1лекция: Дене шынықтыру және спорт педагогикасының теориялық әдістемелік негіздері


Жоғары сынып жасындағы балалардың сипаттамасы



бет11/26
Дата14.04.2023
өлшемі294 Kb.
#82653
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
лекция сабақ

Жоғары сынып жасындағы балалардың сипаттамасы.
Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешімқабылдап, болашақкәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек ғана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.
Жасөспірімдік шақ пен жастық шақтың арасындағы ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен-бірі үйлесімді болып келеді.14-15 жаспен 16-17 жас аралықтар кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есепеледі, ал кейбір жағдайларда жасөсіпірімдік шақтың соңы деп аталады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық жас жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі.
Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік - бұл, адамының өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешілігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойын табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардың қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болды, яғни, типология жүргізуге болады (модель немесе типтердің көмегімен объектілерді біріктіру). Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:

  • қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері;

  • дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.

Дарындылық – адамның интеллектуалдық мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік – бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.
Психологиялық жағынан қараусыз қалған деген сөз ортаның келеңсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптапағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын айтады. Мұндай балаларды девианттар деп атайды.
Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз – оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуын, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс - бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын-ала іс-әрекет ұйымдастыру.
Темперамент – бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. Сангвинник – еті тірі; флегматик – жәй, салмақты; холерик – қызба, шапшаң; мелонхолик – ойлы, терең толғанысты.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалауда да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.
Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет