№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


-параграф. МТ-16П майы (МЕМСТ 6360)



Pdf көрінісі
бет20/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57

6-параграф. МТ-16П майы (МЕМСТ 6360)

318. МТ-16П майы – жалындау шектері 483K (210ºC) тан төмен емес, өздігінен жану 613К (340ºС) температу-

расын көрсететін тұтқыр жанғыш сұйықтық болып табылады. 

319. Белгілік квалификация жүйесінің негізі қылып кинематикалық тұтқырлықпен мұнайөнімінің пайдалану си-

паттамасы алынады.

320. Белгілеу «сызықша» белгісі көмегімен бөлінген, белгілі бір кезекпен орналасқан белгілер топтарынан тұрады. 

321. МТ-16П майы - азулы, адам ағзасына қауіп төндірмейді, ауа кеңістігінде жəне нəріз суында, өзге заттар 

мен факторлар болғанда токсинді қосылғылар өршуін түзбейді. 

322. Өндіріс ғимаратындағы ауада көмірсутек буының шекті рауалы концентрациясы – 300 мг/м³.

323. Сақтау мерзімі шығарылған күнінен бастап 5 жылға дейін.



7-параграф. Гидравликалық майлар (МЕМСТ 18613)

324. Гидравликалық майы көтеруге арналған құралдарда, басқару жүйесінің гидравликалық жетегінде келтіріп 

жəне  қосымша  құрылғыларда  қолданады.  Бұл  май  гидравликалық  жетектерде  жұмыс  элементі  болып  табыла-

ды, ол тағы артық жылулықты алады, үйкелетін детальдарды тозудан сақтайды жəне ластану өнімдерін жояды.

325. Гидравликалық майын көптеген түрлі техника келесі түрлеріне қолданады: теңіз техникасына, ұшқыш əуе 

аппараттарына, су көліктеріне, машиналар мен құрылғылардың амортизаторлы жəне гидротормоздық бөліктеріне 

жəне  гидравликалық  жетектерде,  түрлі  машиналар  мен  құрылғылардың  май  айналысы  берілісі  мен  жүйесінде 

өндірістік құралдарының негізгі бөлігі болып табылатын құрылғыларда қолданылады. 

326. Гидравликалық майларының белгісі бірнеше, соның ішінде ең алғашқы белгі МГ (минералды гидравликалық) 

деген əріптен басталатын, топтардан тұрады; екіншісі – кинематикалық тұтқырлықты сипаттайтын цифрлар; үшіншісі 

– пайдалану қасиеттеріне қарай майлар топтарына жататынын білдіретін əріптер.

327. Гидравликалық майлар 40ºС температурадағы кинематикалық тұтқырлығына қарай сыныптарға, пайдалану 

қасиеті жəне құрамына қарай А, Б, В топтарына бөлінеді.

328. Барлық топтардағы гидравликалық майларға қоюлататын жəне көпіруге қарсы қоспа қосылуы мүмкін.

329. Кепілді сақтау мерзімі шығарылған күнінен бастап 5 жылға дейін.

8-параграф. Жағармай

330. Жағармай материалдары – көлік техникасының үйкеліс түйінінде, индустриалды машинамен механизм-

де жəне тұрмыста тұрғыдағы үйкеліс əсерінен тозуды төмендетуге қолданылатын қатты, иілімді, сұйық жəне газ 

тəрізді зат.

331. Созылмалы жағармайлар атауы бір сөзден құралуы керек. Бір жағармайдың əр түрлі модификациясы үшін, 

атауға қосымша əріптік немесе цифрлық индекс қолдануға рұқсат етіледі.

332. Жағармайдың атауы оның қолданылуын, құрамын жəне сипатын мінездейді. 

Атау  келесі  көрсетілген  жəне  белгіленген  бес  əріп  жəне  сан  көрсеткіштерінен  тұрады:  топтар  (кіші  топтар) 

жағармай мақсатына қарай, қойылтқыштар, қолдануға ұсынылған температура интервалы, дисперсиялық орта, 

жағармай консистенциясы.

333. Жағармайлар консистенциясы, құрамына жəне қолдану аумағына қарай жіктеледі. 

334.  Жағармайларды  консистенциясы  жағына  қарай  жартылай  сұйық,  иілімді  жəне  қатты  болып  бөлінеді. 

Дисперсиялық  ортадан,  дисперсиялық  фазадан  қоспалар  мен  қосылымдардан  тұратын  иілімді  жəне  жартылай 

сұйық жағармайлар коллиодтық жүйе болып табылады. 

335. Жағармайлар құрамы бойынша төрт топқа бөлінеді:

1) сабынды жағармай қоюланғыштық сапасында алу үшін қолданылған жоғарғы карбон қышқылдарын (сабын). 

Катионды  ЖЖМ  жағармай  сабынының  анионына  тəуелділікте  кəдімгі  жəне  кешенді  (кальцийлі,  литийлі,  барий, 

алюминий жəне натрийлі) болып бөлінеді.

2) биорганикалық жағармай алу үшін қоюланғыш сапасын алу үшін жоғарғы диспериалды жылуы тұрақты меншікті 

беті биорганикалық заттаржақсы дамыған пайдаланылады болып келеді. Оларға силикагельді, бентонитті, графитті, 

асбесті жəне басқа жағармайлар жатады.

3) органикалық жағармайлар алу үшін термикалық тұрақты, жоғарғы дисперсиялы органикалық заттар пайдала-

нады. Оларға полимерлі, пигментті, полимочевинолы, күйесін жəне басқа жағармайлар жатады. 

4) полимерлі майлаудын сапасын алу сапаны алу үшін (петролатум, церезин, парафин, озокеритжəне əр түрлі 

табиғи жəне синтетикалық балауыздар) тез ерігіш сутектерді пайдаланатын майлау көмірсутектері.

336. Олардын дисперциялық ортасы тəуелділік түріндегі мұнай жəне синтетикалық майларға майлап болып табылады. 

337. Майлауды қолдану обылысы бойынша мынандай болып бөлінеді:

1) Қарсы үйкелеспе (тозу жəне кездесетін бөлшектерді үйкелестіру);

2) Бүлінуден қорғау (металды бұйымдар жəне тетіктерді болдырмауын сақтау пайданылады);

3) Тығыздағыш (сақтауларды герматизациясын құрастыру жəне бұранды, тіркеуіш жəне қозғалмалы веокуациялық 

жүйелерді сомдайды);

338. Арқан (тозу жəне болат арқандар жиелігін болдырмау).



9-параграф. Литол -24 (МЕМСТ 21150)

339. Литол - 12-оксистеаралдық қышқыл құйма сабынмен құйылған мұнай майымен қоюланған, суға төзімді со-

зылмалы майлайтын май. Жұмыс температурасы 120 градусқа дейін.

340.  Литол  көп  мақсатқа  пайдаланылатын , суға  төзімді,  тотығуға  қарсы,  доңғалақты,шынжыр  табанды 

траспорттық құрылғыға жəне өнеркəсіптік жабдықтарға жəне кемелік механизмдерге арналған майлайтын май. 4 

кластық ағзаға əсер ететін қауіптілігі бар.

341. Ағзаға əсер ету дəрежесі 4 класс қауіптілігіне жатады. 

342. Сақтау мерзімі шығарылған күнінен бастап 5 жыл.



10-параграф. Майлы солидол (МЕСТ 1033)

343.  Солидол  созылмалы  майлайтын  май,  жоғарғы  майлы  қышқылды  кальцилі  сабынды,  орта  жабысқақты 

индустриалдық  май.Жұмыс  температурасы 65 градусқа  дейін.  Литолды  майдан  айырмашылығы  сумен  қиын 

жуылады.  Сондықтан  ылғалды  жағдайда  жұмыс  істеуге  қолайлы  болғандықтан,ауыл  шаруашылық  тағы  басқа 

техникаларға пайдаланады.

344. Солидолдың сыртқы түрі біркелкі түйіршігі жоқ, ашық сарыдан қанық қоңыр түсті.

345. Өндірістік ғимараттарда май негізді ауада будың таралу концентрациясы-5 мг-м .

346. Сақтау мерзімі шығарылған күнінен бастап 5 жыл.



8. Отын

1-параграф. Көмір (МЕМСТ 8158)

347.  Көмірдің  ұзақ  сақталуы  сандық  жəне  сапалық  маңызының  жоғалтуына  байланысты.  Көмір  өз  бетімен 

қызғандықтан оның сапасы төмендейді. Көмірдің өз бетімен қызуы оның шығу мерзіміне байланысты.Көмірдің өз 

бетімен қызуы тұрақтылық дəрежесі мынадай топқа бөлінеді:

1) тұрақсыз;

2) орта тұрақты;

3) тұрақты;

4) ұзақ тұрақты.

348. Көмірді сақтауда оның сапасын төмендету үшін төмендегілерді ұсынады:

1) үлкен көлемде қатқабақта сақтау;

2) қатқабақ қатарында ұсақ көмірді нығыздау;

3) қорғайтын жұқа жапқышты пайдалану

4) қысқы мезгілдерде қатып қалған жерге қалау.

349. Көмірдің қатарын биіктетіп, тегістеуішпен тегістеп қатқабақты қалыптастырады.Қатқабақтың биіктігі жəне 

сақталу мерзімі көмірдің өздігінен қызуына байланысты.

350. Көмірді ашық аспан астында, жабық қоймада сақтауға болады. Ол шөгуден қорыпайды, бірақ келеңсіз 

жағдайлардан қатып немесе жануы мүмкін.Көмірді сақтаудың негізгі ережесі ретінде өрт қауіпсіздігін сақтау үшін 

негізгі көрсеткіштері қамтамасыз етіледі:

1) көмірді дұрыс орналастыру;

2) қатқабатты дұрыс қалыптастыру;

3) қатқабақта қатарларды тығыздап орналастыру;

4) отынның сапасына үнемі бақылау жасау;

5) көмір орнын уақытында жаңалап отыру .

2-параграф. Мазут (МЕМСТ 10585)

351. Мазут-қанық қоңыр түсті қою сұйық, мұнайдан керосинді, бензинді, газойль фракцияларын екінші рет айы-

рып алғаннан кейінгі қалдық май.Тығыздығы 0,89 -1,00 г/см³, жану жылуы 39,4-40,7 МДж/ кг.Қазандыққа сұйық отын 

ретінде, моторлы отыны ретінде жəне майлайтын май,битум, кокс өндірісінде пайдаланады.

352. Қызмет белгісіне байланысты, күкірт құрамына, күлділігіне байланысты, мазуттың келесі маркалары анықталады:

1)флоттық ф-5 ;

2) флоттық ф-12 ; 

3) отындық -40 ;

4) отындық -1000 .

353. Мазуттың белгісіне қарай жəне марка қосымша мыналаркіреді:

1) Ф-5 флоттық мазутқа күкірт бойынша жіктелім;

2) отынды мазутқа –күкірт күлденуі, қату температурасы бойынша жіктелім.



(Соңы 14-бетте)

(Жалғасы. Басы 11-12-беттерде)

9 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz

14

тамырлы  тұқымның  (қайыңның,  шамшаттың,  қандағаштың,  жəне  өзге  көктерегінің)  сүрегі  күреңдену  жəне 

шіріктерілсетіпті төзімсіз. Шығыршықтамырлы тұқымдар (шегіршін, емен, ильм, арша) саңырауқұлақ залалына өте 

төзімді болады. Қоймаларда құрт-құмырсқалар жапырақты тұқымның сүрегін қылқан жапырақтыларға қарағанда 

аз бүлдіреді.

849. Бұзылудың негізгі түрлері құрт-құмырсқамен құрт жеген, саңырауқұлақшалармен (күреңдену жəне шіріктер), 

физика-химиялық үдерістермен (болуы), кебуден (кесік жəне бүйір жіктер) жарықшақтан болады.

850. Бұзылудың əр түрінің сүректің сапасына ықпалы əртүрлі. Оның мөлшері ағаш өніміне тиісті стандарттармен 

анықталады. Ағаш материалдарын сақтау жəне қорғау сортименттің əр түрінің пайдалану мақсатын, құрылыста 

жəне өнеркəсіпте пайдалану есепке ала отырып жүзеге асырылады.



3-параграф. Брезент мата (МЕМСТ 15530)

851. Осы стандарт зығыры жəне жартылай зығырлы, арнайы киімдерді дайындауға, қолды қорғайтын жəне 

техникалық мақсаттан бұйымдарға сақталуына арналған парусина мен екі жіпті матаға тарайды.

852. Маталар осы стандарттың талабына қажет, техникалық құжаттамаларына жəне технологиялық режимдерге 

сай дайындалуы, белгіленген бекітілген тəртіпте дайындалуы қажет.

853. Маталар пішінге белгіленген тəртіпте бекітілген үлгілерге-эталондарға сəйкес болуы керек.

854. Брезент мата жабық, желдетілетін бөлмеде жылыту аспаптарынан 1 метр қашықтықта сақталу керек.

4-параграф. Жылытуға арналған пеш (МЕМСТ 9817)

855.  Жылытуға  арналған  пеш  (буржуйка) – бұл  ағаш  отынын  немесебасқа  қатты  отын  (көмір  жағатын),  су 

қайнатуға, ас əзірлеуге, бөлмені жылытуға арналған шағын темір ошақ.

856. Буржуйка пеші шойыннан немесе болаттан жасалады.

857. Буржуйка пешінің салмағы оның габаритінен жəне материалына байланысты 5-тен 130 килограммға дейін. 

Ең жеңілі болаттан, ауыры шойыннан жасалады.

858. Осы стандарт қатты отын жағатын су контурымен номиналды жылыту қуаты 70 киловаттқа дейін ас əзірлеуге, 

жылы сумен қамтамасыз етуге, жылытуға арналған тұрмыстық аппараттарға тарайды.

859. МЕМСТ 15150 бойынша сақтау шарттарын белгілеу кезінде нормативтік құжаттарда бұйымдарға келесі 

талаптарды ескереді:

860. Барлық аппарат МЕМСТ 8828 бойынша қағазбен немесе аппараттың сақталуын қамтамасыз ететін басқа 

қағазбен  оралу  керек,  кендірмен  байланған  жəне  МЕМСТ 12082 сəйкес  бекітілген  белгіленген  тəртіпте  жұмыс 

сызбасымен техникалық шарттарға сəйкес дайындалады.

861. Алынғалы бөлшектер МЕМСТ 8828 бойынша қағазбен оралған, кендірмен байланған жану камерасына 

қойылуы керек.

862. Буржуйка пешінің қолданылу мерзімі шексіз.



5-параграф. 4 жəне 10 киловатты электростанциялар (МЕМСТ 21671)

863. Осы стандарт жылжымалы бензин электрагрегаттарға (соның ішінде бірге қаланатын) жəне қуаттылығы 0,5-

тен 30 киловаттқа дейін электрстанцияларына қолданылады (бұдан əрі – электрагрегаттар мен электрстанциялар).

864. Электроагрегаттың жəне электростанцияның конструкциясында элементтің басқару жəне қолданыс кезінде 

қызмет жасау қол жетімді мүмкіндігі болу керек, элементтерге, реттеуді жəне тексеруді талап ететін, сонымен қатар 

монтаждауға ыңғайлы болу керек.

865.  Электроагрегаттар  жəне  электростанция  конструкциясында  көтеретін  тасымалдайтын  құрылғылармен 

жылжыту мүмкіндігі қарастырылған болу керек.

866. Бір электрагрегатты немесе электростанцияның жиынтығын жеткізіп беруге мыналар кіруі керек:

1) электрагрегаттар (электрстанциялар);

2) жеке жиынтық ЗИП (ЗИП-О);

3) пайдалану құжаттамасы – МЕМСТ 2.601-68.

867.  Қосымша  жиынтықты  (металжеңшелер,  шанц  аспабы,  ауртпашылықты  қосуы  үшін  кəбілдер,  арнаулы 

жабдықтың  жинақталыммен  құралдар  жəне  электростанцияның  мақсатынан  тəуелділігі)  жəне  қолданыс 

құжаттамасының нақты үлгінің электростанциясіне нұсқайды.

868.  Жеке  тапсырыспен  қойылатын,  ЗИП  (ЗИП-Г)  электроагрегаттар  жəне  электростанциялар  жиынтығын 

жеткізу тобына кіруі тиіс:

1) ЗИП Г5 – бес электроагрегаттар жəне электростанцияларға;

2) ЗИП-Г10 – он электроагрегаттар жəне электростанцияларға.

869.  Электроагрегаттар  жəне  электростанциялардың  сəйкестігін  осы  талапқа  тексеруге  келесі  санаттағы 

сынақтар тағайындалады:

1) қабылдау-тапсыру;

2) мерзімді;

3) жиынтық;

4) сынақтар сенімділігіне.

870. Сынаққа жəне қабылдауға ұсынылған электроагрегаттар жəне электростанциялар толығымен жасақталған 

болу керек.

871. Сынаққа жəне қабылдауға ұсынылған электроагрегаттар жəне электростанциялар, жартылай жасақталған 

болуы мүмкін.

872.  Электроагрегаттың  жəне  электростанцияның  гарантиялы  пайдаланымы  қуаттылығы 0,5 киловатт, 600 

сағаттан  кем  емес, 1 киловатт  жəне  кемінде 1200 сағат  шегінде  кепілді  пайдалану  мерзімі.  Бұл  ретте  кепілді 

пайдалану электр бөлікте кемінде:

1) 3000 сағат - электроагрегаттар жəне электростанциялар қуаттылығы 1 киловатт қосымша;

2) 5000 сағат - электроагрегаттар жəне электростанциялар қуаттылығы 1 киловатт жоғары.

873. Электростанциялар жабық, құрғақ, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтап, атмосфералық жауын-шашын 

жəне топырақ ылғалдылығын болдырмайтын желдетілетін қойма бөлмелерінде сақталуы қажет.



6-параграф. 100-200 киловатты электростанциялар (МЕМСТ 23162)

874.  Электростанция - осы  стандарт  іштен  жану  қозғалтқышты  электрагрегаттар  жəне  жылжымалы 

электрстанцияларға тарайды, сонымен қатар, қуаттылығы 500 киловаттқа дейін газтурбинасымен жəне олардың 

шартты белгілерін тағайындайды.

875. Стандарт дизель–генераторларға жəне дизель-генератор қондырғыларға тарамайды.

876. Іштен жану қозғалтқыштың түріне:

1) бензин (карбюраторлы);

2) дизель;

3) газтурбиналы;

4) газпоршеньді;

877. Қозғалшықтықтың дəрежесі бойынша:

1) жылжымалы электрагрегаттар;

2) стационарлық электрагрегаттар;

3) кіріктірілген электрагрегаттар;

4) жылжымалы электрстанциялар;

5) ауыспалы электрстанциялар;

6) блокты тасымалдайтын электрстанциялар.

878. Токтың нысанына қарай: 

1) турақты, айнымалы бірфазалы; 

2) айнымалы үшфазалы.

879. Көлік құралынның түріне қарай: 

1) автомобилде; 

2) тіркемеде; 

3) темір жол тұғырнамада(вагонда); 

4) арнайы көлікте.

880. Стандарт кемелердің, дəнекерлегіш, тепловоздың электрагрегаттарын, ұшатын аппараттардың жəне энерго 

поездың электрагрегаттарына тарамайды.

881. Электростанциялар жабық, құрғақ, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтап, атмосфералық жауын-шашын 

жəне топырақ ылғалдылығын болдырмайтын желдетілетін қойма бөлмелерінде сақталуы қажет.

7-параграф. Автомобильдік наубайхана блогі

882. Техникаларды сақтау (нан пісіру жəне тамақ дайындау бойынша) шара комплексін енгізеді, тот басудан, 

басқа бұзушылық жағдайдан жəне деформациядан сақтауды қамтамасыз етуін, техникалық дұрыстық жəне даярлық 

мақсатқа сай пайдалануға болуын үнемі қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенінен құрылады.

883. Оларға мынадай шаралар жатады:

1) тазарту, техниканы жуу, ТК (техникалық күту) жəне консервация;

2) техниканы сақтау орнына қондыру;

3) техниканы сақтау процесінде қарау, сақтау мерзімі шектеулі жекелеген агрегаттарды алмастыру жəне жаңарту;

4) сақтау процесінде ТК;

5) техниканы мақсатқа сай пайдалануға дайындау.

884.  Техниканы  коррозия  тудыратын  химикаттарға  (қышқылдар  сілтілер,  органикалық  еріткіштерге)  жақын 

жерде сақтауға тыйым салынады.

885. Техниканы сақтауды мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) сақтау жағдайының жеңіл санатына сəйкес келетін жабық жылытылатын қоймаларда (Ж - ММСТ 15150-69);

2) сақтау жағдайының орташа санатына сəйкес келетін жабық жылытылмайтын үй-жайларда (О);

3) сақтау жағдайының қатаң (Қ) санатына жəне өте қатаң (ӨҚ) санатына сəйкес келетін жабық темір қоймаларда 

жəне бастырма астында.

886. Сақтау мерзімі:

1) қатаң жəне өте қатаң (Қ жəне ӨҚ) 3 жыл;

2) орташа (О) 5 жыл;

3) жеңіл (Ж) 10 жыл.

887. 1 айдан жоғары сақтауға қойылған (2 апталық негізгі климаттық жағдайда) техника тиісінше түрде кон-

сервациялануы керек.

888. Өндірушіден түсетін техника, əдепте, консервацияланып жəне толығымен ұзақ сақтауға дайын болуы керек. 

Бұл мезетте келесі операцияларды орындау керек (жылыту жабдығы):

1)  қазандықты  күйеден  тазарту,  оттықты,  су  жылытқыштың  жəне  газ  жүру  блок  жолын  ,түтін  құбырын  жəне 

дефлекторды;

2) пісіру шкафын кірден тазарту, қазандықтың ішкі беттерін, крандарды, блоктың сыртқы беттерін, қазандық 

жапқыштарын, бу шығарушы клапандарды, бу бұрмаларын жуып жəне кептіру керек;

3) қазандық жапқышының нығыздағыштың резеңке төсемелерін шешу, жуу, кептіру, талькпен сүртіп жəне ор-

нына орнату;

4) пісіру шкафың ішкі беттеріне жəне табаларға ММСТ 190-78 олифасы жұқа етіп жағу;

5) қазандықтың ішкі беттеріне, жапқышына ММСТ 3164-78 вазелин майын жұқалап жағу;

6) бу шығарғыш клапандарын жəне бу бұрғыш құтысымын вазелин майын жұқа етіп жағу;

7) оттықты,отты қорапты, күлсалғыш қорапты ТУ 6-10-1302-72 күмісті ПФ-837 алюминді эмальмен сырлау;

8) блоктың сыртқы беттерін, су бу бұрмаларын, түтін құбыр беттерін, су қайнатқышты ММСТ 1642-75 ұршық 

майын жұқа қабатымен жағу;

9) тиектің бұрандалу құралымдарына вазелин майының жұқа қабатымен жағу;

10) төккіш шүмектерді бөлшектеу, вазелин майымен майлап, жинау.

889. Ұзақ мерзімде сақтауда автомобилдер мен тіркемелер рессорға салмақ түспеу үшін тірегіштерге (тіректерге) 

қойылады.

890. Шиналар шығарылған күннен бастап 6 жылдан соң жаңартуға жатады.

891.  Палаткаларды  оралған  күйде  сақтауға  болады,  жинақталуын  жəне  сапасын  алдын  ала  тексеріп  алған 

жағдайда.

892. Рамалар кассеталары тек қана тік қойылуы керек.

8-параграф. Шойын радиатор - жылытқыш аспап (МЕМСТ 31311)

893. Жылытқыш аспап (шойын радиатор) – қоршаған ортаға жылу көзінен келетін жылу бергіштен (су, бу) жы-

луды беру арқылы бөлмені жылытатын құрығы.

894.  Осы  стандарт  жылыту  аспаптарына  түрлі  нысандағы  ғимараттар  мен  имараттарды  су  мен  жылынуы 

жүйесінде қолдануға арналған - радиаторларға жəне конвекторларға тарайды.

895. Жылыту аспаптары келесі түрлерден жасалады: болат, шойын, алюминий жəне биметалдар секциялы 

радиаторлары, арналы радиаторлары, құбырлы жылыту аспаптары (орамал кептіргіштер) жəне конвекторлар.

896. Жылыту аспаптарында келесі таңбалау болу керек:

1) шығарушының атауы немесе оның сауда маркасы;

2) шығарушының құжатына сəйкес жылыту аспабының үлгісі.

897. Радиатордың секциясыны бүйір бетінде атауы немесе сауда белгісі жəне шығарылған жылының екі соңғы 

саны көрсетілген болуы керек.

898.  Жылыту  аспаптарын  оралған  күйінде  жабық  бөлмеде  немесе  бастырма  астында  сақтау  керек,  осыған 

байланысты, бұл ретте оларды ылғалдың жəне тудыратын коррозияны химиялық заттардың əсерінен қорғауды 

қамтамасыз ету керек.

899. Ашық алаңдарда, атмосфералық жауын-шашыннан сақталған, оралған жылыту аспаптарын 10 тəулікке 

дейін сақтауға рұқсат беріледі.

9-параграф. Май құятын электрлі радиатор (МЕМСТ 15150)

900.  Май  құятын  электрлі  радиатор – жақсы  жылу  изоляциясы  бар  тұрғын  үйлерді  қосымша  жылыту  үшін 

қолданылатын май толтырылған электрлі радиатор, 7 жəне одан да көп секциялы, күйік иісін шығармайды, шаңды 

көтермейді,  оттегіні  күйдірмейді.  Орташа  температурасы 85–95°C-ті  құрайды,  ал  максималды 100–110°C-тан 

жоғары емес. 

901.  Электрлік  радиаторлар  мекемелердегі  ауа  температурасын  автоматты  түрде  ұстап  тұратын  қызуды 

реттегішпен жəне екі немесе үш сатылы жылыту үшін қуат реттегішпен жабдықталады. 

902. Олар қосқаннан кейінгі 25-35 минуттан кейін қыза бастайды. 

903. Май радиаторының қуаты 0,5-1,5 киловатты құрайды. Ұзақ жұмыс уақытына есептелген – бірнеше тəулік 

бойына ұдайы үзбестен қолдануға болады. 

904. Май құятын электрлі радиатор жабық, құрғақ, Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтап, атмосфералық 

жауын-шашын жəне топырақ ылғалдылығын болдырмайтын желдетілетін қойма бөлмелерінде сақталуы қажет.



10-параграф. Жылулық зеңбірегі

905. ЭЖҚ жылыту желдеткіші ішінде трубалы тоқ жылытқыш орнатылған корпустан турады.Жұмыс барысында 

ауа ағыны жылу вентиляторының ішкі қуысы арқылы өтеді жəне белгілі температураға дейін қызады.

906. КЭЖ-5 жылыту желдеткіші қоректендіру кəбілімен шанышқысын жүйеге қосу үшін жасақталады, сол се-

бептен шанышқыны (тоқ күшіне 25 Амперден кем емес өлшеулі) монтаждауды тұтынушы əрі орындауы керек.

907.  КЭЖ-10  жəне  КЭЖ-15  жылыту  желдеткіші  қоректендіру  кəбілімен  жасақталмайды,  сол  себепті  монтаж 

тұтынушының барлық электрқауіпсіздік талаптарын сақтай отырып орындалады.

908. Жылыту желдеткіші температура реттегішпен жасақталған, ол жылытылатын үй-жайдағы ауаның қызуын 

берілген температурада автоматты түрде жəне қосу түймесі аспаптың жоғарғы жапқышына шығарылған апаттың 

биметалды, термостат арқылы қалыпты ұстауға болады. Термостат іске қосылған кезде қуат алу кəбілін ажырату 

керек, желдеткіштің толықтай суығанын күту керек, қызудың себебін дұрыстау жəне қосқыш түймесін басып, аспап-

ты жұмыс жағдайына келтіру керек.

909. Жасаушы–кəсіпорын тұтынушылық қасиетін нашарлатпайтын жағдайда, жылу желдеткіші конструкциясы 

мен электр схемасына өзгеріс енгізе алады.

910.  Жылыту  желдеткіші  үй-жайларда  (көлемдерде)  микроклиматтық  жағдайлары  жасанды  реттететін 

болмағандықта əсердің ауада атмосфералық жауын-шашын əсері, құм жəне тозаң да жəне ылғалдың көтеріңкі 

конденсациясы жоқ жағдайларда пайдалануға арналған.

911. Жылыту желдеткіші жабық үй-жайларда, механикалық жағдай немесе ылғалдылық болмаған жағдайда 

сақталуы тиіс. Штабелдеудің биіктігі жылыту желдеткішінің орауышында көрсетілген.

11-параграф. Вахталық – контейнер (МЕМСТ 22853)

912.  Вахталық-контейнер  (вагон-үй) – жылжымалы  ғимарат,  трактор  тізбектерінің  шассиінен  немесе  шана-

дан  құрастырылған,  электрлік  жарықтандыру  жүйесімен,  жылылықпен,  желдетумен  жəне  қажетті  жиһаздармен 

жабдықталған, -60 жəне +45С ауа температурасында тəулік бойы пайдаланылады. 

913. Ғимараттарды, оның конструктивті элементтері мен пакеттерін сақтау қолдану нұсқаулығы мен паспор-

тына сəйкес орындалуы керек.

914. Ғимаратты сақтауға қойған кезде төмендегі операциялар орындалуы керек:

1) контейнерлі үлгідегі ғимараттың жүру бөлігі жүктемеден босатылды;

2) блок - контейнері қисаюсыз сүйеуді қамтамасыз ететін тұғырға қойылады;

3) есіктер, терезе жəне басқа да ойықтар жабылады жəне блок-контейнері ішіне бөгделердің кіруінен қорғалады;

4) жылу жүйесінен жəне сумен жабдықтау төгіледі;

915. Ғимарат, оның конструктивті элементтері жəне пакеттер алаңдарда көлбеу тұғырлар қолданумен еріген 

қар сулары мен жауын суларынан сақтауды қамтамасыз ететіндей, Өрт қауіпсіздігі ережесін қанағаттандыратын 

жағдайда сақталуы тиіс.

916. Контейнерлік ғимарат, жиналмалы-жазылмалы ғимараттың конструктивті элементтер жəне пакеттері сақтау 

кезінде климаттық əсерден, ластанудан, бұзылудан қорғалған болуы керек.

917. Ғимарат, оның конструктивті элементтері жəне пакеттер өлшемі 500 м² аспайтын алаңшықтарда сақталуы 

керек. Сақтау үшін жеке алаңдар арасы 24 метрден кем болмау керек.

918.  Сақтау  кезінде  (тасымалдауда  жəне  монтаждауда)  жиналмалы-жазылмалы  ғимараттың  қоршаушы 

конструкциясының жылытқышын дымқылданудан қорғалған болуы керек.

919. Пайдаланушы ұйымдар пайдалану жөніндегі нұсқаулық құрамындағы ғимарат сақталуы туралы мəліметті 

формулярға жазуы керек, онда инвентарлық нөмір жиынтықтылығы, ғимаратты сақтауға қою жəне сақтаудан алу 

мерзімі көрсетіледі. 

920. Ғимараттың техникалық жай-күйін жəне бұзылмаушылығын тексеру қысқа мерзімді сақтау кезінде айына 

бір рет жəне ұзақ мерзімді сақтау кезінде 3 айда бір рет орындалуы тиіс.

921.  Вахталық-контейнер  жабық  үй-жайларда  немесе  қаңқаның  астында  сақталуы  керек.  Консервациялау, 

герметизация  жəне  қоймада  сақталуын  талап  ететін  құрама  бөліктерін  шешіп  алу  жұмыстары  міндетті  түрде 

орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет