43. Жол төселімінің конструктивтік қабаттары мен түрлері
44. Асфальтты бетонды жол жабыны Асфальт-бетонды және қара майлы бетонды жабындар. Асфальт-бетонды және қара майлы бетонды жамылғылар жетілдірілген күрделі құрылыс типтеріне жатады. Асфальт-бетондар қолданылған тасты материалға байланысты: шағалды – шағал құрамасынан, құм, минералды ұнтақ және битумнан құралған; жұмыр тасты – жұмыртастан, құм немесе жұмыртас – құм қоспасынан, минералды ұнтақ және битумнан құралған; құмды – құмнан, минералдық ұнтақ пен битумнан дайындалады. Асфальт-бетондар онда қолданатын битумның тұтқырлығына және асфальт-бетонды қойыртпағын жолда құю температурасына байланысты ыстық және салқын болып бөлінеді. Салқын қоспаларды дайындау үшін сұйық битумдар қолданылады. Ыстық асфальт-бетондар өз кезегінде қолданылған шағал түйіршіктерінің ең үлкен өлшеміне байланысты келесідей болады: түйіршігі 40 мм ірі түйіршікті; түйіршігі 20 мм болатын орташа түйіршікті; түйіршігі 15 (10) мм болатын ұсақ түйіршікті. Құмды асфальт-бетондарды өлшемі 5 мм-ге дейінгі түйіршіктер құрайды. Біртұтастығы, төзімділігі және механикалық беріктілігі – қойыртпақтың тасты қаңқасының ең жоғарғы тығыздық қағидасы бойынша жасалады. Жоғарғы қабат орнату үшін бетонның жоғарғы температураға төзімділігін арттыруға септігін тигізетін минералды ұнтақ және қалдық кеуектілігі міндетті түрде 2,5–5% болатын тығыз ыстық асфальт-бетондар пайдаланылады. Төменгі қабаты мен негізіне қалдық кеуектілігі 5–10% асфальт-бетон пайдаланылады. Салқын асфальт-бетондар тек ұсақ түйіршікті немесе құмды болады. Салқын асфальт-бетон жол төселімдерінің жоғарғы қабатына пайдаланылады. Гранитты шағал (60%-ға дейін), құм және минералды ұнтақ қоспасынан құралған суық асфальтбетондардың кедір-бұдырлығы жоғары болады. Тасты және бетонды негіздерге орнатылған асфальт-бетонды жамылғылар бір және екі қабатты болады. Асфальт-бетондар тасты негіздерге жақсы жабысуы үшін негізді битуммен немесе майлы материалдармен өңдейді. Қабаттардың саны мен қалыңдығын – конструктивтік және экономикалық тұжырымдауларға сүйене отырып қабылдайды, соңынан оның беріктілікке төзімділігін тексереді. Асфальт-бетонды қойыртпақтар өзі жүретін асфальт-төсегіштермен орнатылады. Ыстық қойыртпақты төсеу температурасы 100–130 °С-тан кем болмауы, ал суығы 5–0 т °С төмен болмауы керек