Электрофорез деп дисперстік фаза бөлшектерінің жылжымайтын дисперсиялык ортаға қатысты сыртқы электр өрісінің эсерінен жылжуын айтатынын естеріңе салайық. Электрофорез кезінде коллоидтық бөлшектер (гранулалар) бір электродқа қарай бағытталып қозғалады. Коллоидтық бөлшектер зарядының таңбасын олардың қай электродка қарай козғалатыны бойынша анықтайды. Электрофорездің жылдамдығын өлшей отырып, Гельмгольц-Смолуховский теңдеуі бойынша электркинетикалық потенциалдың шамасын анықтауға болады:
Vтиімді = εo εξ∆φ/kπμl (20.6)
мұндағы v - электрофорездің жылдамдығы; dimvтиімді = LT1, өлшем бірліктері м/с; ε - ортаның диэлектрлік өтімділігі; ε0 - вакуумның диэлектрлік өтімділігі, 8,8510-12Ф۰м-1; ζ- электркинетикалық потенциал; Δφ - сыртқы электр көзінен келетін потенциалдар айырмасы; к - коэффициент, оның мәні коллоидтық бөлшектің формасына тәуелді; η — дисперсиялық ортаның тұтқырлығы; l - электродтардың ара қашықгығы.
Электрофорез медициналық-биологиялық зерттеулерде аминқышқылдары мен ақуыздарды, нуклеин қышқылдарын, антибиотиктерді, ферменттерді, антиденелерді, қанның формалық элементтерін, бактериялық жасушаларды бірі-бірінен бөлу үшін, ақуыздық препараттардың тазалығын анықтау үшін қолданылады. Клиникалық зерттеулерде электрофорезді ақуыздық құрамы өзгере жүретін ауруларды диагностикалау үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |