3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Ғалым Найманбай Айнұр Рахымбердіқызы «Антонимдік қатынастардың көркем прозадағы қолданысы»



бет14/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Ғалым Найманбай Айнұр Рахымбердіқызы «Антонимдік қатынастардың көркем прозадағы қолданысы» 2010 ж диссертацияның авторефератында антонимдер туралы сөз етеді. «Антонимия-лексикалық бірліктердің мағыналық жағынан қарама-қарсылығы. Антонимия деген лингвистикалық терминнің тіл біліміне енуінің өзі үлкен қызығушылық тудырады. Тұлға мен мазмұн жағынан «антонимия» терминімен қатысты бола тұра, ол тіл біліміне салыстырмалы түрде енеді. Ғалым Н.М.Шанский 1964 жылы шыққан «Орыс тілі лексикологиясы» атты еңбегінде антонимдерге: «Антонимдер айтылуы әр түрлі бір-біріне қарсымағына беретін, бірақ бір-біріне қатысты сөздерге»,-деп анықтама береді.» Тілдің лексика-семантикалық жүйесінде антонимдер үлкен рөл атқарады. Антонимдер –тілдік белгінің мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздер. Антонимдерді қарапайым түрде тостастырғанда екі сөздің қарсы мағынасы алынады: жақсы-жаман, үлкен-кіші т.б сөздері. Қарсы мәндегі сөздердің кейде синонимдері де болады: үлкен, зор, ересек т.б сөздер. Антонимия –лексикадағы қарапайым қатынас екендігі мынадай себептен де көріне алады: ол үнемі бір ған сигнификативті мағынаға сүйенеді. Егер сөзде сондай бірнеше мағына болса, онда ол бірнеше антонимдік қатарға енеді. Қарама-қарсы мағына дегеніміз-уақытша категория, өйткені «сапаның өзгеруі-заттың өзгеруімен тең келеді, ал қасиет болса, керісінше, заттың басқа бір затқа қатысы нәтижесінде және табиғи үдерістерге сай өзгеріп отырады. »

Лексиколг ғалым Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев антонимдерге мынадай анықтама берген: «Антоним дегеніміз- мағынасы бір- біріне қарама-қарсы сөздер тоьы» Қазақ тілінде антонимдердің жасалуы көбіне –көп сын есімдерден болады, ал қалған сөз таптарынан вһаз кездеседі. Жасалу жолдарына қарай антонимдерді бірнеше топқа бөлген.



  1. Зат есімге тән антонимдер

  2. Сын есімге тән антонимдер

а)Түбір күйінде кездесетіндер
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндер
б) -ғы,-гі,-қы,-кі жұрнақтары арқылы жасалған антонимдер
3. Етістікке тән антонимдер
4. Үстеуге тән антонимдер
5. Есімдікке қатысты антонимдер
[Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев 76-бет].

Жазушы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін антонимдер:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет