1лекция: Дене шынықтыру және спорт педагогикасының теориялық әдістемелік негіздері


лекция: Дене шынықтыру мен спорттағы оқыту процесінің жалпы сипаттамасы



бет5/26
Дата14.04.2023
өлшемі294 Kb.
#82653
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
лекция сабақ

2лекция: Дене шынықтыру мен спорттағы оқыту процесінің жалпы сипаттамасы
.Оқыту процесінің мәні мен ерекшеліктері
.Спорттық кәсіби –педагогикалық білім берудің ерекшеліктері

Білім беру жүйесі өз қызметінің барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Аз ғана уақыт аралығында елдегі сауатсыздық жойылып, жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары құрылып, жалпыға бірдей оқу ісі жүргізілді.


Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңде барлық әлеуметтік-экономикалық өмірдің түбірімен өзгеруі білім саласының да қайта құрылуына қажеттілік туғызды. Бұл орайда, жүргізіліп жатқан реформалар, бұрын қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін әрі қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Алайда егемендіктің алғашқы жылдарында бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті орта білім беру ісі өзгерістерге ұшырап, батыстық үлгіге көшуге талпыныс жасалды. Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алынды. 1992ж., 1999жыл білім, жоғары білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы, орта білімнің даму концепциясы мен білім берудің мемлекеттік стандарттары бекітілді.
Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі заңының ережелеріне сүйенеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы (Ата заңы) бойынша, (30 бап):

    • азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында ақысыз орта білім алуға кепілдік береді, орта білім міндетті;

    • мемлекет жалпыға міндетті білім стандарттарын белгілейді, кез-келген оқу орындарының қызметі осы стандарттарға сәйкес болуы керек.

1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының « Білім туралы» заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының (меншігіне, типіне, түріне қарамастан), оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орандары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады.Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізінде қалыптастыруға қажетті жағдай жасау көзделді.
Білім беру мекемелеріне оқыту және басқа да табыс түсетін қызметтермен айналысуға құқық берілген. Ақылы білім беру қызметтері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыланған негізгі оқыту қызметінің орнын алмастыра алмайды. Білім беру мекемелері шетелдік ұйымдар мен қорлармен тікелей байланыс жасауға білім беру саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға кіруге құқы бар. Білім беру мекемелері мемлекеттік, мемлекеттік емес (Қазақстан Республикасында тіркелген қоғамдық және діни бірлестіктер мен жеке білім беру ұйымдары) сондай-ақ халықаралық болуы мүмкін.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативтік құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.
Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері-азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлату, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару боып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет