1лекция: Дене шынықтыру және спорт педагогикасының теориялық әдістемелік негіздері


Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдiснамалық негiздерiн сипаттау



бет7/26
Дата14.04.2023
өлшемі294 Kb.
#82653
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
лекция сабақ

2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдiснамалық негiздерiн сипаттау
Ғылымда бұрынғы заманнан берi келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтiк факторларының ара қатынасы туралы пiкiр талас бiтер емес. осы бiр көп ғасырлық айтыс нәтижесiнде әртүрлi көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бiрiн жақтаушылар адамның дамуын, негiзiнен, табиғи ерекшелiктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы аз деп есептелiнедi. Жеке тұлғаның дамуын түсіндiретiн осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон мен Аристотель өз кездерiнде-ақ адамдардың қоғамдық мiндеттерiн олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пiкiрiнше, туылған сәтiнен бастап-ақ кейбiр адамдар бағыну ұшiн, ал кейбiреулерi билiк ету ұшiн жаралған.
ХVI-ғасырда пайда болған преформизм (латынша - қайта құру, өзгерту) деген философиялық бағыт төмендегiдей ойды ұсынған адамның ұрығында-ақ болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттерi бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана бiлдiредi. Бұл орайда әлеуметтiк фактор мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негiзiн салушы американдық психолог және педагог Э. Торидайктің пiкiрiнше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерiн тектiлiк, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабiлетi балаға "көздерi, тiстерi және саусақтары" сияқты дүниеге келгеннен-ақ, берiледi. Ол адамды ұрпақтан – ұрпаққа сол қалпында берiлетiн және жеке тұлғаның барлық қасиеттерi мен келешегiн толығымен анықтайтын "гендердің жинағы немесе батареясы" ғана деп саналған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсіндiру прагматизм бағытына да дән. Прогматизм дегенiмiз - iс-әрекет, тәжрибе. Бұл бағыттың негiзiн салушы – Джон Дьюи.
Ендiгi бiр көзқарастың негiзiн классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк салып, француз материалистерi оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмiрiнің жағдайларымен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы болып есептелiнген.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бiрiншi орынға қойып, тәрбиенің кұшiн жоққа шығаратын бұл теориялар ХiХ ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалык зертеулердегi ерекше бiр бағыттың пайда болуына себебшi болды, бұл бағыт "педеология", яғни тура аударғанда "балалар туралы ғылым" деген атқа ие болды. Қазiргi уақытта ғалымдардың көбiсi педеологияны индивидтің сәби, жас өспiрiм, жастық шағындағы жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретiнде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет