13-ДӘріс. Мінез-қҰЛЫҚ модельдері жәНЕ КОНФЛИКТІЛІК Мінез-қҰЛЫҚТЫҢ ерекшеліктері


Конфликтідегі Томас-Килман моделі



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата11.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#137348
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
13-дәріс

 
Конфликтідегі Томас-Килман моделі 
Питсбург университетінің қызметкерлері 
Кен Томас және Ральф 
Килман конфликтіні шешудің тәсілін жасады. Олардың пікірінше әр адамда
конфликтіні шешуді жөн көруді санайтын қасиет бар деп санайды. 
Томас-
Килман моделі 
конфликтідегі мінез-құлық концепциясына негізделген: 
ынтымақтасу, бәсекелестік, компромисс, бейімделу, жалтару. 
К.Томас пен Р. Килман жасаған конфликтілі өзара әрекеттесудегі жеке 
тұлғаның мінез-құлық стратегиясының екі өлшемді моделі конфликтіні 
басқаруда қолданылатын тәсіл ретінде кең тарады. Бұл модель конфликтіге 
түскен тараптардың өздерінің мүдделеріне және қарама-қарсы жақтың 
мүдделеріне бағытталуға негізделген. 
Кез-келген қақтығыста әр қатысушы өзіне: «Мен не ұтамын ...?», «Мен 
не жоғалтамын ...?», «Менің қарсыласым үшін дау тақырыбының мәні неде 
...» деген сұрақтар қоя отырып, өзінің және қарсыласының мүдделерін 
бағалайды және корреляциялайды. Әдейі түрде басқа мінез-құлық 
стратегиясын таңдайды (алып тастау, мәжбүрлеу, ымыраға келу; концессия 
немесе ынтымақтастық).
К.Томас пен Р. Килманның пікірінше, конфликтілі мінез-құлықтың 
типологиясы мінез-құлықтың екі стиліне негізделген: адамның конфликтіде 
басқа 
адамдардың 
мүдделеріне 
назар 
аударуымен 
байланысты 
ынтымақтастық және өз мүдделерін қорғауға баса назар аударумен 
сипатталатын талапшылдық. 
Осы екі негізгі өлшемге сәйкес К.Томас конфликтіні реттеудің келесі 
тәсілдерін көрсетеді:
а) басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтіріп, олардың мүдделерін 
қанағаттандыруға қол жеткізуге ұмтылыста көрінетін қарама-қайшылық 
(конфронтация) (жарысу, бәсекелестік);


ә) бейімделу (көнгіштік), бұл бәсекелестікке қарағанда, өз мүдделерін 
басқа біреудің мүддесі үшін құрбан етуді білдіреді;
б) өзара ымыраға келу арқылы конфликтіге түскен тараптардың 
келісімі ретінде ымыраға келу;
в) ынтымақтастыққа деген құлшыныстың болмауымен де, өз 
мақсаттарына жету тенденциясының болмауымен де сипатталатын жалтару 
(кету, елемеу);
г) конфликтілі жағдайға қатысушы екі жақтың да мүдделерін толық 
қанағаттандыратын және баламаға келгенде орнайтын ынтымақтастық 
Конфликтідегі қызығушылықтарды бағалау арқылы мінез-құлықтың 
сапалық сипаттамасын жасауға болады. Томас-Килман моделінде ол сандық 
параметрлермен корреляцияланады: қызығушылықтары төмен, орташа 
немесе жоғары деңгейде болады. 
Модельде конфликт жағдайын талдайды, өз мүдделеріне немесе 
қарсыластың мүдделеріне назар аудару деңгейі үш жағдайға байланысты 
екенін көрсетеді: 
1) конфликт тақырыбының мазмұны; 
2) тұлғааралық қатынастардың мәндері; 
3) жеке тұлғаның психологиялық қасиеттері. 
Сонымен қатар екі өлшемді Томас-Килман моделін үшінші өлшеммен 
толықтыруға болады яғни тұлғааралық қатынастар мәнімен (MЛO) 
толыктырамыз. 
Томас-Килманның моделі конфликтіні реттеудегі өте ыңғайлы 
классикалық инструмент болып саналады. Авторлар 30 жұп пікірден тұратын 
сұрақнама жасады, нәтижесінде сыналушы үшін қай тәсіл конфликт 
барысында тиімді болатыны анықталады.
Моделде конфликтіге деген мүмкін болатын 5 бағытты көрсетеді,
әдетте оларды екі өлшемді матрицада береді, вертикаль осьте талапшылдық, 
ал горизонталь осьте - ынтымақтастыққа бейімділік көрсетіледі. Төмендегі 
кестеден конфликт жағдайындағы мінез-құлықтың стратегиялары берілген 
Стратегия 
Сипаттамасы 
Дұрыс қолдану үшін 
мысалдар 
Қашу 
Конфликтіге 
кіргіңіз 
келмейді, сондықтанда
сіз болып жатқанды 
тоқтатасыз 
немесе 
елемейсіз 
Бір немесе бірнеше 
тарапқа 
жағдайды 
тыныштандыруға 
немесе 
қарастыруға 
уақыт қажет болғанда 
Жағдай үлкен маңызға 
ие болмаған кезде 
Бейімделу 
Сіз өзіңіздің қызығу -
шылықтарыңыздан 
бас 
тартасыз, риясыз әрекет 
етесіз, 
бұйрыққа 
Сіз жаңа дағдыларды 
үйренесіз, сіз үшін
жағдай өте маңызды 
емес 


бағынасыз 
Компромисс 
Екінші 
тараппен 
тез 
келісімге 
келу 
үшін 
аралық нұсқаны табасыз 
Бұл тәсілде шешім 
уақытша. 
Мәселе орташа мәнге 
ие 
Конфронтация 
Сіз мұны өз қалауыңыз 
бойынша 
жасағыңыз 
келеді және ол екінші 
жағынан 
қалай 
өтіп 
кететіні маңызды емес 
Жаңа клиентпен келі -
сімшарт 
жасау 
қажеттілігі (клиентпен 
емес 
басқа 
қызмет 
жеткізушілермен 
қақтығысу) 
Жылдам шешім қажет 
Ынтымақтасу 
Сіз екі тараптың да 
мүдделерін ойлайсыз Сіз 
ұзақ уақыт жұмыс істеуге 
және дұрыс шешім табуға 
дайынсыз 
Ұзақ 
мерзімді 
шешімдерді 
жүзеге 
асыру кезінде 
Сізге әуес болған кезде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет