Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен, тмектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар). Ұғымда адам жеке заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын
ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда
мағыналы, терең жәнс ықшам болып келеді. Ұғымдар дара және жалпы болып бӛлінеді. Мәселен, «Ақтау қаласы», «Абай Құнанбаев» дара ұғым болса, «қала», «адам» т. б. жалпы ұғым болады. Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Пікір ақиқат және жалған болып бөлінеді. Әрбір пікірде үш бөлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс.
Ойлау түрлері Психология ғылымында ойлау түрлерін ажыратуға байланысты алғашқы қабылданған генетикалық топтастыру әдісі. Бұл бойынша ойлау әрекеті дамуының үш деңгейі еленген:
- тәжірибе – әрекетті ойлау – нақты заттармен тікелей байланыса,
- ой қызметін орындау түрі;
- - көрнекі-бейнелі ойлау – елестер мен психика өрнектерін арқау еткен ойлау түрі;
- сөздік – логикалы немесе сөздік – рәмізді ойлау – абстракт
- түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен
- байланысты ойлау түрі.
- Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау үдерісі келесі
- түрлерге бөлінеді:
- Вербалды (сөздік) және визуалды (көру), нақты және дерексіз (абс-
- тракт) ойлау.
- Бағыт-бағдарына орай ойлау үдерісінің келесі түрлері белгілі:
- теориялық және тәжірибелік. Болмыс құбылыстарын түсіндіре баяндау
- бағытынан теориялық ой туындайды да болмысқа өзгеріс ендіру, қайта
- жасау бағытында тәжірибелік (практикалық) ой пайда ету қажеттігі
- алға тартылады.
- Ойды тереңдей жалпылаудан эмпирикалық және теориялық ойлар
- бөліне көрінеді.