қаржылық бұзушылықтар 410,5 млрд. теңгені
құрады. Бұл 2014 жылғы деңгейден 67,6%-ға асып отыр.
Орталық мемлекеттік органдар жол берген бұзушылықтар
сомасы – 46 млрд. теңгені, жергілікті атқарушы органдардың
бұзушылықтары – 364,5 млрд. теңгені құрады.
Нысаналы трансферттер бойынша қаржылық бұзушы лық-
тардың жалпы көлемінен 97,3%-ын немесе 399,4 млрд. теңгесін
нысаналы даму трансферттері құрайды, 11,1 млрд. теңгесі
ағымдағы нысаналы трансферттерге тиесілі.
Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде,
негізінен, Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы
сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы»,
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдардың, сондай-ақ
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу
қағидаларының талаптары бұзылған.
Бюджет кодексін бұза отырып, бюджеттік өтінімдердің
есептеулерінің толықтығы мен анықтығы қамтамасыз
етілмеуде, нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер
туралы келісімдерде көзделген тікелей жəне түпкілікті
нəтижелерге қол жеткізілмеуде.
Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістерге сəйкес 2015
жылдан бастап ағымдағы нысаналы трансферттерді пайда-
лану есебінен қол жеткізілуге тиіс тікелей жəне түпкілікті
нəтижелерді айқындай отырып, бюджеттік бағдарламалар
əкімшілері мен өңірлер əкімдерінің арасында ағымдағы ны-
саналы трансферттер бойынша келісімдер жасасу жөніндегі
норма алынып тасталды.
Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер
туралы келісімдердің болмауы ағымдағы нысаналы
трансферттердің тиімді пайдаланылуын орталық мемлекеттік
органдардың бақылауының нашарлауына əкеп соқты, бұл
ретте нəтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізілуіне бағалау
жүргізу мүмкін болмай отыр. Осылайша, нысаналы сипаты
ескерілмеген ағымдағы нысаналы трансферттер іс жүзінде
субвенцияларға теңестірілген.
Республикалық бюджеттік инвестициялық
жобалардың іске асырылуы
2015 жылғы республикалық бюджетті түзету кезінде
республикалық инвестициялық жобаларды іске асыруға
бөлінген қаражат сомасы 61,2 млрд. теңгеге (21%) төмендеп,
230,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы көлемнен
1,3 %-ға аз.
Жалпы сомасы 3,1 млрд. теңге болатын 13 жоба алы-
нып тасталған, қаржыландыру сомасы 6,5 млрд. теңгені
құрайтын 40 жоба қосымша енгізілген, сондай-ақ 177
жобаның қаржыландыру сомасы түзетілген. Нəтижесінде
республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың жалпы
саны 2015 жылы 239 бірлікті құрады.
Бюджетті нақтылау кезінде басым бюджеттік инвестициялық
жобалардың тізбесіне енгізу жəне одан алып тастау негіз-
ділігінің нақты өлшемшарттары регламенттелмеген.
2015 жылы республикалық бюджеттік инвестициялық жоба-
лар мына бағыттар бойынша қаржыландырылған: көлік жəне
коммуникация жүйелерін дамытуға – 131,8 млрд. теңге (57,2%),
қорғанысты қамтамасыз етуге – 38,6 млрд. теңге (16,8%), ауыл
шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғауға – 22,2 млрд.
теңге (9,6%), білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет, спорт,
туризм жəне ақпараттық кеңістікке – 18,1 млрд. теңге (7,9%),
қоғамдық тəртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-
атқарушылық қызметке – 12,5 млрд. теңге (5,4%).
Ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау
саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген
қаражаттан сумен жабдықтау жүйелері мен гидротехникалық
құрылыстарды салу бойынша 78 жоба 19,7 млрд. теңгеге не-
месе 88,7%-ға қаржыландырылған.
153 республикалық инвестициялық жобаның ішінен 2015
жылы 96-сын аяқтау жоспарланып, іс жүзінде 81-і аяқталды.
Атқарылмаудың жəне объектілер құрылысының уақтылы
аяқталмауын негізінен жобалық шешімдерге өзгерістер енгізу
(жобалық жəне жоба алдындағы құжаттаманы пысықтау),
конкурстық рəсімдер нəтижелерінің күшін жою, шығыстардың
сомаларын тоқтату немесе кейінгі мерзімге ауыстыру себеп
болған.
Бақылау-талдау іс-шараларының нəтижелері бойынша
анықталғандай, орталық мемлекеттік органдар мен олардың
ведомстволары республикалық инвестициялық жобаларды
іске асыру жəне нысаналы даму трансферттерін пайдалану
кезінде жалпы сомасы
149,6 млрд. теңгенің, соның ішінде
2015 жылғы республикалық бюджет қаражатын пайдалану
кезінде –
10,6 млрд. теңгенің бұзушылықтарына жол берген.
Орталық мемлекеттік органдар бюджеттік инвестициялық
жобаларды іске асыру кезінде, негізінен, Бюджет кодексінің,
«Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы
жəне құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу
туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы» заңдардың, сондай-
ақ Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу
қағидаларының талаптарын бұзған.
Бюджет кодексі бұзушылықтарының құрылымында
бұзушылықтардың айтарлықтай бөлігі ЖСҚ-ға түзетулер
енгізілместен, шарт бағасының жобаның сметалық құнынан
асып кетуіне (62%) тиесілі болып отыр.
Сыртқы қарыздар есебінен құрылыс жүргізуге жасалған
келісімшарттардың жекелеген ережелерінде жолдарды салу
бойынша жұмыстар жүргізуді бастау жəне оларды күтіп-ұстау
мəселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптары көзделмеген.
Өңірлерде бюджеттік инвестициялық
жобалардың іске асырылуы
2015 жылы республикалық бюджеттен инвестициялық жоба-
ларды іске асыруға бөлінген нысаналы даму трансферттерінің
көлемі 503,7 млрд. теңге сомасында бекітілді. Нақтылаулар
мен түзетулер нəтижесінде ол 81,7 млрд. теңгеге (16,2%)
төмендеп, 422,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылға
қарағанда 194,6 млрд. теңгеге аз.
Өңірлерде инвестициялық жобалар қорғаныс, қоғамдық
тəртіп жəне қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау,
əлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық ша-
руашылық, мəдениет, туризм, отын-энергетикалық кешен,
қоршаған ортаны қорғау салаларын дамытуға бағытталған
30 бюджеттік бағдарлама бойынша іске асырылды.
2015 жылы өңірлерде іске асырылған 970 инвестициялық
жобаның 576-сын аяқтау жоспарланып, іс жүзінде 527-сі
(91,5%) аяқталды.
2015 жылы жергілікті атқарушы органдардың деректеріне
сəйкес, нысаналы (даму) трансферттер бойынша нəтижелер ту-
ралы келісімдерде 1 542 тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің
көрсеткіштеріне қол жеткізу көзделіп, олардың іс жүзінде
1 437 көрсеткішіне немесе 93,2 %-ына қол жеткізілді.
Өңірлерде жүргізілген кешенді жəне тақырыптық
тексерулердің қорытындылары бойынша инвестициялық
жобаларды іске асырудың жүйелі проблемалары жəне
тиім ділігінің төмен екендігі, нысаналы трансферттер
бойын ша нəтижелер туралы келісімдердің (бұдан əрі –
келісімдер) сапасыз əзірленгені жəне олар бойынша нəтижелер
көрсеткіштеріне қол жеткізілмегені, орындалмаған жұмыс
көлеміне ақы төленгені, құрылыс қызметі жəне мемлекеттік
сатып алу туралы заңнаманы, бюджет жəне өзге де заңнаманы
жүйелі түрде бұзушылықтар анықталды.
Есепті кезеңде өңірлерде жүргізілген бақылау-талдау
іс-шараларының аясында 469 млрд. теңгеге 116 объекті
тексеріліп, олар бойынша
352,9 млрд. теңгеге қаржылық
бұзушылықтар анықталды.
Республикалық жəне жергілікті деңгейлердегі бюджеттік
бағдарламалар əкімшілері бюджеттік өтінімдердің толық-
тығын, анықтығы мен негізділігін қамтамасыз етпеуде.
Барлық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалардың жекелеген
əкімшілері келісімдерді əзірлеу кезінде тікелей жəне түпкілікті
нəтижелердің көрсеткіштерін, инвестициялық жобалардың
сапалық сипаттамалары мен іс-шараларын қаржыландырылу
көлемдерін көрсете отырып, олардың атауы бойынша тізбесін
көрсетпеген.
Нəтижесінде республикалық бюджеттен бері летін ны саналы
трансферттер келісімдерде көз дел меген инвестициялық жобалар мен
іс-ша ра лар ды іс ке асыруға пайдаланылуда, жекелеген жоба-
лар қаражаттың басқаларға қайта бөлінуіне байланысты жете
қаржыландырылмаған.
Аталған бұзушылықтар нысаналы трансферттерді пай да ла-
нудың ашықтығына, олардың нысаналы бағытына теріс əсер етеді.
Жергілікті атқарушы органдар Бюджет кодексінің талапта-
рын жергілікті бюджеттен жобаларды уақтылы əрі міндетті
қоса қаржыландыру бөлігінде сақтамаған, бұл нəтижелер
көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге, инвестициялық жобаларды
пайдалануға беру мерзімдерінің кешіктірілуіне, кредиторлық
берешектің қалыптасуына жəне республикалық бюджетке
жүктеменің түсуіне алып келген.
Өңірлерде нысаналы даму трансферттерін игеру кезінде
бірқатар инвестициялық жобалар мемлекеттік сатып алу
саласындағы заңнама бұзыла отырып жəне белгіленген
тəртіппен бекітілген техникалық құжаттамасыз іске асырылған.
Негізсіз есептеулері мен олқылықтары бар жобаларды
іске асыру, жобалық шешімдерге өзгерістер енгізу бюд-
жеттік инвестициялық жобалар құнының қымбаттауына,
республикалық бюджет қаражатынан қосымша шығыстарға
əкеп соққан.
Мəселен, 2015 жылы сомасы
2 216,1 млрд. теңгеге іске
асырылған
жобалардың жалпы сметалық құны жобалық
құжаттарға түзетулер енгізу нəтижесінде
134,1 млрд. теңгеге
немесе
6,1 %-ға ұлғайған.
Нысаналы даму трансферттерін мақсатсыз əрі тиімсіз
пайдалану фактілері анықталды, осылайша пайдалануға тап-
сырылған объектілер тұрып қалған, жекелеген жағдайларда
тоқтатылған.
2015 жылы өңірлерде бюджеттік инвестиция лық
жо ба лар ды іске асыруға бағытталған, тиімсіз пайда -
ла ныл ған бюджет қаражатының жалпы сомасы
51,2 млрд. теңгені құрады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК
Тұжырымдар
1. Республикалық бюджеттің атқарылуы мұнайға əлемдік
баға төмендеген, инфляция деңгейі өскен, ұлттық валютаның
АҚШ долларына шаққандағы бағамы едəуір əлсіреген
тұста, экономикалық дамудың өсу қарқынының баяулауы
жағдайларында жүргізілді.
2. Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген
8 200 млрд. теңге көлемінде 2015 жылға арналған үкіметтік
борыштың лимиті 465,7 млрд. теңгеге немесе 5,7%-ға асып
кеткен.
3. 2015 жылы жалғасқан энергия жеткізгіштерге төмен
бағалар жағдайларында, тауарлар экспорты құлдырауының
жалғасуы жəне соның салдарынан, тікелей шетелдік
инвесторлардың кірістерінің күрт қысқаруы төлем балансының
ағымдағы операциялары шотының теріс сальдосына əкеп
соқты.
4. Шоғырландырылған бюджет түсімдеріндегі шикізат сек-
торы үлесінің біршама төмендегеніне қарамастан, бюджеттің
кіріс бөлігінің экономиканың өндіруші салаларына тəуелділігі
сақталып отыр.
5. 2015 жылы республикалық бюджетке түскен салықтық
түсімдердің асыра орындалуына еркін құбылмалы валюталық
айырбастау бағамына көшуге байланысты түсімдер (шама-
мен 300 млрд. теңге), сондай-ақ жоспарлы көрсеткіштерді
төмендету жағына қарай түзету айтарлықтай əсерін тигізді.
Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдары салықтық жəне
кедендік əкімшілендіру шараларын жеткілікті дəрежеде тиімді
қолданбаған.
Мемлекеттік кірістер органдары қабылдап жатқан салықтық
бақылау шаралары салықтарды төлеуден жалтару нəтижесінде
туындайтын шығындардың едəуір төмендеуіне əкеп соқпауда.
6. Салық тексерулерін негізсіз ұзарту немесе тоқтату төмен-
детілген төлемдерді қосымша есептеу үшін талап қоюдың
ескіру мерзімінің өтуіне, соның салдарынан бюджеттің
айтарлықтай шығындарына əкеп соғады.
7. Бюджеттік кредиттерді мониторингтеу мен бақылау тиісті
деңгейде жүзеге асырылмауда, бұл түпкілікті нəтижелерге
қол жеткізу бойынша деректердің анықтығына əсерін
тигізді (Орталық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалар əкім-
шілерінің есептерінде бюджеттік кредиттер тікелей жəне
түпкілікті нəтижелерге қол жеткізе отырып игерілген ретінде
көрсетілгенімен, өңірлерде игерілмеген, олар бойынша
жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеген).
8. 2015 жылы ұзақ мерзімді кезеңге арналған игеру
мерзімімен берілген бюджеттік кредиттер жергілікті бюд-
жеттің 2015 жылы игерілмеген қаражатына жатқызылған.
9. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ҚБШ-сында
2016 жылғы 1 қаңтарға жарғылық капиталын қалыптастыруға
жəне ұлғайтуға бөлінген 132,2 млрд.теңге (соның ішінде
76,5 млрд. теңге – 2015 жылғы республикалық бюджет қа-
ражаты) мөлшеріндегі республикалық бюджет қаражатының
қалдығы қалыптасқан. Бұдан басқа, ҚБШ-да мемлекеттік
тапсырманы орындауға бөлінген 5,1 млрд.теңге пайдаланыл-
май қалған.
10. «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағ дар ла-
масының жеткілікті дəрежеде сапалы əзірленбегені атап
өтіледі. Жекелеген іс-шаралар бойынша ресурстарға талап
етілген қажеттілік айқындалмаған. Мембағдарламаның барлық
нысаналы индикаторларының аралық мəндері көрсетілмеген.
Жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалмаған,
бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.
11. Жекелеген мемлекеттік органдар бюджеттік бағ дар-
ламаларға қол жеткізудің тікелей жəне түпкілікті нəтижелерін
сапасыз əзірлеген. Қаржыландырудың талап етілген көлемдері
асыра көрсетіліп, бөлінген қаражат игерілмеген немесе басқа
бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінген.
12. Бюджеттік бағдарламалар əкімшілерін бюджеттік
өтінімдерсіз не олардың негізделмеген жəне анық емес есеп-
теулері бойынша қаржыландыру фактілері анықталды.
13. Ғылыми жобаларды, іргелі жəне қолданбалы ғылыми
зерттеулерді қаржыландыруға бағытталып отырған айтар-
лықтай көлемдегі ресурстардың болғанынан қарамастан,
ғылыми əзірлемелердің экономикалық тиімділігінің төмендігі
жəне талап етілмей отырғаны атап өтіледі.
14. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет
кірісіне аударымдар мен дивидендтерді уақтылы аудармау
фак тілерінің орын алуы жалғасуда.
2014 жылы Есеп комитеті енгізген квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің таза кірісінің бір бөлігі мен дивидендтерді
уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл есептеу тəртібін айқындау
жөніндегі ұсыным орындалмай қалды.
15. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне кредит беру үшін
төмен мөлшерлемелермен (3,41% жəне 6,53%-бен) көзделген
бюджеттік кредиттер түпкілікті алушыларға екінші деңгейдегі
банктер арқылы анағұрлым жоғары мөлшерлемелермен (7,41%
жəне 11,53%) берілген.
16. «Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы»
Заңда «бюджет қаражатын, мемлекет активтерін тиімсіз
басқару жəне пайдалану» деген ұғым болғанымен, «Əкімшілік
құқық бұзушылық туралы» Кодексте бұзушылықтың аталған
түрлері үшін жауаптылық көзделмеген.
17. Қолданыстағы заңнамада шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік кəсіпорындардың есеп саяса-
тын уəкілетті органмен келісу жөніндегі норманың болма-
уы бухгалтерлік есепті жүргізу жəне қаржылық есептілікті
қалыптастыру кезінде жол берілетін көптеген бұзушылықтарға
əкеп соғуда.
18. Бірқатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
ие лігінде жатқан айтарлықтай бюджет қаражаты сома-
лары екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналас-
тырылған, жекелеген жағдайларда заңнаманы бұза отырып
пайдаланылған.
19. Мемлекеттік органдардағы жəне квазимемлекеттік сек-
тор субъектілеріндегі бухгалтерлік қызметтерде жұмыс жа-
сайтын қызметкерлердің біліктіліктерінің жеткілікті болмауы
бухгалтерлік есеп жүргізуде көптеген бұзушылықтарға əкеп
соғуда, бұл қаржылық есептіліктің анықтығына кері əсер етеді.
20. 2015 жылы Бюджет кодексінен бюджеттік бағдарламалар
əкімшілері мен өңірлердің əкімдері арасында ағымдағы ны-
саналы трансферттер бойынша келісімдерді жасасу жөніндегі
норманы алып тастау орталық мемлекеттік органдар тара-
пынан ағымдағы нысаналы трансферттердің тиімді пайда-
ланылуын бақылаудың нашарлауына əкеп соқты. Бұл рет-
те, нəтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізілуіне бағалау
жүргізу мүмкін болмай отыр. Осылайша, нысаналы сипаты
ескерілмеген ағымдағы нысаналы трансферттер іс жүзінде
субвенцияларға теңестірілген.
21. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын іске асыру
кезінде мүдделі мемлекеттік органдар автожолдың жекелеген
учаскелері бойынша жұмыстарды үйлестірмеген.
22. Сыртқы қарыздар есебінен құрылыс жүргізуге арналған
келісімшарттардың жекелеген ережелерінде Қазақстан
Республикасы заңнамасының жолдарды салу жəне оларды
күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізуді бастау бөлігіндегі
талаптары көзделмеген.
23. Өңірлерде аяқталуы жоспарланған 576 жобаның іс
жүзінде 527-сі аяқталған (49 жоба аяқталмай қалған).
24. Нысаналы даму трансферттері бойынша келісімдерде
тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің көрсеткіштері, инвес-
тициялық жобалардың атаулы тізбесі, олардың сапалық сипат-
тамалары жəне іс-шаралар бойынша қаржыландыру көлемдері
көрсетілмеген, келісімдерді орындау мерзімдері сақталмаған.
Жекелеген жобалар бойынша нысаналы даму трансферттері
келісімдерде көзделмеген іс-шараларға жұмсалған, қаражаттың
басқа жобаларға қайта бөлінуіне байланысты, жекелеген жо-
балар жете қаржыландырылмаған.
25. Жергілікті атқарушы органдар Бюджет кодексінің
жобаларды жергілікті бюджеттен уақтылы жəне міндетті
қоса қаржыландыру бөлігіндегі талаптарын сақтамаған, бұл
нəтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуіне, инвестициялық
жобаларды пайдалануға енгізу мерзімдерінің кешіктірілуіне,
кредиторлық берешектің қалыптасуына жəне республикалық
бюджетке қосымша жүктемеге əкеп соққан.
Ұсынымдар
1. Шоғырландырылған бюджет түсімдерінің шикізат сек-
торына тəуелділігін төмендету мақсатында, экономиканың
өндіруші секторларының өсу қарқынымен салыстырғанда,
жоғары қосылған құнмен өңдеуші өнеркəсіп салаларын
дамытудың озық қарқынын қамтамасыз ету жөнінде шара-
лар қабылдансын.
2. Салықтарды төлеуден жалтаруға қарсы іс-қимыл мақ-
сатында, «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» Кодекске салық міндеттемелері жəне
қозғалған қылмыстық істер шеңберінде туындайтын талаптар
бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдерін ұлғайту бөлігінде
түзетулер енгізілсін.
3. Игерілу мерзімдері кейінгі қаржы жылдарына көз делгендерді
қоспағанда, есепті кезеңде бюджеттік кредиттердің игерілуін жəне
пайдаланылуын есепке алу тетігі заң жүзінде реттелсін.
4. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджет
қаражатын оларды игеру жəне жобаларды іске асыру ке-
зеңділігіне қарай бөлу жөніндегі Есеп комитеті ұсынымының
орындалмағанына назар аударылсын.
5. «Саламатты Қазақстан» жəне «Ақпаратты Қазақстан-2020»
мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне
жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойын-
ша анықталған кемшіліктерге жол бермеу мақсатында, олар
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға
арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру жəне жаңа «Цифрлық Қазақстан-2020» мемлекеттік
бағдарламасын əзірлеу кезінде ескерілсін.
6. Үкімет резервінен шұғыл шығындарға арналған
қаражаттың күтілмегендерге жатпайтын іс-шараларға пайда-
ланылу фактілерінің болуына, мұның бюджет заңнамасына
қайшы келетіндігіне назар аударылсын.
7. Ғылыми зерттеулер мен жобаларға қажеттілікті айқындау,
олардың тиімділігі мен нəтижелілігін, сондай-ақ іске асырудың
əлеуметтік-экономикалық жəне экологиялық салдарла-
рын бағалау рəсімдерін реттейтін тетіктер əзірленсін жəне
заңнамада белгіленген тəртіппен бекітілсін.
8. Мемлекеттік органдардағы жəне квазимемлекеттік сектор
субъектілеріндегі бухгалтерлік қызметтерде жұмыс істейтін
қызметкерлердің біліктілігін арттыру жəне оларды қайта да-
ярлау жөнінде шаралар қабылдансын.
9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган
бюджеттік бағдарлама шеңберінде қаржыландыру жоспарла-
рына енгізілетін өзгерістер (ерекшеліктер арасындағы ауысты-
рулар) санын шектеу мəселесін қарасын.
10. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган мем-
лекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі арқылы бюджеттік
өтінімдерді қалыптастыру жəне мақұлдау процесін толығымен
автоматтандыруды қамтамасыз етсін.
11. «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексіне оның күшін квазимемлекеттік
сектор субъектілерінің құқықтық актілерімен белгіленген
əкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларға қолдану
бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мəселесі
қаралсын.
12. Қолданыстағы заңнамаға өсімпұлдар есептеу, сондай-
ақ таза кірістің бір бөлігін жəне дивидендтерді уақтылы
аудармағаны үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
бірінші басшыларын жеке жауаптылыққа тарту бөлігінде
өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесі жеделдетілсін.
13. «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексіне бюджет қаражатын тиімсіз
пайдаланғаны жəне мемлекет активтерін тиімсіз басқарғаны
үшін жауаптылық енгізу бөлігінде өзгерістер мен толық-
тырулар енгізілсін.
14. «Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік тура-
лы» Қазақстан Республикасының Заңына республикалық
мемлекеттік кəсіпорындардың есеп саясатын тиісті уəкілетті
органмен міндетті түрде келісу бөлігінде өзгерістер мен
толықтырулар енгізілсін.
15. Табиғи монополия субъектілеріне немесе тиісті нарықта
үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне
жататын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
кəсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін
ұлғайту тарапына қайта қарау мəселесі қаралсын.
16. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы
жəне құрылыс қызметі туралы» Заңға жобалау-сметалық
құжаттаманың жобалық шешімдерге сəйкессіздігі анықталған
кезде оны сапасыз əзірлегені үшін ұйымның жауаптылығын
белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілсін. Кешенді ведом-
стводан тыс сараптама жүргізудің бірыңғай ақпараттық
жүйесіне жобалау-сметалық құжаттаманы жəне техникалық-
экономикалық құжаттаманы енгізудің жəне оның сақталуын
қамтамасыз етудің міндеттілігі мəселесі заң жүзінде реттелсін.
17. Тікелей жəне түпкілікті нəтижелерге қол жеткізілуін
айқындай отырып, ағымдағы нысаналы трансферттер бой-
ынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдар арасында
келісімдер жасасуды бюджет заңнамасында регламенттеу
мəселесі қаралсын.
18. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган
қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге бюджетті
нақтылаулар кезінде басым бюджеттік инвестициялық
жобалардың тізбесіне қосу жəне одан алып тастау негізділігінің
өлшемшарттарын регламенттеу бойынша өзгерістер енгізсін.
19. Сыртқы қарыздар есебінен автожолдар салуға ке-
лісім шарттар жасасу кезінде олардың «Қазақстан Рес-
публикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құры лыс
қызметі туралы» Заң талаптарына сəйкестігі қамтамасыз
етілсін.
20. Заңнамада, соның ішінде халықаралық келісімшарттар
бойынша сыртқы қарыздар есебінен жобаларды аяқтау
мерзімдерінің бұзушылықтарына жəне қарызға қызмет көрсету
үшін республикалық бюджеттен қосымша шығыстарға əкеп
соққан, оларды уақтылы игермегені жəне іске асырмағаны
үшін бюджеттік бағдарламалар əкімшілерін жауаптылыққа
тарту мəселесі қаралсын.
21. Қазақстан Республикасының шет елдердегі меке-
мелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу,
жалға алу, ғимараттар мен құрылыстар салу жəне күрделі
жөндеу тəртібін айқындау жөнінде Үкіметтің құзыретін бекіту
мəселесі қаралсын.
–––––––––––––––––––––––––––
1
ҚР Үкіметінің резервінен бөлінген қаражатты есепке
алмағанда
Басты байлық
Жуырда осыған орай, Астанада онколог, сто-
матолог жəне оториноларинголог дəрігерлердің
қатысуымен «Бас пен мойын ісіктерін ерте
кезеңде диагностикалаудағы алуан түрлі ғылым
салаларын үйлестірген тəсілдеме» тақырыбында
баспасөз конференциясы өтті.
Бас пен мойын обырын ерте кезде диагнос-
тикалау еуропалық апталығы 2016-2020 жыл-
дарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік
бағдарламасының шеңберінде іске асыры-
лады, оның негізгі мақсаттары: санитарлық
саламаттылықты қамтамасыз етудің негізінде
халықтың денсаулығын нығайту, қауіп-қа тер
факторларының алдын алу, пайдалы тағам-
дармен тамақтануды насихаттау жəне сала матты
өмір салтын ұстануға ынталандыру.
Конференция жұмысына ҚазОжР ҒЗИ дирек-
торы, медицина ғылымдарының докторы Диляра
Қайдарова, «Ресей ФМБА БАИ» ФМББМ он-
кология жəне реконструкциялық пластикалық
хирургия кафедрасының мең герушісі, РҒА
корреспондент-мүшесі, профес сор Игорь Решетов,
Астана қаласының Он кология орталығының бас
дəрігері, «Астана қаласының онкологтары мен
радиологтары қауымдастығы» ҚБ төрағасы,
қалалық мəслихат депутаты Мұхтар Төлеутаев,
Астана қаласы ДБ «Стоматология оқу-клиникалық
орталығының» директоры, штаттан тыс бас стома-
толог Астан Жан гереев, Онкология орталығының
бас пен мойын бөлімінің меңгерушісі Дархан
Ахмедин қатысты.
Бас пен мойын обыры таралу ауқымы жағы нан
қатерлі ісіктердің арасында 6-шы орында тұр. Бұл
кеселді хирургиялық жолмен емдеудің, химиялық,
радио жəне таргеттік терапияның тиімді əдістері
бар болғанына қарамастан, нау қас адамдардың
арасындағы өлім-жітім диагноз қойылғаннан
кейінгі 1-ші жылдың ішінде 50%-ға жетіп отыр.
Онкологтар бас пен ми обырына шалдыққан адам-
дар санының күрт өсуіне қатты алаңдап отыр.
Ісікке шалдыққан науқастар ауруының
асқыну себептерін талдау мынадай жағдайды
көрсетті: науқас адамдардың 6,5%-ында
аурудың асқынуы оның еш нышансыз жəне аз
ғана белгімен өтуіне байланысты болған; 17,5%-
ында дененің бұл бөлігінде қатерлі ісіктің болу
ықтималы бойынша хабарсыздығынан жəне
өзін-өзі емдеуінен болған; 25,5%-ында мұның
себебі – жалпы бейіндегі дəрігерлердің (тера-
певт, хирург) онкологиялық қырағылығының
жеткіліксіздігінен; 50,5%-ында бұл оторино-
ларинголог жəне стоматолог мамандардың
жіберген қателіктерінен орын алған.
Бастапқыда диагноздың қате қойылуы ем-
нің де дұрыс болмауына əкеледі, науқасқа
ауыз-мұрын қуысын шайып, əртүрлі жақпа май
жағу ұсынылады, қабынуға қарсы ем шарала-
ры, физиотерапия процедуралары, компресс,
тісті жұлу жəне хирургиялық араласу ша ра лары
қолданылады. Осының нəтижесінде бас пен мой-
ын обыры көбіне-көп аурудың ке йінгі сатыларын-
да, оны емдеу өте қиындаған кезде анықталады.
Ал диагноз неғұрлым ертерек қойылса жəне
дұрыс ем белгіленсе, сырқаттанған адамның
жазылуға мүмкіндіктері соғұрлым көбірек бола-
ды. Адамды өлімнен сақтап қалу үшін əр күннің
маңызы зор десек, артық айтқандық болмас.
Бұл еуропалық апталық шарасын өткізу
кезінде мамандар 1 600-ден астам адамды тек-
серуді жоспарлап отыр. Апталық екі кезең бо-
йынша өтеді. Бірінші кезең барысында ЛОР
мамандары мен стоматологтар Қазақстан мен
Ресейдің жетекші онкологтарынан бас пен
мойын ісіктерін ерте сатыда диагностика-
лау əдістерін оқып-үйренеді. Екінші кезеңде,
2016 жылдың 19-23 қыркүйегі аралығында
онкологиялық диспансерлердің негізінде аза-
маттарды тегін қабылдау жүзеге асырылады.
Еске сала кетейік, апталық Қазақстанның
төрт қаласында: Алматы, Қарағанды, Өске-
мен жəне Астана қалаларында болып өтті. Қа-
зақстандықтар 8-800-080-5058 «жедел желі»
телефоны ар қылы 1 тамыз бен 23 қыркүйек ара-
лығында диаг ностикаға жазылып, мамандарға
көрініп, тегін скринингтен өте алады.
Достарыңызбен бөлісу: |