Механикалық ұнтақтауды дисперсиялық орта мен тұрақтандырғыштың қатысында шар және коллоидтық диірмендерде жүргізеді. Шар диірменінің сызбасы 20.1, а суретте келтірілген. Дисперстік фазаның материалын диірмен айналған кезде жаншу, жару және үйкеу арқылы оның ішіндегі еркін қозғалып жүрген шарлар майдалайды. Коллоидтық диірмендерде материалды майдалау минутына 20 мың айналым жасайтын ротор мен статор беттерінің арасында үйкелуі нәтижесінде жүзеге асады (20.1-сур., б).
Ультрадыбыстың көмегімен майдалау ультрадыбыстық толқындарды (секундына 20 мыңнан 1 млн-ға дейін тербеліс жиілігі бар) қолданған кезде заттарды араласпайтын сұйықтыктарға немесе сұйықтықтардағы қатты денелерге дейін жүргізіледі. Дыбыс толқыны өткен кезде жазылу-жиырылу үдерістері көптеген рет қайталанады, нәтижесінде майдаланатын затта ашылып-жабылатын қуыстар пайда болады, олар өз кезегінде дисперстік фаза бөлшектерін бұзатын өте жоғары жергілікті қысым тудырады.