20-тарау. Дисперсті жүйелердің физикохимиясы


Электрлік диспергациялауды



бет3/23
Дата24.04.2022
өлшемі300,99 Kb.
#32094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
20 Т Дисперсті жүйелер Попков

Электрлік диспергациялауды металдардың зольдерін алу үшін қолданады. Майдаланатын металдан жасалған және сілтіленген суға батырылған электродтарға тұрақты электр тогын беріп, электр доғасы пайда болғанша электродтарды жақындатады. Бұл кезде электродтағы металл буға айналады да, сұйық ортада конденсацияланып, золь пайда болады. Органозольдерді (дисперсиялық орта — органикалық еріткіш) алған кезде жоғары жиілікті искра зарядын қолданады.

Химиялык диспергациялау, немесе пептизация, тұнбаға химиялық әсер етуге негізделген.

Табиғаттағы өздігінен жүретін диспергациялау үдерістері тіршіліктің пайда болу мүмкіңдігін айқындады.

Дисперсті жүйелерді конденсациялық алу әдісінің бір тәсілі ретінде еріткішті алмастыру әдісін алуға болады. Ең әуелі заттың ұшқыш еріткіштегі шынайы ерітіндісін дайындайды да (мысалы, канифольдің спирттегі), оны зат ерімейтін сұйықтыққа қосады (мысалы, суға). Ұшқыш еріткішті қыздырып кетіреді. Нәтижесінде ерігіштік күрт төмендейді. Заттың молекулалары коллоидтық өлшемді бөлшектерге дейін конденсацияланып, коллоидтық ерітінді түзіледі. Еріткішті алмастыру кейде оқулық әдебиеттерде айтылатындай таза физикалык үдеріс емес. Еріткішті алмастыру барысында әуелі шынайы ерітіндідегі молекулалардың сольват қабықтарын бұзу жүреді, сонан соң — дисперсті жүйенің бөлшектерін түзетін иондар немесе молекулалар жиынтығы үшін ортақ гидрат қабығын түзе отырып, бөлшектердің іріленуі орын алады.

Көп жағдайда коллоидтық ерітінділерді алу үшін химиялық реакцияларды қолданады, олардың нәтижесінде нашар еритін заттар түзіледі.

Реакцияларды жаңа фаза бөлшектерінің түзілу жылдамдығы олардын өсу жылдамдығынан жоғары болатындай етіп жүргізу керек, өйткені алынатын жүйенің дисперстену дәрежесі осы үдерістер жылдамдықтарының қатынасына тәуелді болады. Жылдамдықтардың қатынасын реттеу реагенттердің концентрациясын таңдап алу, температуралық режим, әр түрлі заттарды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Дисперсті жүйелерді алудың негізінде әр түрлі химиялык реакциялар: тотығу-тотықсыздану, алмасу, гидролиздену реакциялары жатуы мүмкін.

2KAuО2 + 3НСНО + К2СО3 → 2Аu + 3НСООК + КНСО3 + Н2О

2H2S + О2 → 2S + 2Н2О

Na2CО3 + MgSО4 = MgCO3 + Na2SО4

K2C2О4 + CaCl2 = CaC2О4 + 2KC1

AICI3 + 3H2О = Al(OH)3 + 3HC1

Химиялық реакцияларды қолданып, зольдерді конденсациялық әдістермен алуды химиялық әдістер деп айту шындыққа сай келмейді, себебі бөлшектердің агрегациялануын валенттік емес, яғни бей спецификалық әрекеттесулер арқылы жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет