52. Көшелер мен жолдарды жарықтандыру Қала көшелерін және жолдарды жарықтандыру белгілі нормативті құжаттармен жүргізіледі (СНиП ІІ-4-79 «Табиғи және қолдан жарықтандыру арқылы»).
СНиП байланысты қала көшелерінің жарықтары үш топқа бөлінеді
Жарық түсуі кд/м квадрат метрге тең.
Жер беті жаяу өтулердің негізгі кемшіліктерімен көтеру және түсіруді биіктік бойынша жеңуді қажеттілік түбегейлі жағдайлардың көпшілігінде болып табылады. Эскалаторлар және көтергіштердің құрылымы жұмсаған капитал жұмсауларды ақтамайды.
Сонымен бірге ауа райы жағдайлары да бұл өткерлердің пайдалануын күрделендіреді.
Жарықтандыру (лк) – Е ═ жарық ағыны(лм)
Fm2 Көшелерді жарықтандыру үшін арнайы шырақтар қолданылады: имек сынапты шамдар, жоғары қысымды натрий шамы және металгалогенді шамдар. Шырақтар негізінен жабық болуы тиіс.
Шырақтарды түрлі схемалар бойынша орналастырады: бір қатарлы, екі қатарлы, шахматтық тәртіппен орналасқан екі қатар, осьтік, осьтік екі қатар (11,2-суретті қара., [ДЛ]).
Шырақтардың ара қашықтығы шырақтардың түріне және орналастыру схемасына байланысты. Фонарлардың арасының оның биіктігімен ара қатынасы шахматтық тәртіппен орналасқанда 7:1-ден, басқа жағдайда 5:1-ден аспау керек.
Жүргінші бөлігінің ені 15 м-ден асқан жағдайда екі жақтан жарықтандыру қарастырылады.
Шырақтардың тіректері металлдан, темірбетоннан, темірбетон мен ағаш элементтерінің араласуынан жасалады. Олар архитектуралық-көркемдік талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Айналмада бұрылыс 40%-дан артық болса тіректер арасындағы қашықтық 10-15%-ға дейін төмендетіледі.
Егер тротуар жүргінші бөлігінен жас көшеттер арқылы бөлінсе, онда қосымша қатар қарастыру керек.
Қиылыстарда жарықтандырудың төмендегі схемасы қолданылады
53. Қала көшелері мен жолдарын жабдықтау 54. Жол белгілері мен қосымша информациялық құралдар 55. Қала шуылы және азайту жолдары Қала жолдары мен көшелерін көгалдандыру архитектуралық-композициялық және санитарлық-гигиеналық мақсаттарға байланысты жүргізіледі. Көгалдандыру қалалар мен елді мекендерді көркейту барысында ерекше мәнге ие. Олар, сондай-ақ, сауықтыру қызметін де атқарады: газ бен шаңнан қорғайтын әуе бассейнімен қамтамасыз етеді; шудың әсерін төмендетеді; оттегі тарату көзі болып табылады және микроклиматты жақсартады.
Бульвар алқабы қатар немесе топтап отырғызылған ағаштар мен бұталардан және жүргіншілер жолдары мен демалыс алаңдарынан тұрады. Бұрындары олар көшенің осі бойында жобаланылатын (6.2-сурет), ал бұл күндері бульварлар санитарлық- гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету үшін көшенің екі бетіне орналастырылады. Бульвардың сәулеттік-жобалау шешімдері оның қала жоспарындағы орнына, өлшеміне, аймақтың климаттық ерекшелігіне және оның басты орналастыру мақсатына байланысты. Бульварлар жағалауда немесе тұрғын аймақ көшелерінде орналастырылған жағдайда оны қыдыруға және демалуға пайдаланса, ал қарқынды жүрістегі көшелерде жаяу жүргіншілердің транзитті қозғалысына арнайды. Осыған байланысты бульварды жобалау қарастырылады: бірінші жағдайда негізінен жасыл желектерді топтап орналастыру арқылы пейзаждық көрініс қалыптастырса, екінші жағдайда – жасыл желектерді көлік шуыл ынан, шаңынан және газынан қорғ ауға арнайды. Осы талаптарды қанағаттандыру үшін бульвар ені 15 м кем болмауы тиіс. Бульвар айнала бұталармен қоршалады.
теуге арналған атыраптар); халық баратын орын (жаяу жүргіншілердің демалуы үшін); архитектуралық-сәндік мақсатпен – қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердің айналасында. Скверлерде гүлзарлар міндетті элемент болып табылады.
Палисадниктер тротуарлар мен ғимараттар арасындағы ағаштар мен бұталар ретінде көп қабатты үйлер аймағында қолданылады.
Бұталардан жасалған жасыл қоршаулар дербес қоршалған элемент ретінде көше элементтерін бөлу бар ысында қолданылады (жүріс бөлігін, тротуарды және ғимараттарды бөлу үшін).
Жоғары жылдамдықты жолдардың бойында, тұрғын үй аумақтарында ені 10–30 м болатын шудан қорғ ау алқаптары қарастырылады. Оларды бірнеше қатарға орналастырады. Мысалы: ені 25 м болатын жасыл желекте: 1-қатарда – аласа бұталар, 2-қатарда – орта биіктікті бұталар, 3-қатарда қосымша ағаш түрлері, 4–7 қатарларда – негізгі ағаш түрлері, 8-қатарда – биік бұталар отырғызу қарастырылады. Ағаштар арасындағы қашықтық ағаш түріне және дендрологиялық ерекшеліктеріне сәй кес белгіленеді.