№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


-параграф. Сүймен (МЕМСТ 1405)



Pdf көрінісі
бет18/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57

14-параграф. Сүймен (МЕМСТ 1405)

463. Болат сүймендер құрылыста құрылыстық-монтаждау, такелаждық жəне басқа да жұмыстар өндірісінде 

пайдаланылады.

464. Сүймендер пайдалануына қарай, келесі түрлерде жасалуы керек:

1) сүймен-шеге суырғыш –қалыптар жасау балташылық жұмыстар өндірісінде шегелерді суыру үшін;

2) монтаждау сүймені – ғимарат пен құрылыстардың құрама құрылыс конструкциялары элементтерінің орнын 

ауыстыру жəне орнату, такелаждық жұмыстар үшін.

465. Əрбір сүйменнің бетінде болуға тиіс:

1) кəсіпорын –шығарушының сауда белгісі;

2) сүйменнің түрі жəне түр-өлшемі. 

466.  Түр-өлшемі  бірдей  сүймендерді  будалап,  МЕМСТ 3282 бойынша  төменгі  көміртекті  болат  сыммен  екі 

жерден буады.

467. Сүйменнің бетіндегі жабынының бүлінуін болғызбау үшін, сымның астынан қалың қағаз төселеді. Сүйменнің 

будалары орны жылжымайтын болуы тиіс.

468. Тұтынушымен келісе отырып, тасымалдау жəне сақтау кезінде сүймендерді механикалық бұзылудан жəне 

тот басудан сақтауды қамтамасыз ететін басқа орама пайдалануға болады.

469. Сүймелершатыр астында жəне жабық қоймаларда сақталады.

15-параграф. Шот балға

470. Шот балға – қолға ұстайтын құрал-сайман, сабына перпендикуляр бір жағында (кейде екі жағында) өткір жүз 

орнатылған ұзын жалпақ балға. Балғаның екінші жағы мұқалған жəне бірдемені жұлып алуда рычаг ретінде пайда-

ланылады. Шот балғаның ұзындығы 20 сантимертдан 130 сантимертге дейін, балғаның ұзындығы 7 сантимертден 

30 сантимертге дейін болады. Əдетте балға қатты металдан, ал сабы ағаштан немесе қатты емес жəне жеңілдеу 

металлдан жасалады. Тау кенін алу жəне туннель, шахталарды қазу үшін пайдаланады.

471.  Осы  стандарттың  талабына  қарай  жасалған  стандарттарда  немесе  басқа  нормативтік-техникалық 

құжаттарда, МЕМСТ 14192 бойынша, ыдысты сипаттайтын таңбалау жəне көліктік таңбалау қарастырылуы қажет.

472. Жəшіктер қоймаларда немесе шатыр қалқа астында сақталу керек. Жəшіктерді төсемнің үстінде қатарлап 

су өткізбейтін материалмен (брезентпен, полиэтиленді пленка) жауып сақтауға рұқсат етіледі.

473. Жерге төселген төсемнің биіктігі 100 миллиметрден кем болмауға тиіс. Қатардың биіктігі 8 метрден аспау 

керек.


474. Əрбір жəшікке МЕМСТ 14192 талаптары бойынша ыдысты жəне оның ішіндегіні сипаттайтын таңба қойылады: 

тауар таңбасы жəне осы стандарттың белгісі.

475. Шот балғалар шатыр астында жəне жабық қоймаларда сақталады.

16-параграф. Зіл балға (МЕМСТ 11401, 11435)

476. Ұстаның доғал тұмсықты зіл балғаларын қамтиды жəне конструкциясымен өлшемін белгілейді.

477.  Жəшіктерді  сай  қалқандар  жинағында  немесе  бөлшектерін  пакеттерде  немесе  жиналған  түрде  тасы-

малдайды.

478. Жəшіктердің қалқанын немесе бөлшектерін бөлек дайындайды: жақтауы, жанының жақтары, түбі жəне 

қақпағы. Планкасын еселі немесе дара ұзындықта дайындайды. Тұтынушының келісімімен жақтау жəне жанының 

қабырғаларының, беті жəне түбінің тақтайларын еселі ұзындықта жасауға рұқсат етіледі.

479. Еселі ұзындықтағы аспақ жəне ағаштардың əр қайсында 5 миллиметр кесуге қосылады.

480.  Жəшіктер  қоймаларда  немесе  қолқа  астында  сақталу  керек.  Жəшіктерді  төсемнің  үстінде  қатарлап  су 

өткізбейтін материалмен (брезентпен, полиэтиленді пленка) жауып сақтауға рұқсат етіледі.

481. Жерге төселген төсемнің биіктігі 100 миллиметрден кем болмауға тиіс. Қатардың биіктігі 8 метрден аспау 

керек.


482. Əрбір жəшікке ыдыстың жəне оның ішіндегіні сипаттайтын таңба тауар таңбасы жəне стандарттың белгісі 

қойылады.

483. Зіл балғалар шатыр астында жəне жабық қоймаларда сақталады.

17-параграф. Құбыржол тиектік арматура (МЕМСТ 9544)

484. Тиектік арматура - өндірістік құбыржол арматурасы, жұмыс ортасының ағынын жабуға арналған.

485.  Осы  стандарт,  қысымы  РН 0,1 МПа  бастап  құбыржол  тиектік  арматураның  бар  түріне  қамтиды  жəне 

сұқпалардың герметикалық жəне топтардың саңылау өткізбеу мөлшерін, сонымен қатар сыналатын заттың кему 

шегі жəне құбыржол арматурасының барлық түрін сынағанда жəне қабылдау-тапсыру кезінде герметикалық сынақ 

өткізуде нормаларды белгілейді.

486. Құбыржол тиектік арматура шатыр астында жəне жабық қоймаларда сақталады.

10. Төсек-орын жабдықтары жəне кереуеттер

1-параграф. Матрац (МЕМСТ 5679)

487. Жүн – мамық жартылай фабрикатпен толтырылып өндірілген, өндірістік – тұрмыста қолданылатын заттарға 

жəне əскери қызметкерлерге арналған бұйымдарға пайдаланылатын мақта-мата киімдік жəне жиһаздық мақтаға 

қолданылады.

488. Мақта-мата мақтасы осы стандартта белгіленген тəртібіне қарай, технологиялық режиміне, талаптарына 

сай дайындалуы қажет.

489.  Мақтаның  əрбір  бумасы  түрлі-түсті  жуылмайтын  бояумен  немесе  нұсқауы  бар  заттаңба  қағазбен 

таңбалануы керек:

1)кəсіпорын - əзірлеуші аты немесе оның сауда белгісі; 

2) мақтаның түрі; 

3) буманың таза салмағы (килограмм); 

4) тауарлар топтамасының нөмірі; 

5) осы стандарттың белгісі.

490. Бұйым оралған күйінде жабдықтаушының немесе тұтынушының бұйымның сапасын қамтамасыз ететін 

жабық, құрғақ, желдетілетін қоймаларында, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай, ауаның жəне топырақтың дымқылының 

əсерін болдырмайтын табандықтарда немесе сөрелерде сақталады.

491. Бұйымдарды өзгеше иісі бар заттармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

492. Қаптар немесе бумалар сөрелерде, рейкаларда жатуы тиіс.



2-параграф. Көрпе (МЕМСТ 9382)

493. Тұрмыста пайдаланатын таза жүн жəне жартылай жүн көрпелерге қолданылады. 

494. Стандарт əскери ассортименттегі көрпелерге қолданылмайды. Таза жүн көрпелердің мөлшерлік ылғалы 

13% болуға тиіс. 

495. Көрпелер өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай, кірлеуден, механикалық бұзылудан, күн сəулесінің əсерінен 

сақтайтын құрғақ, желдетілетін бөлмеде сақталуға тиіс.

496. Көрпелерді табандықтарда жəне стеллаждарда еденнен 20 метр қашықтықта орналастыру қажет. 

3-параграф. Жастық (МЕМСТ 5679)

497. Жүн–мамық жартылай фабрикатпен толтырылып өндірілген, өндірістік – тұрмыста қолданылатын заттарға 

жəне əскери қызметкерлерге арналған бұйымдарына пайдаланылатын мақта-мата киімдік жəне жиһаздық мақтаға 

қолданылады. 

498. Мақта-мата мақтасы осы стандартта белгіленген тəртібіне қарай, технологиялық режиміне, талаптарына 

сай дайындалуы қажет. 

499.  Мақтаның  əрбір  бумасы  түрлі-түсті  жуылмайтын  бояумен  немесе  нұсқауы  бар  заттаңба  қағазбен 

таңбалануы керек: 

1) кəсіпорын - əзірлеуші аты немесе оның сауда белгісі; 

2) мақтаның түрі; 

3) буманың таза салмағы (кг); 

4) тауарлар топтамасының нөмірі; 

5) осы стандарттың белгісі.

500. Бұйым оралған күйінде жабдықтаушының немесе тұтынушының бұйымның сапасын қамтамасыз ететін 

жабық, құрғақ, желдетілетін қоймаларында, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай, ауаның жəне топырақтың дымқылының 

əсерін болдырмайтын табандықтарда немесе сөрелерде сақталады.

501. Бұйымдарды өзгеше иісі бар заттармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

502. Қаптар немесе бумалар сөрелерде, рейкаларда жатуы тиіс.

503. Кепілденген сақтау мерзімі – дайындалғаннан бастап 1 жыл.

4-параграф. Жастықтыс (МЕМСТ 1013)

504. Барлық дайын тігін бұйымдары жатады (төсек-орын жабдықтары).

505.  Жастықтыс – бір  жағындадағы  тысына  қарағанда  түймелігі  немесе  қақпақшасы  бар,  жастыққа  (сыртқы 

жастықтыс) немесе мамыққаптар (ішкі жастықтыс) немесе төсекке кигізілетін төсек-орын жабдығы.

506. Бұйым жабық қоймаларда сақталып, күн сəулесінің түсуінен, ауаның əсерінен қорғалуы тиіс. 

507.  Ілінген  немесе  бүктеліп  əкелінген  бұйым  өткізгенге  дейін  тұтынушы  ыдысында  немесе  қағазға  немесе 

қағазсыз бумаланған күйінде стеллаждарда ілінген күйлерінде сақталу керек.

508. Еден мен стеллаждың соңғы сөресінің ара қашықтығы 0,2 метр, ішкі қабырға мен бұйымға дейін – 0,2 метр, 

жылыту аспабы мен бұйымға дейін - 1 метрден кем емес, стеллаждардың арасы – 0,7 метрден кем болмауға тиіс. 

509. Дайын бұйымдарды таңбалағанда мыналарды пайдалану керек:

1) тауар заттаңба қағазы;

2) тауар белгісі бар таспа;

3) таңба;

4) бақылау таспасы.



5-параграф. Ақ жайма (МЕМСТ 1013)

510. Барлық дайын тігін бұйымдары жатады. 

511. Ақ жайма - түрі тік бұрышты немесе тыс ретінде жатын орынға төсем үшін пайдаланылатын төсек-орын 

жабдығы.


512. Бұйым жабық қоймаларда сақталып, күн сəулесінің түсуінен, ауаның əсерінен қорғауы тиіс. 

513.  Ілінген  немесе  бүктеліп  əкелінген  бұйым  өткізгенге  дейін  тұтынушы  ыдысында  немесе  қағазға  немесе 

қағазсыз бумаланған күйінде стеллаждарда ілінген күйлерінде сақталу керек. 

514. Еден мен стеллаждың соңғы сөресінің ара қашықтығы 0,2 метр, ішкі қабырға мен бұйымға дейін – 0,2 метр, 

жылыту аспабы мен бұйымға дейін - 1 метрден кем емес, стеллаждардың арасы – 0,7 метрден кем емес болмауға тиіс. 

515. Дайын бұйымдарды таңбалағанда мыналарды пайдалану керек:

1) тауар заттаңба қағазы;

2) тауар белгісі бар таспа;

3) таңба;

4) бақылау таспасы.



6-параграф. Бөлшектелетін металл кереует (МЕМСТ 2056)

516. Əскери қызметкерлерді стационарлық жəне уақытша үйлерде, сонымен қатар жабық жүк теміржол вагон-

дарына орналастыруға арналған бөлшектелетін əскери металл кереуеттер жатады. 

517. Əрбір кереуетте дайындаушы кəсіпорын атауы, бедерлі штамптауы бар таңбалау немесе рамасы арқалығына 

бойлай қойылған тауар белгісі жəне арқалығында дайындалған жылдың соңғы екі жылы цифрмен жазылған жəне 

арқалығын бойлай жуылмайтын бояумен техникалық бақылау штампы болуы керек. 

518. Кереует арқалығын орау қағазымен іске асу қажет. Қағазды буу шпагатымен бекітеді. 

519. Кереуеттің əрбір тобы сапасы жайындағы нұсқауы бар құжатпен жіберіледі: 

1) дайындаушы кəсіпорын атауы жəне оның тауар белгісі; 

2)топтағы бұйымның саны мен атауы;

3) құжаттың берілген күні мен оның нөмірі; 

4) техникалық бақылау бөлімінің штампы;

5) осы стандарттың белгілері.

520. Кереуеттер ауаның ылғалдығы 75% аспайтын құрғақ, жабық бөлмелерде сақталуға тиіс, қышқыл жəне 

басқа  да  химиялық  белсенді  заттарды  қоса  сақтауға  рұқсат  етілмейді.  Сақтау  шарты  МЕМСТ 15150 бойынша 

сақтау тобына сай болуы қажет. 



11. Киім

1-параграф. Жылы күрте (МЕМСТ 24912)

521. Жылы күрте - осы стандартқа арнайы киімге арналған күрте мен шалбардан тұратын қыстық костюм жатады. 

522. Костюмдер өздерінің міндетіне қарай екі түрде дайындалу керек:

А - алынатын жылы астарымен; 

Б- астарсыз.

523. Тапсырыс берушінің келісімімен басқа материал пайдалануға болады. 

524. Костюмдер жабық, желдетілетін бөлмеде жылыту аспаптарынан 1 метр қашықтықта сақталу керек. 

2-параграф. Жылы шалбарлар (МЕМСТ 24912)

525. Арнайы киімге арналған күрте мен шалбардан тұратын қыстық костюм жатады. 

526. Костюмдер өздерінің міндетіне қарай екі түрде дайындалу керек:

А - алынатын жылы астарымен; 

Б- астарсыз.

527. Тапсырыс берушінің келісімімен басқа материал пайдалануға болады. 

528. Костюмдер жабық желдетілетін бөлмеде жылыту аспаптарынан 1 метр қашықтықта сақталу керек. 

3-параграф. Тері қолғаптар (МЕМСТ 19137)

529. Тері қолғаптар - осы стандартқа тері астарлы биялай мен қолғаптар, сонымен қатар əскери қызметкерлерге 

арналған жиегі тері астарлы қолғаптар жатады. 

530. Тапсырыс берушінің талабы бойынша сапасы басқа материалдар пайдалануға болады. 

531. Биялай мен қолғаптар топтамамен қабылданады.

532.  Топтамаға  өндірістік  бір  технологиямен  белгілі  бір  кезең  мерзімінде  дайындалған,  бір  сапа  құжатымен 

рəсімделген өнімнің жиынтық бірлігі жатады.

533. Тапсырыс беруші қолғаптың сапасын тексеруді ішін ара іске асырады. 

534. Тексеру шамасы топтың 10% құрайды.

535. Биялайдың сапасын тексеру тапсырыс берушінің барлығын тексеріп шығуы арқылы іске асады. 

536. Тапсырыс беруші өкілінің биялай мен қолғаптың сапасын тексеруі жəне қабылдауы жабдықтаушы өкілінің 

қатысуымен жүргізіледі. 

537. Тапсырыс беруші таңдалып алынған өнімдерден сыртқы түрінің үлгі – эталонымен сəйкестігін пайдаланған 

материалын, технологиялық операцияның, орау жəне таңбалаудың дұрыс жасалғанын тексереді.

538.  Биялай  қораптары  жəне  қолғап  бумалары  МЕМСТ 10350–81 бойынша  фанера  жəшіктерге  салынады. 

Жəшікке МЕМСТ 9569–79 бойынша парафинделген қағаз төселеді. Жəшікке МЕМСТ 16106–82 бойынша 60 – 80 г., 

МЕМСТ 24370–80 бойынша қағаздан жасалған пакеттерге оралған парафин салынады. 

539. Қолғаптар жабық желдетілетін бөлмеде сақталу керек. 



4-параграф. Керзі етік (МЕМСТ 19137)

540.  Армия  мен  флоттың  қатардағы  жəне  офицерлік  құрамының  əскери  қызметкерлеріне,  курсанттар  жəне 

училищенің тəрбиеленушілеріне арналған юфті аяқ киімі жəне аяқ киім дайындау үшін аяқ киім пішу жинағы жатады.

541. Аяқ киім осы стандарт талабына сай технология жəне белгілі тəртіпте бекітілген үлгі – эталоны бойынша 

жасалуға тиіс. 

542. Қалыптардың фасоны,даяр үлгілер жасап шығарушы мен тұтынушылар арасында келісілуі керек. 

543. Аяқ киімнің келесі түрлері шығарылады: етіктер, қысқа етіктер, шегеленген, шегеленіп-желімделген жəне 

құю əдісімен бекітілген бəтеңкелер.

Тұтынушының  талабы  бойынша  аяқ  киімнің  басқа  түрлерін  жəне  бекіту  түрлерінде  бекітілген  үлгіге  сай 

дайындауға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар тұтынушының талабы бойынша аяқ киімнің басқа өлшемі, жапақтығы, өте жалпақ жəне бекітуі 

орташа жалпақ құю əдісімен жасалған етіктерді жасауға рұқсат етіледі.

544.  Əрбір  етіктің  жұбы  осы  стандарттың  талабы  бойынша  сыртқы  түрін  тексеріледі(өрнегі,  тұтынушымен 

келісілген қалып фасоны жəне өкшесі, аяқ киім үстінің материалы, аяқ киімнің үсті жəне астының өңделуі, таңбалау). 

545. Аяқ киім жəне аяқ киім бөлшектерінің жиынтығы жасап шығарушымен жəне тұтынушының температура-

сы 14ºС төмен емес жəне 25ºС жоғары емес жəне ылғалдылығы 50 - 80% қоймалар бөлмелерінде сақталу қажет. 

Аяқ киімдерді ауа ылғалдылығы 80% жылытылмайтын құрғақ бөлмелерде сақтауға рұқсат етіледі. 

546.  Аяқ  киім  жəне  аяқ  киімнің  үстіңгі  жəне  астыңғы  бөлшектерінің  жиынтығы  стеллаждарда  немесе  ағаш 

төсемдерде  биіктігі 1,5 метр  (картон  қораптарда); 4,5 метр  (гофрирленген  картон  жəшіктерде); 5,0 метр  (ағаш 

жəшіктерде) қатарланып сақталады. 



12. Ыдыс

(үлкен миска, шағын миска, саптыаяқ, қасық, асхана бачогы, 

асхана шəйнегі, ожау, плитаға қоятын бачок)

(МЕМСТ 17151–81,МЕМСТ Р 51016)

547. Ыдыстар құрғақ таза жабық бөлмелерде сақталу қажет. Ыдыстарды сілтілер, қышқылдар жəне шаңдалатын 

заттар бар бөлмелерде сақтауға тыйым салынады. 

548. Бұл стандартқа электр қыздырғышы бар ыдыстар жатпайды. 

549. Əрбір жылтыратылған, лакталған бұйым, электрхимияланған бұйымдар (анодирленген жайпақ табақтар, 

табақтар, нан салғыштардан басқа), эмальданған, безендірілген, өрнектелген жəне еселенген, ажарланған шай-

нектер мен кофе шайнектер нормативтік – техникалық құжаттар бойынша қағазға немесе МЕМСТ 10354 бойынша 

полиэтилен пленкаға оралады жəне МЕМСТ 7933 бойынша жеке картонға немесе МЕМСТ 7376 бойынша гофрир-

ленген картонға салынады. Сырты силикатталып эмальданған бұйымды қағазға орамай қорапқа немесе полиэтилді 

пленкаға салуға, қыры конус формалы жəне қақпақсыз жəне арматурасыз жасалатын күюге қарсы жабындалған 

эмальданған бұйымдар, тот баспайтын болатпен плакирленген бұйымдар 20 данадан асырылмай тізіліп бумаға 

буып-түйіледі. Бумадағы əр бұйым нормативтік – техникалық құжаттары бойынша қағазға оралып, бума МЕМСТ 

8273 бойынша А,В маркалы тығыз екі қабатталған орама қағазға оралады. Бума жəшікке салынып, бос орындар 

қағазбен тығыздалады. 

Бұйымдарды  полиэтилен  пленкалы  пакеттерге  салып,  қалқасы  бар  жəшіктер  немесе  контейнерлерге  орна-

ластырылады. 

550. Тұтынушының келісуі бойынша тасу жəне сақтау кезінде бұйымдардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз 

ететін басқа орау материалдарының түрлерін пайдалануға рұқсат етіледі.

551.  Ораған  кезде  бұйымның  қақпағы  мен  корпусы  арасына,  қақпағында  резеңкелік  аралық  қабаты  бар 

бұйымдардан басқа, қағаз немесе полиэтилен пленка салынады.

Тұтынушының  келісуі  бойынша бұйымның  тұтқасы  бөлшектелген болса, олар  бөлшектелген күйінде орала-

ды. Тұтқалары мен бекіту бөлшектері қағазға немесе полиэтилен пленкаға оралып, бұйымның ішіне салынады.

Тасуға оңай болу үшін, қораптардың салмағын 15 килограмм асырмай байлауға рұқсат беріледі. 

552. Анодирленген табақтар, ыдыстар, нан салғыштар 25 данадан буылады, МЕМСТ 8273 бойынша қағаз са-

лынады. Бума екі қабатты қағазбен оралады жəне МЕМСТ 17308 бойынша шпагатпен буылады.

354. Мазут аз қауіпті өнім, адам ағзасына əсер етужəрежесі бойынша қауіптілігі 4 класты.

355. Таралуының жұмыс аумағындағы ауада 300 мг/м³ көмірсутекті будың шекті рауалы концентрациясы.

356.  Отындық  мазутты  техникалық  жөнделген  жəне  жекеленген  металл  немесе  темір  бетонды 

сыйымдылықта  сақтайды.Ерекше  жағдайда  отындық  мазутты  пайдаланылатын  ресурстармен  бірге 

сыйымдылығында сақтайды. 

357.  Өнімнің  тығыздығы  нақты  температурада  бекітілген  калибрік  кесте  бойынша  отындық  мазуттың  тауар 

түбіндегі сусыз көлеміне көбейтіліп, резервуардағы отындық мазуттың саны анықталады.

Нақтылы отындық мазуттың қолда бары əрбір айдың бірінші күні анықталып, актімен рəсімделеді.Өнімнің нақты 

бары,қорытындысы бухгалтерлік есеппен салыстырылады,сонымен қоса бухгалтер есеп кітапшасына белгіленеді.

358. Материалдық жауапты адам күнделікті отындық мазут сақталатын резервуардың техникалық жағдайын, 

өнімді жəне құрылғылардың сақталуын тексереді.Егер ақауы болса, тез арада орнына келтіреді.

359. Отындық мазуттың барлық маркасы 5 жыл сақталады.

9. Материалдар мен жабдықтар

1-параграф. Балқытылған сым (МЕМСТ 2246)

360. Қолданылу мақсатының қарай сым: балқытуға жəне электродты дайындауға арналған деп бөлінеді.

361. Сымның мақсаты тапсырыста ескертілуі керек. Əрбір оралған орам жұмсақ сыммен орампериметрі бой-

ынша біркелкі қашықтықта үш жерден байланады.

362. Бір партия оралған сымды шығанаққа байлауға болады. Бір орам сым немесе шығанақтың салмағы 80 

килограммнан  аспауы  керек.  Тұтынушымен  келіскенде  оралған  сым,не  шығанақтың  салмағы 80 килограммнан 

артуына рұқсат етіледі.

363. Əрбір орамға (шығанақ, шарғы, құндұқ) металл заттаңба бекітіледі, онда мыналар көрсетіледі:

1) дайындаған кəсіпорнының тауар белгісі, не атауы;

2)сымның шартты белгісі;

3) партия нөмірі;

4)техникалық бақылаудың таңбасы.

364.  Əрбір  орам  (шығанақ,  шарғының)  диаметрі 0,5 миллиметржəне  төмен  сым  қағаз  қабатымен  тығыз 

байланып,МЕМСТ18617бойынша ағаш жəшікке немесе (металдан, картоннан, пластмассадан) жасалған нормативтік 

техникалық құжат бойынша салынады.

365.  Əрбір  орам  (шығанақ,шарғы) 0,5 миллиметр  диаметрімен  қағаз  қабатымен,  онан  соң  полимер 

пленкамен,мата емес материалмен немесе химиялық талшықпен оралады.

366. Механикалық орауда əрбір орам МЕМСТ 10396 бойынша қағазға бекітілген қабатпеннемесе КМВ-170 мар-

калы қағазбен немесе басқа бекітілген бара-бар қорғайтын қасиеті бар бекітілген қағазбен немесе МЕМСТ 3282 бір 

мезгілде бекіте отырып сыммен немесе өзге сыммен оралады.

367. Орама материалдарретінде қолданылатындар:

1) парафинделген қағаз(екі қабатты короозиядан қорғайтын қағаз);

2) полимер жəне басқа да пленкалар;

3)  тоқыма  өнеркəсібінің  қалдықтарынан  тігілген  лентасы  бар  желімделген  кенеп  мата  немесе  нормативтік 

техникалық құжат бойынша химиялық талшықты материалдар.

368. Сымды полиэтилендік пленкаға орауға рұқсат етіледі, ал жоғарғы қоспалы сымды- мата емес материалмен 

жəне қағаз қабатсыз химиялық талшықпен оралады.

369. Сымды ораудың түрі үлкен габаритті катушкадан үлкен салмақты оранды мен бухтадан тұтынушының 

сұрауы бойынша жасалады.

370. Қатты ыдыста оралған орам сымды металды құлақша қағаз этикеткамен жапсырып орайды.

371. Сымды дайындап шығарушы тұтынушының келісімімен шарғының салмағы 1 тоннаға дейін тасуға рұқсат 

етіледі.


372. Сым жабық қоймада сақталады.

2-параграф. Гидравликалық домкрат (МЕМСТ Р 53822)

373.  Гидравликалық  домкрат-ауыр  нəрсені  жоғары  көтеріп,  түсіретін,қозғайтын  əр  түрлі  жүктерге  арналған 

зат.Оның жұмыс принципі қозғалтқышты сорғысының сұйықтық қысымы арқылы жүзеге асады.Домкрат əр түрлі 

өнеркəсіп,  өндіріс,  жеке  жөндеу  стансаларымен  қоса  ірі  компаниялар  жұмысында  пайдаланады.  Домкрат  АТҚ 

жөндеу жұмыстарында жеке техникалық көрсету орындарында бір бөлігін көтеруге арналған. Оның стандартынегізгі 

параметрін, техникалық талаптарды жəне сынақ əдісінбелгілейді.

374. Гидравикалық домкраттың екі түрі жасалады:

1) гидравликалық домкрат бір тығынжылмен;

2) гидравликалық домкрат екі тығынжылмен.

375.  Резервуарды  тасымалдағанда  жұмыс  сұйықтықтың  ағып  кетпеуі  үшін  жəне  шөлмектегі  домкратты  тік 

жағдайда ұстауды естен шығармау керек.

376. Кез келген құрал сияқты гидривикалық домкратқа да қызмет көрсетіліп тұру қажет,яғни жұмыс цилиндріне 

гидравликалық сұйықтық құйып отыру талап етіледі, өйткені пайдалану кезінде сальниктен жəне тығызданғыштан 

ағып кетпеуін қадағалап отыру қажет.

377. Гидравликалық домкратты ылғалды жерде сақтауға болмайды,себебі цилиндрдің үстінде тоттану пайда 

болып,цилиндр жұмыс істемей қалады.



3-параграф. Компрессордың пневмоқұбыршегі (МЕМСТ 18698)

378. Компрессордың пневмоқұбыршегі – арынды резиналық майысқақ түтікті маталы қаңқалы, қысым арқылы 

суық,  қалыпты  аудандарда,тропикалық  климатта  сұйықты,  қаныққын  буы,газды  жəне  сусымалы  материалды 

жіберетін иілгіш құбыр.

379. Газ дəнекерлеуге жəне металл кесуге,автомобиль, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыруда 

жəне  арнайы  қызметте  құбыржең  стандарты  таратылмайды.  Құбыржең -25º-тен +25º температурасы  бар 

ғимараттарда сақталады жəне жылу тарататын аспаптардан 1 метр қашықтықта орналастырылады.

380. Құбыржең күн сəулесі түсетін жерде жəне мата қаңқаны,резинаны бұзатын жерлерде болмағаны жөн.

381.  Құбыржең  жұмыс  істеп  тұрған  радиоэлектрондықондыларға  жақындатпау  керек,себебі  олардан  озон 

бөлінеді,сондай-ақ жасанды жарық шығаратын, ултрофиалеттік сəуле шығаратын жерлерде сақтауға болмайды.

382. Құбыржеңді қатты қысымды жəне сақтау кезінде жұмысшы ортада сақтауға жəне қолдануғатыйым салынады.

383. Құбыржең төменгі температурада, түзу жазылған күйде сақталады.



4-параграф. Шой балға (МЕМСТ Р51376.5, МЕМСТ 17770)

384. Пневматикалық шой балға қатты жəне қатып қалған топырақты, ғимаратты кірпіш қабырғаларын, ойықтарды, 

мұзды бұзғанда, қатты көмірді ұсатқанда,жұмсақ рудаларды, қатпарлы тастарды үгітуге жəне басқа құрылыс, тау-

кен жұмыстарына арналады.

385. Пневматикалық шой балға ұзақ уақыт консервациялық түрде сақталуға тиіс, ал уақытша-сыртқы консер-

вация алынып тасталуы мүмкін.

386. Пневматикалық балға кез келген көлік түрімен тасымалданады.

387. Пневматикалық балға құрғақ,жабық ғимараттарда сақталады.

388. Контейнерлік тасымалдауда жəшікке салынбаған жағдайда механикасын бұзылмауын сақтайтын шара-

ларды орындау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет