2 Дәріс. Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі. Географиялық және тік бұрышты координаталар жүйесі



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата15.04.2023
өлшемі0,94 Mb.
#82927
1   2   3   4   5   6
 


 
4-сурет. Полярлық координаталар жүйесі 
Полярлық бұрыштар полярлық осьпен сағат тілінің бойымен 0 мен 360
0
аралығында өлшенеді. Жазық полярлық координаталар жүйесі теодолиттік 
түсірістер мен жобадан жергілікті жерге құрылыс объектілерінің нүктелерін 
көшіргенде қолданылады. 
Геодезиядағы проекциялау әдісі және биіктік жүйесі 
 
Жер бетін планға немесе картаға түсіруде сызба геометриясында оқып–
үйренген проекциялау әдісі кеңінен қолданылады. Жердің физикалық бетіндегі 
нүктелердің орны эллипсоидтың бетіне нормаль болып есептелетін тік сызықтар 
арқылы проекцияланады. Осы проекциялау негізінде нүктелердің тік бұрышты 
(ортогональды) проекциялары алынады. 
Жер бетіндегі А-нүктесін тік сызық арқылы 
деңгей бетке (5-сурет) проекцияланғандығы Н
А
арақашықтығы–нүктенің абсолют биіктігі деп 
аталады, ал сол нүктеден бастап шартты бетке 
дейінгі қашықтық Н
/
–шартты биіктік болады. 
Бір нүктенің екінші бір нүктедегі деңгейлік 
бетінен 
айырмашылығын–салыстырмалы 
биіктік–h, немесе биіктік өсімшесі дейміз. 
Мысалы, А нүктесінің В нүктесіне карағандағы 
биіктік өсімшесі h
А

А
–Н
в 
болады. 
Мұхит деңгейін көп жылдар бойы бақылау 
нәтижесінде деңгейлік беттің орташа жағдайын анықтайды. Біздің елімізде 
абсолют биіктігінің бастапқы саны ретінде Балтық теңізінде орнатылған 
Кронштадт футштогінің нөлі қабылданған. Футштог дегеніміз–бөліктері бар 
мыстан жасалынған тақта, осы бөлектер бойынша оқтын-оқтын теңіз деңгейі 
5-сурет. Проекция әдісі


тексеріліп, есептеліп отырады. Сөйтіп, деңгей беттен нүктелерге дейінгі 
вертикаль қашықтықтарды нүктелердің биіктіктері Н дейміз. 
Жер бетінің шағын учаскелерін кескіндегенде қолданылатын проекция 
әдісінің мәні мынандай (6-сурет): егер деңгей бетті V деп белгілеп, жердің 
бетіндегі А, В, С, D, Е нүктелерін тіктеуіш сызықтар арқылы (Н) проекцияласақ, 
жазық беттен сол нүктелердің (а, b, с, d, е) проекцияларын табамыз. Бұл проекция 
жазықтық (горизонталь) проекциясы деп аталынады. Осы аймақтың кеңістегі 
түрін бейнелеу үшін, сол нүктелерден (А, В, С, D, Е) деңгей бетке дейінгі 
арақашықтары (Аа, Вb, Сс, Dd) нүктелер биіктігін (Н) анықтауға тура келеді. Ол 
үшін, 
биіктіктердің 
айырмашылықтары 
(h=Сс-Dd) 
өлшенеді. 
Нүкте 
биіктіктерінің айырмашылығы–h–өсім биіктігі деп аталады. Өсім биіктігі 
нивелир деген аспаппен өлшенеді. Жер бетіндегі көлбеу сызықтар (АВ, ВС, т.б.) 
жазық бетке өздеріне сәйкес проекциялары ab, bc арқылы кескінделеді. Кейде 
осы проекцияларды жазықтықтағы горизонталь салындылар деп атайды. Демек, 
АВСDЕ көпбұрышының жазықтықтағы проекциясын планға түсіру үшін, оның 
горизонталь проекциялары (аb, bс, сd, dе, еа) мен горизонталь бұрыштары 

1


2


3
... белгілі болса жеткілікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет