1емтихандық билет



бет9/22
Дата22.05.2023
өлшемі116,53 Kb.
#96180
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
кесілмеген Т-41- психология ГОС

Мақсатқа қарай
Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;
Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай
Қысқа мерзімді есте қалдыру;
Ұзақ мерзiмдi есте қалдыру (Ұзақ мерзiмдi ес);
Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделенгендігі байқалады. 3-4 ж бастап бала қоршаған ортамен жан- жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс-әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ, іс- әрекеттің орындалу барысындабайқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.
Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленеді. Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл аударғанын өзін қызықтырған құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде есте сақтау үшін алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде есте сақтау жүзеге аса бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде сөз-логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциялық сезімдік естің маңызы зор.
Неғұрлым баланың заттар мен құбылыстарға зер салып көңіл қою ынтасы ерекше болса, Соғұрлым ырықсыз есте сақтауы айқын жүзеге асады да, барлық ынта ықыласымен зейін қояды. Заттың бейнесі оның, түсі баланы қызықтыратындай ерекше болса, оны жақсы қабылдап есінде жақсы жаңғырта алады. Балаға әңгіменің мазмұнын тек сөз жүзінде айтып берсең, ондағы бейнелерді сипаттау түрінде есінде сақтайды.
Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының үш дәрежесін анықтаған.
І дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.
ІІ дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай-ақ жүзеге асады.
ІІІ дәрежесінде балада еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.
Еске сақтаудың осы 2-ші және 3-ші дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.
Қорытынды: Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмаймыз.
Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.)
2. Берілген жағдаятты талдап,жауап бер.
Жағдаят1. Бала барлығын түсінеді,кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды.Көптеген заттардың атын біледі. Іс-әрекеттерді бұйрық бойынша орындайды.
Сұрақтар: 1. Баланың жасын анықтаңыз.
2. Бала тілінің даму кезеңін атаңыз.
3. Бала даму кезеңіне байланысты психолог-педагогикалық кеңес беріңіз.
14 ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТ

  1. Ойлау туралы түсінік,ойлау операцияларының және формаларына жалпы мінездеме беріңіз. Ойлау түрлеріне жіктеңіз. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытуна сипаттама жасаңыз.

Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты.
Ойлау операциялары. Ойлау процесі келесі операциялардың көмегімен жүзеге асырылады:
- салыстыру –ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;
- талдау – бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас элементтерге бөлу;
- синтез – элементтерді тұтас құрылымға біріктіру;
- абстракция және жалпылау – жалпы белгілерді бөліп көрсету;
- нақтылау мен дифференциялау – ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің мәнділігіне қайта оралу.С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, аталған барлық операциялар ойлаудың негізгі операциясы – жанамалаудың, яғни неғұрлым елеулі байланыстар мен қатынастарды ашудың түрлі жақтары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет