29 маусым 2016 жыл
www.egemen.kz
4
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Жобаның мақсаты – еңбек
нарығында талап етіле тін маман-
дықтар бойынша білім кеңіс-
тігін кеңейтуге, респуб лика ның
солтүстік жəне орталық өңір-
лерінде ашылып жатқан мүм кін-
діктерді ескере отырып, оңтайлы
көші-қон үдерісін үйлестіруге,
студенттердің таңдаған маман-
дық тарына деген ынтасын ар т-
тыруға жəне олардың еңбек жəне
жұмыспен қамту саласында шарт-
тар жасасуына жол ашу.
– Университетімізде «Сер-
пін-2050» əлеуметтік жобасын
қолдау мақсатында оқытушылар
ара сында арнайы штаб құрылған,
– дейді ректордың тəрбие ісі
жөнін дегі орынбасары Аманай
Сейіт қ асымов. – Оның мүшелері
бес облысқа бөлініп, оқуға түсетін
талапкерлермен нақты жұмыстар
жүргізді. Соның нəтижесінде
бүгін гі күні Ш.Уəлиханов атын-
дағы КМУ-де былтырғы жылмен
қосқанда «Серпін-2050» əлеу-
меттік жобасы бойынша Оң-
түс тік Қазақстан, Қызылорда,
Жам был, Алматы, Маңғыстау
облыс тарының 515 талапкері
оқу ордамызда педагогикалық,
тех никалық, ауылшаруашылық
мамандықтары бойынша білім
алуда. Биыл 377 студент бірінші
курсты ойдағыдай аяқтады.
Əңгіме барысында, универ-
ситетте «Серпін-2050» грант
иегер лерінің штабы құрылып,
оның төрағалығына аталған жоба
түлегі, жаратылыстану ғылым-
дары факультетінің 2-курс сту-
денті Керімбек Бексұлтанның
сай ланғанын білдік. Бұл өзін өзі
басқару қағидаттарына құрылған
өте жақсы шешім. Өйткені, мұның
астарында көптеген мəселелер
қарастырылған. Мəселен, бұл
күні кеше мектеп бітіріп, туған
елінен ұзап шықпаған балалардың
жарасымды қауымдастығын,
жергілікті түсінік-танымдардың
жылдам қалыптасуын қамтамасыз
ететіні анық. Сонымен бірге,
«Серпін» штабына университеттің
бас ғимаратынан арнайы ка-
бинет бөлініп, талапқа сай
жабдықталғаны да құптарлық.
Білім ордасының басшысы
серпіндіктермен жиі-жиі кез-
десу өткізіп, емен-жарқын
əңгіме өрбитіні тəрбие тəлімінің
баяндылығын байқатады. Тағы
бір айта кетерлігі, универси-
тет бас шылығы былтырғы оқу
жылы ның басында барлық
жатақ ханаларда тұратын 900
студен тке дастарқан жайып, дəм
бергенін қала жұрт шылығы жақ-
сы дəстүрдің бас тамасындай
қабылдағаны есімізде.
Қазіргі уақытта бұл штабтың
мүшелері университеттің қоғам-
дық жұмыстарын үйлестіруге
сеп тесуде. Бүгінгі күні барлық
грант иегерлері жатақханамен
қам та масыз етіліп, оларға қажетті
тұр мыстық жағдайлар жасалған.
Білім ордасында əн-би, дом-
быра, шахмат, жас таланттар,
көр кем өнерпаздар үйірмелері,
«Жауқазын» театры жұмыс
істейді. Сонымен бірге, КМУ-де
сту денттік деканат, «Жастар»
педа гогикалық отря ды, студент-
тер кеңесі де өне гелі қырларымен
танылуда. «Сер пін-2050» əлеу-
меттік жобасы бо йын ша оқуға
түскен студенттер атал ған ұйым-
дар дың негізгі құра мы ның мүше-
лері. Яғни, шығар ма шы лық
үйірмелеріне 115, спорт жа ғы на
144 студент қатысады екен.
Мұнда жас ақындар мен тіл-
ші лер клубы құрылғанын да
біле міз. Бұлардың қатарындағы
балауса жыр мүшəйраларына
қаты сып, қалалық, облыстық, рес-
пуб ликалық байқаулардың жеңім-
паз дары атанды. Əсіресе, талан-
ты мен тəнті етіп жүрген Күлəш
Нысанбек Л.Н.Гумилев атын-
дағы ЕҰУ ұйымдастыруымен
өткен Мұқағали Мақатаевқа ар-
нал ған «Жазба ақындар мүшəй-
расында» бас жүлдені, Түркі-
стан қаласындағы Ғани Мұрат-
баевтың 100 жылдығына арналған
«Жалындап өткен жас ғұмыр»
атты республикалық жыр мүшəй-
ра сында ІІІ орынды, Ақмола об-
лыстық «Студенттік көктем» фес-
тивалі мен «Мəңгілік Ел – мəр-
тебелі тіл» атты ақындар мүшəй-
ра сында ІІІ орынды иемденуін
үлкен жетістік деп бағалаймыз.
Сондай-ақ, Керімбек Бексұл-
тан ның Көкшетау қалалық «Кө-
ңіл ділер мен тапқыр лар» бай-
қауын да І орынды жеңіп алға-
нын, Назер ке Жақсы лықова-
ның қалалық «Наурыз аруы»
байқауында ІІІ орын ды иемде-
ніп, «Күз аруы» бай қауында топ
жарғанын бөлек теп айтуға бо-
лады. Ал, «Күз аруы-2015» бай-
қауына қатысқан филология
факультетінің 1 курс студент тері
Қараман Ардақ ІІ орын, Қал қаман
Айнұр ІІІ орындарды еншіледі.
Осы орайда, Жоламан Ұлықбек
«Қазақ күресінен» республикалық,
қалалық көптеген турнирлердің
жеңімпазы атанып жүрген
Жоламан Ұлықбектің атына жылы
лебіздер білдіргіміз келеді.
Бүгінгі күні «Серпін-2050»
əлеу меттік жобасы бойынша оқуға
түскен студенттер универ ситет-
тегі жəне қалалық, облыстық, рес-
публикалық деңгейде өткізілетін
барлық іс-шараларға белсенді
түрде қатысуда. Солардың бір-
азын санамалап өтсек дейміз.
Серпіндіктер дің ұйым дас-
тыруы мен №1 жəне «Ара с ан»
жа тақ ханасында «Біз жалын ды
жас тар мыз» атты мəдени кеш
өт кізді. Қалалық «Денсаулық
фе с ти валіне» бес факультеттен
1000-ға жуық студент қатысты.
Соның тең жартысынан көбі –
сер піндіктер. Өздері шептік қам-
қор лыққа алған Бұқпа тауының
бөк терін көкорайға бөлеудегі
бел сен ділігі үшін қала əкімінің
Ал ғыс хатымен марапатталғандар
да солар. «Жастардың жеті қазы-
насы» форумында, «Шоқан жұл-
дыз дары» фестивалінде жарқы рай
көрінгендердің ішінде де сер-
піндіктер бар.
Əртүрлі интеллектуалдық,
спорт тық жарыстарда Көкшедегі
жетекші білім ордасының беделін
көтеріп жүргендердің арасынан
серпіндіктерді көбірек көре бас-
тауымыз да ғанибет. Мəселен,
2015 жылдың 29 қыркүйегінде
Ас тана қаласында өткен Серпін
сар дарларының слетіне Керімбек
Бексұлтан қатысып, Ақмола
облы сының Серпін сардары ата-
нып қайтты.
Биылғы жылғы 1 курс сту-
денттері арасынан «Жалын» қо-
ғам дық ұйымы құрылып, қайы -
рым дылық шаралар ұйым дас-
тырылуда. Нақтылай кетсек, қала-
дағы соғыс жəне тыл арда гер-
лерінің үйлеріне барып үлкен
қайырымдылық көмектер жасал-
ды. Сонымен бірге, мүмкіндігі
шек теулі балалар үй лерінде де
кон церттер қойыл ды. Студенттер
ара сындағы ай мақ тық «Аламан»
бəй гесін ұйым дас тырушылар қата-
рында да сер пінділіктер ай рық ша
белсенділік танытқаны айтылуда.
Өткен жылдың соңында «Өр-
леу» біліктілікті арттыру Ұлт т-
ық орталығы» акционерлік қо-
ға мы директорлар кеңесінің мү-
шелері, «Мəңгілік Ел жастары
– индустрияға» республикалық
жобасы үйлестіру кеңесінің
төрағасы Мұрат Əбенов арнайы
келіп, сер пін діктермен кезде-
су өткізуі əлеуметтік жобаның
əлеуетті екен дігін айғақтайды.
Елбасы Н.Ə.Назарбаев Қазақ-
стан Тəуелсіздігінің тұғырлы бо-
лып, Қазақ елінің өркендеуі жас-
тар дың қолында екендігін алға
тарт қанда, аталы сөзін серпін дік -
терге де қаратып айтқаны бел -
гілі. Қоғамымызда ғылыми жас -
тар элитасы шоғырланса, елі міз
дамыған 30 мемлекеттің қа тары на
қосылатындығы айқын. Хал қы-
мыздың ұлық мұратына Ш.Уəли -
ханов атындағы Көкшетау мем ле-
кет тік университетінде білім алып
жатқан студенттер де өзіндік үлес
қосатынына сенгіміз келеді.
Ақмола облысы
Жазылған жайдың жалғасы
Өзгеріс өлшемі – өндіріс
Оќыєан ґѕірде
тўраќтап ќала ма?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Мəңгілік Ел жастары – индус трия-
ға» атты мемлекеттік бағдарламасы
аясында «Серпін-2050» əлеуметтік
жобасы Шоқан Уəлиханов
атындағы Көкшетау мем лекеттік
университетінде толыққанды жүзеге
асырылу үстінде. «Мəңгілік Ел» мақ-
сат тарымен байланыстырылған
жоба оңтүстік облыстар жастарының
еліміз дің солтүстік, батыс жəне
шығыс аймақ тарында білім алуына
мүмкіндік береді.
Аталған жобаны компания
«Нұрлы Жол» бағдарламасы
шеңберінде жүзеге асырып жатыр.
Алматы-1 – Шу телімінің екінші
қатарын іске қосу Парсы шы-
ғанағы елдері, Еуропа жəне Түр-
кия бағыттарында транзиттік
вагон ағынын арттыруда үлкен
маңызға ие. Алматы-1 – Шу телі-
мінде екінші қатарлы жол құры-
лысы пойыздар қозғалысын ұйым-
дастыру, тасымал үдерісінің тиім-
ділігін арттыру жұмыстарын да
«тар» жерлерді жою үшін аса
қажет болып табылады. Өйт-
кені, аталған теліммен жүре тін
пой ыз дар қозғалысы жиілі гі мен
ерек шеленеді. Ал бұл нысан-
ның еліміздегі аса маңызды
магистральдің өткізу қабілетін
арттыруда рөлі аса жоғары.
Құрылысты жүргізіп жатқан-
дармен өткізілген кеңес кезін де
компания басшысы нысанның
стратегиялық маңызы жоғары
екенін атап өтті. Осы орайда құ-
ры лыс жұмыстарының шешуші
кезеңге аяқ басқанын айта кеткен
жөн.
«Бұл желіге жүктеме айтар-
лықтай артады, яғни жаңа мар-
шруттар қосылады, жолау шы-
лар пойызы қозға лысының жиі-
лігі көбейеді. Əсіресе, жүрдек
«Тұлпар-Тальго» пойыздарының
қоз ғалысы жиілейді», – деді ком-
пания басшысы. Ол, сондай-ақ,
күн сайын осы магистральмен 6-7
контейнерлік құрамалар өтетінін
де көлденең тартты.
Қазіргі кезде екінші қатарлы
жолға қажетті көпірлер, су өткі-
зетін құбырлар, байланыс жəне
энергетика нысандарын салу бо-
йынша жұмыстар жүргізілуде.
Сөз орайында екінші қатарлы жол
төселіміне Ақтөбедегі зауыт та
шығарылатын рельстер пайда ла-
нылып жатқанын да айта кеткен
абзал.
Жобаға сəйкес, 110 шақырымға
созылатын екінші қатарлы жол
құрылысының алғашқы 58,2
шақырымдық бөлігін үстіміздегі
жылдың қараша айында пайда-
лануға беру жоспарланған. Бұл
– «Қазақстан темір жолы» ҰК»
АҚ-тың ел Тəуелсіздігінің 25
жылдық мерейтойына арнайы
сыйы болмақ.
«Егемен-ақпарат»
Екінші ќатарлы жол
телімініѕ алєашќы кезегі ел Тəуелсіздігініѕ
25 жыл дыќ мерейтойы ќарсаѕында ашылады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Асқар Мамин
Алматы облысына жұмыс сапары барысында Алматы-1 –
Шу екінші қатарлы теміржол салу жұмыстары қалай жүріп
жатқанымен танысты.
Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
Далада боран ұлып тұр.
Сарыбай карьерінің тереңдігі
600 метрден асады. Бірақ алып
қазан шұңқыр қанша тереңдесе де
ықтасын болмайды екен. Қырдың
басында ақ түтек боран қалай
соқса, 600 метр тереңдікте де сол
алай-дүлей жынды мінезінен бір
танбайды. «Табиғатта жаман-
дайтын ауа райы жоқ», деп орыс
əнінде айтылатындай, Ғұбайдолла
Алдабергенұлына туған жердің
аптабы мен боранының жақпай
қалған жері жоқ десек те Соколов-
Сарыбай кен өндіру бірлестігінің
кеніштеріндегі теміржол төсеу
жұмысы кезінде ақпандатқан
боранның əлегі оңай емес, əрине.
Өйткені, қар үріп тастай береді
де, жолды бұзғанда да, салғанда
да кедергісі көп болады. Үскірік
аяз топырақты əбден қатырып
тастағандықтан, экскаватордың
тісі тасқа тигендей шақылдайды.
Теміржол төсеу жұмысы қыс ай-
ларында осындай қиындықпен
жүреді. Көктем мен жаздың, күз-
дің дайындайтын «сыбағасы»
өз алдына. Дегенмен, жаздың
толас с ыз жауатын жаңбыры мен
төбең нен шыжғыратын аптап
ыс ты ғы, күздің қарасуығы мен
өт кір желі карьердегі теміржол
учас кесінде 35 жыл үзіліссіз істеп
келе жатқан Ғұбайдолла Жанах-
метов ке үйреншікті болып кеткелі
қашан?!
Кен қазу жұмысын қазір алып
тех никаларсыз елестетудің өзі
қиын. Шетелдік алып экскава-
тор лардың шөміші бір салғанда
190 текше метрге дейін жыныс-
ты бір-ақ шығарады. Бірақ адам
қолы араласпай жұмыс бітпейді.
Карьерде теміржол төсеп жүрген
жұмысшылардың қолынан қайла-
сы мен балғасы, күрегі мен кілті
түспейді. Техника теміржол түсе-
тін жолдың барлығын қолмен
қой ған дай тегістемейді, оның да
адам қолымен атқарылар тұс тары
жетіп-артылады. Жер тегіс тел-
мей теміржол төселмейді. Боран
соғып немесе жаңбыр құйып
тұрғанда жұмысты түнде атқа-
рудың қиындықтары өз ал дына,
қауіптілігін айтыңыз. Карьер
тереңдеген сайын жол да қу сы ры-
лады. «Етігің тар болса, дүниенің
кеңдігінен не пайда» дегенді əр
жұ мысшы сезініп жүреді. Учас-
кенің бастығы Ғ.Жанахметов
əр қадам жердегі жұмысқа жау-
ап береді, өйткені, оның сызба-
сын да, жүргізілетін жұмыстың
бағыт-бағдарын да, жабдықтар
мен құралдардың жұмсалуын
да өзі жоспарлап береді жəне
оның басы-қасында болады. Бір
учаскеде жұмыс тоқтаса, бүкіл
кеніш құлаққа ұрған танадай
тып-тыныш күйге енеді. Электр
қуатын беріп тұрған желіден ақау
шықса да немесе бағаналар жел-
мен құлап, сым үзілсе де бүкіл ке-
ніш тоқтайды. Өйткені, электр қуа -
тын сыз бір учаске жұмыс істе мей-
ді. Кен жынысын тасып жүр ген
машиналар бұзылып қал са, бүкіл
кеніш жұмысы тағы қаң тары лады.
Себебі, құлатылған жы ныс ты
сырт қа шығарып, орын бос атып
тұр маса, кен қазу мүмкін емес.
Ал егер карьерге теміржол
төсел месе, онда тіпті кеніште
жұмыс жүреді деген түсінік те
бол мас еді. Себебі, экскаватор
қазып берген кен байыту фаб-
рика сына жеткізілмей қалады.
Карьер ішіндегі теміржолмен кел-
ген вагондар тізбегіне кен арты-
лады. Əрі бұл жұмыс күндіз-түні
тоқ та май жүреді. Кеніштегі ең
жауап ты, түйінді жұмыс учаскесі
де осы.
– Кеніштен басқа орында жұ-
мыс күндіз ғана жүреді. Тіпті таби -
ғаттың өзі түнде дамыл даған дай
болады ғой? Күндіз жорт қан аң,
ұшқан құс түнде ініне кіріп, ұясында
қонақтамай ма? Тек кеніштерде
ғана күн діз-түні дамылсыз еңбек
қайнай ды, – дейді Сарыбай жəне
Соколов кеніштеріндегі карьер
темір жол учаскелерінің бастығы
Ғ.Жанахметов.
Жол салушылар кен қазатын
экскаваторды бағыт етіп ұстайды.
Экс каватор қалай жылжыса, кен
ар татын вагон тізбегі де солай
жыл жи береді. Сондықтан Ғұбай-
долла Алдабергенұлы басқаратын
теміржол учаскесі жыл тəулігінде
80 шақырымнан аса теміржолды
төсеп, оны қайта бұзып отырады.
Мысалы, экскаваторға дейінгі 500
метр жолды екі тəулікте бітіруге
тапсырма келеді. Жұмысшылар
дамылсыз қимылдап, теміржолды
экскаватор шөміші жететіндей
жерге дейін төсейді. Сонда ғана
вагонға кен артылады.
– Мұндай кездерде карьер-
де жұмыс қызады. Халық ара-
лық нарықта темір жентегі баға-
сының арзандауына байланысты
кейінгі жылдары өндіріс көле мі
ықшамдалды. Соған орай жұмыс
ауқымы да азайды. Əйт песе,
бұрын карьер ішінде жылына
160 ша қырымға дейін теміржол
төсей тінбіз, – дейді Ғұбекең.
Ол бүкіл ғұмырын кеніш т е
өт кізіп келеді. Ғ.Жанах метовтің
ең бек кітапша сында Еуразиялық
топқа кіре тін «Соколов-Сарыбай
кен өн діру бірлестігі» акционерлік
қоға мынан басқа кəсіпорын көрсе-
тіл меген. 1981 жылы Қарағанды
политехникалық институтының
«Өнеркəсіп көліктері» факуль-
тетін бітіріп, Соколов-Сарыбай
кен өндіру бірлестігіне жұмысқа
келді. Мамандығы бойынша
өндірістегі ірі көліктер инженері
болып саналатын бұған кадр
меңгерушісі өтініш айтты. «Бізде
карьерлерге теміржол төсеу ісі
өте маңызды, ол жерде маман-
дар тапшылығы білініп тұр, сені
сонда жібере тұрсақ, қалай қарай-
сың?» деген. Бұл келісті. Жұмыс
ауқымы өте көп, күрделі цех
екен. Кеніштерде əр жұмыс учас-
кесі цех деп аталады. Теміржол
төсеу цехының бастығы Вик тор
Иванович Кайда білікті, тəжі-
рибелі жəне əкесіндей қамқор,
адамгершілігі мол кісі екен. Жас
маман мен учаске бастығы тез
түсіністі, елгезек жігіт Виктор
Ивановичке ұнап қалды. Ұстазы
алдымен техникалық қауіпсіздікті
барынша мұқият сақтауды, тіпті
жұмыстың өзі содан басталаты-
нын үйретті.
«Ұлым, ең алдымен аман
болғаның дұрыс, сосын жұмыс.
Байқамасаң, мына техникалар,
сонша қуатпен жұмыс істейтін
электр энергиясы, мың даған тек-
ше метр топырақ, кен жынысы
сені құмырсқа құрлы көрмейді,
адамның ақыл-ойымен жаса-
лып жатса да, оның құрбаны
болып кету түк емес», дейтін.
Кен, жыныс таситын вагон-
дар теміржолмен ғана жүреді.
Сондық тан рельстерді қалай тез
арада төсесе, солай жылдам бұзып
тастауы тиіс, күндіз-түні шөміші
ты ным таппайтын экскаватор
соңы нан бұлар да жылжып оты-
рады. Кеніште топырақтың түсіне
қарап кенін танитын, техниканың
тілін, іс тетігін білетін маман-
дар ең қажет адамдар. Жас ма-
ман Ғұбайдолла Алдабергенұлы
жылдар бойы жинаған тəжірибесі
арқасында білікті маманға – ең
қажет адамға айналды. 1998 жы-
лы Виктор Иванович осындай
дəрежеге жеткен Ғұбайдолланы
өзінің орынбасары етіп алды.
2005 жылы ол ұстазының орны-
на карьердегі теміржол төсеу
учаскесінің бастығы болып таға-
йындалды. Ғ.Жанахметов те осы
іске берілген жастарды жанына
үйір етті. Қазір Виктор Бабенко,
Владимир Старков, Александр
Трубецкой деген іске мығым
жігіттер бар. Қарап отырса, ке-
ніш тегі тірлік те уақыт ағы ны на
бағынып, ғаламмен бірге да мып
бара жатқандай. Өзінің зейнет-
кер лікке шығатын уақыты да жа-
қын дап қалыпты. Əйтеуір кеніш-
тердегі теміржол төсеу ісі ешқан-
дай төтенше жағдайсыз, жақсы
жалғасатынына сенімді, өйткені,
əлгі өзінің айналасындағы маман
жігіттер істі іліп əкетері сөзсіз.
– Қазір қарамағыңызда 160
адам жұмыс істейді. Мынандай
ауыр жұмысқа тұрақтамаушылық
бар ма? – дейміз біз Ғұбайдолла
Алдабергенұлын əңгімеге тартып.
– Жоқ, жұмыстан кету си-
рек. Біздегі жұмыс жеңіл емес.
Рельстерді крандар көтергенімен,
бəрібір, қол жұмысы да жеткілікті
ғой. Бірақ жұмысшылар да,
өзіміз де тапсырманы орындап
болғанша жұмыстың ауыр-жеңілі,
кету-кетпеу туралы ойлап бас
қатырып жатпаймыз. Оған шама-
мыз келмейді. Экскаватор тоқтап
тұрып қалмауы тиіс. Жолды
тез бұзып, тез төсеп отырамыз.
Межелеген уақытта вагондар
тізбегі келіп, кен артылғанда
иығымыздан жүк түскендей,
жеңілденіп қаламыз. Аязда
тоңғанымыз, жаңбырда су бол-
ғанымыз, шаң қапқанымыз ұмы-
тыл ғандай болады. Ал жұмыс
біт кен соң кімнің кеткісі келеді?
– дейді Ғұбекең күліп.
– Екеуміз де осы Рудный
қаласына жас маман болып
келдік. Содан бері Ғұбайдолла
Соколов-Сарыбай кен өндіру
бірлестігінде істейді. Мен мұға-
ліммін. Кеніштегі қай жұмыс та
оңай емес. Ғұбекең жұмыстан
өте шаршап келеді. Ас-суын ішіп
тыныққаннан кейін ғана бала-
шағасын ойлайды, – деп зайыбы
Гауһар əңгімеге араласты. Үйінде
Гауһар апай секілді арқасүйері
болмаса, ер азаматтың қайсысы да
кеніште жақсы жұмысшы бола ал-
майды. Өзі айтқандай, жұмыстан
кейін адам үйіне келіп, алаңсыз
тынығуы тиіс. Ал отбасының
берекесі жоқ адам кеніштің ауыр
жұмысына төтеп бере алмайды.
Ғұбайдолла мен Гауһар бір ұл,
екі қыз өсірді. Балалары жақсы
оқы ды, Астанадағы Л.Н.Гумилев
аты н дағы Еуразия универси-
тетінде білім алды, бір-бір маман-
дық иесі атанды. Əкесінің еңбек-
қор лығына, өзгенің ала жібін ат-
та маған адалдығы мен адамгер-
ші лігіне қарап өскен балалары
да өмірден өз орындарын тапты,
оның мақтанышына айналды.
Ғұбайдолла Жанахметов
бас қаратын карьер теміржолы
учаскесі кен алыбының Соколов
жəне Сарыбай кеніштерін темір-
жол мен қамтамасыз етіп келе-
ді. Жұмыстың жартысынан көбі
күндіз, қалғаны түнде ат қа ры-
лады. Жарылыспен кен қопарған
кездерде жұмыс та қайнайды, əр
минут есепке алынады. Жарылыс
кейде жол салатын топырақты
аударып кетеді, оны кран грей-
дерден шығып кетпестей етіп
жөн деу де оңай шаруа емес. Учас-
ке бастығы алаңсыз телефонда
отырып, бүкіл жұмысты ұйым-
дастырады, есептейді, нысана-
лы жерді барып көреді. Оған
да, бірге істейтін мамандар мен
жұмыс шыларға да дамыл жоқ.
Кеніштердегі жұмыстардың бір
күн тоқтауы тек кен алыбына
емес, бүкіл еліміз экономикасы на
дабыл қоңырауындай əсер етеді.
Жеріміздің байлығын елі міз дің
ырысына айналдыруға Ғұбай долла
Жанахметов пен оның учаскесіндегі
теміржол төсеп жүрген құрыш
қолды жұмыс шы лардың да үлесі
аз емес. Жауап кершілік жүгін
сезінген діктен, олар жылы жер
іздеп, учас кені тастап кетпеді.
Бірақ Ғұбайдолла Алдабергенұлы
мен кеншілерде мақ тану, міндетсу
деген түсінік жоқ. Өзімен ұжымда
қатар жүр ген дердің бəрі де та-
бан ет, маңдай терімен отбасын
асырап, бала өсіруде. Учаскеге
жаңа техника алынса, жұмыстың
өнетінін ойлап, барлығы бірге
қуанады. Кен алыбының басшы-
лығы нан алған «Алғыс хаттар»
Ғ.Жанахметовтің үйінде бір аль-
бом болған, «ССКӨБ» акционерлік
қоғамының Құрмет тақтасында
суреті ілулі тұр. Оны ұжымы,
кеншілер қаласы құрметтейді.
РУДНЫЙ
Еѕ жауапты
жердегі керек маман
Достарыңызбен бөлісу: