2 ДӘріс. Бастауыш сыныптардағы әлеуметтік-эмоционалды тәрбие мен оқытудың құзыреттері



бет9/11
Дата07.11.2022
өлшемі47,67 Kb.
#48111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Педагогикалық қарым-қатынас – оқыту мен тәрбиелеу мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін педагог пен оқушылардың өзара әрекетіндегі құралдар мен әдістер жиынтығы.
Қарым-қатынас стилі – адамдардың бір- бірімен өзара әрекеттесу тәсілдері мен құралдарының тұрақты формасы.
Әдіс - білім беру, тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Әдіскер - жеке пәндерді оқыту саласының тәсілін жақсы және білікті қолдана алатын, соның негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін орынды пайдалану. Кез келген мұғалім әдіскер болуға тырысады.
Әдістемелік құрал - белгілі бір пәнді оқытуды ұйымдастыруда мұғалімге көмек көрсететін нұсқаулар және ақыл кеңестер жиынтығы. Мұны тәжірибелі ғалымдар, мұғалімдер құрайды.
Бейімделу - тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті. Тәрбиелену және оқу барысына байланысты қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіруі болып табылады.
Бейімділік - белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға оқушының бағыттылығы. Оқушының таңдамалы белсенділігімен, оның өз еңбегіне берілгенділігімен сипатталады. Еңбек, оқу, кез-келген шығармашылық іс-әрекетінің маңызды шарты ретінде қаралады.
Білім - адам ойындағы шындықты дұрыс бейнелеуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс әрекеті нәтижесінде пайда болады.
Білім беру - жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы.
Білім беру әдістемесі – ғылыми негізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері, жүйесі арқасында оқушының дүниеге көзқарасын қарастырып, алған білімдерін тәжірибеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет