Коагуляция және пептизация үдерістері биологиялық жүйелерде маңызды рөл атқарады.
Зольдерде орын алатын коагуляция мен пептизация үдерістеріне қарағанда қанның ұюы және тромбтардың таралуының механизмі айтарлықтай күрделі болуына қарамастан, олардың негізінде осы құбылыстар жатыр. Мысалы, қан тамыры зақымдалған кезде қанда бірден тромбоциттердің таралу тепе-тендігі бұзылады: олар ашылып қалған жасушааралық матрикстің бетінде адсорбциялана бастайды. Адсорбцияланған тромбоциттер пішінін өзгертіп, басқа тромбоциттердің адсорбциялануына мүмкіндік беретін ерімтал заттарды бөліп шығарады. Бұл заттар талғамды коагуляторлар болуы мүмкін (тромбтың түзілуіне эритроциттердің де катысатынына қарамастан, баска формалық элементтердің тепе-теңдіктегі таралуына айтарлықтай әсер етпей-ақ, тромбоцит коагулятының түзілуіне мүмкіндік жасайды). Кейбір простагландиндер канның агрегациялық күйіне күшті әсер етеді: тромбоксан А2 тромбоциттердің агрегациялануын, ал простациклин І2 — олардың дезагрегациялануын күшейтеді.
Бұл механизмнің жекелеген звеноларына әсер ететін дәрілік заттар бар. Мысалы, аздаған дозаларда ацетилсалицил қышқылы тромбоксан А2 синтезін ингибирлейді, сөйтіп тромбоздар кезінде оң әсер береді. Осы заттың үлкен дозалары простациклиннің синтезделуіне де кедергі жасайды, осыған байланысты антитромбоздық әсер жойылады. Простациклиннің І2 синтетикалық аналогы болып табылатын эпопростенолды жүрек-тамыр ауруларының алдын алу және емдеу үшін қолданады.
Кейбір ксенобиотиктер биологиялық дисперсті жүйелердің дисперстік фазасы мен дисперсиялық ортасының арасындағы тепе-тендікті айтарлықтай ығыстыра алады. Қандағы арсин AsH3 оксигемоглобинмен элементтік күшәлаға дейін тез тотығады, ал ол эритроциттер протоплазмасының коллоидтарын коагуляциялайды, бұл гемолизге әкеледі.
Сонымен, эритроциттердің гемолизін тек осмостық құбылыстармен немесе тікелей мембрананы зақымдайтын әсерлермен ғана емес, сондай-ақ басқа механикалық, мысалы, біздің жағдайда, редокс-адсорбциялық әдіспен тудыруға болады.
Басқа ксенобиотиктер организмге түскенде коллоидтық-дисперсті күйге өте алады, олар орнаған адсорбциялық тепе-тендікті ығыстырады және коллоидоклазияны (коллоидоклазиялық шок) тудырады. Мұндай заттарға висмут(ІІІ) тұздары жатады, олар гидролизденгенде нашар еритін қосылыстар береді, мысалы ВіОСІ: ВІСІз + Н2О ↔ ВіОСІ + 2HC1
Тура осындай әсерді күміс(І) және таллий(І) иондары да көрсетуі мүмкін.
Кейбір дәрілік заттар дисперсті жүйелер болып табылады. Антисептикалық және байланыстыратын зат ретінде коллоидтық күмісті қолданады. Протаргол [ω(Ag) = 7,8-8,3%] және колларгол [ω(Ag) = 70%] препараттары суда еріткенде коллоидтық ерітінділер түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |