3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Соматикалық фразеологизмдер



бет8/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67
1.1. Соматикалық фразеологизмдер:
1. Жаңа ғана күліп, бипаздап сөйлеген Қарасай да Райханды көргенде тілі күрмеліп, тап алдынан аяқ-қолына жан біткен тірі аруақ шыға келгендей әп-сәтте өңі өзгеріп кетті(«Жапандағы жалғыз үй», 10 бет).
Тілі байланды, тілден қалды, тіл-жағы байланды, тілі күрмелді
Қорыққаннан, науқастан, еріксіздіктен, т.б. сөйлей алмай қалды[ҚТФС, 718 бет].
Сөлей алмай қалды мағынасындағы «тілі күрмелу» тұрақты тіркесі бұл сөйлемде, таңырқай қарап тілінің байланып сөз таппай қалу мағынасында қолданылып тұр. Мұндағы тілі күрмелу фразеологизмі сөйлемнің мағынасын ашуда жазушы тарапынан ұтымды берілген.
2. Хат танитын ғана шала сауатты болғанымен, көкірегінде саңылауы бар, әр нәрседен хабардар Оспан көп ұзамай-ақ оны игеріп кеткен(«Жапандағы жалғыз үй», 19 бет).
3. Қонақтар көп қинап, қолқа салмай-ақ өзінің күндегі айтып жүретін өлеңдерін мұрнынан тізіп ағыта жөнелді(«Жапандағы жалғыз үй», 21 бет).
Мұрнынан тізді кекесін. Ештеңені қалдырмай қамтыды, тізбектеді[ҚТФС, 521 бет].
4. Бұл үйдегі Дикадан басқа адамдар бастары іскенше ұйықтап тұрады да, жайланып отырып шайға қанып алған соң, әркім өзіне меншікті жұмысымен айналысады(«Жапандағы жалғыз үй», 25 бет).
5. Мәз-мейрам боп арсалаңдап жүрген Дика, лезде өзгеріп, қабағына түн орнай қояды(«Жапандағы жалғыз үй», 35 бет).
6. Табан аузында жаңа күніндегі құнына қағып әкетеді(«Жапандағы жалғыз үй», 45 бет).
Табан аузында. Қолма-қол, кідіріссіз, бөгелместен[ҚТТС, 770 бет].
7. Былтыр Жәлелдің жамбасы жерге тиер-тиместе, қабірі құрғамай жатып-ақ іштегі жақын жұрағаттары Ақбөпеге құда түсіп қойыпты деп өз құлағыммен естігем(«Жапандағы жалғыз үй», 48 бет).
Жамбасы жерге тигенше. Өле-өлгенше, ақырғы демі біткенше[ҚТФС, 232 бет].
8. Халелдің екі беті дуылдап шөп қуысында қала берді(«Жапандағы жалғыз үй», 50 бет).
Беті ду ете түсті. Қатты қысылды, қызарды, қаны бетіне ойнап шыға келді; ұялды[ҚТФС, 147 бет].
9. Зәрі сынған ызғарлы қар қыраттардың көлеңкесін паналап, жыралардың қуыс-қуысында бұғып жатыр(«Жапандағы жалғыз үй», 53 бет).
Зәрі қайтты [сынды]. 1.Уы тарады.
2. Күннің аязы бәсеңдеді, жылына бастады.
3. Ашуы басылды [ҚТФС, 295 бет].
10. –Мал –көздің құрты деген рас-ау, жарықтық! –деп жирен қасқа тайдың мойнын, алқымын қасып отырып, жуаси сөйледі(«Жапандағы жалғыз үй», 84 бет).
Көздің құрты. Кісі ынтығы[ҚТФС, 328 бет].
11. Қазірде Халел сол Тамараға барып жүз көрісіп қайтқысы келіп жатыр(«Жапандағы жалғыз үй», 86 бет).
Жүз көрісті. Кездесті, бірімен-бірі бетпе-бет жолықты[ҚТФС, 275 бет].
12. Бірақ ешкім оған жағының жігін ашқан жоқ(«Жапандағы жалғыз үй», 91 бет).
Жағының жігін ашпау. Жұмған аузын аша алмады;сөйлей алмады[ҚТФС, 225 бет].
13. Бір кезде Дерягин қалың көбеде бұғып жатқан қояннан көз жазып қалды(«Жапандағы жалғыз үй», 92 бет).
Көз жазып қалды. Ізінен адасты, қарасынан қол үзді, қапелімде айырылып қалды, жоғалтты[ҚТФС, 328 бет].
14. Қарасайдың көп жылқысы, сиыр, қойы көзге шыққан сүйелдей көрінеді-ау(«Жапандағы жалғыз үй», 98 бет).
Көзге сүйел болды, көзге біткен [шыққан] сүйелдей. Жеккөрінішті көрінді[ҚТФС, 326 бет].
15. Тек кейін келе бір-ақ рет «адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген, анада ғой бір-бірімізді білмей, боқ басына мерт бола жаздадық(«Жапандағы жалғыз үй», 100 бет).
Боқ басында [басымда] өлді. Бекерден-бекер, болымсыз нәрседен мерт болды[ҚТФС, 157 бет].
16. Битін сығып, қанын жалағаннан басқа сендерден не күтуге болады(«Жапандағы жалғыз үй», 101 бет).
Битін сығып, қанын жалап отыр. Жарымады, тақыр жоқшылықта отыр[ҚТФС, 152 бет].
17. Ешкінің құйрығынша шолтаңдаған шолақ белсенділер шаш ал десе, бас алған жоқ па?!(214 бет).
Шаш ал десе, бас алады. Асыра сілтеді, артық кетті[ҚТТС, 908 бет].
18. –Жолдас бас инжинер, мархабатты мейіріміңізбен мына мен секілді күндіз қарақұсша, түнде жапалақша тынымсыз жарбаңдап ұшып жүрген пақырыңызға көз қырыңызды сала көріңіз(223 бет).
Көз қырын салды. 1.көмектесті, жәрдем берді; 2.жайлап назар аударды[ҚТТС, 405 бет].
19. Келгелі естіп жатырмыз, бар орыс-қазағы бар, сені мақтап ауыздарының суы құриды(227 бет).
Аузының суы құрыды. Соншалықты құмартты, ынтықты[ҚТТС, 73 бет].
20. Шалдар Қарабетте өші бар адамдай, тістерін қайрай түсіп сөйлеп отыр(«Жапандағы жалғыз үй», 122 бет).
Тісін қайрады. Ыза болды, кектенді[ҚТФС, 725 бет].
21. Лиза екеуміз өлік шыққан қаралы үйдің адамындай қу тізені құшақтап екі жерде шоқиып қала бердік( 252 бет).
Қу тізесін құшақтады Әйелсіз, бала-шағасыз кісі туралы айтылады[ҚТФС, 463 бет].
22. Дерягиннің мойнына су кетіп, қайтып аузының жігін ашқан жоқ...(«Жапандағы жалғыз үй», 286 бет).
Мойнына су кетті [құйылды] Еңсесі түсті, жүні жығылды[ҚТФС, 518 бет].
23. Әкесінің тура аузынан түскендей беті быттиған толық әйелдің өңі өрт сөндіргендей(«Жапандағы жалғыз үй», 289 бет).
Аузынан түскендей; аузынан түсе қалғандай Айнымай ұқсаған, сойып терісін қаптап қойғандай[ҚТФС, 85 бет].
24. Ең соңғысын қайырғанда бетіне қан теуіп, қалы жыбыр етті(«Жапандағы жалғыз үй», 139 бет).
Бетке қан жүгірді Реңі кірді, өңі кірді, ажарланды, шырайланды[ҚТФС, 145 бет].
25. – Айналайындар-ау, қазақ емессіңдер ме, тым құрымаса құйрықтарыңды жер иіскетсеңдерші, бұларың қалай, - деп Малжан жігіттерді отырғыза алмаған соң, маған бұрылды( 189 бет).
Құйрығы жерге тимеді; құйрығы жер иіскемеді Зыр жүгіріп, дамыл таппады[ҚТФС, 469 бет].
26. Қарашы енді, тісінің қанын маған жаққысы келеді( 196 бет).
27. Жаңа жетілдім бе, үстегі жалбыр тон түсіп, аузымыз аққа, тақымымыз атқа енді тиді ме деп отырған жұрт осындай сұрқылтайды да көрген( 214 бет).
Аузы асқа, ауы атқа тиді; аузы асқа, ауы атқа жарыды Енді ғана бірдеңеге қолы жетті мағынасында айтылады[ҚТФС, 80 бет].
28. Халел құлағын түріп, тағы тыңдады( 219 бет).
Құлақ тосты [түрді] Аңысын аңдады; зейін салды; тыңдады; дерек, хабар күтті[ҚТФС, 473 бет].
29. –Дорогуша, ласточка моя! Қане, ана тұрған аккумуляторлардың біріне қол жалғап жібер, -деп Дерягин Ақбөпенің алдына шынтақтай қисайды( 221 бет).
Қол жалғады 1.Қол ұшын берді, көмектесті. 2. Алып берді[ҚТФС, 447 бет].
30. Автобус іші лық толған дүние –аузы-мұрнынан шығады( 230 бет).
Аузы-мұрнынан келді [шықты] Лық толды[ҚТФС, 83 бет].
31. Үш аяқты мотоциклін биік қақпаға мұрнын сүздіре тақалтты да, фар үстіндегі кілтін алып, қораға итеріп кіргізді(137 бет).
32. Келінге де бүгін шалдың тілі тиді(138 бет).
Тілі тиді. Жаман сөзбен балағаттады[ҚТТС, 844 бет].
33. Бір жерге барайын десең, шоферлер қиқайып, аяғын қия баспайды(143 бет).
Аяғын қия бастырмады. Тізгіндеп ұстады, ешқайда жібермеді, бұрылтпады[ҚТТС, 79 бет].
34. Бірақ қанша шоқырақтап, асыққанмен ымырт үйіріліп көз байлана берді(126 бет).
Көз байланды. Ымырт жабылды,қас қарайып қараңғы түсті[ҚТТС, 404 бет].
35. Жұрттың қолтығына су бүркіп, ушықтырып отырған сол залым( 236 бет).
Қолтыққа су [дем] бүрікті Желіктірді, қайрады, жел берді; шағыстырды, біреуге айдап салды[ҚТФС, 450 бет].
36. –Иә, балам, қолға күрек ұстадың не, сауда жасадың не, бәрі бір көмейдің қамы(«Жапандағы жалғыз үй», 145 бет).
37. Өңі өрт сөндіргендей түтігіп барады(«Жапандағы жалғыз үй», 146 бет).
Өңі өрт сөндіргендей бұзылды [жібімеді] Өңі қашып сұрланды[ҚТТС, 655 бет].
38. Тегі жаттап алған сөздері болуы керек, аузы-аузына жұқпай асқақ сөйлеп келеді(«Жапандағы жалғыз үй», 155 бет).
Аузы-аузына [ерні-ерніне] жұқпады [тимеді] Жыпылдап тез сөйледі[ҚТФС, 81 бет].
39. Халел сөзін әрең құрап, өзінің неге келгенін айтқанда да, аузын жиған жоқ(125 бет).
40. Осы арпалыста жүргенде бір рет машина доңғалағы батпақтан сынық сүйем босап, қатты жерге табан тірегендей болып еді(«Жапандағы жалғыз үй», 162 бет).
Сынық қарыс [сүйем] өлшем. Сұқ я ортан қолдың екі буыны бүгіліп барып өлшенеді[ҚТФС, 645 бет].
Табан тіреді 1. Тоқтамға,шешімге келді; негіз етті. 2. Орнықты, жайғасты[ҚТФС, 651 бет].
41. Ақыры төрт класты өлдім-талдым деп жүріп бітіріп, Тұрсын мектептен мүлдем қол үзді(130 бет).
Қол үзді. Байланыс жасаспай кетті; аралары суыды[ҚТТС, 512 бет].
42. Талай күннен бері шала ұйқы боп, қажып жүрген Халелдің қары талып, біраздан соң бойынан әл кете бастады(«Жапандағы жалғыз үй», 165 бет).
Қары талды Екі қолы салдырап қалды[ҚТС, 488 бет].
43. Аза бойың қаза болып, төбе шашың тік тұратын аянышты үн(«Жапандағы жалғыз үй», 110 бет).
Аза бойы қаза болды [тұрды]; аза бойы тітіреді; аза бойы тік тұрды. Азар да безер болды, жаны түршікті[ҚТФС, 18 бет].
Төбе шашын [құйқасын] үрпитті [шымырлатты]; төбе шашы тік тұрды [шымырлады]; төбесінен суық су құйып жібергендей болды. Шошытты, қорқытты, үрейлендірді; шошыды, тұла бойы түршікті, зәресі ұшты[ҚТФС, 687 бет].
44. Бәрі Бахалов, Бахалов деп аяқтарының ұшымен басып жандары шығып жүр(254 бет).
Аяғының ұшынан басты. Қаймықты, тайсақтады[ҚТТС, 79 бет].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет