1емтихандық билет


Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді



бет7/22
Дата22.05.2023
өлшемі116,53 Kb.
#96180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді.
Ырықты Ырыкты зейiн белгiлі бiр мақсатты көздеп, обьектiге ерекше зер салып отыруды көздейдi, ол жумыстын басынан аягына дейiн ерік- жiгердi сыртка жұмсауды талап етеді. Бір сөзбен айтканда ырыкты зейiн деп iс әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтамыз.
Ырыксыз Адамдардын сырткы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейіннің көрінуі: күшті тітіркендіргіштер көзді аштырмайтын жарық, қалың бояулы заттар, қатты дауыс, мұрып жаратын иiс, заттар мен кұбылыстардын жаңалығы мен қозғалысы. Бала зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында-ақ аңғарылады. Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды. Оның дамуы сезімдерінің қажеттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты.
Үйреншікті
Адамга табиғи сiнiсiп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейiн. Мәселен, бала оқуға тізілсе, бұл онын тұрақты әдетіне айналса, онын зейіні де үйреншікті бола бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы оның жаңа іс-әрекетінің түрлерін өзгертеді. 4-5 жастағы бала өзін үлкендердің әсерімен басқарады. Тәрбиеші мектеп жасына дйінгі балаға үнемі: «ықыласты бол», «назар аударып тыңда», « назар аудаып көр» деп айтады. Бала үлкендердің қойған талабын орындау үшін өзінің зейінін басқару қажет. Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 5-10 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 15-20минутқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады.Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде.
Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.
2. 2-жастағы балалардың психодиогностикалық методикасын көрсету.

11 ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТ



  1. Түйсік органдары туралы жалпы түсінік,анықтама беріңіз. Түйсік түрлерін жіктеңіз.Мектепке дейінгі түйсік даму ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.Түйсiктер түрлері: көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi,иіс түйсігі,қозғалыс түйсігі. Ш.Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен,туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады.Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді.Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады.Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігісуға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана баладыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елеңдемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп көңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарық түсіріп тұрған затқа бұра бастайды,қозғалмалы заттарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады. Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, сода соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жұрт бастауы түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді.
2. Берілген мінездемеден 1-жастағы баланың психологиялық портретін жаса.
12 ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТ
1.Қабылдау және оның қасиеттері туралы жалпы түсініктеме жасаңыз.Қабылдау түрлерін жіктеңіз.Мектепке дейінгі жастағы балалардың қабылдау ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет