49. Жасыл алқаптарды орналастыру принциптері Қалаларды жасылдандыру жүйесін құруда қала құрылысы тәжірибесін жалпылау мен талдау арқылы ірі және орта қалаларды жасылдандырудың түбегейлі сызбасын жасауға болады. Қалада бірнеше өндірістік және тұрғын аудандар болады. Өндірістік аудандар тұрғын аудандардан жасыл қорғаушы жолақпен немесе жасылдандырылған магистральдар арқылы бөлініп тұрады.
Тұрғын аудандар тұрғынжай құрылысымен тү йісетін тығыз орналасқан жолақты магистральдармен немесе желекжолдар (бульварлар) арқылы бөлінеді. Шағынаудандар орталықтарында шағынаудан бақтары, ал тұрғын аудандарда белгілі бір радиусы шегінде аймақтық балалар бақтары орналастырылады. Орталық қалалық бақ, орталық спорт бағы мен ботаникалық немесе зоологиялық бақ, яғни жалпықалалық мақсаттағы алқаптар тұрғынжай аудандарының орталығына орналастырылады. Жасылдандырудың қалаішілік жүйесі орман-бақ белдеуімен толықтырылады, онда жаппай демалыс, шипажай, демалыс үйлерін орналастыруға болады. Жасыл жолақтарды көшелер мен жол дарда қарсы бағыттағы көлік қозға лысын бөлу үшін, жедел жылдамдықты көлік қозғалысын жергілікті жолдан, тротуарды көлік қозғалысынан бөлу үшін пайдаланады. Жүретін бөлік жағынан тротуар бойына отырғызылған ағаштар мен тал-шіліктер белгілі бір деңгейде жаяу жүргінші жолына (тротуар) және оған жақын үйлерге шудың, тозаңның, пайдаланылған газдың тарауына кедергі жасайды. Жасыл кең жолақтар кейбір өндірістік кәсіпорындардан бөлінетін газ, шаң-тозаңнан, сондай-ақ желден, қар күртіктерінен қорғаныш ретінде пайдаланылады. Қала көшелеріндегі жасыл жолақтарына (көгалға) жерасты инженерлік желілерді орнату тиімді, бұл осы құрылыстарды салу немесе жөндеу кезінде қалалық аумақ телімдерін қазумен байланысты шығындарды азайтады.
Жалпықалалық бақтар алаңын кемінде 15 га, аудандық саябақтарын кемінде 10 га, тұрғынжай аудандарының бақтарын кемінде 3 га, гүлзарларды кемінде 0,5 га алған жөн. Саябақтар, бақтар желекжолдар мен гүлзарлар суқұбырмен, кәрізбен, су ағармен, жарықпен және шаруашылық орынжайларымен жабдықталуы қажет.
Қалаларда жасылдандыруды жобалау ландш афт сәулетінің, дендрологияның, жергілікті гидрогеологиялық климаттық жағдайларды және т.б. талаптарды ескеретін жалпы жобаланатын міндеттерді шешумен байланыстырады. Жасылдандыру сипаты жасыл желектердің түрлеріне, құрылыс аймағының климаттық және гидрогеологиялық жағдайларына, оларды орналастыру мақсатына байланысты.
Көшелер мен жолдарды көгалдандыру үшін көптеген жағдайларда жаяу жүргіншілерді күн сәулесінен қорғайтын, мәселен, жөке, үйеңкі, терек секілді ұшар басы қалың, сондай-ақ жемісті ағаштар: алма, шие, алмұрт ағаштарын егеді. Оңтүстік аудандарда сәнді ағаштарды – талшын, сүмбіл, терек, магнолия, кипарис, шынар, ал солтүстік аудандарда – шырша, балқарағай, т.б. осы өлкеге бейім ағаштар егіледі. Дәл сол мақсатқа тал-шілік, жұпаргүл, ақгүл, лаврлы ағаш, т.б. пайдаланылады. Ғимарат қоршаулары мен қабырғаларын тігінен жасылдандыру үшін барқыт, жабайы жүзім, үшқат және өзге де өрмелеп бұйра өсетін өсімдіктерді егеді.
Көгалдарды орналастыру үшін (0,2 м кем емес қалыңдықтағы өсімдік түбінің қабаты бойынша) шөптер қоспасын, атап айтқанда кәдімгі жыңғылбас, баданалы қоңырбас, ағылшын райграсын және қызыл бозотты пайдаланады. Еңіске себу үшін жатаған бидайық және мыңжылдық шөп пайдаланылады. Жасыл желектер ені м, ҚНжЕ [10] талаптарына сәйкес төменде келтірілгеннен мәндерден кем болмауы керек (м):