20-тарау. Дисперсті жүйелердің физикохимиясы



бет7/23
Дата24.04.2022
өлшемі300,99 Kb.
#32094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
20.1-мысал. Химиялық конденсация әдісімен барий хлориді мен натрий сульфаты ерітінділерінің арасында жүретін реакцияның нәтижесінде алынатын барий сульфаты гидрозолі мицеллаларының құрылысын кескіндеңдер.

Шешуі. Артық мөлшерде барий хлориді алынған болсын. Нашар еритін барий сульфаты кристалдық агрегат түзеді, ол m BaSО4 формулалық бірліктерінен тұрады. Агрегаггың бетіне n Ва2+ иондары адсорбцияланады. Ядроның бетімен 2(n - х) хлорид-иондары СІ- байланысқан. Қалған қарсы иондар (2х) диффузиялық қабатта таралады:

{m[BaS04]nBa2+2(n-x)Cr-}2xCI-



Натрий сульфатын артық мөлшерде алғанда түзілетін барий сульфаты золінің мицелласын былайша жазуға болады: {m[BaS04]nS042-2(n-x) Na+}2x-2xNa+

20.11-сур. Электрофорез үшін Кольрауш аспабы: a— аспаптың сызбасы; б — диффузиялық қабат бөлшектері мен иондары қозғалысының сызбасы


Коллоидтық бөлшектердің зарядының бар-жоғын және оның таңбасын капиллярлық талдау әдісімен немесе электрофорез немесе электросмос құбылыстарын бақылау арқылы анықтауға болады. Капиллярлық талдау әдісінің негізі: сүзгі қағазы бетінің талшықтары сумен және сулы ерітінділермен ылғалданғанда теріс зарядталады. Сүзгі қағазында боялған жинақы дақ түзетін золдің бөлшектері оң зарадталған болады. Егер зольдің тамшысы қағаздың бетінде жайылған дақ түзетін болса, онда бұл золь бөлшектерінің теріс зарядталғандығын көрсетеді.

Жылжымалы шекара әдісімен электрофорезді бақылауға арналған аспаптьң сызбасы 20.11, а суретінде келтірілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет