20-тарау. Дисперсті жүйелердің физикохимиясы



бет16/23
Дата24.04.2022
өлшемі300,99 Kb.
#32094
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
20 Т Дисперсті жүйелер Попков

20.5-мысал. Қай зольдерді: темір гидроксидін, күміс иодидін (AgNО3 артық алынғанда), күміс иодидін (КІ артық алынғанда) өзара коагуляция жүру үшін араластыру керек?

Шешуі. Зольдердің өзара коагуляциясы коллоидтық бөлшектері зарядтарының таңбалары қарама-қарсы зольдерді араластырғанда мүмкін болады. Темір(ІІІ) гидроксиді золінің колоидтық бөлшектері оң зарядталған: {m[Ғе(ОН)3]nҒе3  3(n-х)СІ-}3х+. Күміс иодиді золінің коллоидтық бөлшектері AgNО3 артық алынғанда (потенциал анықтағыш иондар — Ag+) оң зарядталған {m[AgI]nAg+(n-x)NО3-}х+, ал КІ артық алынғанда (потенциал анықтағыш иондар І-) — теріс зарядталған {m[Agl]nI-(n - x)K+}х-. Олай болса, өзара коагуляция мына зольдерді араластырғанда орын алады: а) темір(ІІІ) гидроксиді және күміс иодидін (КІ артық алынғанда); б) күміс иодиді (AgNО3 артық алынғанда) және күміс иодидін (КІ артық алынғанда).

Үлкен өзендердің сағаларында (Тигр мен Евфрат, Амударья, Дунай, Еділ) өркениет ошақтарының пайда болуы коагуляция үдерістерімен тікелей байланысты: өзен суларындағы органикалық заттардың коллоидтары көлдердің суының әсерінен электролиттік коагуляцияға ұшырайды, нәтижесінде құнарлы топырақтар пайда болады. Жүздеген шақырымға созылып жатқан Нілдің құнарлы алқабында коагуляцияның нәтижесінде пайда болған қайталанбайтын табиғи кұбылыс деуге болады. Өзендер жүйесінен бастау алатын Нілде жоғары дисперсті күйдегі гуминді заттар бар. Нілдің сағаларының бірі — Көгілдір Ніл — суында минералды заттары бар тау өзені. Көгілдір Нілдің келіп кұятын жерінен бастап гуминді заттары бар коллоидтардың коагуляциялануы жүреді, өйткені сұйылғаннан кейінгі Көгілдір Нілдегі тұздардың концентрациясы шекті шамадан аспайды. Бұл қоректік органикалық заттарды Көгілдір Ніл келіп косылғаннан кейін Нілдің барлық ағысы бойынша біртіндеп тұнбаға түсіруге мүмкіндік береді. Тез коагуляция тек Жерорта теңізінің тұзды суының әсерінен өзеннің сағасында ғана жүреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет