2014 Спецвыпуск І международная научная конференция «Современная наука и инновации»


Индустриалды-инновациялық процестің аймақ экономикасына ықпалы



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата12.03.2017
өлшемі6,95 Mb.
#9047
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

 Индустриалды-инновациялық процестің аймақ экономикасына ықпалы

40

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Государство и право

Г О С У д а р С Т В О   И   П р а В О

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны  

үшін жауапкершілік

Жомартқызы Мария, заң ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі; 

Сарыбаев Азамат Мухамедович, оқытушы; 

Абу Нургалым, студент

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Ж

алпы, заңдық жауапкершіліктің өзі мемлекеттің 



құқық бұзушының әрекетіне деген, оның жасаған 

қылығына қайтарған жауабы болып табылады.

Бұл жағдайда құқық бұзушы жеке, мүліктік не-

месе ұйымдастырушылық тәртіптегі жағымсыз салдар-

ларды көтеруге тиіс, бұл оған міндетті болып табылады. 

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық 

жағдайын бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік аста-

рынан біз мемлекеттің қоршаған орта саласындағы өзінің 

құзыретті органдары арқылы жердің пайдалану тәртібін 

бұзушыға қолданылатын жазалау шараларын айтамыз. 

Заңдық жауапкершілік маңызы ретінде ауыл шаруашылық 

мақсатындағы жерлерге қойылатын талаптарды бұзған 

адамға теріс салдардың келуінен көрінеді.

Ауыл шаруашылық жерлерінің пайдалану тәртібін 

бұзғандық жауапкершілік заңдық жауапкершіліктің 

құрылымдық бөлігі болып табылады және оған ти-

есілі белгілердің барлығына ие. Сонымен қатар ол 

экономикалық-құқықтық қатынастардың ерекшелігімен 

анықталатын қасиеттерге ие [1].

Біріншіден, жер саласындағы құқық бұзушылықпен 

келтірілген зиян екі түрлі аспектіде қарастырылады: 

экономикалық (материалдық) және экологиялық 

(материалдық емес). Дегенмен, көп жағдайда, жерге 

келтірілген зиянды натуралды түрде өтеу мүмкін 

болмағандықтан, ақшалай нысанда өтеледі.

Екіншіден, зиян мөлшерін анықтау тәртібіне байла-

нысты өз ерекшеліктері бар.

Үшіншіден, жерді пайдалану заңнамасын бұзушыларға 

қолданылатын мәжбүрлеу шараларының арасында (пай-

далану құқығынан айыру, оны шектеу және тоқтата тұру) 

дәстүрлі жауапкершілік түрлерінің шеңберіне кірмейтін-

дері де кездеседі.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық 

тәртібін бұзғандық үшін үшін заңдық жауапкершілік деген 

сөздің астарынан біз мемлекеттің өзінің арнайы құзыретті 

органы арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы 

құқық бұзушылықтар үшін қолданатын шараларын 

түсінеміз дедік.

Біз ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің 

құқықтық тәртбін бұзуға байланысты қазақстандық 

жер құқығы доктринасының көрнекті өкілі 

Ә. 


Е. 

Бектұрғановтың келтірген анықтамасымен 

толығымен келісеміз. Оның анықтағанындай: «Ауыл 

шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібін 

бұзу — белгіленген жер пайдалану тәртібін бұзатын және 

ауыл шарушылық жерлерінің ресурстарына зиян кел-

тіретін заңға қайшы келетін кінәлі субъектінің әрекет не-

месе әрекетсіздігі» болып табылады [2].

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер ресурстарына 

келетін теріс әсерлердің салдарына жалпы жарамды 

жер қорлардың сарқылуы, бұзылуы, жерден алынатын 

табыстардың азаюы немесе болмай қалуы, жерге ке-

летін шығындар, жерлердің пайдалануға жарамсыз болып 

оларды пайдалану қолайлы болмай зиян келуі жатады.

Әрбір жеке құқық саласында заң бұзушылық болуы 

мүмкін болса, ол үшін заңдық жауапкершілікті сол заңның 

өзі атап беруі заңның міндеті болуы қажет. Бұл жерде 

атақты принцип: Заңда көрсетілмегендердің барлығын 

жасауға болады деген жұмыс істейді. Мұның жер 

қатынастар саласында тәртіпті жеке заңдылықты сақтау 

үшін өте қажетті мәні бар.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне 

деген меншік иесінің және жер пайдаланушының жер 

заңдарында белгіленген міндеттемелерін орындамау, 

жердің құқықтық тәртібін (режимін), жер салығын және 

басқа төлемдердің уақытында төлемеу немесе бас тарту, 

сервитут міндеттемелерін орындамау сияқты және жерді 

мақсатына қарай пайдалануға байланысты бекітілген 

тәртіптерді бұзу, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік 

иелері мен жер пайдаланушылардың міндеттерін орын-

дамаудан туындайтын заң бұзушылықтардан тұрады. 

Ондай жер заңын бұзушылықтар әр түрлі болуы мүмкін. 

Оның ішінде осындай міндеттемелердің қатарында 


41

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



State and Law

ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалануды жүзеге 

асырмай, топырақтың құнарлылығын төмендету де 

бар [2]. Бұл жасалған әрекетке жауаптылықты Қазақстан 

Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

кодексінің 250–258 баптары қарастырады.

Жер заңдарын бұзғандық үшін заңшығарушының 

нақ осындай тұғырды иеленгендігі арнайы зерттеу-

лерде ғылыми тұрғыда зерттелген болып келеді. мәселен, 

Л.Ф.Усманова ауыл шаруашылығы саласындағы 

экономикалық құқық бұзушыларды жазалау шараларын 

жетілдіру жолдарын іздестіре келе, қылмыстық және 

әкімшілік заңдарды қолдануда нақты бір критерийлерді 

анықтаушы ретінде алу қажет деген пікірді ұстанады [3].

Егер учаскенi пайдалану Жер кодексінде немесе 

Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бел-

гiленген жердi ұтымды пайдалану ережелерiн өрескел бұза 

отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске ныса-

налы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пай-

далану ауыл шаруашылығы жерi құнарлылығының едәуiр 

төмендеуiне не экологиялық жағдайдың едәуiр нашарла-

уына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының 

әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген 

жазалау шаралары қолданылғаннан кейiн жер учаскесi 

меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы 

мүмкiн.


Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан 

Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған 

жер учаскесiн алып қою келесідей тәртіпте жүзеге асы-

рылады:


1. Меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан 

жер учаскесiн алып қою жер ресурстарын басқару 

жөнiндегi аумақтық органның талап-арызы бойынша сот 

тәртiбiмен жүргiзiледi.

2. Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз меншiк 

иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға 

дейiн кемiнде бiр жыл бұрын учаскенi мақсаты бойынша 

пайдалану қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан 

кейiн және осы уақыт iшiнде жер учаскесiнiң меншiк иесi 

не жер пайдаланушы учаскенi мақсаты бойынша пайда-

лану жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда ғана 

берiлуi мүмкiн.

3. Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз 

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық 

бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау ша-

ралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемiнде 

үш ай бұрын меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға 

Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою 

қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн 

ғана және осы мерзiм iшiнде меншiк иесi немесе жер 

пайдаланушы учаскенi пайдалану кезiнде Қазақстан Ре-

спубликасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда 

берiлуi мүмкiн.

Сонымен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді 

пайдалану мен оны тиімді ұйымдастыруға байланысты 

жүргізілген теориялық зертттеулер осы жұмыс бойынша 

қорытынды жасауға алып келді.

Ең біріншіден, біз жоғарыда атап көрсеткендей, 

ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қазіргі 

нарықтық қатынастарда тиімді пайдалану мен оларды 

ұйымдастыруды бір жолға қоя отырып оларды пайдала-

нуды жетілдірудің мұқтаждығы бүгінгі күні айқын болып 

отырғандығын айта кеткен жөн.

Қазіргі кездегі ауыл шаруашылық мақсатындағы жер-

лерді ұтымды пайдалану мен оны қорғауды жүзеге асы-

ратын нормативтік база күрделі жетілдіруді талап етіп 

отыр. Бұл тұсағы біздің айтарымыз, ауыл шаруашылық 

өндірісі мақсатында пайдалануға жарамды жерлердің 

айналымын жақсарту үшін заңдық тұрғыдан ауыл 

шаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамы мен 

құқықтық режимін жетілдіру қажет.

Біздің мемлекетімізде ауыл шаруашылық мақсатындағы 

жерлерді пайдалану мен қорғау көпшілік мемлекеттерде-

гідей арнайы бір заң актісімен реттелмейді. Өзара тығыз 

байланысты аграрлық құқықтық қатынастардың реттелуі 

арнайы бір актіні қабылдау қажеттілігін туғызып отыр. Бұл 

қатынастардың барлығын Қазақстан Республикасының 

Жер кодексі толықтай реттей береді деген де дұрыс 

болып табылмайды, себебі Жер кодексі олардың жүзеге 

асырудың мехмнизмін толық қамтымайды.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің қорғалуы 

мен ұтымды пайдалануына мемлекеттік бақылауды ары 

қарай жетілдіру мақсатында жер инспекцияларының 

қатары мен штатын кеңейту қажет. Ауыл шаруашылық 

мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығының пайда 

болуы жағдайында қазіргі кездегі жерді қорғайтын және 

оның пайдаланылу тәртібін сақтауды бақылайтын ор-

гандар өздерінің қатарларының аздығына және арнайы 

материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілме-

уіне байланысты жерлерді ұтымды пайдалануын және 

олардың мақсатқа сәйкес пайдалануын қадағалауы жет-

кілікті деңгейде болмай отыр. Бұл санаттағы жерлерге 

жеке меншік құқығын енгізу олардың интенсивті түрде 

айналымының жоғарылауына алып келеді. Бұл тұста 

жергілікті өкілді органдар мен атқарушы органдардың 

қызметтерін тиімді ұйымдастыру қажеттілігі және олардың 

қызмет етулерінің айқындылығын талап ету қажеттілігі 

туындап отыр.

Зерттеу жұмысы нарықтық қатынастар жағдайында 

ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерді 

тиімді пайдалану және қорғауды заңдылықпен қамтамасыз 

етудің теориялық және құқықтық өзекті мәселелеріне ар-

налды.

Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын 



жерлерді тиімді пайдалану мен қорғаудың нормативтік-

құқықтық негіздері өзгертулерді қажет етеді. Жаңа 

жер заңнамасы қандай жерлердің ауыл шаруашылық 

мақсатында пайдаланылатын жерлер ретінде қорғауы 

қажет деген мәселе бойынша нақтылықты қажетсінеді.

Бұзылған жерлерді қалпына келтіру институтын ке-

мелдендіру үшін бірқатар шаралар кешені қажет. Бірін-

шіден, аталған проблеманың заң аспектісі бар. Ол 

«Шаруашылық айналымнан шыққан жерлердің рекуль-


42

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Государство и право

тивациясы мен қалпына келтіру туралы» арнайы заң ак-

тісін қабылдаумен байланысты. Екіншіден, жерлердің 

бұзылуына байланысты шығын көлемін анықтау әдісі 

жетілдіруді қажет етеді. Қайта қалпына келтіру шара-

лары тек жердің санатына ғана емес, сонымен қатар 

жалпы табиғат ландшавтісіне келген шығынды ескеруі 

тиіс.


Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге қатысты 

жеке меншік құқығы тиімді әсер ету үшін:

 

— ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке берудің 



құқықтық мехмнизмін жасау тиіс;

 

— ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арт-



тыру мақсатында жеке меншік құқығын шектеу жүйесін 

қалыптастыру;

 

— жалға алынған жерлердің құқықтық режимін жеке 



меншік құқықтағы жерлердің режиміне жақындату, 

жалға алуды жеке меншік құқықты қайта рәсімдеудің 

жеңілдіктері мен негіздерін реттеу;

 

— ауыл шаруашылық өндіріс субъектілерінің меншік 



құқығында немесе пайдаланудағы жерлердің шекті 

мөлшерін анықтау тәртібін реттейтін арнайы заңға сәйкес 

акт қабылдау қажет; жерге байланысты заң бұзушылықтар 

үшін жауапкершілік шараларын қарастыратын нарықтық 

қатынастарға сәйкестендіру.

Жалпы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 

тиімді болуы үшін аграрлық жер қатынастары сала-

сында көптеген арнайы заңға сәйкес актілерді қабылдау 

қажеттігі туындап отыр.

Әдебиет:


Нормативтік құқықтық актілер:

1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы. — 1995 жыл, 30 тамыз.

2.  Қазақстан Республикасының Жер кодексі. — 20 маусым 2003 жыл. Қазақстан Республикасы Парламентінің 

Жаршысы. 2003 жыл № 13, 99 бет.

3.  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі. 30 қаңтар 2001 жыл. Қазақстан 

Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2001 жыл № 5–6, 24 бет.

4.  Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан. Учебное пособие. — А., Юрист, 1999.


43

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



History

И С Т О р И Я

ХІХ ғасырдың орта шеніндегі орыс-қазақ соғыстары

Аманжол Күзембайұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор; 

Елкей Нұрлыбек Нұрланұлы, тарих магистрі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты (Қостанай қаласы, Қазақстан)

Т

арих ғылымындағы осы күнге дейін шешімін таппай 



келе жатқан көп мәселелердің бірі — ХІХ ғасырдың 

орта шеніндегі еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығын 

сақтап қалуға бағытталған қазақ хандығының сырт ел 

басқыншылығына қарсы күресі. Тәуелсіздігімізге қол 

жеткізгенімізге 20 жылдан асса да, ғылымға, саясатқа, 

қоғамдық ойға сіңіп қалған отаршылдық пиғыл негізінде 

қалыптасқан қазақ елі тағдырындағы Ресейдің рөлі 

жөніндегі парадигма өзгеріске ұшырамай отыр.

ХІХ ғасырда жарық көрген кейбір басылымдарда, 

Ресей ғалымдарының еңбектерінде, тіпті көпшілікке 

арналған энциклопедиялық анықтамаларда Кенесары 

хан өзі басқарып отырған мемлекетінің тәуелсіздігі үшін 

күресті деген парадигма қалыптасқан. Кейін де, әсіресе, 

ХХ ғасырдың орыс ұлтшылдығы шарықтап тұрған 

50-ші жылдары оған жала жабылып, оның жүргізген 

соғыстарына феодалдық-монархиялық баға берілді. Сол 

ғасырдың 80–90-шы жалдары белгілі тарихшы Ермұхан 

Бекмахановқа арналған ғылыми мақалаларда, арнаулы 

әдебиетте, конференцияларда феодалдық-монархиялық 

қозғалыс ұлт-азаттық қозғалыспен ауыстырылды. Бірақ, 

осы қозғалыстың теориялық мәселелері бүгінге дейін 

анықталмай отыр.

Қазақстан тарихнамасында соғыс, көтеріліс, қозғалыс 

ұғымдарына теориялық жағынан әлі бірыңғай түсінік 

жоқ. Көбіне көтеріліс пен қозғалыс ұғымдары бір 

мағынаны білдіреді. Мәселен, Кенесары хан бастаған 

орыс отаршылдарына қарсы соғыс бір оқулықта 

«қозғалыс», екіншісінде «көтеріліс» ретінде көрсетіледі. 

Тіпті, бір мақаланың өзінде осы дефиницияларды қатар 

пайдаланады.

Мысалы, биылғы жылы «Қазақ тарихы» журналында 

жарық көрген Р.Жантемірованың мақаласында мұны 

көтеріліс деп атайды [1, 46–47 бб.]. Оны былай қойғанда, 

осы журналдың орысша нұсқасында 10–11 сыныптарға 

арналған Қазақстан тарихы пәні бойынша бағдарламада 

ХІХ ғасырдың 20–60 жылдарындағы Қазақстанда болған 

Ресей басқыншылығына қарсы соғысты «қозғалыс» деп 

атайды.


Ал енді, интернеттен алынған «восстание» ұғымының 

мағынасы мынандай: «... открытая акция сопротивления 

группы людей против государственной власти. Наиболее 

важным видом восстания является вооруженное 

восстание. Участники восстания называются повстанцами. 

Восстание, в котором принимает участие значительная 

часть населения, называется народным восстанием.» [2]. 

Қарап отырғандай, көтеріліс дегеніміз — бір мемлекеттің 

ішіндегі белгілі бір әлеуметтік топтың сол мемлекет 

жүргізіп отырған саясатына қолына қару алып, қарсы тұруы 

екен. «Движение» деген дефиниция сөздіктерде белгілі бір 

мемлекеттік саясатқа қарсы жүргізілетін, бүкіл әлеуметтік 

топтар қолдайтын, халықтың көпшілік бөлігі қатынасатын, 

күрестің әртүрлі әдіс-тәсілдің түрлерін пайдаланатын 

саяси іс-әрекеттер. Ғылымда жиі пайдаланатын термин 

«соғыс (война)». Соғыстың түсінігі «... конфликт 

между политическими образованиями (государствами, 

племенами, политическими группировками и т.д.), 

происходящий в форме вооруженного противоборства, 

военных (боевых) действий между их вооруженными 

силами. Как правило, война имеет целью навязывание 

оппоненту своей воли.». Ал енді, ғалым Клаузевицаның 

пікірінше: «соғыс дегеніміз саясаттың жалғасы» 

екен [3]. Соғыстағы мақсатқа жетідің негізгі тәсілі, әдісі, 

ұйымдасқан түрде әскери қарсылық көрсету. Кейде 

соғыстың экономикалық, дипломатиялық, идеологиялық, 

ақпараттық және басқа түрлері де болады. Яғни, соғыстың 

мәні бір елдің екінші елге өзінің мақсатын күшпен орнату.

Міне осыған қарағанда, Кенесары хан саясаты қозғалыс 

та, көтеріліс те емес. Ресей қазақ жеріне қарулы күшпен 

басып кірді. Шекарадан өтіп, қазақ даласының орталық 

аймақтарына өз бекіністерін салған Ресей әскерінің іс-

шаралары қазақ мемлекеті тарапынан қарсылыққа 

кездесті. Енді осы тезисімізді әлемдік тарих ғылымындағы 

басқа да ұлттық қозғалыстармен салыстыра отыра

дәлелдеп көрелік.

Қазақтың әдеттік заңы бойынша басқа мемлекетке 

қарсы соғысты жариялау функциясы ханның қолында. 

Жарияланған соғысты хан кейінде мәслихатқа бекіттіріп 


44

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



История

алады. Ал енді, ХІХ ғасырдың 20-шы жылдары бүкіл 

қазақтық хан болып Абылайдың үлкен ұлы Ғұбайдолла 

сайланған болатын. Оның орнына ел билігін өз қолына 

алған інісі Уәли Ресейдің ықпалынан шыға алмады.

Өкінішке орай, қазақ төрелері, кейбір рубасылары мен 

батырлары Ресейдің араңдату саясатының түпкі мақсатын 

түсінбей, уақытша берілген уәделерге сеніп, алған шендері 

мен киген шекпендеріне мәз болып, ұлт мүддесін сатып 

кетті. Тіпті, арғын руының өте беделді Шеген би Мұсаұлы 

Кенесары саясатына өте сақтықпен қарап, тек кейіннен 

оны қолдауға мәжбүр болған. Оған дәлел, Шегеннің 

мұндай позициясын қолдаған патша әкімшілігі оны Анна 

лентасындағы алтын медальмен марапаттап, үстіне 

шапан жапқан. Мұндай жағдай дүние жүзі халықтарының 

тарихында да кездеседі. Мәселен, ХІХ ғасырдың орта 

шенінде Қытай еліне ағылшын басқыншылары басып 

кірген кезде көптеген жергілікті атқа мінерлер өзінің 

жағдайын ұлт мүддесінен жоғары ұстады. Гуанчжоу 

провинциясында үкіметтің кейбір чиновниктері жөнінде 

мынандай листовка таратылды. «Наши кровожадные 

чиновники до сих пор были соучастниками английских 

грабителей во всех деяниях, которые последние совершали 

против порядка и справедливости... Они смотрели на 

инностранных дьяволов, как на богов, а народ презирали, 

как собак, и человеческая жизнь для них не представляла 

никакой ценности. Они стремились лишь к тому, чтобы 

сохранить свое высокое положение» [4].

Ресей мемлекеті осындай саясатты пайдалана 

отырып, қазақ даласына тереңдей еніп, өздерінің әскери 

бекіністерін сала бастады. Арынғазы ханның тұтқындалуы 

Уәли ханның қайтыс болуына байланысты Қазақстандағы 

хан билігінің дағдарысын пайдаланып Ресей әскері қазақ 

даласына тереңдеп ене бастады. Сатқын сұлтандарға 

үміт артқан Ресей патшалығы Батыс және Солтүстік 

Қазақстан жерінде басқарудың жаңа жүйесін енгізуді 

ойластырды. Сөйтіп, 1822 жылы орыстың мемлекет және 

қоғам қайраткері М.Сперанский «Устав о Сибирских 

киргизах» деп аталатын құжатты дүниеге әкелді. 1822 

жылы патша үкіметі Сібірді екіге бөліп, оның Батыс 

аймағының құрамына Қазақстанның солтүстігін де 

кіргізді. Оның орталығы 1839 жылға дейін Тобольск 

қаласы, одан 1839 жылдан кейін Омск қаласында болды. 

Аты аталған құжат бойынша Орта жүз мекендейтін қазақ 

жері 7 округке бөлінді (Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, 

Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті). Әрбір округті 

аға сұлтан билейтін болды. Ол өзінің билігін орысша 

«приказ», қазақша «дуан» деп аталатын мекеменің 

көмегімен жүргізуге тиісті болды. Аға сұлтанға «Орыс 

әскерінің майоры» деген атақ беріліп, оған ай сайын 

жалақы төленетін болды.

Ал енді, 1822 жылғы Орынбор генерал-губернаторы 

П.Эссен жасаған «Устав о Оренбурских киргизах» деп 

аталатын құжат бойынша Кіші жүз жері 3 бөлікке бөлінді 

(батыс, Шығыс және Орталық). Егер округ сұлтандары 

сайланатын болса, бұл жерде сұлтан-правительді патша 

әкімшілігі тағайындайтын болды. Әрбір аға сұлтанды, 

сұлтан-правительді қол астында 100 казак-орыс әскері 

бар орыстың офицері бақылап отыратын болды.

Міне, осылай жоғарыдағы құжаттар бойынша Ресей 

Қазақстанның Солтүстігі мен Батысын отарлаудың жаңа 

деңгейін іске асыра бастады. Дегенмен де, Ресей бұл 

жерлерді өзінің территориясының санатына қоспады. 

Қазақстанмен арадағы қарым-қатынас Сыртқы істер 

министрлігінің Азия департаменті арқылы жүзеге асырды. 

Ал құрылған әкімшілік органдарды «сыртқы округтар» 

деп атады. Осы күнге дейін қазақ халқы Ресейді «іш» 

деп атайды. Осындай жағдайда, 1823 жылы Кіші жүздің 

қатардағы батыры Жоламан Тіленшіұлы Сібірдегі 

Ресей әкімшілігіне хат жазып, егер патша үкіметі қазақ 

даласындағы орыс бекіністерін жоймайтын болса, қазақ 

халқы қолына қару алып, басқыншыларға қарсы тұрады 

деп мәлімдеді. Ол Жаңа-Елек шекара шебінің салынуына 

қарсылық ретінде Орынбор әкімшілігіне бірнеше рет 

хат жолдап, нәтиже шықпаған соң қазақ жігіттерін атқа 

қондырды.

Абылайдың отыз ұлының ішіндегі ең кішісі Қасым 

сұлтан еді. Оның екі әйелінен жеті баласы болды. Уәлидің 

әкесі Абылай мен Ресей арасындағы келісімшартты 

бұзғандығына риза болмаған олар «Абылай ханның 

Русиямен жасасқан шартын бұзғандарына көніп отыру 

бізге ұят. Құдай қаласа, барлық қазақтың басын қосып, 

Абылай хан дәуренін қайта орнатуымыз керек. Алла Тағала 

өзі бізге жар болғай!» дейді [5].

Орта жүзде Саржан Қасымұлы бастаған қазақ әскері 12 

жылға жақын Ресей билігін мойындаған аға сұлтандар мен 

орыс отаршылдарына қарсы қаруылы соғыс жүргізді. 1826 

жылы қазақ әскері Қарқаралы приказын жоюға тырысты. 

1832 жылы Ресей Ақмола бекінісінің іргетасын қалап, осы 

жерде Ақмола дуанын құрды. Саржан Қасымұлы Орта 

Азия мемлекеттеріне үміт артып, Ресейге қарсы одақ 

құруға тырысты. Ташкенттің әмірі бұл ұсынысты жылы 

қабылдап, 1834 жылы Ұлытау маңында Қорған атты 

бекініс салды. Бірақ бұл одақтың ғұмыры ұзақ болмады. 

Абылай ұрпақтарының саяси аренадағы беделінен 

қауіптенген Орта Азия әміршілері берген уәделерінде 

тұрмады. Алдымен Саржан мен Садық, кейіннен Қасым 

сұлтандар солардың қолынан қаза тапты.

Ағаларынан айрылған Кенесары ұлт-азаттық қозғалыс 

басшылығын өз қолына алуға мәжбүр болды. 1841 

жылдың күзінде қазақтың үш жүзінің игі жақсылары 

бас қосып, ақ киізге көтеріп Кенесарыны хан сайлады. 

Ол билік басына келгеннен кейін бірнеше реформалар 

жасады. Ұлтын, елін, жерін сүйген азаматтар кірген хан 

кеңесі сайланды. Мемлекеттік басқару жүйесі қайта 

құрылды, көрші елдермен қарым-қатынас орнататын 

дипломатиялық қызметке қатты көңіл аударылды, салық 

жинау ісі, жолға қойылды. Хан қарулы күштерді нығайту 

үшін жаяу әскер, артилерия, қатаң тәртіп, сарбаздар мен 

сардарлардың сыртқы түріне, әскерді үйретуге ерекше дем 

берді [6].

Мақаламыздың негізгі мақсаты, Кенесары бастаған 

отаршылдыққа қарсы соғысты бүге-шігесіне дейін баяндау 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет