Оқу сауаттылығы. 2022 жылы тестілеудің үш бағытының ішінде 4-ші және 9-сынып білім алушылары – 70-72% көрсеткішімен, оқу сауаттылығы бойынша ең табысты нәтиже көрсетті. Тестке қатысушылар жауапқа арналған ақпарат мәтінде анық түрде (кілт сөздер, кеңестер) қамтылған тапсырмаларды орындаудың жоғары пайызын көрсетті. Сонымен бірге білім алушылар, мәтін мазмұны мен оның элементтерін терең түсінуді және түсіндіруді талап ететін тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болады.
Математикалық сауаттылық. Математикалық сауаттылық бойынша, қиындық тудыратын: математикалық модельдеу, жиындар, геометрия, статистика тапсырмалары болып отыр. Бастауыш сыныптарда қиындық тудырған тақырыптар, орта мектеп деңгейінде де қиындық туғызады. «Батыс» бөлімдері PISA халықаралық зерттеуінде кеңінен ұсынылған. Бұл бөлімдер бойынша оқушылардың білім сапасының сабақтастығы, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал етеді және MODO нәтижелеріне де, халықаралық зерттеулерге де оң әсер етеді.
Жаратылыстану сауатылығы. Төртінші сынып оқушылары «Заттың түрлері. Ауа. Су» тақырыптары бойынша тапсырма орындауда қиналады, бұл биология, химия, физика, география пәндерін меңгерудің негізгі болып табылады.
Тоғызыншы сынып оқушылары арасында да, «Жылу физикасы.
Термодинамика негіздері», «Электр және магнетизм. Электостапика негіздері», «Механика. Тербелістер және толқындар» (Физика), «Химиялық тепе-теңдік» (Химия), «Тамақтану» (Биология), «Физикалық география. Атмосфера» және «Картография және географиялық мәліметтер базасы» (география) пәндері бойынша нәтиже төменгі көрсеткішке ие.
Аралық және қорытынды аттестаттау Оқу жылының қорытындысы бойынша, қазақ тілінде оқитын мектептердегі, «Қазақ тілі» және қазақ тілінде оқымайтын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін қоспағанда, 5–8 және 10-сыныптарда (2023 жылдан бастап) аралық аттестаттау өткізілмейді.
Қазақ тілінен емтихан Мемлекеттік тілді дамыту және қолдану аясын кеңейту - Қазақстан дамуының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Еліміздің стратегиялық құжаттарында: Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында, тіл саясатын іске асырудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілін дамытудың маңыздылығы баяндалған.
Осы бағытта орта білім деңгейінде 2023 жылдың 1-қыркүйегінен бастап, қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізіледі.