20-тарау. Дисперсті жүйелердің физикохимиясы


Седиментациялық тұрақтылық



бет10/23
Дата24.04.2022
өлшемі300,99 Kb.
#32094
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Седиментациялық тұрақтылық - салмақ күшінің әсерінен бөлшектердің тұнуына тұрақтылығы. Седиментациялық тұрақтылықтың негізгі шартына дисперстік фаза бөлшектері өлшемдерінің кіші болуы жатады, яғни салмақ күшінің әсері жылулық козғалыстың энергиясынан және броундық қозғалыстың салдарынан жүйе энтропиясының өсуінен артық болмауы керек. Сонымен, седиментациялық тұрақтылықтың негізгі факторы — энтропиялық фактор. Седиментациялық тұрақсыз жүйелер уақыт өткенде қабаттарға бөлінеді: жеңіл бөлшектер сұйықтықтың бетіне қалқып шығады да, ауыр бөлшектер — түбіне шөгеді. Ірі дисперсті жүйелер седиментациялық тұрақсыз жүйелер болады. Мұндай жүйелердің дисперстік фаза бөлшектеріне броундық қозғалыс тән емес. Бөлшек ірі болған сайын, уақыт бірлігі арасында дисперсиялық орта молекулаларымен соқтығысу саны да жоғары болады, импульстердің өзара компенсациялану ықтималдығы да жоғары болады. Коллоидтық-дисперсті жүйелер седиментациялық тұрақты болып келеді, себебі олардағы дисперстік фаза бөлшектері броундық қозғалысқа қатысады (молекулалардың майда бөлшектермен соқтығысқан кезде импульстердің өзара компенсациялану ықтималдығы төмендейді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет