20-тарау. Дисперсті жүйелердің физикохимиясы



бет14/23
Дата24.04.2022
өлшемі300,99 Kb.
#32094
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
20 Т Дисперсті жүйелер Попков

20.3-мысал. Күміс иодидінің коллоидтық ерітіндісі мына реакция бойынша КІ + AgNО3 → Agl + KNO3 КІ артық мөлшерде болғанда алынды. Оны натрий сульфаты және кальций ацетаты ерітінділерімен коагуляциялады. Қай электролиттің коагуляциялық қабілеті жоғары болады?

Шешуі. Зольді тұрақтандырушы КІ болғандықтан, онда мицелланың кұрылысы былайша болады: {w[AgI]nІ-(п-x)К+}х- xK+.

Коллоидтық бөлшек (гранула) теріс зарядталған. Олай болса, коагуляциялайтын иондар — катиондар. Са ионының заряды Na+ ионының зарядынан жоғары болғандықтан, кальций ацетатының коагуляциялык қабілеті натрий сульфатына карағанда жоғары болады.


Коагуляция табалдырығына эксперимент жүзінде бірдей коллоидтық ерітінділердің сериясына концентрациялары әр түрлі с(Х) электролит ерітінділерін қосу арқылы анықтайды; белгілі бір экспозициядан кейін коагуляцияны тудырған ионның минимал концентрациясын анықтайды. Есептеулерді мына формуламен жүргізеді:

Стаб = с(Х)V1/Vo + V1 (20.17)

мұндағы Vo — зольдің көлемі; V1 — зольдің коагуляциясын тудыратын электролит ерітіндісінің минимал көлемі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет