№4 дәріс Талдағыштар физиологиясы. Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру жфне сомалық-сенсорлық, есту,тепе-теңдік, иіс, сезу, дәм сезу талдағыштары және олардың бөлімдері
ҚазҰМУ Қалыпты физиология кафедрасы 2014-2015 оқу жылы 2 курс, «Жалпы медицина» факультеті
Дәріс жоспары:
1. И.П.Павловтың анализаторлар (талдағыштар) туралы ілімі
Анализатор яғни талдағыш (сенсорлық жүйе) - ақпараттарды қабылдап, кодтап, өткізіп және ми қыртысында талдап, құрастыратын күрделі морфофункциялық жүйе
Талдағыштар бөлімдері (И.П. Павлов):
1. Шеткі (рецепторлық ) бөлімі - түрлі тітіркендіргіштерді қабылдау.
2. Аралық, өткізгіш бөлімі (афференттік талшықтар, нейрондар, қыртысасты орталықтары) - ақпараттарды рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізу
3. Орталық бөлімі (ми қыртысының бөлімдері) -афференттік сигналдарды талдап құрастыру