Нүктенің кинетикалық энергиясы деп оның массасы мен жылдамдығының квадратының көбейтіндісінің жартысына тең скаляр шаманы айтады.
күштер әсер ететін М материялық нүктені қарастырайық. Ол қисық бойымен орыннан орынға орын ауыстырсын. сәйкесінше нүктелердегі жылдамдықтары болсын.
Нүкте динамикасының негізгі теңдеуінен (Ньютонның екінші заңы):
. (24)
(24) – нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теореманың дифференциалдық түрі деп аталады:нүктенің кинетикалық энергиясының толық дифференциалы нүктеге әсер ететін барлық күштердің элементар жұмыстарының қосындысына тең.
Бұл теоремадан
(25)
екенін көреміз, яғни нүктенің кинетикалық энергиясының толық дифференциалы нүктеге әсер ететін барлық күштердің қуаттарының қосындысына тең.
Нүкте бастапқы М0 орыннан М1-ге орын ауыстырғанда оның бастапқы жылдамдығы -ден -ге дейін өзгеретінін ескеріп, (24) теңдеуін интегралдаймыз, сонда:
. (26)
(26) – нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теореманың интералдық (шекті) түрін береді:нүкте шекті орын ауыстырғандағы оның кинетикалық энергиясының өзгеруіосы орын ауыстыруда нүктеге әсер ететін барлық күштердің жұмыстарының алгебралық қосындысына тең.
4) Массасы 0,18 г және затының тығыздығы 1800 оң зарядталған шар тығыздығы 900 сұйық диэлектрик ішінде тепе-теңдікте тұр. Диэлектрикте вертикаль жоғары бағытталған кернеулігі 45 біртекті электр өрісі бар. Шардың зарядын табындар.
2-билет
1) Материалдық нүктенің кеңістіктегі орыны мен қозғалысының класикалық өрнектелуін жалпылаңдар.
Физика курсы механика, молекулалық физика және термодинамика, электромагнетизм, оптика, атом және ядролық физика тарауларынан тұрады.
Қозғалысты түсiндiру үшiн материалдық нүкте деген ұғым енгiземiз. Материалдық нүкте деп, өлшемі, пішіні оның қозғалысына еш әсерін тигізбейтіндей, массасы бір нүктеге жинақталған денені айтады.
Материя қозғалысының ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, екені белгілі. Механикалық қозғалыстың үш түрі бар: ілгерілемелі, айналмалы және тербелмелі. Ілгерілемелі қозғалыста қатты денелердін барлық нүктелері бірдей жылдамдылықпен, үдеумен қозғалады және бір бағытта қозғалады. Қозғалыстағы дененің немесе материалдық нүктенің қалдырған ізі – траектория деп аталады. Траекторияның ұзындығын жүрілген жол деп атайды. Белгіленуі-S, өлшем бірлігі-халықаралық бірліктер жүйесінде [м] болады. Дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған түзу орын ауыстыру деп аталады. Белгіленуі Δr, векторлық шама, өлшем бірлігі халықаралық бірліктер жүйесінде [м] болады. Траекториясы бойынша қозғалыс түзу сызықты және қисық сызықты болып бөлінеді. Егер траектория түзу болса, қозғалыс түзу сызықты, ал қисық болса. қисық сызықты қозғалыс деп аталды. Материалдық нүктенің кеңістіктегі орнының өгеруін сипаттау үшін жылдамдық ұғымын енгіземіз.
Материалдық нүктенің белгілі бір уақыт аралығында жүрген жолының сол жолға кеткен уақытқа қатынасы орташа жылдамдық деп аталады.
Жылдамдық дегеніміз дененің бірлік уақыт ішінде жүрген жолы. Белгіленуі-v, векторлық шама, өлшем бірлігі – халықаралық бірліктер жүйесінде [м/с] болады.
Материалдық нүкте Dt уақыт ішінде М1 нүктесінен М2. нүктесіне орын ауыстырсын. Сонда жылдамдық радиус векторының уақыт бойынша бірінші ретті туындысына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |