45. Цементті бетонды жол жабыны
Цемент-бетонды жамылғылар. Цемент-бетонды жамылғылардың өзгешелігі – төзімділігі жоғары әрі тегіс, сонымен қатар жол бетінің көлік дөңгелектерімен жақсы ілінісетіндігін қамтамасыз ететін кедірлі-бұдырлы болуы. Цемент-бетонды жамылғылар өзінің үнемділігі және орналастыру технологиясының жеңілділігіне байланысты өндірісте кең қолданылады. Цемент-бетонды жамылғыларды қондыру жұмыстары толықтай механикаландырылған. Цемент-бетонды жамылғылар төзімді және берік негіздерге төселген бетоннан жасалған плитадан тұрады (7.3-сурет). Негіз ретінде бетонды жамылғылар астына ірі түйіршікті және орта түйіршікті құм, шағал, жұмыртас немесе жұмыртас-құм қоспалар және беріктендірілген топырақ қабаты қолданады. Плиталар дайындау үшін пайдаланатын бетондар шағал, құм, цемент және судан құралған тиімді қоспа. Бұндай қоспаның беріктігі одан жасалынған кубикті оның қатуынан 28 күн өткеннен кейін сығу кезіндегі беріктілік шегімен көрсетіледі. Бетон класы осындай жолмен анықталынады және жол жамылғылары үшін оның класы В25 кем болмауы керек. Бетонды плитаның қалыңдығын қозғалыс сипаты мен мөлшеріне байланысты есептеу нәтижесі бойынша анықтайды. Әдетте плиталар жолдың жүріс бөлігінің енділігі шегінде 18– 24 см қалыңдықпен және су ағысы үшін көлденең еңкіштік 10–15‰ аралығында болады. Бетонды плита қалыңдығын кернеуленген арматураны бетон құрамында қолдану арқылы азайтуға болады. Температуралық өзгерістерде плиталарды жарықшақтанудан сақтау үшін температуралы жіктер жасайды (7.3-сурет). Плитаның созылуын қамтамасыз ету үшін саңылауы 2,5–3 см кеңею жіктері (көлденең) қарастырылады және оларды әр 20– 80 м сайын орналастырады.
46. Тротуар, велосипед жолдары, оның жабындары
Тротуар ендері көшенің типіне және жүргіншілердің жиілігіне байланысты есептелініп, тағайындалады. Сонымен тротуар алқабында жарық тіреулері, ағаштардың орналасуы ескеріледі. Тротуар ені бір жолаққа 0,75 м деп есептеу арқылы қабылданады.
Ал жүріс бөлігіндегі жаяулардың өтпелі жолы есептеу арқылы алынады. Бірақ жалпықалалық мәні бар көшелердегі жаяулардың өтпелі жолы ені 6 м, ал аудандық мәні бар көшелерді басып өтетін жүргіншілер жолы 4 м кем болмауы керек. Велосипед жолдары шағынаудандарда, саябақтарда, жасыл аймақтарда және тұрғын және магистральды көшелер бойында қарастырылады. Оның ені бір жолақты болған жағдайда 1,5 м, ал екі жолақты болса 2,5 м қабылданады
Тротуар және велосипед жолдары негізінен асфальтты бетоннан жасалынады. Қалыңдығы 2,5–3 см, ал автокөлік өтетін жерлерін 3,5–4 см етіп жасайды. Асфальтты жабын астына металлургия шлагын, гривийді және басқа да берік емес материалдарды пайдалануға болады. Ал көлік өтетін жерлердің жабыны негізі берік материалдардан дайындалады. Олардың астына қажетті жағдайда қосымша қабат қарастыруға болады. Тротуар үстін түрлі плиталармен жабуға да болады, мысалы: бетонды плиталар, өлшемі 30 х 30 – 40 х 40 см, қалыңдығы б = 3,5 – 6 см, түрлі тастармен (брусчатка), кирпич және т.б. қапталынады. Олар құмды негізге орналастырылады. Жіктердің арасын цементті ерітіндімен немесе топырақпен толықтыруға болады. Сондай-ақ топырақты, әкті-топырақты, құм гравийлі, шағал-топырақты жолдар қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |