3. Педагогиканы әдіснамалық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері Педагогика нағыз ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективті дүние танудың, білудің және білімнің дамуының бірден бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Мысалы, диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы ойлауының, дамуының заңдылықтарын зерттейді. Диалектикалық матерализм қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогикалық оқиғаларды жалпылыама көшірме салмай, ол тәрбиенің заңдылықтарын ашады тәрбиедегі себепте нәтижелі байланыстарды анықтайды.
Халық ағарту жүйесі тәрбие білім берудің барлық салаларын ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі проблемаларды ғылыми -теориялық практикалық жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолднылады.
Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерде қолданылып жүрген ең көп тараған әдіс. Байқау, ең алдымен тәжірибе деректерін жинау мақсаты көздейді, байқалатын объектілерді бөліп алып әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын күні – бұрын жасалған жоспар бойынша жүргізілді.
Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу ретінде өз алдына толық қолданылады және байқау әдісі мен толықтырылып отырады. Әңгімелесу әдісі күні бұрын белгіленген жоспар арқылы анықталуға тиісті үлгі мақсаттарына сай жүргізілді. Әңгімелесу барысы мазмұны әдістік байқалады, пропорционалды, қорытынды жасалады.
Интервью алу әдісі. Бұл әдіс педагогика әңгімелесу әдісінің бір түрі социологиялық зерттеулерден ауысқан. Айырмашылығы тұрғыдан алған кезде алдын-ала белгіленген сұрақтар тұралы әңгімелесушінің жауаптар жазып алынады.
Сұрақ- сауал әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және осы ұжымдағы әр түрлі әдістердің көңіл – күйлердің т.б. мәселелердің объективті деректері субъективті салысыру анықталды.
Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі. Бұл әдіс оқушының жеке іс - әрекеттерін, медициналық карталарын, сынып журналдарын, оқушы күштерін жиналыстар мен мәжілістерді хаттамаларын оқып үйрену, талдап жинақтау мақсатында қолданылады.
Педагогикалық эксперемент әдісі. Зерттеу әдісінің педагогикалық тізімділігін анықтау түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылатын әдіс. Практикалық экспименттің мынадай түрі бар: табиғи эксперимент, лабораториялық эксперимент, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.
Педагогикалық процестерді моделдеу. Моделдеу педагогикада арифметикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланысты, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде яғни, озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материялды жинап сипаттауға және оны алғаш рет өңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зерттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.
Зерттеулердің нәтижесін тәжрибиеге енгізу жолдары педагогикалық зерттеулердің ең басты қорытындысы болып есептеледі. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу – бұл тұтас комплексті шаралар жиынтығы. Үздіксіз бірізді мақсатты түрде жүргізілетін зерттеу жұмысының нәтижесінде айқындалған заңдылықтар педагогикалық басылымдар арнайы ғылыми баяндамалар арқылы әдістемелік құралдар оқулықтар жасау арқылы әдістемелік нұсқаулар және ұсыныстар арқылы мектептің озат тәжрибесімен дәлелденіп тиімділігі жан – жақты айқындалған зерттеулердің кепілі болуы керек.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін білу әр бір шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімге қажет. Педагогикалық жаңалықтарда, озат тәжірибені ғылыми теориялық концепцияларды зерттеу, эксперименттік жұмыстар арқылы баюдан өткізіп тексеріп оның нәтижелерін шығару тиімділігі көрсету педагогикалық ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру қазіргі мектептің педагогика ғылымының әрбір мұғалімінің борышы.