№123 (28851) 29 маусым сəрсенбі 2016 жыл ● Еңбегімен еленген



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата06.03.2017
өлшемі3,38 Mb.
#8289
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ,

журналист

Ќатерлі ісікке

ќарсы тўрар бір амал

Ол дер кезінде емделу



Жыл сайын дүниежүзінде бас пен мойынның жазық жасушалық обырына 

шалдығудың 1 116 000-нан астам жаңа жағдайлары анықталып жатады, солардың 

арасынан жыл сайын 763 000 адам көз жұмады екен.

Ал Қазақстанда жыл сайын бас пен мойын ісігі бойынша шамамен 1700 жағдай 

тіркеледі. Оның басым бөлігі – кеселдің таралуы III-IV сатыға сəйкес келетін 

емделушілер. Бас пен мойындағы обырды емдеу үшін жасалатын отадан адамдар 

əдетте жарымжан, мүгедек болып қалады. Ал дер кезінде емделген жағдайда науқас 

адамдардың аман қалуы 80-90 пайызды көрсетіп отыр.

Биыл Халықаралық өнер фестиваліне Вин-

Чун  Халықаралық  федерациясының  (IWCO) 

құрметті  президенті  Сифу  Дональд  Мак, 

Ultimate Fighting Championship қамқорлығымен 

өнер  көрсететін,  аралас  стильдегі  кəсіпқой 

спортшы  Хабиб  Нурмагомедов,  кəсіпқой  ре-

сей лік тайбоксшы жəне кикбоксшы, тай бок-

сынан  жəне  кикбоксингтен  кəсіпқойлар  мен 

əуесқойлар арасындағы жарыстардың бірнеше 

дүркін жеңімпазы, тай боксынан Ресейдің еңбек 

сіңірген спорт шебері Артем Левин сынды əйгілі 

тұлғалар  қатысады.  Актер,  кəсіпқой  спорт-

шы, жауынгерлік жекпе-жек бойынша əскери 

нұсқаушы Сергея Бадюк спортсүйер қауым үшін 

тосын сый болмақ. 

Баспасөз мəслихатында атап көрсетілгендей, 

маңызды  спорттық  шарадан  қазақстандық 

спортшылар да тыс қалмайды. Еліміздің таны-

мал боксшысы, 2005 жылғы жəне 2007 жылғы 

əлем чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпи-

оны, «Астана Арланс» кəсіпқой бокс клубының 

бас  директоры  Серік  Сəпиев,  тай  боксы  мен 

К-1 кəсіпқой спортшы, əуесқойлар арасындағы 

əлем  чемпионы,  кəсіпқойлар  арасындағы 

Таиланд Королі кубогының иегері Дəулет Отар-

баев, каратэ мен ММА-дан əлемнің үш дүркін 

чемпионы,  джиу-джитсуден  Еуропаның  үш 

дүркін чемпионы Айдар Махметов, сондай-ақ, 

Қазақстанның  джиу-джитсу  мен  ММА  феде-

рациясының президенті Анатолий Ким сияқты 

кеш қонақтары өз шеберліктерін ортаға салады. 

Еске сала кететін болсақ, өткен жылғы бі-

рінші  жауынгерлік  өнер  фестиваліне  дүние-

жүзінен  150-ге  жуық  шебер  қатысып,  шара 

барысында Стивен Сигал, Сергей Бадюк пен 

Бату  Хасиков  көпшілікке  түрлі  жекпе-жек-

терден айла-тəсілдер көрсетіп, көрермендерді 

ұмытылмас  əсерге  бөлеген.  Сонымен  бірге, 

елордалық  көрермендер  алғаш  рет  шаолинь 

монахтарының  өнерін  тамашалаған  болатын. 

Баспасөз мəслихатында айтылғандай, биылғы 

жауынгерлік өнер фестивалі де əсерлі əрі тар-

тымды болатын түрі бар. 

ІІ  Халықаралық  жа уынгерлік  өнер  фес-

тивалінің  шымылдығы  кеше,  28  маусымда 

«Дəулет» ұлттық теннис орталығында ашыл-

ды. Ал бүгін ІІ Халықаралық жауынгерлік өнер 

фестиваліне қатысушылар Астана қаласындағы 

спорт  мектептерінің  шəкірттеріне  арналған 

шеберлік дəрістерін өткізеді. 

Назерке МҰХАМЕДИЯ,

№4 мектеп-гимназияның түлегі

Боз кілемде 

жауынгерлік жекпе-жек

Кеше, Астанадағы «Marriott» қонақүйінде ІІ Халықаралық жауынгерлік өнер 

фестиваліне қатысушылардың баспасөз мəслихаты болып өтті. Халықаралық 

жауынгерлік өнер фестивалі елордада осымен екінші рет өткізілмек. Қала күні 

мерекесіне орай ұйымдастырылғалы отырған бұл айтулы шараға Италия, Қазақстан, 

Қытай, Ресей, Филиппин жəне Жапония шеберлері көрермендер назарына джиу-джит-

су, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, сумо, таэквандо, муай-тай, вин-чун, 

қазақ күресі, бразилиялық джиу-джитсу, шаолинь-цюань жəне пекити-тирсия кали 

сияқты жауынгерлік жекпе-жектер бойынша өнер көрсетеді.



 Қарсаңда 



29 маусым 2016 жыл

www.egemen.kz

9

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан»

          

–  Екі  апта  тез  өте  шығады, 

мен балалардың жақсылап демал -

ып,  тынығуларына  тілектеспін. 

Табиғатты  аялап,  өз  елдеріңізді 

шын сүйіңіздер. Демалысты жақсы 

өткізіп, оқуда озат болыңыздар, – 

деді «ҚазМұнайГаз» ұлттық ком-

паниясының бизнесті қолдау жө-

ніндегі  басқарушы  директоры 

Серік Кеулімжаев. 

«Сұңқар» сауықтыру лагерін-

де толыққанды демалу үшін жан-

жақты  жағдай  жасалған.  Бала -

лар  жайлы  тұрғын  корпус тарда 

тұрады. Əр нөмірде сани тарлық 

торап, душ бөлмесі жұмыс істейді. 

Кешен аумағында баскетбол, во-

лейбол, футбол ойнауға ар налған 

алаңдар бар. Суға түсіп жүземін 

десең екі бассейн ашылған. Сон-

дай-ақ,  тренажер,  кино  залда-

ры  да  толық  қызмет  көр  сетеді. 

Жеткіншектер  сүйікті  істерімен 

айналысып,  уақыттарын  мəнді 

өткізеді.

Демалыс кезінде балалар Бу    -

рабай  ұлттық  саябағына  барып 

саяхатқа шығады. Абылай ханның 

алаңында болып, табиғат музейінің 

жəдігерлерімен танысады. Əрине, 

жаяу жорықта гитараға қосылып 

əн шырқайды. Түрлі концерттер 

мен  дискотекаларға  қатысып, 

өнер  лерін көрсетеді.

– «Сұңқар» сауықтыру кеше-

нінде көптеген балалармен таны-

сып,  достастым.  Олармен  бірге 

өз өнерімді көрсетіп, көпшіліктің 

кө ңілінен шықтық. Жалпы алғанда 

лагерьде демалып тынығу өте кө-

ңілді. Кешен қызметкерлері бізге 

талай  нəрсені  үйретті.  Өйт кені, 

мұндағы табиғаттың өзі ға жайып 

емес пе. Бəрі шынайы əрі əсерлі, 

–  дейді  2-ші  жасақтың  мүшесі 

Мерей Мұхаметжан.  

2001  жылдан  бері  «Сұңқар» 

сауықтыру  кешені  жазғы  мау-

сым да 23 мыңнан астам баланы 

қабылдап, жақсы тыны ғуларына 

жағдай  жасады.  Не гізінен  олар 

«ҚазМұнайГаз»  ұлттық  компа-

ниясына қарасты еншілес кəсіп-

орындар мен бөлім шелердің бала-

лары. Жеткіншектердің көп  шілігі 

табиғаты  қаталдау  Қызыл орда, 

Жаңаөзен,  Маңғыстау  сияқ   ты 

өңірлерден  келді.  Əрине,  олар-

дың  бəріне  Ақмола  облы сы-

ның  аумағындағы  қарағайлы 

ор  мандардың  көркемдігі  көңіл-

дерінен шығып, денсаулықтарын 

шың   дауға себебін тигізгені сөзсіз.

Балалар  бір-бірімен  шүйір

-

ке  лесіп жатқан сəтте, бір кездегі 



ла герьде өткен күндерін ұлттық 

ком   панияның басқарушы дирек-

торы Серік Кеулімжаев та есіне 

түсірді.


– Мен кеңестік кезеңде туып-

өстім.  Жыл  сайын  жазғы  кани-

кул  күндерін  пионер  лагерінде 

өткізетінмін. Кей кезде бос орын 

таба алмай шатырларда жат  қанбыз. 

Ол  уақыттағыны  қа зір  гімен  са-

лыстыра алмайсың. Екеуі нің ара-

сы жер мен көктей. Өйткені, бү-

гінгі күннің лагерьлері заманауи 

жабдықтармен  жаб дықталған. 

Керекті нəрсенің бəрін табасың. 

Жалпы  алғанда  лагерьде  дем-

алғанға не жетсін. Жаңа дос тар тау-

ып, ой-өрісің кеңейетіні өз алдына. 

Бір сөзбен айтқанда, лагерьде бəрі 

тамаша, – дейді Серік Кеулімжаев.

Көркімен    көз  тамсанды-

ратын  Көкше  өңіріндегі  бала-

лар  лагерьлерінде  қазір  нағыз 

қызықты  шақ.  Жаз  жайнатып, 

күн  күлдіріп,  мəре-сəре  болған 

жеткіншектердің  қуаныштары 

шексіз  болғай.  Олардың  алаң-

сыз  демалуына  жағдай  жасаған 

«ҚазМұнайГаз»  ұлттық  ком-

паниясының жұмысы атап айтуға 

əбден лайық. 

Зерендіде балалар лагері бар



«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Сұңқар» ба-

лалар сауықтыру лагері Көкше өңіріндегі Зеренді 

көлінің жағалауындағы «Көкшетау» ұлттық саябағында 

орналасқан. Мұнда екі апта ішінде компанияға қарасты 

еншілес ұйымдар қызметкерлерінің 2 мыңға жуық балала-

ры демалып, денсаулықтарын түзетеді. Əсіресе Қызылорда, 

Маңғыстау жəне басқа облыстардан келген жеткіншектердің 

алған əсерлерін тауысып айта алмайсың. Жақында лагерьде 

екінші маусымның салтанатты ашылуы болды. 

Іс-шараның  мақсаты  –  педагогтердің 

кəсіби  біліктілігін  шыңдау,  білім  беру 

саласы  қызметкерлерінің  педагогикалық 

шеберлігін  көтеру,  оқушылар  мен  жас-

тарды  тəрбиелеу  мен  оқытудағы  озық 

инновациялық  педагогикалық  тəжіри-

белерді жинақтап, тарату еді. 

Дəстүрлі екінші республикалық педа-

гогикалық оқуларда жаңалықтың жаршысы 

болуға еліміздің 32824  педагогы қатысты. 

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, 

жазушы,  этнограф,  фольклоршы,  қоғам 

қайраткері  Ыбырай  Алтынсариннің  175 

жылдық  мерейтойы  құрметіне  арналып 

өткізілген педагогикалық оқулар ең пер-

спективалы  инновациялық  жобаларды 

анықтап, оларды жүзеге асыруға жол аша-

тын тəжірибе алмасуға жəне пікірталасқа 

арналған орын, кəсіби шеберлік-шыңдалу 

мектебі  болды.  Педагогикалық  оқуларға 

аудандық  (қалалық)  жəне  облыстық 

кезеңдерден сүрінбей өткен 122 ең үздік 

жұмыс республикалық қорытынды кезеңде 

өзара  бақ  сынасып,  өздерінің  бірегей 

тəжіри белерімен  жəне  жекелей  ерекше 

қасиеттерімен көзге түсті. Педагогикалық 

оқулардың жұмысы – мектепке дейінгі білім 

беруден бастап, жоғары білім беруге дейінгі 

білім  мазмұнын  жаңарту  мəселелерін 

қамтыған барлық білім беру сатылары бой-

ынша 8 бағытта стратегиялық зертханалар 

форматында ұйымдастырылды.

Екінші республикалық педагогикалық 

оқулардың  жұмысына  Білім  жəне 

ғылым  министрлігінің  жауапты  хат-

шысы  Əмір хан  Рахымжанов  қатысты. 

Ол  форум  қатысушыларына  сəттілік 

тілеп, білім саласының алдында күрделі, 

əрі  ма ңызды  басты  міндеттер  тұрғанын 

атап  өтті.  Бұқар  жырау,  М.Ж.Көпеев, 

С.Торайғыров, Ж.Мұса, Қ.Сəтбаев, Ш.Шө-

кин, Ə.Марғұлан, Ш.Айманов тəрізді та-

лай дарын мен талантты дүниеге əкелген 

ұлылар мекенінде өткізіліп жатқан іс-шара 

мемлекетіміздің білім беру саясатын жүзеге 

асырудың  бір  қадамы,  соған  қосар  үлес 

екеніне тоқталды. Əмірхан Мұратбекұлы 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру 

мен  ғылымды  дамытудың  стратегиялық 

бағыттарын жүзеге асырудағы « Өрлеу» 

біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  

қыз метіне жоғары баға берді.

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 

мем лекеттік университеті, Павлодар мем-

лекеттік педагогикалық институты, Инно-

вациялық еуразиялық университеті ғалым-

дары нан құрылған сараптамалық қазылар 

ал қасы  қатысушылардың жұмысын баға-

лау  барысын да  педагогтердің  жұмыс 

маз  мұнының  ин но вациялық  идеялар 

басымдығын, оның тəжірибелік бағытын  

ерекше баға лады.

Екінші республикалық педагогикалық 

оқулардың қатысушылары ынтымақ тастық 

ахуалын құру, өзара пікір алмасу, тиімді 

сұхбат жүргізу, педагогикалық қызметтің 

алдағы қадамдарын белгілеу үшін «Өрлеу» 

БАҰО»  АҚ  барлық  қажетті  жағдайды 

жасағаны туралы пікір лерін білдірді.

Республиканың  педагогикалық  қыз-

меткерлері өздерінің бірегей инно вациялық 

тəжірибелерін,  зерттеу  қызметінің  əзір-

лемелерін,  жалпы  дарынын  ашатын 

Педагогикалық оқуды өткізу тамаша дəс-

түрге айналып отырғанын алға тартты. 

«Ел  тəуелсіздігі,  ұлт  мұраты,  ұрпақ 

болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана 

мəңгі», дейді Елбасы өз Жолдауында. Олай 

болса, бүгінгі тұманың тұнығындай тума 

таланттар жерінен шабыт алған ұстаздар 

қауымы қажырлы еңбектерімен баянды ету-

ге жұмылары анық. Екінші республикалық 

педагогикалық оқулардың жеңімпаздары 

мен жүлдегерлерінің шыққан шыңдары мен 

бағындырған биіктері осыны дəлелдейді. 

Иə, олардың шығармашылық жұмыстары 

қашанда жемісті бола бермек.

 

Бұлғын ЖАЛМАҒАМБЕТОВА,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық 

орталығы» АҚ филиалы Павлодар 

облысы бойынша педагогикалық 

қызметкерлердің біліктілігін арттыру

институтының директоры



 Білім. Бағдарлама. Білік



 Еркін елдің ертеңі

Кəсіби дамудыѕ баєдары



Жақында Павлодар қаласында Білім жəне ғылым министрлігі 

жəне «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы» акционерлік 

қоғамының мұрындық болуымен «Білім берудегі инновациялар мен 

тəжірибе: уақыт талабы» атты екінші республикалық педагогикалық 

оқулар – өзгерістер мен шеберлік керуені өткізілді. 

Интернет материалдары негізінде əзірленді

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Супермемлекет дегеніміз осындай ма?

Германия мен Франция Еуроодақты ре-

формалау жобасын дайындаған. Бұл 

туралы TVP Info телеарнасы хабарла-

ды. Телеарнаның қолына екі ел сыртқы 

істер министрлері қол қойған құжат 

түскен секілді. 

Бұл жерде əңгіме Париж бен Берлиннің 

Еуроодақтағы басқа елдерге қойып отырған ультиматумы туралы бо-

лып отыр. Жоба бойынша, оған қатысушы елдердің іс жүзінде өздерінің 

жеке армиясына, арнайы қызметтеріне, қылмыстық кодексі мен ұлттық 

валютасына құқы болмайды екен. Сондай-ақ, біртұтас арнайы қызметтер 

мен салықтық жəне визалық жүйе құру жоспарланып отырғанға ұқсайды. 

Бұған қоса, жобада ортақ сыртқы саясат жүргізу мен НАТО-ның Еуропа 

құрлығындағы рөлін шектеу туралы мəселе қарастырылыпты. Осылайша 

жаңа одаққа мүше мемлекеттер іс жүзінде өз шекараларын бақылаудан 

да айырылатын тəрізді. 

Тїркия мен Израильдіѕ уаєдаластыєы



Түркия мен Израиль қарым-қатынастарын жақсарту туралы 

уағдаластыққа келді. Бұл туралы Түркия премьер-министрі 

Бинали Йылдырым мəлімдеді, деп хабарлады «Рейтер» 

агенттігі. 

Келісім шеңберінде тараптар енді жақын арада елшілерімен алмаса-

тын болады. Түркия премьерінің сөзіне қарағанда, Израиль 2010 жылы 

орын алған қақтығыс кезінде қаза тапқан немесе зардап шеккен түрік 

азаматтарының  отбасыларына  20  миллион  доллар  өтемақы  төлеуге 

келісімін  берген.  Өз  кезегінде  Түркия  Газа  секторына  əскери  емес 

өнімдермен гуманитарлық көмек көрсетпекші. Ал 2010 жылы Газа секто-

рына қойылған блокаданы бұзуға барған түрік корабльдеріне израильдік 

əскерилер баса-көктеп кіріп, Түркияның тоғыз азаматын атып өлтіргені 

белгілі. Жанжал содан туған болатын. 

Елизавета ІІ-ніѕ денсаулыєы ќандай? 

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ 

Солтүстік Ирландияға сапары кезінде 

денсаулығына қатысты қойылған 

сұраққа қалжыңмен жауап қайтарыпты. 

Мұны The Telegraph хабарлады. 

Патшайым Солтүстік Ирландияның аста-

насы – Белфаст қаласындағы Хиллсборо замо-

гында осы ел бірінші министрінің орынбасары Мартин Макгиннесспен 

кездескен болатын. Сол кезде бірінші министрдің орынбасары 90 жастағы 

патшайымнан «хал-жағдайыңыз қалай?» деп сұраған ғой. «Əзірше əйтеуір 

тірімін» деп жауап қайтарыпты Елизавета ІІ. Макгиннесс болса, бұған 

қоса бүгінде Біріккен Корольдікте адам түсініп болмайтын оқиғалар 

орын алып жатқанын көлденең тартқан. Патшайымның екі күндік сапа-

ры Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу мəселесіне арналған болатын. 



Қысқа қайырғанда: 

 Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым өз елінің 

Ресейдің атып түсірілген Су-24 ұшағы үшін өтемақы төлеуден 

бас  тартатынын  мəлімдеді.  «Өтемақы  туралы  əңгіме 

қозғалған емес, Түркия тек кешірім сұраған болатын», деп 

атап көрсеткен үкімет басшысы. Мұны «Рейтер» хабарлады.

  АҚШ-тың  Миссисипи  штатындағы  Джексон  округінде 

орналасқан газ өңдейтін зауытта жарылыс болды. Куəгерлердің 

сөздеріне қарағанда, жарылыстан соң бірден өрт шыққан. Əзірше 

опат болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат 

жоқ.

 Ресейден Түркияға барып демалатындар ағыны осы жыл-

дың  бірінші  тоқсанында  өткен  жылдың  сəйкес  кезеңімен 

салыстырғанда 71 пайызға құлап, бар болғаны 20,9 мың адамды 

құраған. Бұл ақпаратты Ресей туристік индустрия одағының 

баспасөз хатшысы Ирина Тюрина таратты. 

 Полиция Жапонияның Japan Airlines əуе компаниясының 

екінші ұшқышын қамауға алды. Ол рейс алдында лайнер капи-

танымен  бірге  спиртті  ішімдік  ішіп,  онымен  ілігісіп  қалған. 

Жанжалдасып  жатқан  екеуге  араша  түскен  полицейді  42 

жастағы Соити Тацуми жұдырықтың астына алған. Сөйтіп, 

Канадзавадан Токиоға ұшатын рейс кейінге қалдырылыпты. 

Гастарбайтерлер ўйымдастырєан тґбелес



Шамамен 100 гастарбайтер Ленинград 

облысының Кудрово елді мекеніндегі 

құрылыс алаңында төбелес 

ұйымдастырған. Жұдырықтасуға 

қатысқандар арматура мен таяқтар 

жəне тастар қолданып, бір-біріне 

травматикалық қарудан оқ атқан. 

Кейбір  төбелескендер  жарақат  алған.  Полиция  20  адамды  қамап 

тастаған. Ал төбелесті құрылыс алаңының жанынан өтіп бара жатқан 

Дағыстанның тумасы ұйымдастырса керек. Ол Орталық Азиядан барған 

мигранттармен сөзге келіп, керісіп қалыпты. Оқиғаға куə болғандардың 

айтуларынша,  дағыстандық  мінген  автомобиль  сол  маңда  тұрған 

гастарбайтердің бірінің үстіне жаңбырдың лай суын шашыратып кет-

кен. Салдарынан, жүргізуші соққыға жығылса, кейін ол өзімен бірге 

«қосымша күш» ертіп келген... 

Жїк кґлігінен 17 кг. героин табылды 



Ресейдің Екатеринбург қаласында Федералдық 

қауіпсіздік қызметінің Свердлов облысы бойынша 

басқармасының қызметкерлері Қырғызстаннан келетін 

героинның жолын жапты. Бұл туралы басқарманың 

баспасөз қызметі хабарлады. 

Басқарманың  ақпаратына  қарағанда,  Қырғызстан  азаматы  өзінің 

сыбайластарымен  есірткі  əкелудің  сызбасын  дайындаған.  Сөйтіп, 

есірткінің осы күшті түрі Екатеринбургке федералды көлік компания-

сымен жеткізіліп тұрған. «Көлік компаниясының қызметкерлері тауар 

толтырылған жүк көлігінде есірткі бар деп еш күдіктенбеген де», деп 

атап өтеді арнайы қызметтегілер. Басқарма қызметкерлері жүк тиелген 

автокөлікті компанияның арнайы тұрағында күтіп алып, 33 жастағы 

Қырғызстан азаматын тұтқындаған. Тексере келгенде жүк көлігінен 

17,5 кг. героин шыққан. 

Танзаниядаєы гелий ќоры 

Ұлыбританиялық жəне норвегиялық гео-

химиктер Танзания аумағынан гелийдің 

орасан мол қорын тапқан. Шығыс 

Африка мемлекетіндегі жерасты кен ор-

нында осы элементтің 1,5 миллиард тек-

ше метр қоры бар екені белгілі болып 

отыр. 

Ғалымдар гелийді оны іздеудің арнайы дайындалған тəсілі арқылы 

табуға  қол  жеткізген.  Бұл  газ  жер  бетіне  вулкандық  белсенділік 

нəтижесінде көтеріледі екен. Сұйық гелий негізінен жоғары өткізгішті 

магниттерді суыту үшін, атап айтқанда, магнитті-резонансты томо-

графия  үшін  пайдаланылады.  Қазіргі  кезде  жылына  шамамен  220 

миллион текше метр гелий іске жаратылады. Оны сататын əлемдегі 

негізгі ірі ел АҚШ саналады. Бұл елдегі барланған гелий қоры 4,3 

миллиард текше метрді құрайды. Бірақ ол жыл өткен сайын тез азай-

ып келе жатыр екен.  



Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

«Otau  TV»  жерсеріктік  теле-

хабар тарату желісі абоненттерін 

отандық  «KazSat-3»  жерсерігіне 

көшіру жұмыстарын 2016 жылдың 

15  наурызында  бастады.  Бұған 

дейін  жерсеріктік  «Otau  TV» 

телехабар  таралымы  шетелдік 

жерсеріктен  жүзеге  асырылып 

кел ген еді. Енді ол жұмысын 2016 

жылы аяқтайды. 

–  Қазақстандық  жерсерікті 

таңдай отырып, біз отандық эко-

номиканың дамуына сеп боламыз. 

«Қазақстандық өнімді таңда!» не-

месе «Қазақстанда жасалған» – жай 

ғана патриоттық ұран емес. Əрбір 

қазақстандық  өз  болашағына, 

өс келең  ұрпақтың  келешегіне 

осылайша  үлес  қосады,  –  дейді 

«Қазтелерадио» АҚ өкілдері.

Қазақстандық «KazSat-3» жер-

серігіне көшу көрермендерге қо-

сымша  SD  арналар  көруге  мүм-

кіндік  береді.  Сондай-ақ,  ақылы 

арналар  топтамасына  қосылған 

пайдаланушылар  HD  арналарды 

тамашалай алады.  

– Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-

түкпірінен  1  миллионнан  астам 

үй  шаруашылығы  «Otau  TV» 

желісіне қосылған, ал бұл 4 мил-

лионнан астам қазақстандық үшін 

телеарналар мен радиостансалар ды 

тыңдайтын ақпарат көзі – «Оtau TV» 

жерсеріктік телерадиохабар тарату 

желісі деген сөз.  Бір жерсеріктен 

екіншісіне  көшу  үдерісі  пайда-

ланушыларымыз  үшін  барынша 

ауыртпалықсыз  өтуі  тиіс.  Яғни, 

«KazSat-3»  жерсерігінен  хабар 

таратудың техникалық талаптарына 

сəйкес, абоненттерге қондырғыны 

қайта  теңдестіруге  уақыт  жет-

кілікті болуы керек. Осыған бай-

ланыс ты  біздің  абоненттерді 

жерсерікке  көшіру  кезеңі  2016 

жылдың  наурызы  мен  қыркүйек 

айы аралығында деп белгіленген. 

Өтпелі  кезеңде  хабар  тарату  екі 

жерсеріктен  де  жүзеге  асыры-

лады.  Бұл  уақытша  шара  көшу 

ке зінде  тұтынушыларымыздың 

қазақстандық телевизиядан қағы-

лып  қалмауы  үшін  қолданылып 

отыр, – дейді «Қазтелерадио» АҚ 

Бас коммерциялық директоры Бақ-

тияр Өшірбаев.

«KazSat»  ұлттық  жүйесі  қа-

зақстандық  байланыс  опе ра тор-

ларының  қажеттіліктерін  қа-

нағаттандыру  үшін  жасалған. 

Сон   дай-ақ,  ол  еліміздің  ақпарат-

тық қауіпсіздігін нығайтып, мем-

лекеттік органдарды тəуелсіз байла-

ныс арналарымен қамтамасыз етеді. 

– «KazSat-3» жерсерігінде жиі-

ліктің  Ku-диапазонындағы  28 

транспондер  орнатылған,  олар 

Қазақстан аумағын байланыс қыз-

метімен қамтамасыз етеді. «Оtau 

TV»  қондырғысын  күйге  кел тір-

ген кезде 58,5 градусқа жаңа гео-

стационарлық  позиция  тіркелуі 

керек. «KazSat-3» ғарыш аппара-

тына барынша нақты теңдестіруге 

арқылы  сигналдың  ең  жоғарғы 

деңгейіне қол жеткізу керек. Сонда 

ғана  «Оtau  TV»  желісін  сапалы, 

үзіліссіз қолдануға мүмкіндік бо-

лады. Тағы бір айта кетерлік жəйт, 

қондырғыны  теңдестіру  кезінде 

əрбір аймақ үшін антеннаның кө-

лемі, МШУ əмбебаптығы секілді 

факторларды  қаперде  ұстаған 

жөн.  Тұтынушыларға  ыңғайлы 

болу  үшін  біз  үйрететін  матери-

алдар дайындап қойдық. Оларды 

компания сайттары мен ғаламтор 

желісінен табуға болады. Сонымен 

қатар,  абоненттер  қондырғыны 

кəсіби  түрде  қайта  теңдестіру 

үшін  дилерлерге  хабарласа  ала-

ды, – деді «Қазтелерадио» АҚ Бас 

тех никалық  директоры  Айдын 

Бəжекеев.

Мəртебені айќындайтын 

Əдеп кодексі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет