50. Жер асты және жер үсті инженерлік жүйелері, оларды орналастыру Қала көшелеріндегі инженерлік жүйелер қызмет көрсету аясына байланысты мынадай (транзиттік, магистральді және айырушы) топтарға бөлінеді:
транзиттік – ол қаланы, оның аудандарын және ірі өндіріс орындарында қызмет көрсетеді.
таратушы – белгілі бір үйлер тобына және кварталдарына қызмет көрсетеді.
ішкі аудандарға – аудан аумағындағы құрылымдарға қызмет көрсетеді.
байланыс, күре жолдарға және көшелерге қызмет көрсетеді.
Қызмет көрсету ерекшеліктеріне байланысты мыналарға бөлінеді:
құбыр жолы – су құбыры, қоқыс – шаруашылық құбырлары, арықтар (жауын құбырлары), дренеждар (жер асты құбырлары), газ құбырлары, жылу құбырлары, мұнай құбырлары, ауа құбырлары болып және т.б.
кабельді байланыстар – жоғарғы және төменгі ток көздері (электрмен және жарықпен қамтамасыз ету) және әлсіз токтар байланысы (телеграф, телефон, радио және т.б.)
жалпы коллекторлар - әр түрлі мақсаттағы байланыстарды және тек қана кабельді байланысты орналастыру.
Жер үсті инженерлік байланыстарға мыналар жатады: ауа арқылы таралатын электрлік байланыс (ЛЭП), трамвай және троллейбус жүйе байланыс сымдары, байланысты өткізетін және бағаналардағы жарыққа электр жеткізу жүйесі.
Бұдан басқа әр түрлі тіректер (бағана шамдары мен жол бойы белгілерін орналастыруға арналған) және жол бойындағы қоғамдық көлік аялдамалары.
Жер асты инженерлік жүйелері қаланың негізгі жоспарымен бірге жобалануы керек. Мұнда болашақта салынатын жүйелер ескерілуі керек. Болашақтағы құбырлар түсетін аймақтарда, жол айырықтарында кейінгі кезде орынсыз аймақты қазбау үшін резервті құбырлар қарастырылуы қажет.
Жер асты құрылымдары болашақта салынатын кейінгі құрылымдарды, көшелерді және жолдарды, жаяу көлік өтпелерін жоспарда қарастыра отырып жобалау керек.
Жер асты жұмыстары әр уақытта жол құрылымын орналастырудың алдында жасалуы керек
Көшелер мен жол астында дұрыс орналасқан жер асты құрылымдары адамдар жүретін тротуарларды және жол бөліктерін қазудан сақтайды. Сонымен қатар, жол төсемдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; қопарыстыру кезінде әр түрлі желілердің зақымдалуына жоламау, болашақта жаңа желілер салу үшін орын сақталынады.
Жер астындағы инженерлік желілерді орналастыруда мынадай жолдар қарастырылады: