29 маусым 2016 жыл
www.egemen.kz
7
2015 ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖАҒДАЙЛАРЫ
2015 жылға арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасы Үкіметінің (бұдан əрі – Үкімет) 2014 жылғы 27
тамыздағы отырысында мақұлданған (№37 хаттама) Қазақстан
Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған əлеуметтік-
экономикалық даму болжамына негізделген.
Макроэкономикалық көрсеткіштер 2014 жылғы қарашада,
сондай-ақ 2015 жылғы ақпанда жəне қарашада нақтыланды
(2014 жылғы 4 қарашадағы №48 жəне 14 қарашадағы №50,
2015 жылғы 17 ақпандағы №9 жəне 17 қарашадағы №47 хат-
тамалар).
Республикалық бюджеттің атқарылуы экономикалық
дамудың өсу қарқыны баяулаған жағдайда, мұнайға əлемдік
баға төмендеген, инфляция деңгейі өскен, ұлттық валютаның
АҚШ долларына бағамы едəуір əлсіреген тұста жүргізілді.
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің
(бұдан əрі – Статистика комитеті) алдын ала деректері бо-
йынша 2015 жылғы жалпы ішкі өнімнің (бұдан əрі – ЖІӨ)
өсу қарқыны нақты мəнде 1,2%-ды құрады, бұл болжамды
көрсеткішке сəйкес келеді.
Сонымен бірге, болжамды көрсеткіштерге төрт мəрте
нақтылау жүргізілгеніне қарамастан, номиналды түрдегі ЖІӨ
іс жүзінде жоспарлы мəнінен 823,2 млрд. теңгеге (2015 жылғы
қараша) төмен қалыптасып, 40 878,0 млрд. теңгені құрады.
Сыртқы конъюнктура нашарлағандықтан, соңғы рет
нақтыланған кезде болжам 98,2%-ға мақұлданғанымен,
өнеркəсіп өндірісі көлемінің өсу қарқыны төмендеу бағытына
101,9%-ға түзетілді. 2015 жылғы іс жүзіндегі көрсеткіш
98,6%-ды (болжамнан 0,4 пайыздық тармаққа жоғары) не-
месе 14,6 трлн. теңгені құрады. Тау-кен өндіру саласындағы
жалпы қосылған құн (бұдан əрі – ЖҚҚ) ЖІӨ-де 2010 жылғы
18,5%-дан 2015 жылы 12,9%-ға төмендеді.
Сондай-ақ ЖІӨ құрылымында қайта өңдеу салалары
үлесінің төмендеу үрдісі байқалады. 2015 жылы ол 9,9%-ға
дейін қысқарды (2010-2013 жылдары ол ЖІӨ-де 10,4-10,8%-
ды құрады).
Энергия жеткізгіштерге бағалар төмен болған тұста, 2015
жылы тауар экспорты құлдырауының жалғасуы, соның
салдарынан тікелей шетелдік инвесторлар кірістерінің
күрт қысқаруы
төлем балансының ағымдағы операция-
лары шотының теріс сальдосына əкеп соқты, ол 2014
жылғы 6,4 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі профицит-
пен салыстырғанда, 2015 жылы (-) 5,8 млрд. АҚШ доллары
деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышы
(бұдан əрі – ЖСБ) 2014 жылдың деңгейімен салыстырғанда
2,5%-ға төмендеп, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
153,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
Сонымен бірге, мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік берген
борыш 2015 жылы 47,7%-ға өсті жəне 12,9 млрд. АҚШ долла-
рын немесе ЖСБ құрылымында 7,4%-ды құрады.
2015 жылы
негізгі капиталға инвестициялар көлемі
7 024,7 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы деңгейге шаққанда
3,7%-ға ұлғайды.
2015 жылы
инфляция жоспарланған дəліздің жоғары шегін
3,6 пайыздық тармаққа (бұдан əрі – п.т.) асып кетіп, 13,6%-
ды (2014 жылы – 7,4%) құрады. Бұл ретте азық-түлік тауар-
ларына арналған бағалар 10,9%-ға (8,0%-ға), азық-түлік емес
тауарларға – 22,6%-ға (7,8%-ға) өсті. Жыл ішіндегі ақылы
қызметтер 8,1%-ға (6,4%-ға) қымбаттады.
Сыртқы соққыларға қарамастан,
əлеуметтік саладағы
жағдай тұрақтылығын сақтауда, номиналды ақша кірістері
7,3%-ға, нақты кірістер – 0,7%-ға өсті. 2015 жылғы 4-тоқсанда
орташа айлық номиналды жалақы
4,1%-ға өсті.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады, бұл болжамды
көрсеткішке сəйкес келеді.
Жүргізілген нақтылаулар мен түзетулерге қарамастан,
7 755 млн. теңге игерілмеген, соның ішінде орталық
мемлекеттік органдар 7 265,3 млн. теңгені игермеген, 2014
жылы бөлініп, Үкіметтің шешімімен толық пайдалануға рұқсат
етілген, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы
даму трансферттерінің қайтарылған сомасы 489,7 млн. теңгені
құрады.
Үкіметтің пайдаланылмаған резерві 7 015 млн. теңгені
(43,8%), үнемделген бюджет қаражаты – 1 694,6 млн. теңгені
құрады.
Пайдаланылмаған жəне нысаналы мақсаты бойынша
пайдаланылмаған 4 157,3 млн. теңге сомасындағы нысаналы
трансферттер бюджетке қайтарылды.
Пайдаланылмай жəне нысаналы мақсаты бойынша пай-
даланылмай қайтарылған бюджеттік кредиттер сомасы
175 млн. теңгені құрады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капита-
лын қалыптастыруға жəне ұлғайтуға бөлініп, қазынашылықтың
қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында жатқан қаражат
қалдықтары 132 209,5 млн. теңгені, соның ішінде 2015 жылғы
республикалық бюджет қаражаты – 76 462,7 млн. теңгені
құрады. Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырысты орындауға
бөлінген 5,1 млрд. теңге пайдаланылмай қалған.
Есеп комитетінің 2015 жылы жүргізген бақылау-тал да-
малық жəне аудиторлық іс-шараларының нəтижелері бойын-
ша анықталған бұзушылықтар сомасы 1 648,0 млрд. теңгені,
соның ішінде 2015 жылы бөлінген республикалық бюджет
қаражатын пайдалану кезінде 316,2 млрд. теңгені құрады,
оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 174,4 млрд. теңге.
Есеп комитетінің бағалауынша, Үкімет, жалпы алғанда,
2015 жылғы республикалық бюджет түсімдерінің жоспар-
лы параметрлері жəне шығыстарының атқарылуы бойынша
қабылдаған міндеттерін орындап шықты.
2015 ЖЫЛҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҒАЛАУ
Республикалық бюджет түсімдерінің
атқарылуын бағалау
2015 жылы республикалық бюджет түсімдері 2014
жылмен салыстырғанда 375,8 млрд. теңгеге ұлғайып,
7 730,6 млрд. теңгені құрады.
Республикалық бюджетке түскен түсімдердің жалпы
көлемінде кірістердің үлесі – 79,4%-ды, өтелген бюджеттік
кредиттердің үлесі – 1,5%-ды, қарыз түсімдерінің үлесі –
19,1%-ды құрады.
Республикалық бюджет кірістерінің
атқарылуын бағалау
2015 жылға арналған республикалық бюджет кірістері бой-
ынша нақтыланған жəне түзетілген жоспар 5 806,8 млрд. теңге
сомасында белгіленген. Кірістердің іс жүзіндегі түсімдері
жоспарлы көлемінен 330,2 млрд. теңгеге асып кетіп,
6 137,0 млрд. теңгені құрады.
Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер –
3 332,9 млрд. теңгені немесе 54,3%-ды, трансферттер түсімдері
– 2 632,5 млрд. теңгені немесе 42,9%-ды, салықтық емес
түсімдер – 162,8 млрд. теңгені немесе 2,7%-ды, негізгі ка-
питалды сатудан түскен түсімдер – 8,8 млрд. теңгені немесе
0,1%-ды құрады.
2014 жылмен салыстырғанда, кірістер құрылымындағы
салықтық түсімдердің үлесі 7,7 п.т.-ға азайды (2014 жылы –
62%, 2015 жылы – 54,3%), трансферттер мен салықтық емес
тү сімдер тиісінше 7,3 п.т.-ға (2014 жылы – 35,6%, 2015 жылы
– 42,9%) жəне 0,4 п.т.-ға (2014 жылы – 2,3%, 2015 жылы –
2,7%) ұлғайды.
Республикалық бюджет кірістері 2014 жылмен салыс-
тырғанда 228,2 млрд. теңгеге немесе 3,9%-ға өсті. Соның
ішінде трансферттер түсімдерінің сомасы 529,2 млрд. теңгеге
немесе 25,2%-ға, салықтық емес түсімдер – 31,1 млрд. теңгеге
немесе 23,6%-ға, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер
1,1 млрд. теңгеге немесе 14,3%-ға ұлғайды. Сонымен қатар,
салық тық түсімдердің көлемі 333,2 млрд. теңгеге немесе
9,1%-ға қысқарды.
Соңғы бес жылда республикалық бюджет кірістерінің
құрылымында салықтық түсімдерді Ұлттық қордан жəне
төменгі бюджеттерден трансферттермен алмастыру үрдісі
байқалады. Мəселен, егер 2011 жылы трансферттер кірістердің
29,8%-ын құраса, 2015 жылы олардың үлес салмағы 13,1 п.т.-
ға өсіп, 42,9%-ды құрады.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің
(бұдан əрі – Мемлекеттік кірістер комитеті) деректері бойынша
теңгенің еркін құбылмалы айырбастау бағамына өтуіне байла-
нысты, республикалық бюджетке түскен қосымша салықтық
түсімдер жалпы 300 млрд.-тан астам теңгені құрады.
Салықтардың жекелеген түрлері бойынша жоспарлы
көрсеткіштер орындалмады.
Бюджеттік сыныптауыштың 10 коды (бұдан əрі – БСК)
бойынша түсімдер жоспары орындалмаған, атқарылмаған
жалпы сома 23,6 млрд. теңгені құрады. Мəселен, Қазақстан
Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға,
орындалған жұмыстарға жəне көрсетілген қызметтерге са-
лынатын қосылған құн салығы (бұдан əрі – ҚҚС) (90,5%),
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден Одағына мүше
мемлекеттердің аумағынан əкелінетін темекі өнімдеріне ак-
циз (94,6%), əкетілетін тауарларға салынатын кедендік баж-
дар (91,2%) бойынша жоспардан елеулі ауытқушылықтарға
жол берілген.
Республикалық бюджетке түскен салықтық түсімдердің
(импортқа салынатын кедендік баждар мен салықтарды
қоспағанда) 40%-дан астамы мониторингке жататын 300 ірі
салық төлеушінің 737,8 млрд. теңге немесе түскен салық-
тардың жалпы сомасының 42,8%-ы мөлшерінде салықтар
төлеуінің есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 2014
жылмен салыстырғанда, олар бойынша республикалық бюд-
жетке түскен төлемдер 155,3 млрд. теңгеге азайған.
2015 жылы мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді
қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс
салығы (бұдан əрі – КТС) 1 224,6 млрд. теңгені құрады, оның
анағұрлым көп үлесі – салықтық түсімдерде (36,7%), шикі
мұнайға салынатын жəне мұнайдан өндірілген тауарларға
салынатын кедендік əкету баждарында – 690,5 млрд. теңге
(20,7%).
Ресей Федерациясы жəне Беларусь Республикасының
аумағынан импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС-дан
басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импорттала-
тын тауарларға салынатын ҚҚС 362,7 млрд. теңгені (10,9%)
құрады.
КТС бойынша жоспарды асыра орындауға валютаның еркін
құбылмалы айырбас бағамына өтуі (КТС бойынша қосымша
түсімдер сомасы тек 2015 жылғы желтоқсанда 100 млрд.-тан
астам теңгені құрады), жоспарлы көрсеткіштердің төмендеу
жағына түзетілуі, сондай-ақ болашақ кезеңдегі төлемдердің
есебінен аванс беру əсер етті.
Мəселен, 2016 жылғы 1 қаңтарға КТС бойынша артық төлем
200,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңмен
салыстырғанда, 54,0 млрд. теңгеге немесе 36,9%-ға көп. 2015
жылы түскен КТС-ның жалпы сомасындағы артық төлемнің
үлесі 16,4%-ды құрады.
2015 жылдың қорытындылары бойынша
Қазақстан Рес-
публикасының аумағындағы өндірілген тауарларға,
орындалған жұмыстарға жəне көрсетілген қызметтерге
ҚҚС (БСК 105101) 224,5 млрд. теңгеге жоспарланып, іс
жүзінде 203,2 млрд. теңге сомасында түсті, 21,3 млрд. теңге
немесе 9,5%-ы орындалмаған.
2014 жылмен салыстырғанда, «нөлдік» мөлшерлеме
салынған айналымдар бойынша ҚҚС-ның асып кеткен со-
масын қайтарудың өсуіне байланысты, ҚҚС түсімдері
130,7 млрд. теңгеге немесе 39,1%-ға азайған.
Мəселен, 759 салық төлеушіден асып кеткен ҚҚС-ны
қайтару туралы мемлекеттік кірістер органдары қарастырған
талаптардың жалпы сомасы 1 250,6 млрд. теңгені құрады. Бұл
ретте 2015 жылы 432 салық төлеуші бойынша асып кеткен
ҚҚС-ны бюджеттен өтеу сомасы 620,4 млрд. теңгені құрады
немесе 2014 жылға қарағанда, 203,5 млрд. теңгеге жоғары.
ҚҚС-ның асып кеткен сомасын қайтарудың 441,3 млрд. тең-
ге немесе 71,1% мөлшеріндегі негізгі сомасы 19 салық
төлеушіге тиесілі (жалпы санының 4,4%-ы).
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
ҚҚС-ның асып
кеткен (дебеттік сальдо) жалпы сомасы 1 329,6 млрд. теңгені
құрады, соның ішінде нөлдік мөлшерлеме бойынша айналым-
дар есебінен экспорттаушыларға – 733,9 млрд. теңге немесе
жалпы сомасының 55,2%-ы, өзге де айналымдар бойынша
асып кеткен сома – 595,7 млрд. теңге немесе 44,8%.
2015 жылы
кедендік төлемдер жəне салықтар (бұдан əрі –
КТжС) 1 521,9 млрд. теңгеге жоспарланып, 1 608,3 млрд. теңге
немесе 105,6% мөлшерінде түсті. 2014 жылмен салыстырғанда
КТжС түсімдері 280,7 млрд. теңгеге немесе 12,8%-ға азайды.
Мұнайға салынатын экспорт баждарынан түскен түсімдер
көлемі 2015 жылы 585,2 млрд. теңгеге жоспарланып,
647,7 млрд. теңгені немесе 110,7%-құрады.
2015 жылы ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің бюджетіне
Қазақстан Республикасы (бұдан əрі – ҚР) аударған кедендік
əкелу жəне қорғау баждарының сомасы – 174,9 млрд. теңгені,
соның ішінде Ресей Федерациясына – 163,2 млрд. теңгені,
Беларусь Республикасына – 8,7 млрд. теңгені, Армения
Республикасына – 2,0 млрд. теңгені, Қырғыз Республикасына
– 1,0 млрд. теңгені құрады.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алынған үстеме аударым-
дардың сомасы 156,5 млрд. теңгені құрады.
2010-2012 жылдар аралығында кедендік əкелу баждарын
бөлу ҚР-ның пайдасына оң сальдомен қалыптасты, ал 2013-
2015 жылдар арасында 98,2 млрд. теңге сомасындағы теріс
сальдо орын алды.
2010 жылғы 1 қыркүйек – 2015 жыл аралығында ҚР
бюджетіне 1 276,2 млрд. теңге түсті, ҚР-дан үстеме ау-
дарымдар 1 237,6 млрд. теңгені құрады, 39,9 млрд. теңге
сомасындағы оң сальдо орын алды.
2015 жылы республикалық бюджетке түскен
салықтық
емес төлемдердің көлемі 162,8 млрд. теңге немесе жоспарға
шақ қанда 107,5% болды. Салықтық емес түсімдердің негізгі
үлесін мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалға беруден түскен
кі рістер (32,8 млрд. теңге немесе 20,2%), оның ішінде
24,5 млрд. тең гесін «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін
жалгерлік төлемнен түскен түсімдер құрайды.
Салықтық жəне кедендік əкімшілендірудің
тиімділігін бағалау
2015 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық жəне
кедендік əкімшілендіруді 2014 жылы салық жəне кеден
қызметтерін біріктіру, сондай-ақ экономикалық, қаржылық
қылмыстар жəне құқық бұзушылықтардың алдын алу жəне
анықтау жөніндегі функцияларды орындау жағдайында
жүзеге асырды.
2016 жылғы 1 қаңтарға салықтық түсімдер бойынша бересі
85,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен
салыстырғанда 32,2 млрд. теңгеге немесе 27,4%-ға аз. Оның
ішінде республикалық бюджеттің есебіне жатқызылатын
салықтар мен төлемдер бойынша бересінің жалпы сомасы
57,1 млрд. теңгені құрады, бұл 20,9 млрд. теңгеге немесе
26,8%-ға төмен.
Салық тексерулерін жүргізу тиімділігінің төмендігі
байқалады. Мəселен, нəтижесіз салық тексерулерінің үлесі
жо ғары болып қалуда, ол жүргізілген тексерулердің жалпы
санының 2014 жылы – 35,9%-ын, 2015 жылы – 27,8%-ын
құрады.
Салық тексерулерінің нəтижелері бойынша 598,6 млрд. тең -
ге сомасында салықтар жəне төлемдер қо сым ша есептелген,
оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға небəрі 34,4 млрд. теңгесі
немесе 5,8%-ы өндіріп алынды, 62,8 млрд. теңгесі (10,5%)
– банкрот болып жарияланған борышкерлер бойынша есеп-
тен шығарылған, 63,3 млрд. теңгесі (10,6%) – шағымдану
процесінде, 1,6 млрд. теңгесі (0,3%) – шағымдануды қарау
нəтижелері бойынша азайды.
2012 жылы «Ақша төлемi мен аударымы туралы» Заңға
кəсіпкерлік қызметінде қолма қол ақша айналымының
шекті мəндерін 4000-нан 1000-ға дейінгі айлық есептік
көрсеткіштерге қатайту бөлігінде өзгерістер енгізілгеніне
қарамастан, қолма қол ақша айналымы көлемінің едəуір
төмендегені байқалмайды.
Жалған кəсіпкерлікке қарсы іс-қимыл саласында аяқ тал-
маған қылмыстық істер бойынша 92,2 млрд. теңге сома-
сындағы залалдан іс жүзінде 2,0 млрд. теңгесі өтелген, бұл
небəрі 2,2%-ды құрайды.
Бюджеттің айтарлықтай шығындары салық төлеуден жал-
тару схемаларын пайдалану кезінде, соның ішінде жалған
кəсіпкерлік фирмалармен өзара есеп айырысулар арқылы
қалыптасуда.
2015 жылы сот жалған кəсіпорын деп таныған 100 заңды
тұлға бойынша олармен өзара есеп айырысулары есебінен өз
салықтық міндеттемелерін 33,7 млрд. теңгеге, соның ішінде
КТС-ны – 21,1 млрд. теңгеге, ҚҚС-ны – 12,6 млрд. теңгеге
азайтқан 2 951 контрагент анықталды. Оның ішінде салықтық
бақылау шараларымен 2038 контрагент бойынша бюджетке
6,6 млрд. теңге немесе 19,5% сомасындағы салық есептелді.
Есеп комитетінің аудиті камералдық бақылаудың нəти-
желері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою тура-
лы мемлекеттік кірістер органдарының хабарламаларын
орындамаған салық төлеушілерге тексерулер жүргізілмеу
фактілерін анықтады.
2016 жылғы 1 қаңтарға салық төлеушілердің талаптар бо-
йынша құжаттарды (күмəнді контрагенттермен анықталған
өзара есеп айырысулар, қозғалған қылмыстық істер)
ұсынбауы себепті, мемлекеттік кірістер органдары 795 салық
тексеруін тоқтатқан. Алайда, құжаттарды бермегені үшін
салық төлеушілерге «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы»
Кодекстің 219 жəне 288-баптарында көзделген əкімшілік
ықпал ету шаралары қолданылмаған.
Салық тексерулерінің жүргізілуі жəне аяқталуы бойынша
жұмыстарды тиісінше ұйымдастырмау, сондай-ақ өзара есеп
айырысулардың дұрыстығын анықтау, жалған кəсіпкерлік
белгілері бар салық төлеушілердің тіркелуін күшін жойды деп
тану жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу қосымша есептелген
салықтар бойынша талап қою мерзімдерінің өтуіне байланыс-
ты, бюджет шығындарына əкеп соғады.
Мемлекеттік кірістер комитеті уақытша сақтау қойма-
ларында ұзақ уақыт сақтауда жатқан, қажет етілмеген
мүлікті түгендеу бойынша жұмыстар жүргізбеген жəне
оларды мемлекеттің кірісіне айналдыру жөнінде шаралар
қабылдамаған.
Кедендік əкімшілендіру кезінде қолданылатын тəуекел дерді
басқару жүйесі тиімділігінің жеткілікті дəрежеде еместігі
атап өтіледі.
«Тəуекелдерді селективті бақылау жəне басқару» құрам-
дауышының «Тəуекелдерді жедел басқару» жəне «Деректерді
талдау жүйесі» модульдерінің функционалдық жəне техни калық
мүмкіндіктері бақылау-талдамалық міндеттерді шешу үшін
тəуекелдерді барынша азайту шараларын қабылдаудың нəти-
желері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға мүмкіндік бермейді.
«Кедендік тексеру» тəуекелін барынша азайту шараларын
қолдану тиімділігінің төмендігіне жол берілген.
Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылы экономиканың
өсу қарқыны баяулаған тұста, мемлекеттің барлық əлеуметтік
жəне инвестициялық бағдарламаларын орындау үшін жалпы
бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз еткен.
Республикалық бюджет шығыстарының
атқарылуын бағалау
2015 жылы бекітілген көлемдермен (8 149,7 млрд. теңге)
салыстырғанда 664,5 млрд. теңгеге немесе 8,2 %-ға азаю
жағына түзетілген республикалық бюджет шығыстары
7 485,2 млрд. теңгені құрады.
Нақты шығыстар 7 469,2 млрд. теңгені немесе 2014 жылмен
салыстырғанда 38 млрд. теңгеге немесе 0,5%-ға ұлғая отырып,
түзетілген жоспарға шаққанда 99,8%-ды құрады.
Шығыстардың құрылымында айтарлықтай үлес салмағы
шығындарға тиесілі (90,9%), олар 2014 жылмен салыстырғанда
318,6 млрд. теңгеге (4,9%-ға) ұлғайып, 6 789,8 млрд. теңгені
құрады.
Қаржы активтерін сатып алуға арналған 182,7 млрд. теңге
мөлшеріндегі шығыстар жəне 190,8 млрд. теңге мөлшерінде
ұсынылған бюджеттік кредиттер толық көлемде атқарылды.
2015 жылы бюджеттік кредиттердің үлесі 1,6%-дан 2,6%-
ға дейін ұлғайып, қарыздарды өтеу үлесі 5,2%-дан 4,1%-ға
дейін қысқарды.
2015 жылы ЖІӨ-дегі шығыстардың үлесі 2014 жылға
шаққанда 0,1%-ға жəне 2013 жылға шаққанда 1,3%-ға ұлғая
отырып, 18,3%-ды құрады.
Бюджеттің бірнеше мəрте нақтыланғанына жəне
түзетілгеніне қарамастан, орталық мемлекеттік органдар
республикалық бюджеттен бөлінген 7,3 млрд. теңге қаражатты
игермеген.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық
бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат
қалдығы 264,4 млрд. теңгені құрады.
Дебиторлық берешек 2014 жылмен салыстырғанда
36,6 млрд. теңгеге немесе 21,5%-ға, 2013 жылмен салыс-
тырғанда 84,6 млрд. теңгеге немесе 69,3%-ға ұлғайып, 2015
жылы 206,6 млрд. теңгені құрады.
Дебиторлық берешектің өсуінің негізгі себептері қаржы
тəртібінің сақталмауы, алынатын тауарларға жəне көрсетілетін
қызметтерге алдын ала төлем жасау, наразылық-талап қою
жұмыстарының нашар жүргізілуі жəне сот шешімдерін
орындаудың созылуы болып табылады.
2015 жылдың қорытындылары бойынша
кредиторлық бе-
решек 2014 жылдың деңгейіне қарағанда 24,3 млрд. теңгеге
(34,8%-ға) төмендеп, жыл соңында 45,4 млрд. теңгені құрады.
2013 жылмен салыстырғанда кредиторлық берешек сомасы
25,4%-ға немесе 9,1 млрд. теңгеге ұлғайған.
Кредиторлық берешектің қалыптасуының негізгі себеп-
теріне сот актілерінің болуы, активтердің, запастардың
жетіспеушілігінің анықталған жəне белгіленген сомалары,
ақша қаражатын ұрлау, сондай-ақ төлеуге берілетін шот-
фактуралардың уақтылы ұсынылмауы жатады.
Республикалық бюджет шығындары
Шығындар 6 789,8 млрд. теңгені құрап, 99,8%-ға
орындалған. Олар 2014 жылмен салыстырғанда 5%-ға, 2013
жылмен салыстырғанда – 18%-ға өскен.
2015 жылы республикалық бюджет шығындарының
атқарылуы 26 мемлекеттік орган əкімшілік ететін 625
бюджеттік бағдарлама бойынша 15 функционалдық топ
бөлінісінде жүзеге асырылды.
Түзетілген бюджетте жоспарлы шығындар бекітілгеннен
404,1 млрд. теңгеге азая отырып, 6 805,8 млрд. теңгені құрады
(2014 жылғы желтоқсанда 7 209,9 млрд. теңге сомасында).
2015 жылдың соңында шығындар бойынша 16,0 млрд. теңге
орындалмаған, соның ішінде орталық мемлекеттік органдар
7,3 млрд. теңгені игермеген, Үкіметтің пайдаланылмаған
резерві 7 млрд. теңгені (43,8%), үнемделген бюджет қаражаты
– 1,7 млрд. теңгені құрады.
Бұл ретте шығындардың жылдық мəндері 14 функционалдық
топ бойынша орындалмаған.
Ең көп атқарылмауға мынадай топтарда жол берілген:
«Өзгелер» – 7,6 млрд. теңге (47,8%), «Қоғамдық тəртіп,
қауіп сіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі»
– 3,2 млрд. теңге (20,2%) «Жалпы сипаттағы мемлекеттік
қызметтер» – 1,3 млрд. теңге (8,0%), «Ауыл, су, орман,
балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар,
қоршаған ортаны жəне жануарлар дүниесін қорғау, жер
қатынастары» – 915,3 млн. теңге (5,7%), «Мəдениет, спорт,
туризм жəне ақпараттық кеңістік» – 869,1 млн. теңге (5,4%),
«Денсаулық сақтау» – 763,3 млн. теңге (4,8%), «Білім беру» –
446,6 млн. теңге (2,8%), «Қорғаныс» – 326,7 млн. теңге (2,0%),
«Көлік жəне коммуникация» – 291,3 млн. теңге (1,8%).
Достарыңызбен бөлісу: |