шама-

мен бірдей болып туады. Баланың 

ақылды  немесе  ақымақ,  зерек 

жəне  табанды  болып  өсуі  үш 

жасқа  дейінгі  алған  тəрбиесіне 

байланысты.  Балабақшада  тəр-

бие леу əлдеқашан кеш болмақ.

Жаңа  туған  баланың  миы  – 

таза қағаз парағы сияқты. Баланың 

қаншалықты дарынды болаты ны 

осы  қағазға  не  жазылатынды-

ғына  байланысты.  Нəрестелік 

кезең – адам өміріндегі өте алғыр 

кезең.  Адам  миында  шамамен 

1,4  мил лиард  жасуша  бар  дей-

ді,  ал  жаңа  туған  балада  оның 

көбісі əлі əрекетке араласпаған. 

Жасушалар  арасындағы  байла-

ныс, едəуір қалыптасатын кезең 

– бұл баланың туғаннан үш жасқа 

дейінгі кезеңі. Бұл уақытта осын-

дай байланыстың шамамен 70-80 

пайызы пайда болып, ми 80 па-

йызға  дейін  жетіледі.  Осы  ке-

зеңде  бала  миына  не  жазылса, 

сол  оның  болашақ  дамуының 

негізі болады. Яғни адамның миы 

компьютердің жады сияқты, үш 

жасқа дейін көп дүние жазылса, 

ол өсе келе жады мықты компью-

тердей  жақсы  жұмыс  жасайтын 

болады», – дейді. 

Бұл  қорытындының  бала-

лары   мыздың ана тілін жетік білу-

леріне тікелей қатысы бар екенін 

баса  айтуымыз  керек.  Олар  ана 

тілінде  еркін,  əрі  таза  сөйлесін 

десек, туғаннан үш жасқа дейін 

мүмкіндігінше  ана  тілін  мол 

естулеріне  жағдай  жасауымыз 

керек.  Өзіміз  олармен  тек  ана 

тілінде  сөйлесіп,  қазақ  тілінде 

ер те гілер  айтып,  қазақ  əндері 

мен күйлерін естуіне мүмкіндік 

жа сау ға тиіспіз. Оның қазір жол-

дары көп. Қазақ тілінде салиқалы 

түрде сөйлесіп, мол мағлұматтар 

беруіміз керек. Нəресте баланың 

естігенінің бəрі оның ми жасуша-

ларына  жазылып,  кейін  оның 

ақыл-ойының жақсы дамуына оң 

əсер етеді, ол бала ана тілінде таза 

сөйлейтін болады жəне оның сөз 

байлығы да мол болады.

Баланың  ойлау,  қажетсіну, 

шығармашылық  сезіну  сияқ-

ты  қабілеттері  үш  жастан  кейін 

дами бастайды жəне ол осы жас-

қа дейін қалыптасқан базаны қол-

да нады. Міне, осы кезеңде оның 

зорлық-зомбылыққа толы шетел-

дік  фильмдерді  көрулерін  мүм-

кін дігінше азайту керек. Себебі, 

мұн дай фильмдер баланың психо-

физиологиясының дұрыс қалып-

тасуына  кері  əсер  етеді.  Екінші 

жағынан, бала фильмдерді орыс 

тілінде көп көретін болса, оның 

тілі орысша шығады. Ата-анасы 

бала сына бір сөз үйрететін болса, 

теле дидар он сөз үйретеді. Бала-

ның осындай мықты даму фунда-

ментін қалыптастыру ата-ананың, 

алдымен  ананың  міндеті  екенін 

біз  жақсы  білгеніміз  абзал.  Ол 

міндетті орындау үшін болашақ 

аналардың бойында мол ұлттық 

адами қасиеттер болғаны дұрыс. 

Жапония  елінде  1994  жылы 

жүр гізілген жаппай сұрақ-жауап 

барысында  ата-аналардың  ша-

мамен 64 пайызы тəрбиелеудегі 

басты  рөл  өздеріне  тиесілі  деп 

есеп тейтіндерін  растады.  Ал 

сауал намаға қатысқан басқа жа-

уап  берушілер,  тіпті  тəрбиелеу 

түгелімен  отбасының  ісі  болуы 

тиіс  деген.  Оңтүстік  Корея  елі 

ата-аналарының  жауабы  да  осы 

көрсеткіштер аясында болған. 

Жастайынан  баланың  бойы-

на  берілген,  біз  бере  алған  ада-

ми  қасиеттерін  одан  əрі  дамы-

ту  үшін  бастауыш  сыныптарда 

ана  тілінде  оқытуға  басымдық 

берілгені дұрыс. Оларға ұлттық 

құндылықтарды  одан  əрі  терең 

меңгерту керек. 

Ұстаздармен  өткен  бір  кез-

десуде  9-шы  сынып  жетекші сі, 

жас мұғалім: «Түнгі сағат 2 ша-

ма сында  сыныбымда  оқитын 

бала ның анасы телефон шалып, 

ашулы дауысымен айғайға басты. 

«Менің баламның қайда жүргенін 

неге білмейсің? Сен қандай сы-

нып жетекшісісің. Ұлым бұзақы-

лық жасап полицияға түсіп қал  ды. 

Сен  қандай  тəрбие  бергенсің?» 

– деп, жерден алып, жерге салды. 

Ертеңіне мектептегі талқылауда 

менің  атыма  тағы  да  көптеген 

сыни пікірлер айтылды. Қазір бала 

бұзақылық  жасаса,  тек  мұға лім 

кінəлі дейтін болды. Осы дұрыс 

па? Қазіргі уақытта мұға лім  дердің 

қоғам алдында да, ата-аналар ал-

дында да, тіпті оқу шы лар алдында 

да ешқандай абыройы жоқ. Бұған 

не айтасыз?» – деген сұрақ қойды. 

Мен қатты ойландым, көңілім де 

қатты құлазып қалды. Мəселе өте 

тереңдеп кет кен екен, мұны біз ел 

болып тал қы лап, бір қорытынды 

жасауы мыз керек екен деген бай-

лам көкейде тұрды. 

Жапонияда  «Ұстаз  –  ұлттық 

құндылық», «Үш қадам шегін, еш 

уақытта ұстазыңның көлеңкесін 

баспа» деген, халық иіліп отырған 

ұстанымдар  бар.  Біз  неге  осын-

дай ұлттық ұстанымдардан кетіп 

қалдық?.. 

Елімізде  2016-2019  жылдар-

ға арналған Білім мен ғылым ды 

дамытудың  мемлекеттік  бағ-

дар ламасы  қабылданды.  Оны 

іске асырудың іс-шара жоспары 

жа са луда.  Енді  білім  сапасын 

көтеру үшін жоспарланып отыр-

ған іс-шаралардың жүйелі түрде, 

кезек-кезегімен  іске  асырылу-

ын  қам та ма сыз  ететін  ғылы ми 

негізделген  ар найы  құжат  қа-

был дануы қажет. Міне, осындай 

құжат қабылданған жағдайда ғана 

білім сапасы артады.



АЛМАТЫ 

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Дін – рухани өміріміздің құбы-

ласы  іспетті.  Алайда:  «Біз  шы-

найы құлшылық қылудың мəнісін 

білеміз  деп  айта  аламыз  ба?», 

«Иман ұғымын ғибадат түсінігінен, 

Құдай  ісін  дін  ісінен  айыра  алып 

жүрміз  бе?»,  «Неге  тура  жолдан 

адасқан,  ақыр  аяғында  басын  қай 

жарға соғарын білмей «дағдарған» 

жандардың  көптеп  кездесуі  бізге 

таңсық  болудан,  я  таңданыс  ту-

дырудан  қалды?»,  «Ондайларға 

не жетпейді?» деген сауалдардың 

көп  туындайтыны  заңды.  Əрине, 

бұған иманымыз бен рухани тіні-

міздің əлсіреуінен деп жауап беру-

ге де болар еді. Бірақ, бұл мə се  ле-

нің  «күрделену  бағытына»  қарай 

бет  алып  бара  жатқанына  қарап, 

əсіредіншілдік  көріністерге  үрке 

қарауымызға түрткі болған жайттар 

тамырының тым тереңде жатқанын 

аңғарамыз...

  Жалпы,  діни  сананы  қауіптің 

түр-түрінен  қорғау  мен  оның  ал-

дын  алудың  жолдары  көп  жағ-

дай да  қазақы  дүниетанымға,  ұлы 

ойшылдардың ілімдерімен сусын-

дауға  да  келіп  тірелетінін  уақыт 

көрсете  бастады.  Мəселен,  нағыз 

асылдың  жасық  дүниемен  алмас-

тырылуы, діни əрі рухани ілім мен 

танымда қандай да бір ауытқулар 

мен адасулардың орын алуы, шын 

дін мен шатақ діннің аражігін айы-

ру  турасында  Шəкəрім  қажының 

«Тура жолда қайғы тұрмас» деген 

өлеңінде былай суреттеледі. Онда: 

«Таза ақылмен таппаған дін

Шын дін емес – жындылық.

Қармалаған бір соқырсың,

Өлген  ой  мен  көз,  құлақ»,  – 

делінсе, тағы бірде:

«Таза діннің шын негізін,

Ұстаған бір пенде жоқ,

Дүние толған көп шатақ дін,

Бəрі бірдей шатпырақ», – дейді 

Шəкəрім.

  Осындайда,  Құран  Кəрімнің 

бір  аяты  еске  түседі.  Онда:  «Біз 

сен дерді  орта  жолды  ұстанатын 

қауым қылдық...», – деген жолдар 

бар.  Орта  жол  немесе  байсалды 

ислам  ұстанымы  –  қазақ  қауымы 

үшін  жаңалық  емес.  Қазақ  халқы 

мың жылдан бері мұсылман ел, де-

мек, бұл – қазақ қауымының мың 

жылдық толеранттылық тəжіри бесі 

бар деген сөз. Ендеше, орта жол ды 

ұстану – Пайғамбар сүннетінен. 

 Ал «алтын орта» деп аталатын 

дəстүрлі  діндерге  ортақ  құн ды-

лық  осы  орта  жолды  ұстану  не-

месе  байсалды  ислам  ұстаны мын 

қастерлеуден  басталып,  оның  те-

реңі нен  тамыр  тарта тын  дай  кө рі-

неді.  Себебі,  біздің  мың  жыл дық 

мұсылмандық-толерант ты лық  тə-

жірибеміз  қазақ  дүние таны  мын, 

болмысын  нағыз  шектен  шық-

пайтын,  байсалды,  орта  жол ды 

ұстанған  болмыс  ретінде  қалып-

тас тыра  білді.  Дін  істері  агент ті-

гі  нің Діни оқу орындарымен бай-

ла  ныс  жəне  дінтану  сарап тама сы 

бас қармасының  басты ғы  Айнұр 

Əб дірəсілқызының пікі рінше, бұл 

айтылғандарға дəлел бола алатын 

екі қайнаркөз бар. Олардың бірін-

шісі  –  ислам  ілімін  жетік  мең ге-

ріп, қазақы дүние таныммен ас тас-

тыра  білген,  қазақы  мұсы л ман-

дыққа  негіз  болған  біре гей  ілім-

дер  қалыптастырған  ұлты мыз  дың 

көрнекті  тұлғалары ның  еңбек тері 

болса, екіншісі – хал қы  мыз дың діни 

танымын,  руха ни  құ ндылықтары 

мен  ұс таным да рын  танытатын 

шығар ма шылық мұралары екен. 

«Исламдағы  «орта  жол» 

ұс та н ымына  біз  халқымыздың 

дүние танымында бұрыннан негізі 

қа лан ған,  ғасырлар  бойы  қол да-

ныс та  болған  қалыпты  ислам ға 

сəйкес  қағидалар  мен  ілім дер  не -

гі зінде  ұлттық  діни  таным  тұр  -

ғы сынан  келуіміз  керек.  Қазақ  та 

дін  мəселесінде  ешқа шан  шек-

тен  шығушылық  көзқарас тар,  іс-

əрекеттер орын алмаған, Алланың 

парызын,  Пайғамбардың  сүн-

нетін  тəрк  етіп,  күпірлікке  салы-

ну  фактілері  де  болмаған,  қазақы 

ислам  ғасырлар  бойы  өзі нің  ор -

нықты арнасымен дамы ған. Əрине, 

«бес  саусақ  бірдей  емес»,  адасу-

шылықтар мен сауат сыз дық тар же-

келеген адамдар мысалында орын 

алған болуы мүмкін, бірақ мұндай 

келеңсіздік  ешқашан  топтық 

деңгейге көтеріліп көрген емес»,– 

дейді Айнұр Əбдірəсілқызы.

  Белгілі  саясаттанушы  Айдос 

Сарымның  бұл  мəселеге  қатысты 

көзқарасы  өзгеше  көрінеді.  Ол 

«алтын  орта»  тек  исламның  ғана 

тұжырымдамасы емес, кез келген 

діннің  өзегінде  болатын,  негізі, 

дінге де көп қатысы жоқ нəрсе де-

ген ойын алға тартады. «Менің ой-

ымша, бұл – əрбір қоғамның, əрбір 

ортаның,  мемлекеттің  өзіндік  ұс-

та ны мы.  Қай  қоғамды  алсақ  та, 

олар дың өз ішінде қарама-қай шы-

лық тар  кездеседі.  Бір-біріне  мүл-

дем  сəйкес  келмейтін  азаматтар, 

пар тия лар,  топтар,  ойлар,  көз қа-

рас  тар, идеялардың болары анық. 

Солар  дың барлығын біріктіріп оты -

ра т ын мемлекеттің мəдениеті болуы 

керек. Яғни, біздің өзіміздің мə де-

ниетіміз дұрыс қалыптаса алса, оны 

дұрыс орнықтыра білсек, бұл, шын 

мəнінде, көп қай шы лық ты азайтар 

еді. Себебі, өзі міз кө ріп отырғандай, 

əсіресе, бү гін   гі қо ғамда кейбір кез-

де тым шек    тен шы ғатын пікірлер 

бар. Кей  де ашық, үлкен əңгіме бол-

май жа  тады, кей кездері өзіміздің 

басы  мыз да,  қоғамымызда  бар 

мə се   ле  лерді  ашық  айтпауымыз, 

талқ ы   ла мауымыз  мүмкін.  Бірақ, 

шын  мəнінде,  мұның  екінші  де 

астары бар. Қазақ «əңгіме сыртқа 

шықпасын, жаманатты болмайық» 

дегенді ұстанатын ырымшыл ха лық 

қой. Кейде өзіміздің ішімізде болып 

жатқан əңгімелерді, шына йы про-

блемаларды жасырып та жата мыз, 

мойындамай да жатамыз. Ал не гі-

зінен,  кез  келген  мəселені  шешу -

дің ең бірінші жолы – сол нəр се нің 

дұрыс  мойындалуы,  оған  дұ рыс 

диагноз  қоя  білу»,–  дейді  Айдос 

Сарым. 


Яғни,  сарапшы  «алтын  орта» 

құн дылығы дегенде, оны өз мəде-

ниетімізбен,  қоғамның  ішін дегі 

ашық  талқылармен,  үлкен  демо-

кратияның  басқа  да  үрдіс терімен 

байланыстыра қарау қажет деп са-

найтынын жеткізеді. «Біз, ең алды-

мен, осы «алтын ортаның» қандай 

болуы  тиіс  екенін  белгілеп  алуы-

мыз  керек.  Ол  сырттан  таңылып, 

я  болмаса,  төбеден  түсетін  нəрсе 

емес. Жалпы, адамның табиға тын-

да «орта жолмен жүру» деген бар 

ғой.  Сондықтан,  бүгінгі  қоғамда 

болып жатқан түрлі дау-дамайдың 

өзін – осы «алтын ортаны іздеу» деп 

түсінемін»,–  дейді  саясаттанушы 

өзінің сөзінде. 

  Осындайда,  «Пайғамбардың: 

«Еш нəрсеге, тіпті, дінге де шектен 

тыс берілмеңіздер. Сіздерден бұрын 

өткен көп қауым дінге шектен тыс 

берілгендіктен,  өкініште  қалған», 

деген хадисі де ойға оралады. Оны 

Құранды «теріс оқитын», діни фана-

тизмге берілген жастардың санасы-

на қалай құю ға болады? Мəселен, 

бүгінде өзге ағым дардың жетегінде 

ке тіп  жат қандардың  80  пайызы 

–  жұмыссыз  жүрген  жастар  екен. 

Мұндай азаматтардан бөлек, діни 

көзқарасы  толық  қалыптаспаған, 

алғашқы теологиялық білім алма-

ған жігіттердің шетелдерде оқып, 

сол  жақтың  діни  көзқарасы  бо-

йынша  пікір  таратып,  бүлік  ту-

дырып жүргені де жасырын емес. 

Яғни,  адам  санасы  түрлі  білімді, 

танымды, психологияны, дəстүрді, 

құндылықты  сіңіріп  алғаннан 

кейін,  өз  еліне  табиғи  тұрғыдан 

«бөтен» болып қалады. Соның əсе-

рі нен  оның  бұл  қоғамға  жоға ры-

дан қарамайтынына ешкім кепілдік 

бере алмайды. Міне, белгілі бір шек 

пен шеңбер сызығынан асу осын-

дайдан басталса керек. 

 Жастық – діни танымды өзіне 

сіңіріп,  ұлттың  тарихындағы 

негізгі  эстафетаны  алып  өтетін, 

жалауды  ұстап  жүретін  феномен. 

Демек,  уахабизммен  қаруланып 

келген  немесе  теологиялық  тұр-

ғыда басқа да ағымдарды «басшы-

лыққа  алған»  жастарымыз  өз 

еліне оралғанда қоғамдағы кейбір 

жайттарға  шекесінен,  я  болмаса 

агрессиялық тұрғыда қарауы, бұл 

жердегі көзқарастар мен діни таным 

дұрыс емес деп ой түюі – заңдылық. 

Бұл  –  діни  сауат сыз дық  «дертіне 

шалдығып»,  адасу шылыққа  бой 

алдырған  жастарға  тəн  қасиет. 

Яғни,  діни  танымның  қуаты 

жастардың психологиясынан анық 

көрінетіні, я болмаса аңғарылатыны 

дəлелдеуді қажет етпейтін аксиома. 

Ал  ондай  жастарға:  «Дінге  шек-

тен тыс берілмеңдер. Орта жолды 

ұстаныңдар!» – деп кеңес берудің 

нəтижесі бола қояр ма екен?

Əрине,  Қазақстан  мұсылман-

дарының  діни  басқармасы  бұл 

мəселені қолға алып, өзге ағымның 

жетегінде  кеткен  жастар  туралы 

мəселені  назарда  ұстап,  екіжақты 

келісім  бойынша  оқуға  түскен 

шəкірттердің  білімін,  тəрбиесін 

қадағалап,  бақылау  бағытында 

түсіндірме  жұмыстарын  жүргізіп 

келеді.  Алайда,  бүгінде  қоғамда 

көбіне  «орта  жолды  ұстанатын» 

байсалды,  ұлтжанды,  зиялы,  елге 

жанашыр,  ең  бастысы,  иманды 

ортаны  қалыптастыру  –  тек  Діни 

басқарманың  ғана  жұмысы  емес 

екенін,  бұл  барлық  зиялы  қауым 

өкілдеріне, өзге де ме кеме жетек-

шілеріне,  қолына  қалам  ұста ған 

жандарға,  жалпы  алғанда,  ұрпақ 

болашағы мен тағ дырына алаңдай 

білетін,  бейжай  қарай  алмайтын 

əрбір азаматқа ортақ міндет екенін 

жете түсіне бермейтіндейміз.

Сондықтан, бабалар салған жол-

ды жаңғыртып, «қазақы орта жол-

ды»,  мəмілегер  ислам  түсі нігін 

қоғам болып қайта қалпы на келтірсе, 

бүгінгі қазақ рухания ты үшін осыдан 

үлкен олжа болмас еді. Бұл орайда, 

халық тың ғасырлар бойы жинаған 

руха ни-діни құндылықтарын қайта 

жаңғыртып, бүгінгі қоғам игілігіне 

жаратудың да маңызы зор болмақ. 

Себебі, кез келген шектен шыққан 

көзқарастарды ұстанатын идеоло-

гия лық  ағымдардың  қандай  да 

бір  көрінісі  –  өз  соңынан  азшы-

лы қты емес, көпшілікті ілестіруді 

мақ сат  тұтатын  теріс  бағыттағы 

ұйым дар  ұяшығының  ұлғаюы  де-

сек, мұның ұлтаралық, дінаралық 

қатынастарға жік түсіріп, ұлт пен 

мемлекет  тұтастығына,  дəстүр-

лі діни құндылықтарға қауіп төн-

дірері хақ. 

Ал:  «Өзгелерден  нені  үй рен-

геніміз  жөн?»,  «Тағы  не  жетіс -

пейді?» – деген секілді сауалдарға 

жауап ты кейін де іздеуге болатыны 

күмəнсіз.



 Көзқарас

«Алтын орта», 

ќайдасыѕ?

Бїгінде ґзге аєымдардыѕ жетегінде кетіп 

жатќандардыѕ 80 пайызы жўмыссыз жастар

Ўлттыќ ќўндылыќ 

жəне ўрпаќ

media.winnipegfreepress.com

bridge.georgetown.edu




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет