1лекция: Дене шынықтыру және спорт педагогикасының теориялық әдістемелік негіздері



бет6/26
Дата14.04.2023
өлшемі294 Kb.
#82653
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
лекция сабақ

Әдебиеттер:

  1. Государственная программа. «Образование». Алматы, 2000

  2. Государственные стандарты начального образования Республики Казахстан. Алматы, 1998

  3. Государственные стандарты среднего образования Республики Казахстан. Кн.1,2. Алматы,1998

  4. Закон Республики Казахстан «Об образовании». Алматы, 2000

  5. Закон Республики Казахстан «О языках в Республике Казахстан». Алматы, 1997

  6. Конституция Республики Казахстан. Алматы, 1995

  7. Концепция развития среднего образования Республики Казахстан/Учитель Казахстана,№17-18,1997

  8. Хмель Н.Д., Жанпейісова Қ.Қ. т.б. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. – 368бет.

3лекция: Дене шынықтыру мен спорттағы тәрбиелеу процесінің жалпы сипаттамасы
Спорттық тәрбиелеу процесінің мәні мен ерекшеліктері
Спорттық тәрбиенің мазмұны. Спорт жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде спорттық ұжымды тәрбиелеу

Тәрбиенің негiзгi мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтiк тәжірибенi меңгеруi,оның жан-жақты үйлесiмдi дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесiнің көп ғасырлық таихы бар. Ертедегi грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтiк фактор әсер етедi деп көрсеттi.


Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтiк жағдайларға тәуелдi екендiгiн ХVI-ХVII ғғ. алғаш рет байқаған гуманистер социал-қиялшылар Томас Мор мен Томмазо Кампанелла. Алғашқы гуманистер және социал-қиялшылдар адамды жан-жақты, жарасымды етiп дамыту өндiрiс құралдары мен жабдықтарына жеке меншiктiк және адамды-адам қанау жойылғанда ғана қамтамасыз етiледi деп тұжырымдады.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту және тәрбиелеу жәйлi мәселелердi ең алғашқы рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К. Маркс пен Ф. Энгельс болды.
Даму - жеке адамды жан-жақты жетiлдiрудің өте күрделi және диалектикалық процесi. Адам-өзiне және биологиялық құрылысы бар тiршiлiк иесi, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етедi. Адам биологиялық тiршiлiк иесi болып туады алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтiк тiршiлiк иесiне айналады.
Адам қасиетiн түсіндiретiн тағы бiр ұғым – "индивид". Бұл сөз латын тiлiнен алынған және оның қазақша баламасы - "жекелiк" ұғым ретiнде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттерi ескерiлмеген бiр өкiлiн бiлдiредi.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбiр жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегенiмiз - төменнен жағаға, қарапайымнан күрделiге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу.
Даму кезiнде барлық философиялық заңдар жүзеге асады; өзгеру, санның саппаға ауысуы, бiр сапаның басқа бiр сапаға ауысуы.
Сондықтан, даму дегенiмiздi адамның анатомиялық жетiлуiндегi оның жүйке жүйесi мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық iс-әрекетiндегi оның дұние танымы, өнегiлiгi, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенiмдерiнің кеңеюiндегi орын алатын сандық және сапалық өзгерiстердің өзара тығыз байланысты процесi деп түсіну дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет