Сезім – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының қажеттеріне сәйкес, келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процесс.
◦ Эмоция – адамда үнемі бірқалыпта тұрмайды.
◦ Сезім – тұрақты процесс.
Эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер. “Эмоция” ұғымы – “ емовера ” деген латын сөзінен, “ эмоцион ” дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, каһалану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі.Эмоцияның қазіргі заман тарихы У. Джемстің 1884 ж. жарияланған “Эмоция деген не” атты мақаласынан басталады. У. Джемс және Г. Лангенің пайымдаған теориялары бойынша: сезімнің туындау себебі – сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістері. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі – эмоциялық күйді танытады. “Біздің қайғыруымыз – жылағанымыздан; қорқуымыз – қалтырауымыздан; қуанғанымыз – күлгенімізден” делінген (У. Джемс).Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер тапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен роль атқарады. Эмоциялар адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, жағдаятты көңіл күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі.Адам өмірінде эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.Л.С.Выготский «эмоция» ұғымының теориялық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Ол эмоцияларды ойлаудың субъектінің сезімдік-заттық іс-әрекетімен байланысының ішкі, психологиялық механизмі ретінде қарастырды. Олар ағзаның енжар күйі емес оны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын оятады және реттейді деген.П.Я.Якобсон «сезімдер», «көніл-күй», «аффектілер» мен «эмоциялар» сияқты эмоционалды үрдістерді эмоционалды өмірмен байланыстырды. Адамда нақты заттардың немесе құбылыстардың шеңберіне арналған эмоционалды қатынас сезімі ең негізгісі болып табылады.А.Г.Ковалев сезімдерге жеке тұлғаның нақты заттық бағдарға ие тұрақты қатынастарын, яғни махаббат және жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім-тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция – сезімнің көрінетін үрдісі. Сонымен, сезімдер – нақты жағдайлардың жалпылану нәтижесі ретінде онтогенезде қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғары нәтижесі.Сезімдердің түрлері. Ақыл-ой сезiмi -адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Эстетикалық сезiм- адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Ө нер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi. Адамгершiлiк сезiм -демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы.
Л.С. Выготский өз зерттеулерінде баланың эмоционалдық дамуы мұғалімнің кәсіби қызметінің негізгі бағыттарының бірі екенін атап көрсетті. Тұлғаның эмоционалдық саласы психикалық өмірдің «орталық буыны» болып табылады. Эмоционалды сфераның дамуы бір-бірімен байланысты бірқатар бағыттарға ие, олардың әрқайсысының өзіндік әсер ету әдістері мен механизмдері бар.