1емтихандық билет


Іс-әрекет — психологиянын негізгі категориясы



бет5/22
Дата22.05.2023
өлшемі116,53 Kb.
#96180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Іс-әрекет — психологиянын негізгі категориясы
Іс-Әрекет- Адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының формасы.
Іс-Әрекеттің негізгі 3 түрі бар: Ойын- баланың негізгі іс әрекеті.
Оқу- оқу іс-әрекеттің негізгі саласы.
Еңбек- еңбек әрекеттің мәні өнім өндіруге нәтиже беру
Іс-әрекет туындау схемасы
Қажеттілік
Түрткі
Мақсат
Әрекет ету
Нәтиже
Іс-әрекет субъектісі адамның өзі.
Әл-Фараби “әрекет дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екендігін анықтап алу керекпіз”
2. Психологиялық жағдаятты шешіңіз.
« Даниярдың (1 жас 1 ай) анасы киіндіріп жатып айтады: «Қазір көйлекті киеміз.Көйлегің айда? Маған берші.колготкиің қайда? Маған берші? Аяқ киіміңді әкел ?» т.б.Ал, Данияр өте баяу киінсе де, анасының айтқанын орындайды.
Сұрақтар:
- Анасының баласын жұмсауы дұрыс па?
-Ана баланың қандай тұлғалық даму тұстарын ойлап тұр?
- Данияр киінуге құлықты ма?

7 ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТ


1.Темперамент және оның негізгі типтері туралы ғалымдардың тарихи тұжырымдамаларын айтыңыз.
Темперамент тұлғаның бойындағы мәнді қасиеттерінің бірі.
Бұл мәселеге деген қызығушылық, ол бұдан 25000 ж бұрын пайда туындаған. Темперамент түсінігі Темперамент (латын тілінен аударғанда temperamentum – тиісті бөліктердің қатынасы) - белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы, белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері. Б. М. Теплов темпераментке келесiдей анықтама бередi: ''Темперамент дегенiмiз бiр жағынан эмоциялы қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктердiң жиынтығы'‘.Темперамент түрлері, флегматик, холерик, меланхолик, сангвиник. Сангвиник- қызу қанды, iскер адам. Қимыл қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез тiл табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр тiлдi, әр түрлi, көпқырлы жұмысты тез атқарады.. Өмiр жағдайының өзгеруiне тез бейiмделедi. Меланхолик- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргендi жақсы көредi. Ұсақ-түйектiң өзiне қатты қуанады, қатты ренжидi. Үйреншiктi, жақсы, тату-тәттi ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi, жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы қарым-қатынасқа түсiп, алған iсiн нәтижелi орындап, табандылық көрсетедi. Холерик- аса қозғалғыш, ұшқалақ. Карым-қатынаста күйгелек, бiр беткей, iс әрекетке пысық. Олар айналысқан iсiн жан-тәнiмен iстеуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатына жетуге тырысып бағады, бiрақ алдынан өте қатты кедергi кездессе оны ары қарай жалғастыруға сенiмi болмай да қалады. Өзiнiң мүмкiндiгiне сенiмi кетсе, еңсесi түсiп, ешнәрсеге көңiл бөлмей қояды. Дене қимылдары тез және жiгерлi, қызба келедi. Бiр сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам. - барлық уақытта байсалды, ұстамды, бiр қалыпты, табанды, төзiмдi. Флегматик салмақты адам, ол күшiн босқа жiбермей, бастаған iсiн аяғына дейiн жеткiзедi. Ол бөспелiктi сүймейдi. Адамдармен қарымқатынаста бiр сарынды. Баяулық пен селқостық оның осал жағы. Ұзақ уақыт жұмыс iстеуге төзiмдi. Олар жұмыста ұсақ-түйекке көңiл аудармайды.Тұжырымдамалар: Гипократ «Темпераментты жүйке жүйесінің қасиеттерімен емес ағзада болатын әртүрлі сұйықтықтармен байланыстырды (қан, шырын, қара өт)». И.Кант «Темпераментты 2 бөлген, сезім (сангвеник, меланхолик), іс-әрекет (барлық темперамент)». В.Вунд «2 ге бөлген эмоциясы күшті, эмоциясы әлсіз». Лезгафт орыс педагогы «Қан тамырдық жуандығымен байланыстырды». Рим дәрігері Гален «Адамгершілік қасиетпен байланыстырды».
2. Көрсетілген ойындардың мектеп жасына дейінгі баланың зейін және есін дамыту мүмкіндіктерін ашып,дәлелдеңіз.

8 ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТ



  1. Мінездің жалпы түсінігін ашыңыз. Мінез бітістерін сипаттаңыз.Мектепке дейінгі жастағы балалардың мінезін тәрбиелеу жолдарын қалыптастырудың қысқаша мінездемесіне тоқталыңыз.

«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Жан де Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген Алекса́ндр Фёдорович Лазу́рский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде әдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез бітістері адам әдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен әдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамның ұқыптылық әдетінде көрінеді. Бірақ әдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Қайсы бір тұлғаға тән қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал әдет мұндай психикалық процестердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылық-әрекет барасында қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет–қылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві әрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді. Әрқандай мәнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиетке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылық-әрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған іс-әрекеттерді ұйымдастырудан басталады.Мінез адамның басқа психикалық қасиеттермен,атап айтқанда,қабілет,темпераментімен байланысты.Мінезді тәрбиелеу жолдары.Мінез бітістерінің алғашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды.4-5 жастағы балалардың мазмұнды,рөлді ойындарынан мінез-бітістерін көрсететін жолдастық ұжымдастық,мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелерін түсіне алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс-жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі.Мектеп-бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын.Балалардыі мінезін тәрбиелеудегі басты міндет-олардың жан-жақты болып өсуін,мінез-құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын кездестіру.Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді.Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету,сөзбен әдісі.Балалардың санасына сөзбен ұғындыру арқылы олардың дүниетанымы мен сенімін кеңейтеміз.
2. 3-жас балаларының танымдық процестерін дамыту ойынын көрсету.

9 ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТ



  1. «Қабілет» түсінігін, табиғи нышандардың қабілет дамуына мінездеме беріңіз.Мектепке дейінгі жастағы балалардың қабілет дамуына қысқаша мінездеме беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет