20-тарау. Дисперсті жүйелердің физикохимиясы


Сұрақтар, жаттығулар мен есептер



бет23/23
Дата24.04.2022
өлшемі300,99 Kb.
#32094
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Сұрақтар, жаттығулар мен есептер

20.1. Дисперстену дәрежесі дегеніміз не? Дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемі бойынша дисперсті жүйелер қалай жіктеледі?

20.2. Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның агрегаттық күйіне қарай дисперсті жүйелер қалай жіктеледі? Медициналық-биологиялық бағыттағы мысалдар келтіріңдер.

20.3. Дисперсті жүйелер олардағы молекулааралық әрекеттесу күшіне қарай қалай жіктеледі? Медициналық-биологиялық бағыттағы мысалдар келтіріңдер.

20.4. Коллоидтық-дисперсті және ірі дисперсті жүйелердің неліктен термодинамикалық тұрақсыз болатынын түсіндіріндер.

20.5. Лиозольдерді алу үшін қандай негізгі шарттарды сақтау керек?

20.6. Тұрақты эмульсиялар алу үшін қандай шарттарды сақтау керек? Эмульсиялардың биологиялык рөлі қандай?

20.7. Зольдерді конденсациялық және диспергациялық әдістермен алуға мысалдар келтіріңдер.

20.8. «Жасанды бүйрек» аппаратының негізгі бөлігі диализатордан тұрады. Қарапайым диализатордың кұрылысы неге негізделген? Диализдің көмегімен қанды қандай қоспалардан тазартуға болады? Диализдің жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?

20.9. Коллоидтық ерітінділердің осмостық қысымы уақыт өткенде неліктен өзгеретінін түсіндіріңдер.

20.10. Зольдердің дисперсті фаза бөлшектерінің өлшемін қандай әдістермен анықтауға болады? Полидисперсті жүйенің фракциялық құрамын қалай табуға болады?

20.11. Ұлы Отан соғысы кезінде жарықты тасалау үшін көк немесе күлгін түсті шамдар неліктен колданылғанын түсіндіріңдер.

20.12. Кішімолекулалық қосылыстың ерітіндісі мен коллоидты ерітіндіні қандай әдістермен ажыратуға болады? Бұл әдістер қандай қасиеттерге негізделген?

20.13. Зольді ірі дисперсті ерітіндіден қандай әдістермен ажыратуға болады? Бұл әдістер қандай қасиеттерге негізделген?

20.14. Коллоидты ерітінділерге потенциалдар айырмасын бергенде қандай құбылыстар байқалады?

20.15. Механикалық орын ауыстырғанда қандай электркинетикалық құбылыстар байқалады: а) дисперсиялық ортаға қатысты дисперсті фаза бөлшектері қозғалғанда; б) дисперсті фаза бөлшектеріне қатысты дисперсиялық орта қозғалғанда?

20.16. Сұйық топырақта жұмыс жасау үшін оған алдын ала электрод (анод) көмеді де, басқа электродты (катод) белгілі бір қашықтықта қазылған ұңғымаға орналастырады. Сыртқы ток көзін косқаннан кейін ұңғымада су жинала бастайды, оны тартып шығарады. Топырақты сусыздандыру қандай құбылысқа негізделген? Топырақтың дисперсті фаза бөлшектері қалай зарядталған?

20.17. Металл бөлшектерді латекспен қорғау үшін каучуктің сулы дисперсиясын екі электродтың арасына орналастырады, латекспен көмкерілетін дене анод болады. Бұл қорғау әдісі қандай құбылысқа негізделген? Сулы дисперсиядағы каучуктің бөлшектері қалай зарядталған?

20.18. Коллоидты-дисперсті жүйелерді сипаттау үшін ζ-потенциалдың маңызы қандай? Оны қалай анықтауға болады?

20.19. Электрофорездің, ағыс потенциалы мен седиментациялану потенциалының практикада колданылуына мысалдар келтіріңдер.

20.20. Коагуляция деп нені айтады? Коагуляцияның сыртқы көріністері қандай? Зольдердің коагуляциясы кезіндегі мүмкін болатын өнімдерді көрсетіңдер.

20.21. Жасырын, баяу және тез коагуляцияның бірі-бірінен айырмашылығы неде?

20.22. Зольдердің электролиттік коагуляциясының механизмін жалпылама түрде қарастырыңдар. Электролиттің коагуляциялау шегінің коагуляциялағыш ионның заряды шамасына тәулділігі қандай?

20.23. Пептизациялау үшін тұнбаның қандай қасиеттері болуы керек? Пептизацияның сыртқы көріністері қандай? Қандай тұнбалар пептизацияланбайды?

20.24. Гидролиз әдісімен алынған темір(ІII) гидроксиді золі мицелласынын құрылысы сызбасын жазыңдар.

20.25. Алюминий ацетаты гидролизденгенде алюминий гидроксидінің золі түзіледі. Осы золь мицелласының формуласын жазыңдар.

20.26. Коллоидты бөлшектері зарядының таңбасы әр түрлі болатын кальций сульфаты гидрозолін қалай алуға болады? Әрбір жағдай үшін золь мицелласы құрылысының сызбасын жазыңдар.

20.27. Мыс(ІІ) гексацианоферратының(ІІ) золі: а) мыс хлориді; б) калий гексацианоферраты(II) артық мөлшерде болған жағдайда алынды. Екі золь мицеллаларының формулаларын жазыңдар.

20.28. Күміс иондары күміс бромиді золінің потенциал анықтағыш иондары болып табылады. Осы золь мицелласы құрылысының сызбасын жазыңдар.

20.29. Натрий иондары күміс хлориді золінің қарсы иондары болып табылады. Осы золь мицелласы құрылысының сызбасын жазыңдар.

20.30. Гранулалары теріс зарядталған зольге бөлектеп мына электролиттердің ерітінділері қосылды: натрий хлоридінің, натрий сульфатының, алюминий хлоридінің, кальций хлоридінің, калий гексацианоферратының(ІІ). Осы электролиттерді олардың коагуляциялық қабілеттіктерінің төмендеуі бойынша орналастырыңдар. Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

20.31. Калий гексацианоферратымен(ІІ) тұрақтандырылған берлин көгілдірі золі бөлектеп мына электролиттермен: калий сульфатымен, магний сульфатымен, алюминий хлоридімен коагуляцияланды. Осы электролиттерді олардың коагуляциялық шектерінің төмендеуі бойынша орналастырыңдар. Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

20.32. Зольдің калий хлоридімен коагуляциялану шегі барий хлоридімен коагуляциялану шегінен жоғары. Коллоидты бөлшектер зарядының таңбасы қандай? Коагуляциялау шегінің мәндері бірдей шама болатын электролиттерге мысалдар келтіріңдер.

20.33. Зольдің мырыш хлоридімен және магний сульфатымен коагуляциялану шегі шамамен бірдей. Золь бөлшектері зарядының таңбасы қандай? Коагуляциялау шегінің мәндері төмен; жоғары болатын электролиттерге мысалдар келтіріңдер.

20.34. Зольдің барий нитратына карағанда магний сульфатымен коагуляциялану шегі төмен. Золь бөлшектері қалай зарядталған? Осы зольдің калий фосфатымен коагуляциялану шегі туралы не айтуға болады?

20.35. Зольдің темір(ІІ) сульфатына қарағанда калий гексацианоферратымен(ІІІ) коагуляциялану шегі төмен. Коллоидты бөлшектер зарядының таңбасы қандай? Осы зольдің хром(ІІI) хлоридімен коагуляциялану шегі туралы не айтуға болады?

20.36. Күміс иодидінің золі күміс нитраты мен аммоний иодидінің ерітінділерін араластыру арқылы алынды. Магний хлоридінің осы зольге қатысты коагуляциялық қабілеті натрий сульфатының коагуляциялық қабілетіне қарағанда жоғары. Осы золь мицелласының формуласын жазыңдар.

20.37. Қорғасын(ІІ) бромидінің золі қорғасын ацетаты мен кальций бромиді ерітінділерін араластыру арқылы алынды. Осы зольге қатысты магний нитратының коагуляциялық қабілеті аммоний сульфатының коагуляциялық қабілетіне қарағанда жоғары. Осы золь мицелласының формуласын жазыңдар.



20.38. Бір зольге қатысты электролиттердің коагуляциялық қабілеті мына қатарда төмендейді: . Коллоидты бөлшектердің зарядының таңбасы қандай? Коагуляциялық қабілеттігі шамамен жоғарыда көрсетілгенде болатын электролиттерге мысалдар келтіріңдер.

20.39. Тұз қышқылымен пептизациялау арқылы алынған темір гидроксиді золінің мысалында Шульце-Гарди ережесін тәжірибе жүзінде растау үшін төменде келтірілген электролиттердің қайсыларын алу керек: натрий хлориді, натрий гидроксиді, хлорлысутек, кальций сульфаты, кальций хлориді, натрий сульфаты, алюминий сульфаты, алюминий хлориді, калий гексацианоферраты(ІІ), калий гексацианоферраты( III)?

20.40. Жаңадан тұндырылған темір(ІІІ) гидроксидіне аздаған мөлшерде мына заттарды қосқанда қандай құбылыстар байқалады: a) HCl; б) ?

20.41. Қорғасын гидроксиді тұнбасын пептизациялаудың химиялық әдісін ұсыныңдар және түзілетін золь мицелласының формуласын жазыңдар.

20.42. Төменде келтірілген заттардың қайсылары алюминий гидроксиді коагелін пептизациялайды: а) калий гексацианоферраты(ІІІ); б) барий хлориді; в) калий гидроксиді; г) алюминий хлориді; д) аммиак?

20.43. Концентрациясы 0,006 моль/л 30 мл КІ ерітіндісіне концентрациясы 0,004 моль/л 40 мл ерітіндісін қосу арқылы алынған күміс иодиді золінің мицелласының формуласын жазыңдар. Мицелланың бөліктерін атаңдар.



20.44. Әрбіреуінің молярлық концентрациялары 0,05 моль/л және КІ ерітінділерінен күміс иодидінің екі золі алынды. Бір золь 16 мл ерітіндісін 20 мл KI ерітіндісіне кұйып, ал екінші золь 16 мл КІ ерітіндісін 20 мл ерітіндісіне құйып алынды. Осы зольдерді араластырғанда қандай да бір құбылыстар байқала ма? Жауаптарыңды негіздеңдер. Золь мицеллаларының формулаларын жазыңдар.

20.45. Магний гидроксидінің золі көлемдері бірдей концентрациясы 0,01 моль/л магний хлориді ерітіндісі мен концентрациясы 0,015 моль/л калий гидроксиді ерітіндісін араластыру арқылы алынды. Золь мицелласының формуласын жазыңдар және мына электролиттердің қайсысы — калий хлориді, натрий сульфаты, алюминий нитраты — алынған зольге ең жоғары коагуляциялық қабілет танытады?

20.46. Көлемдері бірдей кальций хлориді мен күкірт қышқылының 1%-дық ерітінділері араластырылды (тығыздықтарын 1 г/мл деп алыңдар). Түзілген золь мицелласының формуласын жазыңдар.

20.47. Гранулалары оң зарядталған золь алу үшін 10 мл концентрациясы 0,002 моль/л NaCl ерітіндісіне концентрациясы 0,001 моль/л ерітіндісінің қандай көлемін қосу керек? Золь мицелласы кұрылысының сызбасын жазыңдар.

20.48. Көлемдері бірдей концентрациясы 0,005 моль/л күміс нитраты мен натрий хлориді ерітінділерін араластырып алынған күміс хлориді золінің бөлшектері электрофорез кезінде катодқа қарай қозғалады. Натрий хлориді ерітіндісінің концентрациясы қандай аралықта болған?

20.49. Теріс зарядталған бөлшектері бар золь алу үшін 15 мл концентрациясы 0,003 моль/л марганец(II) хлоридінің ерітіндісіне концентрациясы 0,001 моль/л аммоний сульфиді ерітіндісінің қандай минимал көлемін қосу керек?

20.50. Теріс зарядталған бөлшектері бар золін алу үшін 15 мл кальций сульфатының қаныққан ерітіндісіне концентрациясы 0,1 моль/л барий хлориді ерітіндісінің қандай максимал көлемін қосу керек?

20.51. Бір тұздың калий нитраты, магний хлориді, натрий сульфатымен коагуляциялау шегі сәйкесінше 50,0; 0,9; 49,0 ммоль/л. Осы электролиттердің коагуляциялық қабілеттіктерінің шамалары өзара қандай қатынаста болады?

20.52. Темір(III) гидроксиді гидрозолінің натрий сульфаты және алюминий хлоридімен коагуляциялану шегі сәйкесінше 0,32 және 20,50 ммоль/л. Золдегі коллоидты бөлшектер зарядының таңбасын анықтаңдар. Осы электролиттердің коагуляциялық қабілеттіктерінің шамаларын есептеп, олардың қатынасын Шульце-Гарди ережесі бойынша есептелген шамалармен салыстырыңдар.

20.53. 1,5 л алтын сульфиді золінің коагуляциясы концентрациясы 0,2 моль/л 570 мл натрий хлориді ерітіндісін қосқанда байқалды. Зольдің натрий иондарымен коагуляциялану шегін есептеңдер.

20.54. 650 мл алтын сульфиді золінің коагуляциясы конентрациясы 0,025 моль/л 1,18 мл хром сульфаты ерітіндісін қосқанда байқалды. Зольдің сульфат-иондарымен коагуляциялану шегін есептеңдер.

20.55. 4 л темір(ІІІ) гидроксиді золінің коагуляциясы 0,914 мл 10%-дық магний сульфаты ерітіндісін (тығ. 1,1 г/мл) қосқанда байқалды. Зольдің сульфат-иондарымен коагуляциялану шегін есептеңдер.

20.56. 2 л алюминий гидроксиді золінің коагуляциясы концентрациясы 0,01 моль/л 10,6 мл калий гексацианоферраты(ІІ) ерітіндісін қосқанда байқалды. Зольдің гексацианоферрат(П)-иондарымен коагуляциялану шегін есептеңдер.

20.57. Алюминий гидроксиді золінің дихромат-иондарымен коагуляциялану шегі 0,63 ммоль/л. 1,5 л зольді коагуляциялау үшін 10%-дық калий дихроматы ерітіндісінің (= 1,07 г/мл) қандай көлемі қажет?

20.58. Темір гидроксиді золінің фосфат-иондарымен коагуляциялану шегі 0,37 ммоль/л. 750 мл зольді коагуляциялау үшін 5%-дық ерітіндісінің (р = 1,05 г/мл) қандай көлемі керек?

20.59. Алтын сульфиді золін кальций иондарымен коагуляциялау шегі 0,69 ммоль/л. 100 мл зольді коагуляциялау үшін концентрациясы 0,5 моль/л кальций хлориді ерітіндісінің қандай көлемі керек?



20.60. Күміс иодиді золін сульфат-иондарымен коагуляциялау шегі 2,12 ммоль/л. 0,5 л зольді коагуляциялау үшін концентрациясы 0,4 моль/л алюминий сульфаты ерітіндісінің қандай көлемі керек?

20.61. Егер дихромат-ионымен зольді коагуляциялау шегі 0,06 ммоль/л болатын болса, 1 л темір(III) гидроксиді гидрозолін коагуляциялау үшін концентрациясы 0,01 моль/л калий дихроматы ерітіндісінің қандай минимал көлемі керек?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет