47. Шағын аудан территорияларындағы ойын және спорттық алаңдардың жабыны Ойын және спорттық алаңдар жабыны. Ойын алаңдары оптималды топырақтар қоспасынан, өзен құмдарынан, известь немесе кірпіш ұнтақтарынан немесе жасанды жабдықтардан жасалынады. Олар шағал, гравий, шлак материалдарымен дайындаған негізге қалыңдығы 4–5 см етіп орналастырылады. Жүріс бөлігіндегі бордюр тасының биіктігі – 15 см. Олар бетоннан немесе гранит тасынан дайындалады. Өлшемдері: l = 1 м, в = 150–200 мм (120–170) мм, биіктігі l = 300 мм. Бұрылыстарға қойылатын тастар радиусы R = 0,4; 3; 5,8; 12 м, ал ұзындығы l = 400–600 мм. Баскетбол, волейбол, бадминтон, футбол және басқа да спорттық алаңдар жазық құрылым түрінде жасалынады. Бұл алаңдардың өлшемдері, жабындары және ондағы жабдықтар әр түрлі. Спорт алаңдарын жобалауда олардың ойын алаңы мен құрылыс алаңының өлшемдерін білу қажет. Ойын алаңдарының өлшемде рі ойын ойнау ережесіне байланысты анықталса, құрылыс алаңының өлшемдері ойын алаңынан үлкен, оның мәні қауіпсіздік шарасына байланысты тағайындалады. Ойын алаңдары тегіс, конструкциясы тығыз, доптың жақсы серпілуі, суды тез өткізе алуы, атмосфералық әсерлерге шыдамды және экономикалық жағынан тиімді болуы тиіс. Алаңдардың конструкциясы сол жердің гидрогеологиялық және климаттық ерекшелігіне байланысты тағайындалады. Сазды және саздақ жерлер суды нашар өткізетіндіктен, спорттық алаңдарды орналастыруға ыңғайсыз болып саналады. Төменде түрлі спорт және ойын алаңдарының өлшемдері мен конструкциялары келтірілген (7.5 және 7.6-суреттер
48. Көшелер мен жолдарды көгалдандыру Жасыл желектер – қаланы жасылдандырып, абаттандырудың маңызды элементтерінің бірі. Қоршаған орта, әсіресе қалада адамға маңызды әсерін тигізеді, сондықтан қаладағы қоршаған ортаны сақтап, жақсартуға байланысты түрлі іс-шаралар қарастырылады, қала аумағын жасылдандыруға үлкен көңіл бөлінеді. Жасыл желектер көптеген оң қасиеттерге ие: олар көмірқышқылын жұту арқылы ауаны оттегімен байытады; ауру қылатын микробтарды жоятын заттектерді (фитонцидтер) бөледі; өндіріс қалдықтарымен атмосфералық ауаны былғаудан, шаңтозаңнан қорғау ролін атқарады; белгілі бір жағдайларда шудан қорғайды. Жасыл алқаптар микроклиматтық 6-тарау. ҚАЛА АУМАҒЫН КӨГАЛДАНДЫРУ жағдайларды жақсартады, желдің күшін төмендетеді, ауаның ылғалдылығын арттырады, жылу режимін реттейді. Бұдан басқа жасыл желектер сай-жыралардың пайда болуына, көшкін мен құмдардың жүруіне қарсы күресте, аймақты мелиорациялауда және қаланы инженерлік абаттандыруда кеңінен қолданылады. Жасыл желектер қаланың сәулеткөркемдік келбетін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Сондықтан, үлкен сәулеттік-жоспарлау және санитарлық-гигиеналық маңыздылығының арқасында жасыл желектер – қаланың ажырамас бөлігі және қала құрылысының маңызды элементі болып табылады