Мәдениетформалары:миф,өнер,дін,мораль,философия, құқық, саясат,ғылым,техника Миф – тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді.
Миф туралы ғалымдардың зерттеулері Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.
Малиновскийдің пікірінше, миф – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі.
Э.Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер.
Өнер – мәдениеттің ерекше жеткілікті дербес және төтенше маңызды саласы. Ол мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі.
Өнер өз бейнелерінде әдеби мәтіндер , мүсін және сәулет туындыларында суреттер, саз әуенінде берілетін мәдениеттің біртұтас қаңқасын жасай отыра, дүниені бейнелейді.
Өнер көңіл-күйді, сезімді білдіреді. Өнерде итсал кез-келген қуатты мүмкіндікті ақиқатқа айналдырады, адам мен дүниедегі жақсы атаулыны биікке көрсетеді. Өнердің арқасында адам әлемі, өзін басқа да адамдарды жақсы түсінеді.
Өнер – бұл өзі адам мен сөйлесетін ерекше мәдениет тілі. Өзінің стильдік бірлігін сақтай отыра, өнер дүние мен адамды олардың қандай да кезең мен дәуірде қалайша көрінгендігін суреттейді.
Әдетте , өнердің , танымдық, тәрбиелік, өтемдік, қарым – қатынас міндеттері белгілі.
Өнер адамды оқып-үйретуден гөрі оны асқақтатуға, имандандыруға, жан-дүниесіне сәуле түсіруге, асыл сезімдерді оятуға бейім.
Өнердің басты мақсаты – қандайда бір идеалдық , жетілдіру үлгісін , адамдарды осы идеалға тарту үшін рухани алғышарт жасау.
Дін адамның рухани шығармашылығының және қоғамның бір саласы болып табылады.Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде оның дүниеге, табиғатқа, қоғамға ерекше қатынасын білдіреді және адамның өз-өзінен оқшаулануын жеңіуіне көмектеседі. Дін мәдениеттің маңызды құбылысы. Дінді мәдени құбылыс ретінде түсінуде оның шығу төркіні мен міндетін түсіндіру маңызды рөл атқарады. Дінді әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде арнайы пән – дінтану зерттейді. Қазіргі дінтану мәдениеттанумен ментальдықты зерттеу әдісіне тоғысады.Ментальдық — әлемнің қабілетін жасайтын мәдени дәстүрлердің бірлігін нығайтатын ақыл-ойдың, сенімнің жиынтығы.
Діннің адам мәдениетіндегі орнын, яғни мәдениеттің дінді тудыратындығын немесе діннің мәдениетті тудыратындығын түбегейлі іздеу мен пайымдау жүргізіліп келеді.
Дж.Фрэзер өзінің басты «Алтын бұлақ» атты кітабында алғашқы діндер эволюциясы туралы өз көзқарасын білдіреді. Ол алғашқы адамның көзқарасын және бұдан кейінгі діни сенімін, әдет – ғұрпын, тыйымдарын түсінуге мүмкіндік беретін жалпы идеялық және психологиялық негізді табуға әрекеттенеді. Ал,кейінгі «Магиялар және діндер» теориясында адамзаттық ақыл – ойдың дамуының үш тармақты схемасы туралы ережені қамтиды.Олар:магия, дін, ғылым.
Құқық – сан қырлы түсінік. Бұл нормалар жиынтығы, заңмен кепілденген мүмкіндік. Бұл жерде әңгіме ар – ождан, дін бостандығы, еңбек ету, білім алу сияқты адам құқықтары туралы болып отыр.
Қазір бізге адамның қалыпты дамуы үшін қоғамның рухани мәдениетін игеру қажеттігі айдан анық болып отыр. Ол мәдениеттің басқа түрлерімен қоса құқықтық мәдениетті де қамтиды. Олардың үйлесімі жеке адамның рухани дамуын қамтамасыз етеді.
Бұл орайда саяси мәдениеттің, әлеуметтік мәдениеттің де маңыздылығы ерекше.