АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сҿйлесуді естіп-
тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты
ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сҿйлесуге үйрету оқушыларды
қызықтырады. Диалогтік сҿйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі
ұстанымына сҽйкес келеді [2].
«Ақпараттық компьютерлік технологиялар» термині бүгінде баспасҿз
беттерінде, теледидар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі
кезде кҿптеген кҿздері мен құралдары бар.
Ақпараттық технология: оқушыға тақырып кҿлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында
айтылуға тиіс мҽліметтер кҿлемін ұлғайтады;
білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан ҽр түрлі оқу
орындарында отырып қол жеткізуге болады;
оқыту жүйесінің кҿп деңгейлі жетілдірілуі олардыңтарамдалуымен
оқу материалының сапасын арттырады.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін
қоршаған ҽлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса,
барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі
күннің кезек күттірмейтін ҿзекті мҽселелерінің бірі. Ақпараттандыру
жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік дағдының кҿлемі күннен-
күнге артып, мазмұны ҿзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады. Мұғалім сапалы
білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар
компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе
оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық [3].
Қазіргі заман педагогтарына компьютер жҽне мультимедиалық
құралдарды қолданудың сабақ ҿту барысында ҿте тиімді тҽсіл екені белгілі.
Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа
ҽдістермен бірге ҽлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы енгізілді. Бұл
жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін жҽне мультимедиялық-
электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап
айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды жҽне мультимедиалық-
электрондық құралдарды мектеп қабырғасында жҽне білім беру процесінде
терең қолдану. Ең тиімді бағдарламалардың бірі Microsoft Power Point. Ол
мұғалімге қысқа мерзімде ҿзінің үлкен дидактикалық материалдармен
қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға кҿмектеседі. Ол
оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, кҿру, есту, ойлау,
эмоционалды, автоматты жҽне т.б. Интерактивті тақтамен презентацияны
бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше
арттырады. Интерактивті тақтаға сҿзі анық жазылған ағылшын тіліндегі
видеороликтер, аудио дискідегі ҿлеңдерді, электронды оқулықтарды
компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданамын. Бұл
кҿрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге кҿп кҿмегін тигізеді.