4. Тұлғаның дамуыне орта мен тұқым қуалаушылықтың әсерi
Тұқым қуалаушылық-баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшелiктердің жиынтылығы. Тұқым қуалаушылық жайлы ғылымды генетика деп атайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екi түрге бөлуге болады жалпы адамзаттық (тiк жүру бейiмдiлiгi, шартсыз рефлекстер, нәсiлдiк және ұлттық белгiлер) және даралық (жүйке жүйесiнің түрi, анатомиялық-физиологиялық бейiмдiлiктер).
Жеке тұлғаның дамуына, сонымен қатар, табиғи және әлеуметтiк орта әсер етедi. Табиғи орта - бұл түрлi табиғат жағдайларының адам тұрмысына қызметiне ықпал жасауы.
Әлеуметтiк орта жеке адамның мiнез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтiк қатынас, адамдардың көп қырлы iс-әрекеттерi. Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерiн зерттей отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбiсi адамның жеке тұлға болып қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тiк жүру секiлдi адамға ғана тән бейiмдiлiктердің дамуы үшін адами қоғам, әлеуметтiк орта қажет. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами бейiмдiлiктердің дамымағаны дәлел бола алады, ол қасиеттердің қалыптасуына деген қабылеттерiнің табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым формаларын ұлкен қиыншылықпен ұйренiп, заманына сай адамның түрмыс қалпын қабылдай алмады.
"Әлеуметтiк орта" деген ұғым, кең мағанасында қоғамдық өмiрдің материалдық жағдайлары, әлеуметтiк және мемлекеттiк құрылыс, қоғамдық қатынастар жүйесi, және олар анықтап отырған әлеуметтiк жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлi мекемелер қызметiн қамтиды. Адамның дамуына барынша әсер ететiн әлеуметтiк орта, әсiресе қазiргi уақытта, ең алдымен эканомикадағы өзгерiстер, идеологияның өзгеруi, қала мен ауылдың өмiр жағдайлары, демографиялық процетер т. с. с. жатады. Географиялық орта жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше рөл атқарады.
Үйдегi ортаның - баланың ең жақын айналысының аса зор маңызы бар. Қоғамдық мекемелерде бiлiм беру тәрбиелiк процестердi ұйымдастырғанда мұғлiмдер мен тәрбиешiлер балаға кең әлеуметтiк өмiрiмен қатар, мектептен тыс ең жақын айналасының әсерiн ескерулерi тиiс.
Әдебиеттер
1. Коянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998 ж.
2. Кербаков А.И. Психологические основы формирования личности. М., 1967 г.
3. Ильина Т.А. Педагогика. А., 1977 ж.
4. Сағындықұлы Е. Педагогика. Дәрiстер курсы. А., 1999 ж.
5. Харламов И.Ф. Педагогика. М., 1990 г.
Достарыңызбен бөлісу: |