3. Тәрбие - тұлғаның қалыптасуындағы негiзгi фактор Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиенi белгiлi бiр әлеуметтiк қызыметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретiнде қарастыру қажет, ал тар мағынада тәрбие дегенiмiз әсiп келе жатқан ұрпаққа жалпы азаматтық құндылықтарды игерту үшiн мұғалiм мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бiрлескен iс әрекеттердің педагогикалық процесiн ұйымдастыру.
Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшелiктерiне, дайындығымен даму дәрежесiне лайық iске асырылыды. Тәрбие арқылы адамдардың iс-әрекеттерiн ұйымдастыру үшін тәрбиешi тәрбиенің құралдары мен әдiстерiн және формаларын iздестiредi, оларды тиiмдi етiп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жұргiзiледi.
Тәрбие жеке тұлғаның дамуының әлеуметтiк бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейiмдiлiгi мен қабiлеттiлiгiн жетiлдiретiн шешушi кұш. Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешiлiктерiнің бiрi оның осы бiр әлеуметтiк қызметтi орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигi К.Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиенің ерекше орны туралы былай деген "Тәрбиешi тұлғасының жас жанға әсерi оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де жазалау мен мадақтау жүйесiмен де алмастыруға болмайтын тәрбиелiк күштi құрайды".
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешушi мән бере отырып, әзара күрделi байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнiн дұрыс түсіне бiлу керек.
Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлi көз қарастар бар. Мысалы тәрбие мен оқыту дамуға бейiмделедi, "баланың дамуының соңында жүредi". (Л.С. Выготский). Келесi бiр көз қарас бойынша даму iс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруi арқылы жүзеге асырылады (яғни, оқыту мен тәрбие көмегi мен), бұл арайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткiзген деңгейiнде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы мiндетiн шешу (К.Д. Ушинский, П.П. Блонский).
Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табудың нәтижесiнде баланың ой-өрiсi кеңидi, эстетикалық сезiмi мен талғамы артып, адамгершiлiк сапасы қалыптасады.