1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері



бет30/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
Байланысты:
1.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì áåðó æ?éåñ³.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëè

31.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі дене тәрбиесінің міндеті- негізгі қимыл әрекеттерін меңгеру,мектептегі дене тербиесіне даярлау,ауырулардың алдын алу және дене мәдениеті амалдарын қолдану арқылы денсаулықты нығайту болып табылады.Бала бақшалардағы дене тәрбиесі амалдарына базалық спорт түрлерінің бастапқы негіздері (жеңіл атлетика,гимнастика, қозғалыс және спорт ойындары, шаңғы тебу, жүзу) және қимыл-қозғалыс әрекеттерінің элементтері(төмпешіктен түсу, жылтыр мұзбен сырғанау, кедергілерден өту, өрмелеу және т.б.)кіреді.Дене қуатын жан-жақты дамыту үшін бүлдүршіндерге дене тәрбиесі процесі кезінде қимыл шеберлігін, дағдысын,бастапқы икемділктерін игеруге көмектесу керек.Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жеткіншектерді дене тәрбиесіне баулу және тәрбиелеу ісі негізгі мектепке дейін жүргізілгені жөн.Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға бағытталған.Барлық дене тәрбиесі жаттығулары, сабақтары, адам денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс.Балабақшалардағы сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына байланысты.Оқытушы өсіп келе жатқан организмнің биологиялық заңдылықтарын,жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет.Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті жұмыс істей алады. Дене тәрбиесі сабағы оқу бағдарламасының және сабақтың өткізілу жоспарының негізінде жүргізіледі.




32.Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.

Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - балалардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін тәрбиешінің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.


Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны -балалардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет