Рейтинг
|
Өмірлік проблемалары
|
Бұл проблемаларды маңызды деп санаған адам саны
|
Респонденттердің жалпы санының
|
1
|
Мектептегі үлгерімі
|
250
|
50
|
2
|
Жеке қолданыстағы ақшасының жетіспеушілігі
|
184
|
37
|
3
|
Ата-анасымен қарым-қатынасы
|
134
|
27
|
4
|
Достарының және жақын адамының болмауы
|
134
|
27
|
5
|
Оқушы мен мұғалім арасындағы конфликт
|
94
|
20
|
6
|
Құрдастарымен қарым-қатынасындағы проблемалар
|
84
|
17
|
7
|
Бос уақытын өткізудегі проблемалар
|
34
|
7
|
8
|
Басқа проблемалар
|
15
|
3
|
Мәліметтерді талдай келе бүгінгі таңдағы жастардың әлеуметтенуі, әлеуметтік ортаға бейімделуі күрделі процесс екендігін байқауға болады. Бұл қиындық алдымен өз болашағы үшін тұлғалық жауапкершілігін сезінуі мен тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы болып табылады. Бүгінгі таңдағы оқушының прроблемаларының көзі мектеп болып отыр. Мектеп-оқушының біршама бөлігі үшін әлеуметтік бейімделіне жағдай жасай алмай отыр. Бұл жерде проблема тек қана оқушының үлгермеушілігінде болып отырған жоқ, мектеп-баланың негізгі өмірлік дағдыларын қалыптастыра алмай отыр.
Өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі үшін олардың тұлғалық дамуы үшін, қоғам мүддесі үшін инновациялық қызметі үшін жағдай жасалынуы тиіс. Соған байланысты тұлғаны әлеуметтік қорғаудың өзектілігі артып отыр.
Әлеуметтік қорғау – жас ұрпақтың тұлғалық дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік факторлардың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, ол әсерлерді жоюға жолын іздеуге, олардың өзін-өзі анықтауына, өмірді өз орнын таба білуге бағытталған мемлекеттің мақсатты қызметі. Әлеуметтік қорғау-бұл әлеуметтік – экономикалық, құқықтық категория ғылыми әдебиеттерде ол мәселе кең мағынада қарастырылады.
Әлеуметтік қорғау 4 бағытта қарастырылады:
Тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау
Тұлғаның даму мен қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау
Адам құқығын қорғау
Мақсатты әлеуметтік қорғау
ІІ Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастыру
Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, Бүгінгі тағдағы оқушылардың қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенудегіқиыншылықтар оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал ету қажеттігінен туындап отыр. Әлеуметтік педагог балалардың әлеуметтік тәрбиесін ұйымдастырушы және әлеуметтану процесінің жоспарды және мақсатты түрде өтуіне жағдай жасайтын маман.
«Тұлға-отбасы-қоғам» жүйесінің өзара әрекеттесу жүйесінің үйлестірушісі бола отырып, қоғамда, отбасыда, микросоциумда ізгілікті қарым-қатынасқа тәрбиелеуге әсер етеді. Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі қызметінің бірі оқушының ұтымды әлеуметтенуіне әсер ететін баланың кіші ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға әсер ету. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетінг, проблемаларды тиімді, дұрыс шешуге жолдарын табатьын адамдар. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.
Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының өзекті проблемаларының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар сапасының тигізер әсері мол.
Жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік орта мен бала арасында кең байланыс әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының , педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік ортьа мен бала арасында кең байланыс жасауға мамандалады.
Балларды әлеуметтік – педагогикалық қолдау – баламен бірге оның өзіндік көзқарасын , мақсатын, мүмкіндігін анықтау үшін және қоғамда қалыпты өмір сүру ге кері ықпал кедергілерді жою үшін жолын анықтау. Өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына жету және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына көмектесу.
Әлеуметтік педагогты әлеуметтік қызметкердің бір түрі деп санау қателік болар еді. Оның қызметінің негізгі сферасы социум – әлеумет. Негізгі басымдық бала мен отбасы, бала мен тұрғылықты жеріндегі жақын ортасының арасындағы қарым-қатынасын зерттеуіне беріледі. Әлеуметтік педагог балалармен , оның отбасымен көршілік ортасымен жұмыс жасайды.
Оның қызметінің мақсаты-социумда балалар мен ересектердің әлеуметтік маңызы бар, профилактикалық қызметін ұйымдастыру, баланың дамуын, білім алуын әлеуметтік қолдау.
Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-алуына тырысады, проблеманы тудыратын себептерді анықтай және уақытында оны жойып отыру, адам бойындағы олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылардың алдын-алып, отыру, осы арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды(алкоголизм, нашақорлық, әлеуметтік депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзін-өзі қызмет ете алмаушылармен, мүгедектермен, стихиялық зіл-зала, көші-қонмен, жанының күйзелуі әлеуметтік бейімделу) арнайы көмектің түрін, арнайы мамандануды қажет ететін (қарт адаммен жұмыс, босқындармен, әлеуметтік риск тобына жататын адамдармен жұмыс) Солнымен қатар ол арнайы жас ерекшеліктері бойынша топтардың (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар) мекемелердің, микроорталықтың ерекше сфераларының (ауыл-әскери бөлім) әлеуметтік проблемаларын шешуге мамандануы да мүмкін.
Әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтың кәсіптік қызметтерінің жұмыстарының түрі мен әдістемесі бір-бірімен қиылысып жатқанымен әр маманның өзіндік айырмашылықтары бар. Дегенмен әлеуметтік қызметкер жұмысының нәтижелілігі әлеуметтік педагогтың жұмысымен тығыз байланысты, тиісінше әлеуметтік педагог жұмысының нәтижелілігі де әлеуметтік қызметкердің қорытындысынсыз жоққа шығар еді. Әлеуметтік педагог бірінші кезекте тұлға мен отбасы қорғауға арналған мемлеккеттік – қоғамдық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар арасын байланыстырушы буын.
Әлеуметтік педагог – өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқын қорғаушы. Әлеуметтік педагог-сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар – бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы. Оның барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік инициативаға қиын жағдайдан шығу жолын іздеуге оятуға бағытталады, адамдардың проблемасын өздері шеше алуына көмектеседі. Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те болады, себебі ол жылдар боый баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік, жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге ол әлеуметтік терапевт-өзінің қамқорлығындағы адамдардың кикілжіңжі жағдайын шешуге, соған сәйкес мамандарға көрінуіне көмектеседі. әлеуметтік педагок әрқашан өзінің клиентінің құқын қорғайды, «әлеуметтік диагноз» қоюда эксперт ретінде қатыса алады.
Кәсіптік-білімділік (теориялық) құзырлық немен өлшенеді:
а) Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен тарихын білумен;
ә) Баланың тұлғалық қасиеттерін зертейтін, оның физикалық, рухани және әлеуметтік дамуын, мінез-құлқының қалыпты және ауытқушылығын зеріттейтін жас ерекшеліктері психологиясын білумен.
б) Адамдардың бірлестіктерін және топтарын (отбасы, шағын топ, мектеп ұжымы, құрбы-құрдас ұжымы) зерттейтін социологияны білумен.
Кәсіптік-әрекеттік құзырлығы немен өлшенеді:
а) коммуникативтік құзырлығы жоғары болуы тиіс (латын тілінен аударғанда «байланысамын», «қарым-қатынас жасаймын», «бірге жасаймын», басқа сөзбен айтқанда қарым-қатынасқа мән беремін деген мағынаны білдіреді.) әлеуметтік педагоктың коммуникативтік қабілеті оның балаға,әріптестеріне, ата-аналарға әсер ету шеберлігінен көрінеді.
ә) эмпатикалық құзырлығы-басқа адамның эмоционалдық жағдайын түсіну, оның уайымына, ішкі сезіміне ене білуінен көрінеді.
Бұл жерде әлеуметтік педагоктың баланың проблемаларына көңіл бөле алу, оның эмоциялық жағдайын сезімін, қиын шақтарын түсіне алу қабілеті туралы айтып отыр. Осыдан барып оның өзін бала орнына қоя білу, дүниені оның көзімен көре білу мүмкіндігі көрінеді. Сонымен қатар әлеуметтік педагог оқушыға ересек адам оны көріп, тыңдап түсінетіні жайлы білдіре алуы тиіс. Бұл түсініктің өзіне алдағы іс әрекетті болжау, айтылған әңгімелердің ішінен негізгі және жанама фокторларды, аргументтерді анықтау мүмкіндігіне жол ашады. Тек осы жағдайда тәрбиеленушінің сеніміне, педагогикалық қарым-қатынаста баланың белсенділігіне үміт арта алады.
Б)ойлауды, іс-әрекетті оңтайландыра алу құыырлығы-проблеманы шешудің бір емес, бірнеше жолын тат білу қабілеті. Себебі әлеуметтік педагог баланың және жасөспірімдердің тобына және қиын балалармен олардың ата-аналарымен қарым-қатынасының өзгермелі жағдайларына тез бейімделуі қажет. әлеуметтік педагог баланың жас ерекшелігіне, жеке мінезіне және білімділік деңгейіне байланысты қарым-қатынас құралын, түрін,әдістерін өзгертіп отыруы қажет. Баламалы әр түрлі байланыс процестерінде тез, оңтайлы шешім қабылдай білу жағдайында қабілеті үлке маңызға ие болады.себебі кез-келген әлеуметтік педагогкалық шешуі ол тұлғаға бағыталған процес болғандықтан әлеуметтік педагогика дайын шабылондардын, рецептерден, стандартан бас тарту қажет. Әлеуметтік педагогтың ойлауды және әрекетті оңтайландыра алуы кәсіптік міндеттерді шешуде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік педагогпен байланыста болатын әрбір баланың ашылмай жүрген шығармашылық мүмкіндігі болады, бұл жерде әлеуметтік педагогтың міндеті-баланың осы мүмкіндігінің ашылуына, өзінің жақсы қасиеттеріне назар аударуына, сенуіне көмектесу.
Кәсіптік-тұлғалық құзырлығы:
Бұл мамандықты таңдаған адамның ерекше тұлғалы сапасы болу керек. Әлеуметтік педагог қызыметі ол адамдар арасындағы сенімділік зонасы, олардың өзаратүсінушілі, өзаракөмек, өзаражауапкершілік жолы. Әлеуметтік педагогтың кәсіптік –тұлғалық жарамдылығын анықтайтын сапа:
а) адамгершілік-өзінің түсінушілігін, ол көз қарасын басқа адамды қолдай алатындығын көрсете алу.
ә) сыпайылық-әдептілік, басқа адамдармен қарым-қатынаста сыпайы болу.
б) аутентілік-адамдармен қарым-қатынаста шынайы болу, адал болу, ортамен байланыста өзімен - өзі болу.
в) ашықтық-басқа адамға ішкі дүниені аша білу, адал болу, өзінің сезімі мен ойын айта білу.
г) нақтылық-жалпылама пікір айтуда бас тарту, сұраққа жауап бере алу.
д) «Осы жерде және қазір» жағдайында сөйлей алу-және әрекет алу, адам туралы, оның жағдайы туралы нақты білу және оны көрсете білу.
Әлеуметтік педагогты тұлғалық және кәсіби қасиеттері бойынша топтастырып көрелік.
Достарыңызбен бөлісу: |