2 Гамильтон теңдеулерін қорытып шығарыңдар: Жалпыланған импульс үшін, Гамильтон функциясы үшін


) Сақталу заңдары мен Ньютон заңдарына анықтама беріп, теңдеулерін қорытып шығару



бет7/23
Дата06.01.2022
өлшемі482,94 Kb.
#12207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
3) Сақталу заңдары мен Ньютон заңдарына анықтама беріп, теңдеулерін қорытып шығару:

- Импульстің сақталу және өзгеру заңдарына.

- Импуль моментінің сақталу және өзгеру заңдарына.

- Механикалық энергияның сақталу және өзгеру заңдарына.

Материалдық нүктенің масссы мен жылдамдығының көбейтіндісі дененің импульсі деп аталды. Импульс – векторлық шама, және  әрпімен белгіленеді.



 (12)

Материалдық нүктелердің әсерлескенге дейінгі жылдам-дықтарын  , ал әсерлескеннен кейінгі жылдамдықтарын  деп белгілеп алайық. Онда жылдамдықтардың өсімшелері:  және  болады, демек

 (13)

немесе  (14)

Егер оқшауланған жүйедегі материалдық нүктелер саны і болса, онда

 (14/)

Басқаша жазатын болсақ: 

немесе  (15)

(15) формуладан әсерлескенге дейінгі импульстердің қосындысы соқтығысқаннан кейінгі импульстердің қосындысына тең, немесе тұйық жүйенің толық импульсі сақталады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда уақыт бірлігі ішінде жүйдегі бөлшектердің өзара әсерлері нәтижесінен туатын импульстің өзгерісі әрқашанда тұрақты шама болады. Бұл тұжырымды релятивтистік емес механикада импульстің сақталу заңы деп атайды.

Импульс пен энергияның сақталу заңдарынан физиканың есептерін шешуге мысалдар ретінде абсолют серпімді және серпімсіз денелердің соққысы қарастырылады.

Шар массаларын m1 және m2, шарлардың соқтығысқанға дейінгі жылдамдықтарын v01 және v02, ал соқтығысқаннан кейінгі жылдамдықтарын vжәне vдеп белгілейік. Импульс пен энергияның сақталу теңдеуін жазайық:



 (16)

 (17)

Түрлендірулерден кейін, v01 векторының бағытына проекцияласақ, мынаны аламыз:



 ;  (18)

“–“ таңбасы шарлардың бір–біріне қарама–қарсы қозғалғандығы, “+” таңбасы бірінші шар екінші шарды қуып жеткен жағдайға сәйкес келеді (3- а,б сурет).

Соқтығысқан кезде денелердің кинетикалық энергиясы толығынан немесе жартылай ішкі энергияға айналса, соқтығысқаннан кейін денелер не бірдей жылдамдықпен қозғалатын болса немесе тыныштықта болса, соқтығысу абсолют серпімсіз болады. Импульстің сақталу заңы бойынша:

 (19)

(v- шарлардың екеуінің де соқтығысқаннан кейінгі жылдамдығы). v векторының модулі мынаған тең:



 (20)

“–“ таңбасы суреттегі а) жағдайға, ал “+” таңбасы суреттегі б) жағдайға сәйкес келеді.

Дене потенциалды өрісте орналасқанда оның потенциалдық энергиясы болады. Консервативті күштердің жұмысы потенциалдық энергияның кемуі есебінен істелетіндіктен, оның мәні потенциалдық энергияның теріс таңбамен алынған өсімшесіне тең:

 (21)


 болғандықтан,  (7) түрінде жазуға болады. Осыдан

 (22)

Мұндағы С-интегралдау тұрақты. Консервативті күштер үшін



 ,  ,  (23)

немесе вектор түрінде  (24)



 функциясының түрі күш өрісінің сипатынан тәуелді болады. Мысалы, Жер бетінен h биіктіктегі массасы m дененің потенциалдық энергиясы:

 (25)

Серпімді деформацияланған дененің (серіппенің) потенциалдық энергиясын табайық. Серпімділік күші деформацияға пропорционал:



Мұндағы Fxсер- серпімділік күшінің х осіне проекциясы, k-серпімділік коэффициенті (серіппе үшін қатаңдық), минус таңбасы Fxсер күштің бағыты деформация бағытына қарсы екендігін көрсетеді.

Ньютонның екінші заңы бойынша, деформация күші серпімділік күшіне модулі жағынан тең, ал бағытына қарама қарсы болады, яғни

Аз ғана dx деформация жасайтын Fx күштің жасаған жұмысы:



Ал толық жұмыс



Сонда серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы



 (26)

Жүйенің толық энергиясы механикалық қозғалыс энергиясынан және өзара әсерлесу энергиясынан тұрады.  яғни толық энергия потенциалдық энергия мен кинетикалық энергияның қосындысынан ұрады.



3-билет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет